ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет74/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   142

221

7-тарау. классикалыҚ емес ФилОсОФиЯ. 

иРРаЦиОнализм

7.1. неміс классикалық философиясынан – 

қазіргі заманға дейін.

Рационализм қағидаларын басқаша ойлау. 

иррационализм

 

Сонымен,  алдыңғы  тарауларда  көрсетуге  әрекет  еткеніміздей, 



XVIII  ғасырдан  бастап,  батысеуропалық  философияда  рациона-

лизм  шығар  шыңына  жетіп,  Жаңа  заман  философиясының  шынайы 

іргетасына айналды. Материализм мен идеализм арасындағы маңызды 

айырмашылықтарға  қарамастан,  бұл  бағыттар  өздерінің  адамның 

ақыл-парасатына, адамзаттың сәулелі болашағына сенімі бойынша бір 

пікірде  болды.  Сол  ғана  барлық  білімдерге  қолайлы  әдісті  бере  ала-

ды, мораль, саясат, еркіндік негізін құрады деп саналды. Ақыл-парасат 

ұстанымдарында  жетілген  мемлекет  құруға  болады,  тіпті  тарихты 

да  ақылдылық  тұрғысынан  түсінген  абзал.  Алайда  XIX  ғасырдың 

ортасындағы  буржуазиялық  қоғамдық  қатынастар  бұл  жүктелген 

сенімдерді  ақтамады.  Ұлы  француз  революциясы  сол  заманғы 

қоғамның  өмірінде  түбегейлі  төңкеріс  жасап  қана  қойған  жоқ,  соны-

мен бірге адам айтқысыз зорлық-зомбылыққа және қантөгіске жеткізді.

1848-49 жж. революциялар да соған ұқсас аяқталды, ал 1871 жылғы 

Париж коммунасының жеңілісі марксизмде пролетариат диктатурасын 

орнату қажеттігін туғызып, сол кездегі зиялы қауымның айтарлықтай 

бөлігінің  революциялық  ниет-райынан  қайтып,  ілгерілеуге  сенуден 

айнып, қоғамдық өмірді ақыл-пайыммен құру мүмкіндігіне бет бұруға 

келтірді.

Жоғарыда  көрсетілген  және  басқа  да  себептер  сол  кездің  зиялы 

қауымының белгілі бір топтары арасында рационализмге, классикалық 

философияға,  дискурсивтік  ойлауға  (лат.  –  discursus  –  пайымды, 

қисынды  негізделген  пікірлер)  қарсы  көзқарас  туғызды.  Рациона-

лизмге:  танымда,  мінез-құлық  әрекеттерінде,  дүниетанымда,  сондай-

ақ  тарихи  үдерістерде  шешуші  фактор  –  ақыл  күштері  емес,  ақылға, 

парасатқа, даналыққа кереғар рухани бастаудың қиық-кескіндері (мы-

салы,  түйсік,  ішкі  сезім,  соқыр  сенім,  сүйіспеншілік  сезімдері  және 

т.б.)  болып  табылатын  иррационализм  (лат.  –  irrationalis  –  пайымсыз) 

қарсы  қойылды.  Философиямен  айналысудың  жаңа  формаларын 

қарқынды іздестіру басталды. Бұл қозғалыстың басында неміс филосо-




222

фы а.Шопенгауэр және дат діни ойшылы с.кьёркегор тұрды. Бәрінен 

бұрын олар Г.Гегельдің философиясын сынауды бастады.

Гегельдің  рационализмін  сынауды  бірінші  бастаған  неміс  филосо-

фы Артур Шопенгауэр (1788-1860) болды.  Өз ойларын ол «ерік және 

көрініс іспетті әлем» деген іргелі еңбегінде баян етті.

Бірақ  Шопенгауэр  философиясының  негіздерін  түсіну  үшін, 

Фихтенің: «Адам қандай болса, оның философиясы да сондай», – де-

ген сөздерін еске алып, ойшылдың өмірбаянының кейбір деректеріне 

қысқаша болса да тоқталып өткеніміз жөн.

Артурдың  ата-анасының  терең  ішкі  қайшылықтар  күйіне  түсуі 

баланың жан дүниесі мен көңіл күйіне ауыр салмақ болды. Әйелімен 

ажырасқаннан кейін екі жыл өткенде, 1805 ж. әкесі өз өмірін өзі қиды. 

Артурдың  анасы  Иоганна  Шопенгауэр  заманында  талантты  және  та-

нымал  жазушы  болғандықтан,  өмірін  тапшылықты  елең  қылмайтын, 

алаңсыз  (богемдік)  ортада  өткізді.  Гете,  Шлегель  сияқты  даналар 

оған  қамқорлық  көрсеткендіктен,  анасы  Артурды  ең  бір  талантты 

адамдардың  қатарына  енгізді.  Алайда  баласы  анасын  жек  көретін, 

сөйтіп, ол 1814 жылы одан біржола қол үзді.

Шопенгауэрдің  ашуланшақ,  кекшіл  мінезі,  сондай-ақ  әйелдерге 

деген  жеккөрініш  сезімі  дәл  осы  отбасында  қалыптасты  («Әйелдер 

туралы»  эссе).  Ол  жалғыздығы  үшін  барлығына  да  ызалы  еді.  Оған 

Гегельдің  атағы  маза  бермеді.  Қалайда  оны  бір  «тұқыртып»  қалу 

үшін, Артур Гегель дәріс оқитын Берлин университетінде дәріс оқуға 

кірісті.  Бірақ  студенттер  Гегель  дәрісханасын  тастап  шығады  деген 

үміті  ақталмады:  Шопенгауэрдің  дәрісіне  оннан  аспайтын  адам  ғана 

қатысты. Бұл оны одан сайын ызаландырды. Кітаптарын ешкім сатып 

алмады, ал оған Гегельді кінәлады...

Бірақ Шопенгауэрдің ерік-жігері мен жұмысқа қабілеті ерекше еді. 

Ол жаңа еңбектер жаза-жаза, ақырында, даңққа жетті.

Оның  пікірінше,  әлемдік  үдерістің  негізінде  соқыр,  санасыз 

күштің  –  өмірге  деген  ерік-құштарлықтың  күші  жатыр.  Бұл  күш  те 

өмірдің өзіндей мағынасыз, ал адамның өмірі тіпті мағынасыз. Оның 

мағынасыз болатын себебі – әрбір адамды өлім күтіп тұрса, көпшілік 

адамдар  қорғансыз  қарттықты,  ауру-сырқаулықты  бастан  кешеді, 

қайғы-қасіретке  тап  болады.  Бірақ  өмірге  деген  құштарлық  бізді  ал-

дамшы  елес  тұзағына  түсіріп,  жат,  бөтен  әлемге  жетелейді.  Олардың 

алғашқысы – жыныстық құштарлық, ұрпақ жалғастыру түйсігі.

Алайда бәрі үшін ақы төлеу керек қой. Сөйтіп, біз өмір бойы әлдебір 

уақытта әкеміз құмарлыққа батып жүріп «қол қойған вексель бойын-



223

ша»  ақы  төлеп  келеміз.  «Оптимизм,  –  деп  қорытады  ойшыл,  –  адам-

затты  қорлаудың  ең  бір  аяусыз  және  жексұрын  түрі».  Бірақ  адамның 

таңдауы  бар.  Бұл  –  өмірге  деген  құштарлықты  өлтіру,  яғни  ертедегі 

индустар  көре  білген  шындықты  қабылдау  (бұдда  дінінің  нирвана  – 

жұмақ туралы ілімі).

Санадан  тыс  Әлемдік  ерік  енді  көп  ұзамай  өзінің  өмірге  деген 

шексіз ұмтылысымен әлем негізіне жатады екен, онда алдыңғы фило-

софия ұсынған: материя, сана, рух, атом, монада және басқа санаттар 

жарамсыз деп жарияланады, өйткені әлем басынан-ақ ақылға сыймай-

тын,  қисынсыз  болды  емес  пе.  Сөйтіп,  Әлемдік  ерік  философияның 

негізгі санаты деп танылды.

«Ерік» санаты алдыңғы өткен философияда қаралмады деп сендіру, 

әрине, қателік болар еді. Ертеде «сана» және «ерік» санаттары әлі бір-

бірінен  ажырамаған-ды.  Сократ  адамның  жаман  қылықтарын  оның 

білместігінің нәтижесі деп санайды. Егер ол оның жаман екенін білсе, 

олай  істемеген  болар  еді.  Алайда  Орта  ғасырларда  Августин  ондай 

көзқарасты толық жоққа шығарды. «Мен бұның жаман екенін білемін, 

бірақ  мені  соған  тартып  тұрады,  сондықтан  мен  соны  істеймін  де, 

«күнәға» батамын». «ақыл біледі, бірақ ерік таңдайды» – осы қолдан 

жасағандай  формулада  Августин  соңғы  сөздің  ерікке  тиесілі  екенін 

мойындайды.  Діни  ойшыл  адамның  күнәһарлығының  негізгі  себебін 

дәл осы адам еркінің бастапқы Құдай жолынан ауытқығанынан көреді.

Жаңа  дәуірде  Кант  нақты,  іс  жүзіндегі  ақылдың  басымдығын 

көрсете  келе,  оның  «ерік  бостандығын»  негіздеді.  Бұл  идеяны  ары 

қарай  дамытып,  Фихте  Әлемнің  пайда  болуының  өзін  еркін  еріктің 

үлкен  «МЕНінің»  әрекетінен  көрді.  Алайда,  қалай  болғанда  да,  Шо-

пенгауэрге дейін бұл санатты ешкім де философияның негізгі түсінігі 

деңгейіне көтере алған жоқ.

Шопенгауэр  бойынша,  біртұтас  әлемдік  ерік  әлемнің  негізінде 

жатыр  және  ол  өзінің  шексіз  формаларында  көрінеді.  Ерік  –  әлемнің 

танылмаған күштеріне теңестірілген, өздігінен жетілген бастау, өйткені 

бар  нәрсенің  бәріне  ерік  құлшынысы  тән.  Өзінің  мәңгі  санадан  тыс 

қалыптасуында,  өмірге  мақсатсыз  құштарлығында  ол  күйзелістерді 

тудырады. Оған қандай да бір заңдылықтар жат, сондықтан ол үнемі 

қанағаттанбаушылық  сезініп,  заттарды  бөледі,  қағыстырады,  мәңгі 

ізденіс,  өз-өзімен  күресуді  жалғастырып,  қайтадан  сындырады, 

күйретеді.  Әлемнің  алғашқы  себебі  ретінде  Ерік  тойымсыз  алапат 

құштарлықты,  қараңғы,  соқыр  құлшынысты  білдіреді.  Ол  әлсіреген 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау