Аннотациясы



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі0,59 Mb.
#24000
түріДиссертация


6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша  

философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясының 



АННОТАЦИЯСЫ 

 

Накипов Жандулла Балгабаевич



 

 

«Университеттік клиника  үлгісінің  негіздемесі, қызмет етудің ғылыми-

әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздері» 

 

Зерттеудің өзектілігі: 

Денсаулық сақтаудың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ауысу жағдайында және 

кәсіби жауапкершілікті қамтамасыз етуді енгізуде медициналық білім беру жүйесі үшін өзекті 

міндеті  қолданыстағы  жоғары  оқу  орындарын  білім  беру,  ғылыми  және  клиникалық  бірлікті 

біріктіретін «университеттік клиника» (УК) кешенді моделіне айналдыру болып табылады. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  негізінен  «аффилденген»  бірқатар  университеттік 

клиникалар  бар  (С.Ж.  Асфендияров  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Медицина  Университеті,  Х.А. 

Яссауи  атындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік  Университеті,  М.Оспанов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  Мемлекеттік  Медицина  Университеті  және  Семей  қаласының  Мемлекеттік 

Медицина  Университеті).  Олар  ұйымдық,  әкімшілік,  заңдық,  қаржылық  және  өзге  де 

сәйкессіздіктердің салдарынан өз мақсаттарына сәйкес келмейді. Мемлекеттің жалғасып келе 

жатқан  бастамаларына  қарамастан,  медициналық  ЖОО  денсаулық  сақтау  мамандарын 

клиникалық  дайындаудың  оңтайлы  ортасын  ұйымдастыруда  көптеген  қиындықтарды 

кездестіреді. 



Зерттеу мақсаты: 

Денсаулық  сақтау  және  медициналық  білімді  реформалаудың  қазіргі  жағдайында  УК 

жұмысының ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптерін әзірлеу. 

Зерттеу міндеттері: 

1.  Жұмыс  істеудің  ең  тиімді  үлгісін  таңдаумен  ҚР  және  шетелдердің  жетекші  УК 

ұйымдастырушылық басқару жүйелерін салыстырмалы талдау жүргізу; 

2.  Номативтік-құқықтық  негіздерді  жетілдіру  жөнінде  ұсыныстарды  әзірлеу  арқылы 

денсаулық  сақтау  мамандарын  клиникалық  дайындау  бойынша  медициналық  білім  беру 

саласында Қазақстан Республикасының реттемелеуші құжаттарына контент-талдама жүргізу; 

3.  ҚР университеттерінде клиникалық дайындық деңгейінде білім беру үдерісінің барлық 

субъектілерінің пікірін зерттеу; 

4.  Медициналық  мамандарды  даярлауға  жауапты  әлемдік  жетекші  білім  беру 

ұйымдарының тәжірибесі негізінде ҚР ЖОО үшін УК оңтайлы моделін әзірлеу

5.  Қызметкерлердің  ғылыми-педагогикалық  әлеуетін  және  заманауи  ауруханаішілік 

басқару  жүйесін  интеграциялау  негізінде  УК  жұмыс  істеуінің  ұйымдастырушылық  және 

үйлестіру принциптерін әзірлеу. 

Зерттеу материалдары мен әдістері: 

Зерттеу материалдары: түпнұсқа зерттеулерінің нәтижелері (131 дереккөз), нормативтік-

құқықтық  актілер  (34  құжаттар),  сауалнамалар  (тыңдаушылар  -  970,  мұғалімдер  -  351  және 

медицина  қызметкерлері  -  310),  TOP-100  рейтингісіне  кіретін  10  жетекші  шетел 

университеттерінің есептері. 

Зерттеу  әдістері:  тарихи,  ретроспективті,  аналитикалық,  контент-талдама,  әлеуметтік, 

статистикалық,  салыстыру  әдісі  және  басқару  тетіктері  мен  ұйымдық  формаларының 

ұқсастығы, сондай-ақ ұйымдық модельдеу әдісі. 



Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

1.  Бірінші рет медициналық кадрларды клиникалық дайындау мәселелерін көрсететін ҚР 

медициналық  білім  беру  саласындағы  нормативтік-құқықтық  актілеріне  контент-талдама 

жасалды, оның негізінде нормативтік құжаттар бойынша ұсыныстар әзірленді

2.  Бірінші  рет  білім  беру  процесінің  барлық  субъектілерінің  ұстанымынан  бастап, 

клиникалық дайындық деңгейіне көп өлшемді талдау жүргізілді, бұл Қазақстандағы денсаулық 

сақтау  мамандарын  даярлау  жүйесіндегі  бірқатар  кемшіліктерді  анықтауға  мүмкіндік  берді, 



атап  айтқанда,  студенттерді  емделушілерге  және  медициналық  ұйымның  ресурстарына  қол 

жеткізуі шектеулі және студенттерді оқытуға тәжірибелік бағыттылығының жеткіліксіздігі. 

3.  Бірінші  рет  Қазақстан  Республикасында  медициналық  қызметкерлерді  дайындайтын 

әлемдегі  жетекші  университеттердің  қолданыстағы  ұйымдық  құрылымдарына  сараптамалық 

бағалау 

жүргізілді, 

олардың 

нәтижелері 

бойынша 

ғылыми, 


әдістемелік 

және 


ұйымдастырушылық-құқықтық негіздермен оңтайлы ұйымдастыру құрылымы ұсынылды.  

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер. 

1.  ҚР  медициналық  білім  беру  жүйесін  денсаулық  сақтау  мамандарын  клиникалық 

дайындау сапасын арттыруға ықпал ететін УК үлгісі негізінде құру қажет

2.  «Көп  салалы»  тәсіл  негізінде  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды  оңтайлы  пайдалануды 

ынталандыруға  арналған  медициналық  бөлімдерді  /  блоктарды  біріктіру  арқылы  матрицалық 

тәсіл негізінде УК құрылымын құру; 

3.  Клиникалық  дайындықты  жетілдіруді  білім  беру  бағдарламаларын  қайта  қарастыру 

арқылы олардың тәжірибелік компоненттеріне тиімді жүргізу. 



Диссертациялық зерттеудің практикалық маңыздылығы: 

УК  ашылуы  және  жұмыс  істеуі  денсаулық  сақтаудағы  үшбірліктің  -  білім  беру,  ғылым 

және  тәжірибе  тиімділігіне  мүмкіндік  туғызады:  медициналық  қызметкерлердің  кәсібилігін 

жоғарылауына,  медициналық  қызметтер  сапасының  жақсаруына,  ғылыми  дамуына,  оқыту 

үдерісіне  және  практикалық  денсаулық  сақтауға  инновациялық  технологияларды  ендіруге 

көмектеседі. 



Қорытындылары: 

1.  Оқу  процесі  үшін  клиникалық  базаны  қажетті  ресурстармен  жабдықтаумен 

қанағаттану  деңгейінің  жеткіліксіздігі  байқалды  (респонденттердің  тек  62,31  ±  1,44%  -ы 

көрсетілген). 

2.  Барлық  білім  беру  ұйымдарында  өз  УК  болмауы  және  әлсіз  интеграциясы  мен 

клиникалық  базалардың  ЖОО  өзара  әрекеттесуі  «тәжірибеге  бағдарланған»  оқу  процесінің 

жеткіліксіздігінің  себебі  болып  табылады,  сондықтан  респонденттердің  1/4  клиникалық 

базаларда  пациенттермен  және  медициналық  ресурстармен  жұмыс  істеуге  жіберудің 

жоқтығын және респонденттердің 1/2-і тәжірибелік сабақтардың жеткіліксіз екенін атап өтті; 

3.  ҚР ЖОО УК болуы оқыту әдіснамасына практикалық және білім беру компонентін 

бекіту арқылы  медициналық  университеттерде білім алатын студенттердің теориялық  және 

практикалық дайындығы деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді (білім алушылар - 8,61 ± 

1,34 балл, оқытушылар - 7,64 ± 0,84 балл және дәрігерлер 7,56 ± 1,22 балл); 

4.  Өндірістік  процесті  ұйымдастырудың  күрделілігіне  бағытталған  УК  ұсынылған 

моделі  -  профильдер  бойынша  емханалық  мен  стационарлық  интеграциясы  клиникалық 

дайындықты  (алғашқы  медициналық  көмек  көрсетуден  жоғары  технологиялық 

манипуляцияларды жасауға дейін) тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

5.  Ұсынылған  модельге  сәйкес  қолданыстағы  УК  құрылымдарын  оңтайландыру, 

сондай-ақ  оны  жаңа  УК  құру  кезінде  қолдану  медициналық  қызмет  көрсетудің  әлемдік 

нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандардың дамуына және ҚР университеттерінің әлемнің 

TOП университеттері рейтингісіне кіруіне мүмкіндік туғызады. 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар: 

Диссертация  тақырыбы  бойынша  8  ғылыми  жұмыс  жарияланды,  оның  ішінде  4-і  ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  Комитетімен 

ұсынылған  басылымдарда,  3  мақала  және  басылым  Қазақстан  халықаралық  ғылыми-

практикалық  конференциялардың  жинақтары  мен  материалдарында,  2  мақала  шетелде 

өткізілетін  халықаралық  конференцияларда  және  1  мақала  «Эспациоз»  журналында  (2017 

жылы импакт-фактор 0,08) жарияланды. 

 

 



 

жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау