203
өйткені жұрт сотталған адамның басқа да мүмкін болатын қасиеттері
туралы білместен, оған тек қылмыскер деп қарайды. Бұл жағдайға
Г.Гегель ойлаудың метафизикалық тәсілі деген анықтама береді.
Дерексіздендіру, әлбетте, ойлау үдерісінде қажетті баспалдақ болып
табылады. Бірақ ойлаудағы дерексіздіктен нақтылыққа қарай өрлеуді
жүзеге асыра отырып, ары қарай қозғалу қажет.
Бізді қоршаған нақты болмыстың өзі диалектиканың тамаша
үлгілерін көрсетеді, өйткені бұл дүниеде кез келген зат шектеулі,
бірақ орнықтылықпен бірге онда ішкі қарама-қайшылықтар туғызған
тұрақты өзгерістер болып жатады, олар, ақыр соңында, оны шектерінен
шығарып, оның өзі енді басқа бір затқа айналады. Сөйтіп, диалектика
ойлау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ тұтас объективтік әлемге де тән
болып табылады. Мысалы, дараланған дерексіз құқық қорқынышты
әділетсіздіктерге әкеледі; мораль саласында «тәкаппарлық құлдырауға
жеткізеді»; өткір нәрсенің мұқалуы да тез» т.с.с.
Сондықтан еш жерде – Аспанда, Жерде, Табиғатта және қоғамның
рухани өмірінде: «не – осы, не – басқасы» дейтін тұрпаттағы дерексіз
ойлаудың анықтамасына сәйкес келетін ештеңе жоқ. Кез келген бар
нәрсе – нақты нәрсе, демек, онда өзгешеліктер де, қарама-қайшылықтар
да бар. Зат өтпелі, өйткені оның сыртқы нақты, өзгеріп тұратын бол-
мысы ішкі орнықты мазмұнына сай емес. Қарама-қайшылық, міне, бұл
әлемнің шынайы қозғаушы күші – осы, оны ойлауға болмайды деудің
өзі күлкілі.
Сөйтіп, танымның диалектикалық әдісін құра отырып, Гегель
философияның мәртебесі мен маңызын бұрын-соңды болмаған
биіктікке көтерді. Ол марксистік философияның қалыптасуына ерек-
ше күшті ықпал етті, ол туралы алдағы параграфта айтатын боламыз.
Алайда әрбір адам сияқты, оның да осал жақтары болған-тын.
Егер Кант адамды ең жоғарғы құндылық деп жарияласа, ал
Гегельдің философиясында адам құрал, яғни Дара идеяны танып
білудің құралы болып табылады. Бүгінгі күні Гегельдің Шығыс
халықтарының рухына берген төмен бағасы теріске шығарылған –
Жапония, Сингапур, Малайзия, Қытай және басқалары жаңа
технологиялардың жоғарғы үлгілерін және сонымен қатар өзіндік
ерекшеліктерін, өздерінің ұлттық мәдениеттерінің жоғары деңгейін
көрсетіп үлгірді.
Егер Кант болашақ әлемдік тарихта «Мәңгі әлемнің» орнығатынына
сенсе, ал Гегель соғыстар халықтардың қандарын жаңартатынына
сенді. Әлемдік тарихтағы немістердің рөлін асыра көрсетіп, ол XX
204
ғасырдың бірінші жартысында германияның содан кейінгі қасіретті
дамуына да ықпал етті. Оның: «Барлық ақылға қонымды нәрселер –
шынайы, ал шынайылардың бәрі – ақылға қонымды» деген тезисі
кейіннен әртүрлі озбырлық режимдерді ақтау үшін қолданылатын «ай-
ырбас мәнетіне» айналды. Шамасы, ұлы адамдардың да «қателесуге
құқы» бар болғаны ғой.
Гегельдің өлімінен кейін оның ізбасарлары мен шәкірттері тез арада
екі партия құрды. Француз парламентарийлерінің лексикасын пайдала-
нып, неміс теологы және солшыл жас гегельшілердің бірі Д.Ф.Штраус
(1808-1874) гегельшілерді оңшылдар және солшылдар деп атады.
Оңшылдарға сәйкес, Пруссия мемлекеті Рух рационализмін ба-
рынша жүзеге асырушы болды. Солшылдар диалектика атынан сол
уақытта болған барлық мемлекеттердің өмір сүруге деген құқын
теріске шығарды.
Сондай-ақ, діни қарама-қайшылықтар да орын алды. Еске түсірсек,
Гегель философия мен діннің: яғни философия – ұғымдар түрінде
білдіретін, ал дін көріністер түрінде беретін сәйкестігін дәлелдеді. Оң
және сол гегельшілдіктің қарама-қарсылығы нақ осыдан пайда бол-
ды. Христиандықтың гегельдік философиямен үйлесімдігін дәлелдеу
мүмкін бе? Оңшылдар сенімді түрде: «Иә», – деп жауап қатты. Ал
солшылдар Құдай жолдауларын тікелей адамдық өлшемдерге сайып,
қатаң қарсы болды.
6.5. Фейербахтың материализмі.
сүйіспеншілік философиясы
людвиг Фейербах (1804-1872) – неміс классикалық философиясының
оқшау тұрған өкілі. Негізгі еңбегі – «Христиандықтың мәні».
Германияның одан бұрынғы философтарынан айырмашылығы: Фейер-
бах – материалист және, оған қоса, «жүрек қанымен», құлшыныспен
және шабытпен жазатындығы.
Кезінде сұңғыла ойшыл Гегельдің дәрістерін тыңдағанмен, бәрібір
гегельші болмады. Оның үстіне, ол Гегельдің философиялық жүйесін
күйрете соққы беріп сынады. Фейербах бойынша, кез келген идеа-
лизм, – оның ішінде гегельдік те бар, – бар-жоғы шындыққа
(болмысқа) деген нәзік діни көзқарас қана болып табылады. Гегельдің
философиялық жүйесіндегі Табиғаттан бұрын бар болып келе жатқан
логикалық санаттар – Жаратушының басқа сөздермен білдірілген идея-
лары. Дүниеде материалдық әлемнен ажырап өмір сүретін таза ойлау
205
жоқ, ойлау қабілетіне ие тіршілік иелері – адамдар ғана бар. Материяны
рух тудырмайды, керісінше, материя тарихи тұрғыда рухты жаратады.
Адамның ойлау қабілеті қаншалықты ғажап болса да, оның миының
қызметі ғана болып табылады. Адам тәнінен ажыратылып алынған,
оның шектеулі және ақырғы өмірінен азат етілген рух Құдайға ай-
налады. Мән – бар-жоғы ұғым ғана. Оны адамның денесінің тұрқын
құрайтын сүйектерімен салыстыруға болады. Алайда тірі адамның
тәні, миы, қан айналысы мен жүйке жүйесі бар. Бірақ гегельдік фило-
софияны сүйектермен ғана қоректеніп жүре беретін қорқау қасқырға
теңеп, Фейербах өзінің ұстазының философиялық жүйесін келеке,
мазақ етті.
Егер осылай болса, онда философия сондай болып табылатын бол-
мыс ұғымынан емес, өмірге қанық болмыстың өзінен басталуға тиіс
қой. Бұл жағдайда біз заңды түрде барлық философиялық санаттарды
дарадан, жалқыдан шығаруға тиіспіз, өйткені кез келген нақты бол-
мыс – ол қазір, осы жерде немесе ана жерде бар, өмір сүретін әлдене.
Егер болмыс жалқы, бірегей заттардан тұрса, онда ойлау жалпыны ту-
дырады. Ойлардың осындай желісі, дау жоқ, тартымдырақ болмақ,
өйткені өмірдің өзінен, бардан шығады.
Адамның қоршаған әлемді танып білуі үдерісін қарастыра келе,
Л.Фейербах агностицизмді
1
қатаң сынға алады. Адамның сезінуі бізді
Табиғаттан алшақтатпайды, керісінше, бізді онымен байланыстыра-
ды. Бұл жерде ол Інжілдің (Евангелие – ізгі жаңалық) діни ұғымдарын
пайдаланады. Сезінулер бізге әлем туралы ізгі жаңалықтарды әкеледі.
Фейербах қозғалысты материяның өмір сүру тәсілі деп санайды,
ал ол кеңістіксіз және уақытсыз мүмкін болмайды. Табиғаттың себебі
оның өзінде. Оны ешкім тудырған жоқ, ол мәңгі өмір сүріп келеді.
Табиғат ойлай алмайды, бірақ адамды тудырып, ол өз-өзін сезінуге
дейін көтеріледі. Адам ғана қоршаған әлемді өзгерте отырып, оған
өзінің санасын телиді.
Олай болса, рух – тірі адамның, оның өмірлік ақыл-ой
белсенділігінің туындысы, ал ми оның тәніне жатады. Сондықтан
«адамды Құдай жаратқан» деген миф: Оған өзінің барлық мән-
мағыналы күшін беріп, «Құдайды адамның өзі жаратқан» деген
ғылыми негізделген оймен ауыстырылуға тиіс. Ары қарай Л.Фейербах
жоғарыда аталған тезисін дәлелдеу үшін, өзінің барлық күш-жігерін
сарп етті.
1
Агностицизм – нақты дүниені және оның заңдылықтарын танып білу мүмкіндігін жоққа
шығаратын идеалистік философиялық ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |