11
туралы» Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық жалақының ең
төмен мөлшерінен 1,2 еседен төмен емес мөлшерде белгіленетіні;
4) ауыр жұмыста, зиянды (немесе) қауіпті еңбек жағдайында еңбек
ететін жұмыскерлердің еңбекақысы қалыпты еңбек жағдайында еңбек
ететін жұмыскерлердің еңбекақысымен салыстырғанда жоғарылатылған
1,5 салалық арттырушы коэфицент қолдану арқылы белгіленетіні;
5) кəсіпорынның қаржылық мүмкіндігі шегінде жұмыскерлердің
жалақысын ҚР уəкілетті органы айқындайтын жыл сайынғы инфляция
мөлшерінде жыл сайын индекстеу жүзеге асырылатыны;
6) жалақының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының
ақшалай нысанында белгіленетіні жəне химия саласының жұмыскерлеріне
келесі айдың алғашқы онкүндігінен кешіктірмей айына кем дегенде бір
реттен төленетіні жəне ұжымдық шарттармен нақтыланатыны;
7) үстеме жұмыстарға, мереке жəне демалыс күндеріндегі, түнгі
уақыттағы жұмыстарға ақы төлеу, жұмыс берушінің кінəсінен бос кеткен
уақытқа ақы төлеу ұжымдық шарттың жəне (немесе) Жұмыс беруші
актісінің талаптарына сай, Кодекстің 108-110 баптарына сəйкес 1,5
мөлшерден кем емес мөлшерде жүргізілетіні;
8) жұмыскердің жалақысынан шегерулер сот шешімі бойынша, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңдарындада жəне Кодекстің 115-бабында
көзделген жағдайларда жүргізілетіні;
9) жалақы еңбек заңнамасында көзделген толық көлемде жəне мерзімде
төленбеген жағдайда, Жұмыс беруші жұмыскерге мөлшері Кодекстің
113-бабы 3-тармағында айқындалған мөлшерде берешек жəне өсімпұл
төлейтіні туралы уағдаласты.
VІ. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖƏНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
6.1. Сала ұйымдарындағы жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ҚР
еңбек заңнамасымен жəне еңбек тəртібінің қағидаларымен реттеледі.
Жұмыс берушілер ұйымдарда жұмыскердің нақты жұмыс істелген жұмыс
уақытының есебін жүргізеді.
6.2. Жұмыскерлердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына
40 (қырық) сағаттан аспауы тиіс. Еңбек шартында жұмыс уақытының
қалыпты ұзақ тығы ретінде ақы төлей отырып, жұмыс уақытының қалыпты
жұмыс уақытынан азырақ ұзақтығы көзделуі мүмкін.
6.3. Жұмыс уақытын жиынтықтап есепке алған кезде жұмыс ауысымының
ұзақтығы мерзімі бір жылдан аспауы тиіс есептік кезең шегінде жұмыс
уақытының апталық ұзақтығының орташа нормасы сақталған жағдайда
тəулігіне осы санаттағы жұмыскерлер үшін белгіленген 12 (он екі) сағаттан
аспауы тиіс.
12
6.4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді
(белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс) үстеме жұмыстарға
шығаруға, жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Мереке
жəне демалыс күндеріндегі еңбекке ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық
шарттардың жəне (немесе) Жұмыс беруші актісінің талаптарына сəйкес,
бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің бір жарым есесінен
төмендетпей жүргізіледі.
6.5. Сала ұйымдарындағы негізгі ақы төленетін жыл сайынғы еңбек
демалысының ұзақтығы 24 (жиырма төрт) күнтізбелік күнді құрайды.
Бұл ретте еңбек, ұжымдық шарт жəне (немесе) Жұмыс беруші актілерінің
шарттарында демалыстың ұзақтығы көбірек белгіленуі мүмкін.
6.6. Жұмыскерлерге қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек
демалысы Кодекске сəйкес беріледі. Ұжымдық шарттармен жəне (немесе)
Жұмыс берушінің актілерімен қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек
демалысының үлкен ұзақтығы көзделуі мүмкін, сондай-ақ еңбек қорғау
жөніндегі техникалық инспектордың міндеттерін белсенді орындағаны үшін,
қалыпты емес, үзіліссіз ұзақ жұмыс, маңызды, күрделі, шұғыл жəне өзге де
сипаттағы жұмысты орындағаны үшін ынталандыру сипатындағы қосымша
ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары белгіленуі мүмкін.
6.7. Жұмыскердің хабарламасы негізінде Жұмыс беруші Кодексте
көзделген жағдайларда бес күнтізбелік күнге дейін еңбекақы төленбейтін
демалыс беруге міндетті. Ұжымдық шарттарда осы демалыстарды
еңбекақыны сақтай отырып беру көзделуі мүмкін.
6.8. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267-
ІІ «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан
Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы»
қаулысына сəйкес мамырдың соңғы жексенбісі кəсіби мереке – «Химия
өнеркəсібі жұмыскерлерінің күні» болып саналады. Бұл күні немесе сол
күннің қарсаңында жұмыс берушілер мен кəсіподақ ұйымдары өндіріс
озаттарына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шаралар өткізеді.
VІІ. ƏЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР, ӨТЕМАҚЫЛАР
МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
7.1. Сала жұмыскерлеріне əлеуметтік жəрдемақы мен материалдық
көмек белгілеудің жəне төлеудің шарттары, тəртібі Кодекске сəйкес
ұжымдық шарттарда жəне (немесе) Жұмыс берушінің актілерінде, сала
ұйымдарының еңбекшілерін əлеуметтік қолдау туралы ережелерде
белгіленеді.
13
7.2. Ұжымдық шарттарда əлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің
мынадай түрлері көзделуі мүмкін:
1) материалдық көмек;
2) жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
3) Мемлекеттік наградаға, айырым белгілеріе, сондай-ақ, ұйым ішінде
көтермелеудің басқа да түрлеріне ие жұмыскерлерді біржолғы көтермелеу;
4) мерекелік күнге ж əне кəсіби мерекеге, мерейтойлық күнге жəне
еңбек сіңірген демалысқа кетуіне байланысты жұмыскерлерді біржолғы
көтермелеу;
5) жұмыскерлерге ұсынылатын аванс, несие (қарыз);
6) жұмыскерлерге сауықтыруға ұсынылатын əлеуметтік жеңілдіктер
(не ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек
түрінде, не емделу мен демалуға жолдама түрінде);
7) ұйымның қаржылық мүмкіндігіне байланысты əлеуметтік қолдаудың
өзге де түрлері.
7.3. Жұмыс берушілер қаржылық мүмкіндіктерінің шеңберінде жасай
алады:
1) ұйым балансында болатын əлеуметтік объектілер (демалыс базасы,
балаларды сауықтыру лагерлері, клубтық мекемелер, спорт ғимараттары,
т.б.) жəне оларда персоналдар ұстайды;
2) кəсіподақ ұйымдарына мəдени-көпшілік жəне дене шынықтыру-
сауықтыру шараларын ұйымдастыру үшін ақшалай қаражаттар беруі
мүмкін.
7.4. Кəсіподақ ұйымдары қаржылай қаражаттары болған кезде
жұмыскерлер арасында мəдени-көпшілік, спорт шараларын өткізеді
Салалық кəсіподақтың орталық органы осындай шараларды
республикалық деңгейде ұйымдастырады.
7.5. Ұжымдық шарттарды əзірлеуде қосымша əлеуметтік кепілдіктер,
өтемақылар мен жеңілдіктерді белгілеу үшін «Сала ұйымдарындағы
жұмыскерлер жəне олардың отбасы мүшелерін əлеуметтік қолдау туралы»
үлгілік қағидаларды (№1 Қосымша) пайдалану ұсынылады.
VІІІ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖƏРДЕМДЕСУ
8.1. Жұмыс беруші əр жұмыскерге мыналарды:
1) қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық
талаптардың, еңбекті ұйымдастыру талаптарының өзгеруіне жəне (немесе)
жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірістік
ұйымдағы өзгерістерге байланысты еңбек шарттарының өзгергені туралы
15 күнтізбелік күн ішінде;
2) жұмыс берушінің əкономикалық жағдайының нашарлауына əкеп
Достарыңызбен бөлісу: |