2. Мәтінде айтылатын кәсіп түрі
A) мал бағу
B) құдық қазу
C) қой бағу
D) саулық бағу
E) жер қазу
3. Екі жігіттің еңбекақысы
A) екеуіне де
саулық қой береді
B) екеуіне де екі қозы береді
C) біреуіне қозы береді
D) біреуіне саулық береді
E) біреуіне саулық, екіншісіне қозы
4. Саулық - __________
A) жылқының аналығы
B) сиырдың аналығы
C) қойдың аналығы
D) ешкінің аналығы
E) түйенің аналығы
5. Амалы құрып, сөзден жығылған кісі
A) бай
B) екі жігіт
C) төре
D) екі кедей
E) би
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ СЫНЫПТАРЫНДА
1. Мақалды табыңыз.
A) Соқыр тауыққа бәрі бидай
B) Ақ түйенің қарны жарылды
C) Ақылы асқанды аға тұт
D) Құрғақ қасық ауыз жыртар
E) Көптің құрығы ұзын
2. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі
Егер сіз бұрын байқамаған болсаңыз, онда қазір су құбырының шүмегін
бұрап, бір стакан су құйып алып, ұрттап көріңіз.
A) бұрын байқамаған болсаңыз
B) сіз байқамаған болсаңыз
C) су құбырының шүмегін
D) бір стакан су
E) су құйып алып
F) қазір бұрап
G) су ұрттап көріңіз
Жағдаяттық тапсырма
Ауылдан шыққан бойда екі жігіт өзен жағасына тартты. Жүріп келе жатқан
жолдарында шаң жоқ. Алдарында өзенге тақап қонған көп үйлі кедей ауыл
отыр.Соған қарап бет алып келеді.
- Дәкеңе сәлем берейін. Сыншыл қарттың көреген көзі тағы нелерді біліп,
бағып отыр екен?- деп, Әбіш әзіл аралас сөйледі. Дәркембай өз үйінің
қасында ағаш шауып отыр екен. Қалың қол ағашты мүсіндеп жатыр.
Қолындағы шапашоты жеңіл қозғалады. Қолды өзі жетелеп, лыпып
тұрғандай. Шапашотын сілтеп отырып Әбіштен:
- Оқуың бітті ме, Әбіш? Елге мүлде келдің бе?- деп сұрады. Әбіш келер
жылы оқуын тамамдап қайтатынын айтты.
Дәркембай:- Тағы да кете берем десеңші!- деп, біраз үндемей қалды.
1. «Шапашот» сөзінің мағынасы
A) есептейтін құрал
B) ағаш шабатын шағын құрал
C) қар тазалайтын құрал
D) үй тазалайтын құрал
E) қора тазалайтын құрал
2. Матаса байланысқан сөз тіркесі
Ауылдан шыққан бойда екі жігіт өзен жағасына тартты.
A) жағасына тартты
B) өзен жағасына
C) ауылдан шыққан
D) екі жігіт
E) жігіт тартты
3. Кейінді ықпалда тұрған сөз
A) қалың қол
B) жеңіл қозғалады
C) бағып отыр екен
D) тамамдап
E) қайтатынын
4. Туынды сын есім
A) Қалы
B) лыпып
C) жеңіл
D) үйлі
E) кедей
5. Мәтіндегі күшейткіш үстеуі
A) біраз
B) тақап
C) мүлде
D) лыпып
E) жеңіл
МАТЕМАТИКА
1. Катер өзен ағысымен 18 км жүзіп, бөгелместен кері қайтып келгенде,
барлық жолға 1 сағ 45 мин уақыт жұмсады. Катер өзен ағысымен 12 км
арақашықтықты өзен ағысына қарсы жүзгенге қарағанда 10 мин жылдам
жүзіп өтеді. Катердің меншікті жылдамдығын табыңыз
A) 18 км/сағ
B) 19 км/сағ
C) 20 км/сағ
D) 21 км/сағ
E) 22 км/сағ
2. 30 жұмысшы өздеріне тапсырылған ортақ тапсырманы 14 күнде
орындайды. Егер жұмысшылар саны 40%-ке артса, онда сол тапсырманы
неше күн бұрын орындап болатынын табыңыз
A) 1 күн
B) 2 күн
C) 3 күн
D) 4 күн
E) 5 күн
F) 6 күн
G) 7 күн
H) 8 күн
Жағдаяттық тапсырма
Кестеде Астана қаласы бойынша ауа-райына байланысты мектеп оқушылары
үшін сабақ өткізілмейтіндігі туралы мәлімет берілген
Егер желдің жылдамдығы 2 м/с-тан жоғары болса, онда кестедегі ауа-райы
температурасына (–5)°С қосу қажет.
ІІІ тоқсан 9-қаңтар, яғни бейсенбі күні басталды (сабақтар алтыкүндік
жүйеде оқытылады).
Температура
Желдің жылдамдығы
Сыныптар
–25°С немесе одан төмен
2 м/с-қа дейін
1-4
–30°С немесе одан төмен
2 м/с-қа дейін
1-9
–35°С немесе одан төмен
2 м/с-қа дейін
1-11
Осы мәліметтерді пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап бер
1. Қаңтар айында 1-4-сынып оқушылары үшін ауа-райының қолайсыздығына
байланысты неше күн сабақ өткізілмегенін табыңыз
A) 1
B) 2
C) 3
D) 6
E) 9