ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет85/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   142

254

оларды теріске шығару кезінде кез келген ғылыми білімнің алдын ала 

болжанатын  сипаты  болады.  Бұл  идеяларды  Поппер  алғаш  рет  1934 

жылы «Ғылыми жаңалық логикасы» кітабында жария етті. Әрине, олар 

Поппердің  қарсыластарының  сыни  пікірлерін  туғызды.  Алайда  автор 

басқаша  санайтын.  Италиядағы  басылымының  (1970)  алғы  сөзінде 

ол:  «Сөздер  мен  мағыналарды  қазбалаудың  енді  қажеті  жоқ,  сынға 

ұшыраған  теорияларды,  олардың  негіздемелері  мен  құндылықтарын 

білсек, сол әлдеқайды маңызды болмақ», – деп жазды. Алғаш қарағанда, 

индукцияға осылай қатқыл көзқарастың болуы, жоқ дегенде, таңданыс 

тудырады.  Бірақ  бұл  жағдайды  Р.Рассел  ұтқыр  түсіндіріп  берді:  бір 

күркетауық  жақсы  жағдай  жасалған  фермаға  келіп  орналасқан  бойда 

жемнің  дәл  сағат  тоғызда  берілетінін  байқайды.  Алғыр  индуктивист 

болғандықтан, ол көптеген әртүрлі жағдайларды есепке алуға ерінбеді: 

сәрсенбі мен жұмада, ыстықта да, суықта да, жауын-шашын болғанда 

және ашық күнде де жем беру сағаты өзгермей, тұрақты болды. Алай-

да «Мені әрдайым сағат тоғызда жемдейді» деген тұжырым таңертеңгі 

кепілді  жемін  күткен  құс  аспазшыларға  боршалауға  берілген  сочель-

ник күні, яғни діни мейрамдардың бірінде күшін жойды.

Сөйтіп,  индуктивтік  қағиданы  әлдеқалай  негіздеу  үшін  жасалған 

әрекетінің кез келгені іс жүзінде сәтсіз болып, зерттеуші шексіз регрес-

ке (шегіну жолына) түсіп кетті.

Осыған  сүйеніп,  К.Поппер  зерттеу  бақылаулардан  емес,  қиын 

жағдайға  тап  болған  практика  мен  теория  мәселелерінен  басталады 

деп  санады.  Ғылыми  идеялардың  артықшылыққа  ие  бастаулары  жоқ 

және болуы мүмкін емес, дегенмен, әрине, миф, метафизика, түс және 

елестер жаңалықтар тудыруы мүмкін, бірақ ол кезде олар фактілермен 

расталуға, негізді болуға тиіс.

Өзінің  жалпыдүниетанымдық,  онтологиялық  құрылымдарында 

К.Поппер  «үш  әлем»  тұжырымдамасын  құрды.  Біріншісі  –  ол 



«физикалық  әлем»,  яғни  бізді  қоршаған  табиғат.  Екіншісі  –  «діл 

әлемі» – Платонның «идеялар әлеміне» ұқсас бірдеңе. Ал үшіншісі – 

мыңжылдықтар  бойы  адамзат  жинақтаған  «білімдер  әлемі»  (Ибн-

Рушдтың «адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты» сияқты әлдене).

К.Поппердің  пікірінше,  философия  –  ғылым  емес,  өйткені  оның 

негізгі  қағидаларын  бұрмалауға  болмайды.  Алайда  ол  адамға  осы 

әлемдегі оның болмысының мағынасын ашып береді және оған өмірден 

өз орнын табуға көмектеседі. Сол себепті ол философияның маңызын 

жоғары бағалайды.

Әлеуметтік  философияда  К.Поппер  адамзаттың  әлемдік  тари-

хында  қандай  да  бір  заңдылықтардың  бар  екенін  теріске  шығарады. 




255

Осы  тұрғыдан  ол  марксизмді,  әсіресе  коммунизм  идеясын,  –  оның 

моральдық  және  ақыл-ой  тартымдылығын  мойындаса  да,  –  өткір 

сынға салады.

Поппер  жасаған  «адымдық  әлеуметтік  инженерия»  әдістемесі 

(әлеуметтік  жобақұмарлыққа,  яғни  бос  әурешілікке  қарсы)  XX 

ғасырдың  екінші  жартысында  еуропалық  елдердің  әлеуметтік-

реформистік  ұйымдарының  теориясы  мен  практикасында  кең  пайда-

ланылды. 

Венгриядан шыққан американдық философ, «сыни рационализмнің» 

жарқын  өкілдерінің  бірі  имре  лакатосқа  да  Поппердің  ықпалы  зор 

болды.


Ол  ғылыми  рационализм  теориясының  әдістемелік  негізі  ретінде 

бұрмалау ұстанымын жаңа мазмұнмен толықтырды.

Ғылымның  дамуы  тарихын  зерттей  келе,  ол  «ғылыми-зерттеу 

бағдарламасының»  танымдық-әдістемелік  тұжырымдамасын  алға 

шығарды.  Кез  келген  жетілген  ғылымда  мейлінше  терең  теориялық 

құрылымдарды  алға  шығару  орын  алады  және  олар  бір-бірлерін 

бірізділікпен  ауыстырып  отырады.  Бірақ  ол  кезде  олар  осы  ғылымда 

қабылданған  «зерттеу  ережелеріне»  байланысты.  Егер  бір  ере-

же  келешегі  зор  бағыттарды  көрсетсе  (оң  эвристика),  ал  екіншілері 

тығырыққа  тірелген,  олардан  аулақ  болуды  қажет  ететін  бағыттарды 

(теріс эвристика) көрсетеді.

Кез  келген  ғылыми-зерттеу  бағдарламасының  өзіне  тән  ішкі  өзегі 

бар. Оған жүзжылдықтар бойы жасалған, шынайылығына ешкім күмән 

келтірмейтін барлық түсініктер кіреді. Өзекті айнала саны көп болжам-

дардан  тұратын,  ғылым  өзегін  қорғауға  арналған  «қорғаныс  белдігі» 

байланады. Қорғаныс белдігінің ерекшелігі – ғылымда ашылған жаңа 

фактілердің  қысымымен  кез  келген  теорияның  бұрмалауға  ұшырауы 

мүмкін  екендігі.  Сол  кезде  ескі  болжамдардың  орнына,  ғылым  жаңа, 

үндестіруге  бағытталған,  табиғатты  түсіну  және  жаңа  теорияларды 

жасау үшін жаңа фактілерді бере алатын сызбанұсқалар әзірлейді.

Бір  немесе  басқа  ғылыми-зерттеу  бағдарламасының  келешектегі 

табыстылығын  қалай  айқындауға  болады?  И.Лакатостың  пікірінше, 

егер  бағдарламаның  теориялық  тұжырымдамалары  тәжірибе  дерек-

терін басып озса, онда теориялық тұрғыда бір немесе басқа фактілердің 

болашақта  ашылуы  мүмкіндігі  жорамалданады,  сонда  бағдарлама 

биікке өрлейді. Бірақ егер ғылымда ашылған жаңа фактілер теориялық 

деңгейде  әрең-әрең  түсіндірілсе,  ол  бұл  бағдарламаның  күні  біткенін 

көрсетеді.  Сол  кезде  ғалымдар  ескі  бағдарламаларды  ғылым 




256

мұрағатына  жөнелтіп,  жаңа  ғылыми-зерттеу  бағдарламасын  құруды 

жанталаса қолға алады.

Ғылым  дамуының  тарихы  –  ол  әртүрлі  бағдарламалардың 

бәсекелестігі,  олардың  эвристикалық  мүмкіндіктерінің  ашылуы. 

Ғылымның өзінің ішкі және сыртқы тарихы бар. Ғылымның ішкі та-

рихы – бұл идеялар мен әдістемелік ұстанымдардың жүйелі ауысымы, 

ал ол кезде оның сыртқы тарихы ғылымның ұйымдастырушылық фор-

маларын және ұлы тұлғалардың қызметін ауыстырумен айналысады.

Лакатостың  әдістемесі  ғылымды  ұтымды  талдаудың  құралы,  XX 

ғасыр ғылымының аса маңызды жетістіктерінің бірі болды.

Постпозитивизмнің  көрнекті  өкілі,  ғылым  философиясындағы 

тарихи-эволюциялық бағыттың көшбасшыларының бірі – американдық 

тарихшы және философ томас кун болып табылады.

Ол ғылыми ұтымдылық теориясының негізіне алынған, ғылым ту-

ралы логикалық-позитивистік және «сыни-рационалистік» көзқарастан 

түбегейлі  айырмашылығы  бар  ғылыми  білімнің  тарихи  серпіні 

тұжырымдамасын жасады.

Кун  ғылым  деп:  бір  немесе  басқа  теорияларды,  әдістемелік 

қағидаларды, дүниетанымдық ұстанымдарды, нақты ғылыми нормалар 

мен этикалық құндылықтарды мойындайтын, ғылыми қауымдастықты 

біріктіретін  әлеуметтік  институтты  түсінді.  Осының  бәрі  ғылымның 

әлдебір парадигмасын – үлгісін (грекше – paradigma – үлгі) құрайды. 

«Ғылыми  революциялар  құрылымы»  атты  еңбегінде  (1963)  ол  пара-

дигма  деп  ғылыми  қауымдастық  таныған,  белгілі  бір  тарихи  уақыт 

шектеріндегі ғылымда жасалған зерттеу үлгілерін түсінеді. Ол: «Осы 

терминмен  мен  барлық  жерде  қабылданған,  азғантай  уақытқа  болса 

да, олардан мәселелер мен шешімдердің осы салада зерттеумен айна-

лысып жүргендердің көңілінен шығатын үлгісі қалыптасатын ғылыми 

жетістіктерді  белгілеймін»,  –  деп  жазды.  Парадигма  ғылымдарды 

әдістермен  қаруландырады,  белгілі  бір  уақыт  шектерінде  ғылымдағы 

бір немесе басқа жағдайдың ішкі өзегін құра отырып, іздену жолдарын 

көрсетеді. Ғылыми теория парадигмадан анағұрлым тарлау, өйткені өзі 

соның ішінде пайда болады. Басқа парадигманың шектерінде бұл тео-

рия жарамсыз. Оны жарамды ету үшін, қайтадан қарау керек.

Кейіннен  Т.Кун  парадигма  ұғымын  «пәндік  матрицаға»  (негіз) 

ауыстырады.  Сол  ретінде  философ  символикалық  қорытындылау 

үлгілерін,  тұжырымдамалық  үлгілерді,  әртүрлі  мәселелердің  ғылыми 

шешімін, сондай-ақ ғылыми қауымдастық қабылдаған құндылықтарды 

түсінеді.  Ғылымда  бір  немесе  басқа  үлгінің  басымдық  алуы  оның 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау