ӘОЖ 349.2-056.24(574)
МҤГЕДЕКТЕР ЕҢБЕКТЕРІН ҚҦҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕН ОЛАРДЫ ЖҦМЫСПЕН ҚАМТУ
ЖӚНІНДЕГІ КЕПІЛДІКТЕР
Тажибаева А.Х. – заң ғылымының магистрі, азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының
аға оқытушысы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аталған мақалада мүгедектердің құқықтық жағдайы, оларды жұмыспен қамтамасыз ету
мәселелері; еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты; халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
квота, оларды жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар; аталған мәселелерді
реттейтін нормативтік құқықтық базасы қарастырылған.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар
жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды
мәселе болып табылады. Елбасымыз да өзінің соңғы Жолдауында осы мүмкіндігі шектеулі жандарға
қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға қатты көңіл бөлу керектігін
қадап тапсырған болатын. Қостанай облысында 26 668 мүмкіндігі шектеулі жан бар болса,
солардың 69 пайызы еңбекке қабілетті жаста..
Бүгінде өңірде кембағал жандарды жұмыспен қамту мәселесі өз шешімін тауып келеді.
Мәселен, жыл басынан жұмыспен қамтылған мүгедектер саны 4152 адамды құраса, қазіргі күнге
дейін олардың саны 4641-ге жетіп отыр. Облыстағы жұмыс істемейтін 3014 мүгедектің 98
пайызы 3 топтағы, ал қалғаны 1, 2 топтағы мүгедек жандар болып табылады. Аудан,
қалалардағы жұмыспен қамту бөлімдері де кембағал жандарды еңбекке тарту мақсатында біраз
жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде, мыңнан астам жанның жұмыс істеуге ниетті екендігі
анықталып келеді.
Кілт сөздер: құқық, еңбек, мүгедектер, жұмыс беруші, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту,
кәсіби оқыту, жұмыссыздық, квота, жұмыс орындары.
GUARANTEES IN THE SPHERE OF LEGAL REGULATION OF WORK OF DISABLED PEOPLE
AND ENSURING THEIR EMPLOYMENT
Tazhibaeva A.H. - the senior teacher of chair of civil law and process, LLM, Baytursinov Kostanay
State University
In this article problems of a legal status of disabled people, ensuring their employment are considered;
working hours according to the Labor code; problems of quoting and the program for the purpose of
employment of the population; and also the regulatory framework regulating the matters.
Now from the state the majority of the programs intended for physically disabled people is improved,
work is well under way. Including an important problem is employment of physically disabled people. The
head of state in the last message brought up the questions concerning physically disabled people and also
gave instructions about need of paying of bigger attention of their employment. In the Kostanay region there
are 26 668 physically disabled people, including 69 percent of working-age.
Today in the region the issue of employment of defective people is resolved. For example, if at the
beginning of a year the number of busy disabled people constituted 4152 people, that today their number
reached 4641. In the area from 3014 not working disabled people of 98 percent disabled people of the 3rd
group, and the others - 1, 2 groups constitute. District, city departments of employment make many efforts in
the sphere of attraction and providing physically disabled people with employment. As a result, definitely
more than one thousand people intend to work.
Key words: right, work, disabled people, employer, social protection, employment, professional
training, unemployment, quota, workplaces.
ГАРАНТИИ В СФЕРЕ ПРАВОВОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ ТРУДА ИНВАЛИДОВ И
ОБЕСПЕЧЕНИЯ ИХ ЗАНЯТОСТИ
Тажибаева А.Х.. – старший преподаватель кафедры гражданского права и процесса,
магистр юридических наук, Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова
В данной статье рассматриваются проблемы правового положения инвалидов,
обеспечения их занятости; рабочее время в соответствии с Трудовым кодексом; проблемы
квотирования и программы в целях обеспечения занятости населения; а также нормативно-
правовая база, регулирующая данные вопросы.
В настоящее время со стороны государства улучшено большинство программ,
предназначенных для людей с ограниченными возможностями, работа идет полным ходом. В том
числе важной проблемой является обеспечение занятости людей с ограниченными
возможностями. Глава государства в своем последнем Послании поднимал вопросы, касающиеся
людей с ограниченными возможностями, а также давал поручения о необходимости большего
внимания их занятости. В Костанайской области насчитывается 26 668 людей с ограниченными
возможностями, в том числе 69 процентов трудоспособного возраста.
Сегодня в регионе решается вопрос о занятости неполноценных людей. Например, если в
начале года число занятых инвалидов составляло 4152 человек, то на сегодняшний день их число
достигло 4641. В области из 3014 не работающих инвалидов 98 процентов составляют
инвалиды 3-й группы, а остальные - 1, 2 групп. Районные, городские отделы занятости
прилагают немало усилий в сфере привлечения и обеспечения занятостью людей с
ограниченными возможностями. В итоге, определенно более тысячи людей намерены работать.
Ключевые
слова:
право,
труд,
инвалиды,
работодатель,
социальное
защита,
трудоустроиство, профессиональное обучение, безработица, квота, рабочие места.
Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматының еңбек етуге құқығы бар.Оның
ішінде мүгедектер де. Кез келген топтағы мүгедектер еңбек ете алатыны бәріне мәлім, бірақ бірінші
және екінші топтағыларға медициналық комиссиядан рұқсат алу керек. Жұмысқа орналасқанда
мүгедектігі бар адам дені сау адаммен тең құқылы. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-
бабының 1-тармағына сәйкес, ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге кӛзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге
қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады.
Тӛменде кӛрсетілетін кейбір жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы,
кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді. Мүгедектердің де
еңбекке құқығы бар екені ескере отырып, біз олардың ӛз міндеттерін жүзеге асырған кезде кейбір
ерекшеліктерін атап ӛтуіміз керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кӛбірек кӛңіл бӛлу керектігі
айтылды. “Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға
қамқорлық кӛрсетілуге тиіс, бұл – ӛзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз”, – деді Мемлекет
басшысы [1].
Мұқтажды азаматтарды, бәрінен бұрын, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау
мәселелері баса айтылды. Заманауи ӛркениетті қоғам құруда оның маңызы зор. Жолдауды іске асыру
жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі
шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз
орта» құру бойынша ұсыныс енгізу ұсынылды. Осы орайда, кәсіпкерлік субьектісі ұжымдарымен
кездесулер ӛткізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, мүгедектер әдеттегідей еңбек
жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда жұмыс
берушілермен еңбек шарттарын жасауға құқылы.
Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі
келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер
тӛндіретін жағдайларды есепке алмағанда, жұмыс берушіге мүгедектігін сылтау қылып, еңбек шартын
жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын ӛзгертуге тыйым
салынады.
Ӛз кезегінде, мемлекеттік инспекторлар кәсіпкерлік субьектілеріне тексеру жүргізу барысында,
кәсіпорын басшыларының ҚР Еңбек кодексі бойынша, мүгедектерді жұмысқа орналастыру
ерекшелігінің орындалуына кӛңіл бӛлініп келеді.
Еліміздің жұмыспен қамту жӛніндегі заңнамасына ӛзгерістер енгізіліп, осының арқасында
мүгедектігі бар адам жұмыссыз ретінде есепке тұра алатын болды. Ал бұрын мүгедектерді жұмыссыз
ретінде есепке қоймайтын.
«Қазақстан
Республикасында
мүгедектердi
әлеуметтiк
қорғау
туралы»
Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес, мүгедек дегеніміз – тұрмыс-тіршілігінің
шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге
(жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты
организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам [2].
Қазастан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңның 14-бабының 4, 6
тармақтарына сәйкес, олар бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға,
кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа
орналасуға құқығы бар. Бірақ бұл құқықтардың барлығы тиісті дәрежеде орындала бермейтіні ӛкінішті
[2].
ҚР Еңбек кодексінің 69 бабына сәйкес, бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге
аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бірінші және
екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
жеті сағаттан аспайды. Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін
қолдануға жол берілмейді.Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның
денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаса жіберіледі.
Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте ӛсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек
мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы
ӛкілетті органның аймақтық бӛлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби
міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және ӛзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне
қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.
Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптік-
патологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді. Мүгедек жұмыскерлерді түнгі
уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық
жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол
беріледі [3].
Қазіргі таңда “Нұр Отан” партиясы мен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы мүгедектердің жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізуде. Жұмыспен
қамтылуы тиіс мақсатты топтар анықталып, бұл жұмыс жүзеге асырылатын болады. Ол облыс әкімінің
бақылауында. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлер қауымдастығы еңбек еткісі келетіндерді
жұмыспен қамтуға әзір. Осы орайда бұл жерлерде кімдер жұмыс істей алатындығын анықтау қажет.
Жұмыс орындарына қолжетімділікті қамтамасыз ету керек.
Себебі, бұл норманы жүзеге асыру тетігі
жоқ. Мәселен, ауыр еңбек жағдайы қалыптасқан кәсіпорындар бар. Оларда мүгедектерге арналған
жұмыс орнын табу мүмкін емес. Аталған үш пайыздық квота жүзеге асырылу үшін белгілі бір
нормативтік-құқықтық актімен оны жүзеге асыру тетігі жазылуы тиіс. Әзірше мұндай нормативтік-
құқықтық акті жоқ.
Біз бұл ұсыныс арқылы жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа алу ынтасын
арттыруды кӛздедік. Егер жұмыс орнына арнайы қондырғы қажет болса, онда демеу-қаржы берілу
керек деп ойлаймыз. Жұмыс беруші мүгедекке арналған жұмыс орнын ӛз қаржысымен жабдықтамауы
үшін мемлекеттен белгілі бір кӛмек кӛрсетілуі қажет.
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік):
-
қызмет орындарының жалпы санының 3 пайызы мӛлшерінде мүгедектерге жұмыс
орындарынан квота бекіту;
-
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша
жұмыс орындарын құру;
-
арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындарын құру;
-
мүгедектерді кәсіби оқыту қарастырылған.
Еңбек қарым - қатынасы тұрғысынан мүгедектердің құқықтары заңмен негізделген. Еңбек
келісім - шартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің ӛз келсімінсіз жүзеге аспайды,
керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын
болса, жұмыстан босатылады.
Еліміздегі әр ұжымның үш пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құру керек. Алайда жұмыс
берушілер мүгедектерге арналған үш пайыздық квотаны сақтамай отыр. Кембағал адамдарды
жұмыспен қамту мәселелері кӛптеп кӛтеріліп жүр. Мүмкіндігі шектеулі мыңдаған жан екі қолына бір
кәсіп таба алмай сандалып жүр. Бүгінде елімізде 570 мыңдай кембағалы жан бар. Соның 3
пайындайы ғана жұмыспен қамтылған. Ал, Ресейде 25, Германияда 40 пайыз мүгедек адамдар жұмыс
істеп ӛз нәпәқаларын тауып жүр. Біздің ілімізде бұл кӛрсеткіш неге тӛмен?!
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бұл бүгінгі таңда да ӛзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Себебі, жұмыс іздеп барған адамның арбаға таңылғанын кӛрген жұмыс берушілер
кӛздері шарадай болып, бұндай қызметкерлерді жұмысқа алуға зауқылары соқпайды. Ал, ондай
жандар ӛздерінің құқықтарының, болмаса басқадай ӛздерінің тарапына жасалған кемсітушілікті кӛргісі
келмейді. Сондықтан да біз қазірден бастап, болашақ ұрпаққа мұндай бӛліністі, мұндай кемшіліктері
кӛрсетпеуін қалыптастыруымыз қажет.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу
бойынша ұсыныстарды:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектер санынан жұмыс күшіне
ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
2) ӛңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;
3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс
берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;
4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс
орындарының саны туралы мәліметтер талдау;
5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек
шарттарының саны туралы мәліметтер талдау;
6) халықты жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектердің саны негізінде
әзірлейді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика
туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)
тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту
орталығына ұсынатын мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы
мәліметтердің негізінде ұйымдар бӛлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектердің және
мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
Квотаны жергілікті атқарушы органдар «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27 бабы 1-
тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган
айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс
орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден тӛрт пайызға дейінгі мӛлшерінде
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгілейді.
Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы
кӛрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.
Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
1) 50-
ден 100 адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының 2 пайызы мӛлшерінде;
2) 200-
ден 250 адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының 3 пайызы мӛлшерінде;
3) 250-
ден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының 4 пайызы мӛлшерінде белгілейді.
2015
жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік
қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында қызметке кірудің
ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота
белгіленбейді.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 27-бабы 2-тармағына сәйкес мүгедектердің
қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының
жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді [4].
Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы кӛрсетілімдері жоқ еңбек етуге
қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан
ұйымдарда квота белгіленбейді.
Ұйым үшін белгіленген квота заңнамада кӛзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта
қарауға (түзетуге) жатады.
Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі
тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-
күйінің нашарлауына әкеп соққан ӛндіріс, орындалатын жұмыстар мен кӛрсетілетін қызметтер кӛлемі
тӛмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыруға
арналған белгіленген квотаны орындайды.
Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер осы
Қағидалардың 13-тармағында кӛрсетілген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектер
оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде
тіркеледі.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шамалары жететін жұмыс табу қиын. Ал жергілікті билік бұл
санаттағылардың 80 пайызының «білімі мен біліктілігі жоқ» екенін айтады.
Мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында қазақстандық жұмыс
берушілерге ынталандыру жасау керек. Жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамды жұмысқа алуына
ынталандыратын бір тетіктер қажет, ол жұмыс орнын жайластыру, арнайы жағдай жасау.
Оның айтуынша, осы тұрғыда шаралар қабылдануда. Сонымен, жергілікті атқарушы органдар
кәсіпорындарда жалпы жұмысшылар санынан 3% кӛлемде квоталар орнату арқылы мүгедектерді
жұмыспен қамту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Комитет басшысы атап ӛткендей, қазіргі кезде елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі
адам ӛмір сүруде, бұл кӛрсеткіш жалпы халық санының 3,7 пайызын құрайды. Олардың шамамен
жартысы еңбекке қабілетті, тек арнайы мұқтаждығы бар 100 мың адам ғана толық немесе жекелеген
жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін кӛптеген бағдарламалар жасақталып,
жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып
табылады. Елбасымыз да ӛзінің соңғы Жолдауында осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты
орынды мәселелер кӛтеріп, оларды жұмыспен қамтуға қатты кӛңіл бӛлу керектігін қадап тапсырған
болатын. Қостанай облысында 26 668 мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, солардың 69 пайызы
еңбекке қабілетті жаста кӛрінеді.
Бүгінде ӛңірде кембағал жандарды жұмыспен қамту мәселесі ӛз шешімін тауып келеді.
Мәселен, жыл басынан жұмыспен қамтылған мүгедектер саны 4152 адамды құраса, қазіргі күнге дейін
олардың саны 4641-ге жетіп отыр. Облыстағы жұмыс істемейтін 3014 мүгедектің 98 пайызы 3 топтағы,
ал қалғаны 1, 2 топтағы мүгедек жандар болып табылады. Аудан, қалалардағы жұмыспен қамту
бӛлімдері де кембағал жандарды еңбекке тарту мақсатында біраз жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде,
мыңнан астам жанның жұмыс істеуге ниетті екендігі анықталды. Бірақ, осы жұмысқа орналасқысы
келгендердің 60 пайызында (632 адам) арнайы білім жоқ, тек 5 пайызында ғана (79 адам) жоғары, ал
35 пайызында техникалық және кәсіптік білімдері бар екен.
Дегенмен, үстіміздегі жылы аудан, қала бойынша 341 адамды жұмыспен қамту жоспарланса,
соның ішінде 253-і тұрақты жұмыспен, ал 88-і қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Жалпы,
үстіміздегі жылы облыс бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген 518 адамның 395-і тұрақты жұмыспен
қамтылып, 123-і қоғамдық жұмыстарға тартылған, бұған қоса 19 адам кәсіптік білім алуда. Мүмкіндігі
шектеулі жандардың еңбекпен қамтылуына бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің де кӛп кӛмегі тиюде.
Жыл басынан бері осындай 51 жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 575 адам қатысқан. Айта кетер жәйт,
2007 жылдан бері білім алғысы келген мүгедек балалардың оқуына қаржылай кӛмек беру үрдісі еліміз
бойынша тек біздің облыста ғана жалғасын тауып келеді. Бүгінде жыл сайын жүзден астам мүгедек
студентке осындай материалдық кӛмек кӛрсетіледі.
Мүгедек жандарды жұмыспен қамту бірнеше топтардан тұрады. Соның бірі, Халықты
жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңында әрбір
мекеме кемінде 2-4% мүгедек жанды жұмысқа алуы қажет делінген. Мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі
жанды осы квота бойынша жұмыспен қамтуды жоспарға енгізген. Жыл басынан бері 107 адам квота
бойынша жұмысқа тұруға қол жеткізді. Жұмысқа тұрам деген әрбір мүгедек жанның жеке оңалту
бағдарламасы болады. Яғни, жұмыс істеуге ынталы болса, оларға сараптама жұмысы жүргізіледі де
жұмыспен қамтылу картасы жасалады. Сол жерде кімнің қай жұмысқа қабілеті жететіндігі кӛрсетіледі.
Жұмыспен кӛбінесе III топтағы мүгедектер қамтылады. Дегенмен, II топтағы мүгедектің еңбекке
жарамдылығы анықталса, шектеу қойылмайды.
Сонымен, мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасу үшін:
1. Жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркеледі.
2. Халыққа қызмет кӛрсету орталығына барып тіркеледі.
3. ҚР Электрондық үкіметі (egov.kz) жұмысқа орналасу порталына үйде отырып тіркелуге
болады.
Мүмкіндігі шектеулі жандар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын тиімді пайдаланып,
еңбекке араласуына мүмкіндігі бар. Ол мынадай 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1.Тұрақты жұмыс орнына тұра алады. Бұл Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы №149 Заңы аясында жүзеге асады. Заңда әрбір мекеме кемінде 2-4% мүгедек жанды
жұмысқа алуы қажет делінген.
2. «Мемлекеттік және салааралық бағдарламалар» есебінен яғни, «Нұрлы жол», «Агробизнес»
«Ӛңірлік дамыту» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарына қабылдануына мүмкіндігі бар.
3.Әлеуметтік жұмыс орындары. Бұлар жұмыс беруші мен жұмыспен қамту орталықтары
бірлескен келісімшарт негізінде жүзеге асады.
4.«Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша.
5.Еңбек рыногының сұрасына сәйкес мамандықтарды қайта даярлау курстарына оқыту
арқылы.
6.Уақытша жұмыспен қамтамасыз ету арқылы. Бұл салада жұмыссыздар есебінде тіркеуде
тұрған жандар кӛгалдандыру, кӛріктендіру, тазалық жұмыстарына ақылы түрде қызмет жасайды.
Қорыта келе, мүгедектерді жұмыспен қамту - бұл бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Әдебиеттер:
1.
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ» [Мәтін] // Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, - Астана қ., 2014.17
қаңтар.
2.
«Қазақстан Республикасында мҥгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы // - (http://adilet.zan.kz/)
3.
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015
жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ
// - (http://adilet.zan.kz/)
4.
«Халықты жҧмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6
сәуірдегі № 482-V ҚРЗ // -(http://adilet.zan.kz/kaz)
References:
1. "Kazakhstan's way - 2050: common goal, common interests, common future" [Text] // the
President of the Republic of Kazakhstan N..Nazarbayev, Astana, 2014.17 Jan.
2.
«On Social Protection of Disabled Persons in the Republic of Kazakhstan» The Law of the
Republic of Kazakhstan dated 13 April, 2005 No.39 // - (http://adilet.zan.kz/eng/docs)
3.
«The labour code of the Republic of Kazakhstan» Code of the Republic of Kazakhstan dated
November 23, 2015 No. 414 in SAM // - (http://adilet.zan.kz/)
4.
«On employment» Law of the Republic of Kazakhstan from April 6, 2016 No. 482-V ZRK // -(http: //
adilet.zan.kz/kaz).
Автор жөнінде мәлімет
Тәжібаева Айжан Халилуллақызы – азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға
оқытушысы., заң ғылымдарының магистрі, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті, Қостанай қ., Байтурсынов 47, тел. 87142390612, факс: 87142511153; e-mail:
ath84@mail.ru
.
Тажибаева Айжан Халилуллаевна – старший преподаватель кафедры гражданского права и
процесса, магистр юридических наук, Костанайский государственный университет имени
А.Байтурсынова, г. Костанай, ул. Байтурсынова 47, тел. 87142390612, факс: 87142511153; e-mail:
ath84@mail.ru
.
Tazhibaeva Aizhan Xalylullaevna - the senior teacher of chair of civil law and process, LLM,
Baytursinov Kostanay State University, Kostanay, Baytursynov street 47,
phone: 87142390612, fax:
87142511153; e-mail:
ath84@mail.ru
.
Достарыңызбен бөлісу: |