33
5.1
.сур. exp сөзінен басталатын файлдарды іздеу
8.
Файлдарды атаулары бойынша сұрыптаңыз және explorer атауындағы
файлдарды белгілеңіз. Файлдар мен папкаларды сұрыптау үшін Іздеу
терезесінің кестелік түрін орнатыңыз (Түр/ Кесте)
9.
«Бастаушы» бағдарламасын ашыңыз және белгіленген файлдарды
«Көшіру» папкасына көшіріңіз.
10.
Соңғы айда құрылған барлық файлдарды табыңыз (Қосу/Іздеу/Файлдар
мен папкалар/Мерзім қосымша парағы) (5.2 сурет). Табылған файлдар санын
жұмыс дәптеріңізге белгілеңіз.
11.
Соңғы бес күнде ашылған барлық файлдарды табыңыз (Қосу/
Іздеу/Файлдар мен папкалар/Мерзім қосымша парағы). Табылған файлдар
санын белгілеңіз.
5.2.сур. Соңғы айда құрылған папкалар мен файлдарды іздеу
34
5.2
тапсырма. Дискетті жұмысқа дайындау.
Жұмыс тәртібі
3,5
дюймдегі (1,44 Мбайт) дискетті жұмысқа дайындау үшін дискетті
пішімдеу қажет.
1.
Дискетті А дискжетегіне қойыңыз: дискетті пішімдемес бұрын
дискетті жазбалардан қорғау терезесінің жабық екендігіне көз жеткізіңіз.
2.
Менің компьютерім терезесін ашыңыз.
3.
Тінтуірдің оң жақ батырмасымен Диск 3,5 (А) белгісін басыңыз және
Пішімдеу пәрменін таңдаңыз (5.3 сурет).
5.3.
сур. Дискетті пішімдеу пәрмені
5.4
.сур. Дискетті пішімдеу терезесі
35
Е с к е р т у . Объектіні пішімдеу кезінде мұқият болыңыз, себебі пішімдеу
үрдісі дискіні белгілеп, оның ішіндегі ақпараттың бәрін жояды.
4.
Дискетті пішімдеу параметрлерін 5.4 суретте көрсетілгендей белгілеңіз
және Бастау батырмасын басыңыз. Пішімдеу жұмысы аяқталғаннан кейін
экранда пішімдеу нәтижесі туралы есеп шығарылады. Егер дискетте ақаулы
бөліктер табылатын болса, яғни, дисктің жалпы сыйымдылығы қолжетімді
жадқа сәйкес болмаса, онда дискетті пайдаланбаған дұрыс.
5.3
тапсырма. Файлдар мен папкаларды сақтау.
Жұмыс тәртібі
1.
Электронды блокнотты ашыңыз (Қосу/Бағдарламалар/Стандарт-
тық/Блокнот).
2.
Блокнотқа үлгідегі мәтінді енгізіңіз.
Мәтін үлгісі
«Бастаушы» бағдарламасы Windows файлдық жүйесін басқару үшін
қолданылады. «Бастаушы» папкалардың ішіндегі элементтерді көрсетеді,
папкалар мен файлдарды ашуға, ауыстыруға, көшіруге, өшіруге, атауларын
өзгертуге, бағдарламаларды қосуға, каталогтар (папкалар) ағашын экранға
шығаруға мүмкіндік береді; «Бастаушының» оң жақ бөлігі «Менің компью-
терім» папкасы терезесінің аналогі болып табылады.
3.
Терілген мәтінді «Сақтау» папкасында «Мәтін үлгісі» атауымен
сақтаңыз: Файл/Сақтау (5.5 сурет). «Папка» жолында «Сақтау» папкасын
көрсетіңіз, ал «Папка атауы» жолында «Мәтін үлгісі» атауын теріңіз, одан
кейін Сақтау батырмасын басыңыз. С дискінде, «Сақтау» файлында файл-
дар сақталады.
5.5
.сур. Файлды сақтау терезесі
36
4.
Мәтінді дискетте тағы да сақтау үшін Файл/Сақтау пәрменін
орындаңыз. «Папка» жолында «Диск 3,5 (А:)» көрсетіңіз, ал «Файл атауы»
жолында «Мәтін үлгісі» атауын теріңіз, одан кейін Сақтау батырмасын
басыңыз. А дискжетегінде, «Сақтау» файлында файлдар сақталады.
5.4 тапсырма. Дискеттегі ақпараттарды вирусқа қарсы тексеру.
Жұмыс тәртібі
1.
5.3 тапсырмасы файлы бар дискетті А дискжетегіне қойыңыз;
2.
Өзіңізде бар вирусқа қарсы бағдарламаны іске қосыңыз, мысалы, AVP
Касперского (AntiViral Toolkit Pro жиынтығы).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Ресейде бірнеше жыл бойы вирусқа қарсы
бағдарламалармен кәсіби деңгейде айналысып келе жатқан екі үлкен фирма
бар: «Диалог Наука» (бағдарламалар: Aidstest, Doctor WEB, ADinf, Sheriff
кешені) және «Лаборатория Касперского» (Kami, AVP сериясындағы
бағдарламалар).
3.
Тексеру аймағын белгілеңіз – флоппи-дискілер, тексеру режимі –
бұзылған файлдарды емдеу және Қосу батырмасын басыңыз (5.6 сурет).
4.
Сканерлеу үрдісінің индикаторына назар аударыңыз. Егер вирусқа
қарсы бағдарлама вирустар табатын болса және файлдарды емдесе
(сканерлеу есебінде көрсетілгендей), дискетті сканерлеу үрдісін тағы да
қосыңыз және барлық вирустардың жойылғанына көз жеткізіңіз.
5.4
.сур. Флоппи-дискіні вирусқа қарсы бағдарламамен тексеру
Қосымша тапсырмалар
5.5 тапсырма. Қатқыл дискідегі ақпаратты вирусқа қарсы тексеру.
Өзіңізде бар вирусқа қарсы бағдарламаны іске қосыңыз және С дискіндегі
вирустарды тексеріңіз.
5.6 тапсырма.
С дискінен w әріпінен басталатын барлық файлдарды іздеңіз. (іздеуге
арналған маска – w*). Дискеттегі файлдардан өлшемі бойынша ең кіші
файлды көшіріңіз. Жазылған файлы бар дискеттегі вирустарды тексеріңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Дискетке файлды көшіру үшін Файл/Жіберу
/Диск 3,5 (А:). пәрменін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |