Оқытушылар мен студенттер арасындағЫ, ОҚыту процесінде, интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі



жүктеу 338,19 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі338,19 Kb.
#24306


ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ, ОҚЫТУ 

ПРОЦЕСІНДЕ, ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ 

ТИІМДІЛІГІ 

 

Рахметқазынов Нұржан 

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ. Талдықорған қ. 

rnurgan@mail.ru

 

Ғылыми жетекші: Тулепова С.И. 



 

     


Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  жүйесінің  басты  міндеті  - 

ұлттық  және  жалпы  адамдық  құндылықтар,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде 

тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуы  мен  дамуына  бағытталған  білімді  алу  үшін  қолайлы 

жағдайлар жасау» - делінген. [1]. Қойылған міндетті шешудің жолдарын іздеу педагогикалық 

зерттеулердің әр түрлі бағыттарында жүріп жатыр. 

      Жаңа  педагогикалық  технологиялар  өріс  алуына  орай  оқыту  үрдісіне  «интербелсенді 

оқыту»,  «интербелсендіі  оқыту  әдістері»  ұғымдары  жиі  қолданылатың  болды.  Бұл 

ұғымдардың  ортақ  түбірі  «интер»  ағылшын  тілінің  «бірлескен  әрекет»  деген  сөздерінен 

енген.  «Интербелсенді  оқыту» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған белсенді оқыту деп 

анықтауға болады, ал «интербелсенді оқыту әдістерінің» ұғымының мәні студенттердің өзара 

белсенді  байланыста  болып,  оқытушылармен  бірлесіп  отырып  жұмыс  жасау,  оқу-танымдық 

нәтижелерге  жету.  [2]  Интербелсенді  оқыту  әдістерінің  дәстүрлі  әдістерден  артықшылығы, 

студенттерді  енжар  тыңдаушы  емес,  белсенді,  өз  бетімен  білім  ізденуші,  табиғат,  қоғам 

заңдарын өздігімен ұғынуға мүмкіндік тудыруда. 

      Интербелсенді  оқыту  әдісіне  келесілер  қатысты:  1)  эвристикалық;  2)  дискуссия  3)  миға 

шабуыл;  4)  дөңгелек  үстел;  5)  іскерлік  ойын  әдісі;  6)  практикалық  жұмыстар  және  оны 

жатығудағы конкурстар (байқаулар). [4] 

    Эвристикалық  әңгіме.  Бұл  әдіс  ұлы  Сократтың  «эвристика»  (грекше,  «табамын», 

«ашамын»,  «іздеймін»)  деген  сөзінен  шыққан.  Ежелгі  грек  нұсқасында  бұл  әдіс  Сократтық 

әңгіме  деп  аталған.  Бұл  әдісте  студенттерге  қойылған  сұрақтар  мен  мысалдарға  өздігінен 

дұрыс жауап іздеулеріне негіздеген. 

   Психологияның  табиғатында  эвристикалық  әңгіме-ұжымдық  ойлау  кеңесі  проблемаға 

жауап  іздеу  болып  табылған.  Сондықтан  педагогиқада  бұл  әдісті-оқытудың  проблемалық 

іздестіру  әдісі  деп  есептейді.  Проблемалық  -  іздестіру  әдісі  эвристикалық  әңгімеден 

психология тұрғысында еш айырмашылығы жоқ 



      Дискуссия интербелсенді оқытудың әдісі ретінде соңғы жылдары қолдана бастады. 

  Дискуссия  әдісі  арнайы  оқу  бағдарламаларының  теориялық  сұрақтарын  еркін  талқылау 

болып табылады. Психологиялық тұрғыдан дискуссия әдісінің қандай белгілері бар? 

Біріншіден,  дискуссия  -  бұл  тілдік  әрекеттің  диалогтық  формасы.  Онда  түрлі  пікірлер 

арасында күрес жүреді, пікірлер алмасады. Екіншіден, пікірлердің соқтығысуы ойлауды талап 

етеді, ол түрлі даулы ойларды тудырады. 

Л.С.Выготский  осы  дискуссия  мен  ойлау  арасындағы  байланысты  қарастырған.  Дискуссия 

әдісі  сабақтың  топтық  формаларында  қолданылады:  әңгіме  -  дискуссия,  әңгіме  -  практика, 

топ  саяхат  және  сарамандық  сабақтардағы  тапсырмалардың  қорытындыларын  талқылау 

барысындағы әңгіме. Кейде топтық формада сабақ-дискуссия әдісі кеңінен пайдаланады. 



    «Миға  шабуыл»  әдісі.  Бұл  әдістің  аты  басқару  жүйесінен  және  ғылыми  зерттеулер 

сферасынан  пайда  болған.  Ол  әсіресе  экономикалық  басқару  әрекеттерінде,  менеджментте 

кең  қолданылған.  Миға  шабуыл  әдісінің  мәні  мен  мазмұны  неде?  Ол  ойға  келген  идеялар, 

жұмыстар,  ұйғарымдар,  кездейсоқ  ұқсастықтар,  күрделі  проблемаларға  маманның  жауап 

іздеуі болып табылады. 

Миға  шабуыл  әдісінің  алтың  ережесі  -  осы  айтылған  әңгімегестуденттердің  күдік 

тудырмаулары,  сондай-ақ  кез-келген  идеяларды  мазмұндаудағы  толық  еркіндік  болып 



табылады.  Мұндай  психологиялық  еркіндік  ұялудан  және  күлкілі  жағдайдан  қашудан  және 

т.с.с.  жағдайлардан  өзіңді  бос,  еркін  ұстауға  бағыттайды.  Бұл  әдіс  менеджментте,  ғылыми 

зерттеулерде тиімді шешім қабылдау үшін қолданылады. 

  Мысалы,  экономикалық  кейбір  проблемалары  (келісім  –  шарт,  конверсия  және  т.б.), 

әлеуметтануда  (шаруашылық  иегерінің  бағасы,  саяси  тұлғалар,  депутаттардың 

интерпретациялық  рейтингтері  және  т.б.),  педагогикадағы  (тәрбие  және  оқыту  арасындағы 

қарама-қайшылықтар),  психологиядағы  (психиканың  даму  заңдылықтары,  оқыту  және 

тәрбие практикасы) және т.б. 



  Дөңгелек  стол  әдісі  педагогикалық  саясат  ғылым  шеңберімен  байланысты  болған. 

«Дөңгелек  стол»  көбіне  белгілі  бір  проблеманы  талқылаушы  түрлі  саяси  және  ғылыми 

бағыттағы  өкімдермен  ұйымдастырылады.  Пікірлердің,  ойлардың  алмасуы  жалпы 

қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. 

  Оқытуда  «дөңгелек  стол»  түрлі  ғылыми  аспектілер  өзекті  мәселелер  қарастырылатың 

теорияның,  проблемалардың  тиімділігін  жоғарлату  үшін  қолданылады.  Мысалы,  заң 

факультетінің студенттерде, психологияның «Тұлға және заңгердің әрекеті» атты сабағында, 

психология пәнінің оқытушысы семинар сабағын «Криминалдық мінез-құлық психологиясы» 

атты  тақырыпта  дөңгелек  стол  жүргізеді.  Сабаққа  қылмыстық  -  құқықтық  кафедрасының 

оқытушысы  қатысады.  Психология  пәнінің  оқытушысы,  заңгермен  бірлесе,  студенттерге 

сұрақ  қояды,  түсініктеме  береді,  мысалдар  келтіреді.  Ал  психология  пәнінің  оқытушысы 

«дөңгелек  столды»  жүргізуші  ретінде  болады,  ол  заңгер-оқытушысының  сұрағымен  немесе 

тусініктемесінен кейін қосылады.  Бұл өте қажет болады, себебі құқықтық сұрақтар,  әсіресе 

адамдардың  нақты  мінез-құлықтары  (жәбірленуші  және  қылмыскер,  судья  мен  куәгер 

және  т.б.)  психологиялық  бағалауды  талап  етеді.  Адамдардың  криминологиялық  мінез-

құлқының  көрінісі  сабақтың  негізгі  пәні  болады,  өйткені  криминалистиканың  заңгер-

студенттері  тек  құқықтық  және  криминалогияның  арнайы  сұрақтары  ғана  емес,  сонымен 

қатар  қылмыскер  мен  жәбірленушінің,  судья  мен  куәгердің,  проқурор  мен  адвокаттың 

психологиясы  да  қызықтырады.  Бұл  психологиялық  сұрақтарды  талқылау  сабаққа  тек  заң 

ғылымының  өкілін  қатыстырумен  ғана  емес,  сондай-ақ  криминалистика  шеңберінде  өзінің 

құқықтық білімдерін психологияда анализ жасау үшін материал ретінде қолданылады. 

   Осылайша,  тақырып  (криминологияның)  және  психологиялық  тұрғыда  қарастырылады. 

Дөңгелек  стол  әдісін  басқа  да  формада  қолдануға  болады.  Мысалы,  студенттердің  оқу  - 

әдістемелік  конференциясында  «дөңгелек  стол»  жүргізуде  психологтармен,  педагогтармен 

студенттермен, әлеуметтанушылармен, саясаткерлермен баршаға ортақ тақырып таңдап, ой-

пікірді ортаға салып, қызықты өткізуге болады. 



  «Іскерлік ойын» әдісі алғашында оқыту жүйесінде емес, басқару шеңберінің практикасында 

пайда болды. Қазір іскерлік ойындар практиканың түрлі аймақтарында қолданылады: зерттеу 

жұмыстарында,  жоба  жұмыстары  процесінде,  ұжымдық  өндірудегі  ситуацияны  шешуде 

сондай - ақ әскери істерде қолданылады. Айта кетерлігі «іскерлік ойын» оқыту әдісі ретінде 

әскери  ойын  үлгісі  болып  табылады.  Ерте  заманда  әскерлерді  оқытуда  күрес,  күрестің 

шарттарын,  оның  әрекеттерін  үйрететіп  әскери  ойын  ситуациялары  тәжірибеде  қолданыс 

тапқан.  Әскери  істегі  ойын-бұл  «іскерлік  ойынның»  өзі,  онда  командир  әскерлерді 

басқаруды, ал солдат күрестің шарттарына сәйкес өзін-өзі басқарады. 

   Интербелсенді  оқыту  әдісінің  тағы  бір  жаңа  түрі  тренинг  болып  табылады.  Тренинг 

әдісінің батыста психокоррекцилық жұмыс ретінде дамуына қарамастан бізде бұл әдісті ұзақ 

уақыт  бойы  білмеді.  Алайда,  әлеуметтік  психология  оқытуда  тұлға  аралық  қарым-қатынас 

процесін жаңартуда практикалық сабақ әдісі ретінде қолданылады. 

   Топтық  тренингте  пайда  болатың  ситуациялар  білім  алушылар  үшін  нақты  ситуация 

ретінде болады. Онда білім алушылар әрекеттің нәтижесіне жету үшін жауапкершілік сезімі-

тек өзіне ғана емес, жалпы топтағы серіктестері үшін де болуы керек. 

  Оқу практикасындағы жаңа әдіс, сабақта бұл әдісті қолдану көп еңбекті талап етеді. Топтық 

тренингке  әлеуметтік  психологияның  қандай  проблемаларын  қою  керек  екендігі 



оқытушылар мен студентер үшін түсінікті болуы керек. 

  Топтық  тренинг жүргізу  оқытушының  жоғарғы  дайындығын талап етеді.  Бұл  дайындыққа 

жататындар: 

а) тренингтің жоба-жоспарындағы жұмысты орындау; 

ә) проблеманы шешуде оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету; 

б) мұғалімнің өзіндік дайындығы; 

в) студенттер үшін рөлдерді бөлу. 

  Тренинг  барысында  рөлдерді  басқа  да  студенттер  сомдауы  мүмкін.  Рөлдер  тақырыпқа 

байланысты  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  тақырыбы  «ұжым»  атты  тренингтің  девизі 

«конфликтісіз  қарым-қатынас»  немесе  «конфликтімен»  не  істеуге  болады.  Онда  мынандай 

рөлдер  болуы  мүмкін.:  «мұғалім»,  «заңгер»,  «сот  торағасы»,  «адвокат»,  «куәгер», 

«тергеуші», «жолаушы», «қылмескер», «сот орындаушы», «атқарушы», «әкімшілік» және т.б. 



  Әлеуметтік  -  психологиялық  тренинг  -  бұл  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында 

белсенді  әлеуметтік  -  психологияны  оқыту,  тұлғаның  адамдармен  қарым-қатынасындағы 

белсенділік пен бағыттылық және топты әлеуметтік - психологиялық обьект ретінде жоғары 

деңгейде дамыту. 

  Сондай-ақ,  тренингті  топтардың  жұмысының  өзіндік  ұстанымдарымен  қатар,  топта  орын 

алып  отырған  жағдайда  тұрақты  түрде  үйлестіріп  отыратың  жаттықтырушы  жұмысының 

өзіндік ұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау 

барысында, тренингті өткізуге кірісер алдында және жұмыс барысында: 

- Мен қандай мақсатқа жеткім келеді? 

- Мен неге ол мақсатқа жеткім келеді? 

- Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? - деген сұрақтар 

қоюы  тиіс.  Жаттықтырушы  топпен  жұмыс  істеу  барысында  зерттеу  жүргізу  арқылы  бұл 

сұрақтардың жауабын таба алады. Зерттеу нысанына төмендегілер жатады: 

- Жұмыстың мазмұнды жоспары; 

-  Топтағы  ұйымшылдық  пен  даму  деңгейі,  топ  мүшелерінің  арасында  қалыптасқан  түрлі 

мінездердің қарым-қатынасы; 

- Топтың әр мүшесінің жағдайы, оның машықтыққа, басқаларға және өзіне деген ойы; 

- Жаттықтырушының жағдайы. 

  Тренингтің  тиімділігі  жаттықтырушы  жүргізген  зерттеудің  ұйымдастырылып  жүргізілуін 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  алдына  қойған  қандай  да  бір  мақсатқа  жету  үшін  қаншалықты 

құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты. 

  Құрал таңдаудағы мақсаттың шешіміндегі алғашқы қадам  - бұл әдістемелік тәсілді таңдау. 

Жиі қолданылатың әдістер қатарына топтық пікірталастар, рөлдік ойындар, психодрама және 

оның өзгертулері, психогимнастика жатады. 

  Қандай  да  бір  әдістемелік  тәсілді,  сондай-ақ  осы  тәсіл  аясында  нақты  бір  құралды  таңдау 

төмендегі шарттармен айқындалады, тренингтің мазмұнымен; топтың ерекшелігімен; 

-  жағдайдың ерекшеліктерімен;  

-  жаттықтырушының мүмкіншіліктерімен. 

  Оқыту  процесінде  оқушылардың  танымдық  іс  әрекетін  басқару  оларға  қойылатың 

талаптарға,  іс-әрекет  түрлеріне,  сонымен  қатар  интерактивті  әдістерді  қолдану  тиімділігі 

тәжірибеде дәлелденіп отыр. [5] 

Қорыта айтқанда, студенттің жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, 

ой-өрісінің кеңеюіне оқытудың интербелсенді әдістерінің қосар үлесі мол. [5] 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:  



1.  Күншығарова Т. Жаңа технологияларды пайдалану // Бастауыш мектеп №5, 2003, 36 – 

39 б 



2.  Баймұханова Б Оқытудың жаңа технологияларының негзгі ерекшеліктері // Бастауыш 

мектеп № 8, 2000, 3 – 6 б  

3.  Мамырова К. Оқытудың жаңа технологиялары // Қазақстан мектебі №10, 2001 67 – 68 

б 

4.  Тұрлығұл Т Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларға бет бұрсақ // Қазақстан 



тарихы №4, 2003, 15 – 19 б 

5.  Таубаева Ш.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп №8, 1999, 5 – 12 

б 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Регистрационная форма 

1. Рахметқазынов Нұржан 

2. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, заң факультеті, құқық және 

экономика негіздері 

3. Оқытушылар мен студенттер арасындағы, оқыту процесінде 

интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі 

4. Педагогика және психология 

5. Жансүгіров көшесі 120 

6. 87077972211 

7. rnurgan@mail.ru 

 

 

 



 

 

       




I 


З.Каплан Л.И. Посеешь привычку - пожнешь характер. Пособие для воспитателя детского сада.- М.: Просвещение, 1980. 

4. Островская Л.Ф. Беседы с родителями о нравственном воспитании дошқольника. Книға для воспитателя детского сада.- М.: 

Просвещение, 1987. 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОЙЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Г.Ж. Турсынбаева 

Талдыцорган экономика-шехнологиялъщ қолледжі, Талдыцорган цаласы 

Мк-2008@таі1.га 

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолдана отырып терең 

білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, ерекше мән берілуде. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8-тарауында  көрсетілгендей,  білім  беру  жүйесіндегі  маңызды 

мәселелердің бірі  - оқытудың  жаңа  технологиялар  енгізу,  халықаралық  ғылыми  коммуникациялық байланысқа  шығу,  білім беруді 

ақпараттандыру болып табылады. Ал қазіргі  таңда жаңа білім беру технологиялары кең тарала бастады, олар уақыт пен қоғамдық 

сұраныстарды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. 

Банк  операцияларын  оқыту  барысында  банк  жүйесінің  құрылымын,  қаржы  мекемелерінің  жаңа  түрлерін,  жаңа  несие 

құралдарын және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері негізінде банк ісін жетік білетін ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың 

озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, байыта түсуіміз қажет. 

Соңғы жылдары Қазақстанның білім беру жүйесінде көптеген ғалымдардың технологиялары қолданылуда. Солардың ішінде 

мен өзімнің пәнім бойынша ойындар технологиясын қолданамын. 

Ойын - қоғам тәжірибесін қайта құруға қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. 

Ойын  түрлері  оқу  кезінде  сабақтарда  ойын  тәсілдері  мен  жағдайлар  туғызу  арқылы  құрылып,  оқушылардың  оқуға  деген 

қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады. 

Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізгі бағыттарда жүргізіледі: 

дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі; 

-  оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады; 

-  оқу материалдары оның құралдары ретінде қолданылады, оқыту қызметіне жарыс 

ретінде кіргізіліп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады; 

-  дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады. 

Жаңа  технология  әдістері  әрбір  оқушының  өз  бетімен  оқып  үйренуіне  сенімін  үллатып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне, 

қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, яғни білім сапасын арттырады. 

Оқыту  технологияларын  сабақта  тиімді  қолдану  оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды,  оларды  жеке  тұлға 

ретінде  қалыптастыруға  әсерін  тигізеді.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-мағыналарына,  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап  қолдана  білсек, 

балаға білім беруде ұтарымыз анық. 

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғалған адам - ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді әрі жан - 

жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырылып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып 

үздіксіз өз бетінше өрленуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру ісі адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан -жақты білім 

қызметін үхынатың әлеуметтік институт болуы керек. 

287 


 

жүктеу 338,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау