1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Интернатура
ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА
мамандығы
Аcтана 2011
2
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН Медицина білімі мен
ғылымының
инновациялық
технологиялар
Республикалық
орталығы
2 АЛҒАШ РЕТ енгізілген
3 Үлгілік оқу бағдарламасы интернатураның «Жалпы дәрігерлік
практика» мамандығы бойынша ҚР 2006 жылғы мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
4 Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы №734
бұйрығымен бекітілген.
3
МАЗМҰНЫ
1. Түсініктеме ……………………………………........................4
2. Пәндер бойынша сағаттың бөлінуі……………..…................5
3. Интерннің компетенциялары...................................................5
4. Оқу және оқыту әдістері………………………….................30
5. Интерннің білімін бағалау………………………..................31
6. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі.........................................31
Бұл үлгілік оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.
4
1 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Кіріспе
Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) біріншілік
медициналық-санитарлық көмек көрсетуді (БМСК) барлық адамдар
денсаулығын қамтамасыз ететін стратегияның алдынғы қатардағы
құралы деп есептейді, себебі ол денсаулық сақтау жүйесінің басты
қызметін атқарады және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму
процесінің маңызды бөлігі болып келеді. Біріншілік медициналық-
санитарлық көмек көрсету (БМСК) жағдайынан денсаулық сақтау
жүйесінің барлық іс-шараларының сапасы мен тиімділігі, елдің жұмыс
істеу қауқары сақталуы, жанұя және тұрғындар арасындағы әлеуметтік
қорғалмаған топтар (балалар, мүгедектер, кәрия және егде жастағы
адамдар) арасында туындайтын көптеген медициналық-әлеуметтік
мәселелерді шешуге байланысты. БМСК ұйымдастыру жүйесін
реформалау қажет. Осы мәселені жалпы медициналық (жанұялық)
практика мамандарын дайярлау жүйесі арқылы шешілетіні айқын.
Интернатура мақсаты: біріншілік медициналық-санитарлық
көмек көрсету жүйесінде табысты жұмыс жүргізу үшін қажетті білімді
иеленген, практикалық және коммуникативті дағдыларды меңгерген
жалпы практика (отбасылық дәрігер) дәрігер маманды дайындау.
Интернатура міндеттері:
1. БМСК жүйесңнде дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген
негізгі медициналық емдеу-диагностикалық, алдын алу және
реабилитациялық іс-шараларды жүргізу дағдыларын нығайту
және мониторинг жасауды үйрету;
2. Интерннің биоэтика принциптерін және емделушінің құқығын
сақтай отырып емделушімен, олардың туған-туысқандарымен,
әріптестермен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды
жетілдіру;
3. кәсіби қызметтің барлық уақытында өзіндік білімдер мен
дағдыларын жетілдіру және үздіксіз кәсіби білім алуға
қажеттілікті баулау, ғылыми-зерттеу жұмысына дағдыларды
дамытуын жалғастыру.
5
2 ПӘНДЕР БОЙЫНША САҒАТТЫ ҮЛЕСТІРУ
№ Пәндер аталуы
Жалпы сағаты
Жалпы
саны
Аудиториялық
сағаты
Интерннің
өзіндік
жұмысы
1. Жалпы дәрігерлік
практика (ЖДП)
720
480
240
2. Ішкі аурулар (ЖДП)
360
240
120
3. Балалар аурулары
(ЖДП)
360
240
120
4.
Хирургиялық
аурулар (ЖДП)
180
120
60
5. Психиатрия және
наркология (ЖДП)
180
120
60
6. Неврология (ЖДП)
180
120
60
7. Инфекциялық
аурулар (ЖДП)
180
120
60
8. Фтизиатрия (ЖДП)
180
120
60
9. Акушерия және ги-
некология (ЖДП)
360
240
120
10 Онкология (ЖДП)
180
120
60
3 ИНТЕРНДЕР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ*
Игеру деңгейі:
I – білу (есту, оқу);
II – көріп білу;
ІІI – стандартты жағдайларда орындау;
IV – оқытушының бақылауымен орындау;
V – оқытушының бақылауынсыз орындау.
Жалпы дәрігерлік практика (ЖДП)
Жалпы практика дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру
деңге
йі
- дәрігерлік амбулатория жұмысының менеджмент
негіздері. БМСК жағдайында стационарды ауыстыратын
технологияларды еңгізу.
II