Қазақстан білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата21.11.2018
өлшемі0,74 Mb.
#23219
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

15 

 

Оқыту нәтижелері қол жететін болуы және білім алушы модульді оқыту аяқталғаннан кейін 



көрсете білуі тиіс білімдер, қабілеттер мен дағдылар түрінде сипатталуы тиіс.  

Модульдік білім беру бағдарламасы мазмұны тармағы білім алушының бүкіл оқыту 

кезеңіндегі  жүктемесі  туралы  ақпараттың  ең  көп  көлемін  қамтитын  үш  кешенді  кестені 

білдіреді.  Оқу  процесінің  кестесі  ЖОО  оқытудың  сабақтастығы  мен  кезектілігін,  кәсіби 

тәжірибелер кезеңдерін, мамандықтың білім алушыларының оқу кезеңінің аяғына дейін әр 

жылы  аттестаттауды  және  демалыс  уақытын  ескеріп,  әзірленеді.  ОПК  деп  барлық 

пайдаланылған  таңбаланымдардың  мағынасын  ашу  міндетті  түрде  ұсынылады.  Уақыт 

бюджеті жөніндегі жиынтық деректер аптамен көрсетіледі.  

Содан  соң  Білім  беру  картасының  жиынтық  деректері  көрсетілген  білім  беру 

бағдарламасы модульдері аражігіндегі игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық 

кесте келтіріледі. Кесте жүктеменің теориялық оқыту, тәжірибенің түрлері, МҚА  секілді 

түрлері  бойынша  кредиттердің  санын  анықтайды,  оқытылатын  пәндердің  саны  мен 

семестрлерде меңгерілетін модульдердің саны туралы мәліметтерді ұсынады. Одан бөлек 

оқу сағаттарымен және ECTS кредиттерімен өлшенетін жүктеме шығарылады.  

Білім беру бағдарламасының картасы мыналарды қамтуы тиіс: 

1. Модульдің нөмірі.  

2. Модульдің атауы.  

3. Пәннің тобы. 

4. Пәннің шифры.  

5. Пәннің атауы. 

6. Пәннің циклы.  

          7. МҚП немесе ТҚП пәнінің типі  

8.  Академиялық  кезеңдер  аражігінде  білімдерді  бақылау  түрі,  қорытынды  бақылау 

нысандары, курс жұмысының болуы. 

 9. Мыналар арқылы көрсетілген пән көлемі:  

9.1 KZT қазақстандық кредиттері,  

9.2 ECTS кредиттері,  

9.3 пәнді оқуға қажетті сағаттардың жалпы көлемі,  

9.4  аудиториялық  сағаттар  (дәріс,  зертхана,  практикалық  және  семинар  сабақтары 

сағаттары),  

9.5 аудиториядан тыс сағаттар – БОБӨЖ. 

Білім беру бағдарламасы модульдік құрылудың негізінде әзірленеді, яғни оқу пәндері 

мен оқу жұмысының басқа түрлері оқытудың мақсаттары, міндеттері немесе нәтижелері, 

сондай-ақ  негізгі  құзіреттердің  белгіленген  жиынтығын  иелену  қағидаты  бойынша 

модульдерге  біріктірілген.  Модульдер  автономдық  ұйымдық-  әдістемелік  құрамдастарға 

құрылымданады,  олардың  мазмұны  мен  көлемі  дидактикалық  мақсаттарға,  білім 

алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануға қарай түрленуі мүмкін.  

Модуль  –  оқу  жоспарының  білім  беру  құрамдасы,  ол  оқытудың  болжалды 

нәтижелерімен анықталған уақыт және мазмұн бойынша аяқталған. Модульдердің үйлесімі 

білім  алушылардың  белгілі  бір  санатын  оқытуға  (және  өзіндік  оқып-үйренуге)  арналған 

қажетті нақты оқу материалын іріктеуде және жинақтауда және арнайы дидактикалық және 

кәсіби мақсаттарды іске асыруда икемділік пен еркіндіктің қажетті дәрежесін қамтамасыз 

етеді.  

Мамандықтың  білім  беру  бағдарламасын  құрайтын  модульдер  мынадай  түрлерге 

бөлінеді:  

–  өзіне  міндетті  құрамдастың  пәндерін  және  білім  алушыларды  қоғамдық  және 

әлеуметтік  ғылымдар,  коммуникативтік  дағдылар  бойынша  дайындауды  іске  асыратын 

ЖПЦ  және  БП  циклын  таңдау  жөніндегі  құрамдасты  қамтитын  мамандықтың  жалпы 

модульдері;  



16 

 

–  міндетті  құрамдастың  пәндерінен  және  студенттің  таңдаған  білім  беру 



траекториясына  қарамастан  оқып-үйренетін  БП  және  БЦП  циклдарын  таңдау  жөніндегі 

құрамдастан құралатын мамандықтың арқаулық модульдері;  

–  студенттің  мамандану  алу  мақсатымен оқып-үйренетін  БП  және  БЦП  циклдарын 

таңдау жөніндегі құрамдастың пәндерінен құралатын мамандықтың модульдері; 

–  қосымша  құзіреттерді  қалыптастыруға  бағытталған  мамандыққа  қатысты  емес 

пәндерді  қамтитын  қосымша  модульдер,  өзіне  Дене  тәрбиесін,  Әскери  даярлықты  және 

ОҚТ циклының пәндерін қамтиды.  

Модульдерді қалыптастырғанда мына талаптарды сақтау қажет: модуль кем дегенде 

екі пәннен құралуы және көлемі 5 және одан да көп ҚР кредиті немесе 8 және одан көп 

ECTS кредиті болуы тиіс. Кәсіби тәжірибелердің барлық түрлері мен дипломдық жұмысты 

(магистрлік  диссертацияны)  қорғау  модульдерге  енгізілуі  тиіс.  Модульдің  көлемі  кәсіби 

дайындықтағы  маңыздылықты  және  оған  енетін  құрамдастардың  күрделілігін  ескере 

отырып, анықталады.  

Модульдердің пәндері үш топқа бөлінеді:  

А тобы – белгілі бір кезектілікпен оқытылатын міндетті пәндер;  

В тобы – студенттің ерікті түрде оқи алатын міндетті пәндері;  

С тобы – кез келген академиялық кезеңде оқытылатын таңдау бойынша пәндер.  

Олардың  көлемі  бүтін  санды  құрауы  тиіс,  әдетте,  3  және  одан  көп  қазақстандық 

кредит, кейбір жағдайларда – 2 кредитке рұқсат етіледі. 

 Модуль  білім  беру  бағдарламасының  сабақтастығын  қамтамасыз  ететін  бірнеше 

төркіндес, шектес пәндерден құралады.  

Шектес пәндер модульдің пәнаралылығын қамтамасыз етеді және құзіреттердің кең 

спектрін қалыптастыруға бағытталған.  

Егер модуль бірнеше пәндерді біріктіріп, оның бірі басқасының пререквизиті болып 

табылған жағдайда, онда зерделеу сабақтас, яғни түрлі семестрлерде болуы тиіс, мұндай 

модульдер  «вертикалдық»  деп  аталады.  Егер  модуль  құрамдас  компоненттері  басқа 

құрамдас  компоненттердің  пререквизиттері  болып  табылмайтын  шектес  пәндерден 

құралған  жағдайда,  онда  пәндерді  бір  семестрде  қабаттас  зерделеу  ықтимал,  мұндай 

модульдер «горизонталдық» болып табылады . 

Кәсіби  тәжірибелер  пререквизиттерге  сәйкес  модульдердің  барлық  түрлеріне 

енгізіледі.  

Білім беру бағдарламаларының құрылымында білім беру деңгейіне қарай қызметтің 

әралуан түрлері қарастырылуы тиіс:   

бакалавриатта:  оқу  жұмысы  (дәрістер,  семинарлар,  зертханалық,    СӨЖ,  ОББӨЖ, 

курстық жұмыстар (жобалар), ауызша таныстырылымдар және т.т.); кәсіби тәжірибелерді 

өткізу,  қорытынды  аттестаттау  (мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханды 

(емтихандарды)  тапсыру,  дипломдық  жұмысты  қорғау);    магистратурада:  оқу  жұмысы, 

ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

 болмаса эксперименталдық-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ), 



тәжірибе  (оқыту  мерзіміне  қарай:  педагогикалық,  зерттеу,  өндірістік),  қорытынды 

аттестаттау  (мамандық  бойынша  кешенді  емтихан  тапсыру,  магистрлік  диссертация 

қорғау).  

Модульдің әр құрамдасының дене тәрбиесінен, тілдерден басқасы бір қайталанбайтын 

атауы болуы тиіс. Модульдің құрамдасы бір академиялық кезеңде оқытылады.  

МББ әзірлеген кезде мыналарға рұқсат етіледі:   

пәндерді  зерделеуді  кәсіби  оқу  бағдарламасын  меңгеру  логикасын

  бұзбай,  бір 



семестрден екіншісіне ауыстыру;  қосымша оқыту түрлері есебінен міндетті құрамдастың 

пәндері


 көлемін ұлғайту. 

 ББ-дағы  міндетті  құрамдастың  пәндерінің  қисынды  сабақтастығы  типтік  оқу 

жоспарына  және  ЖОО-ларға  кәсіби  оқу  бағдарламасын  меңгеру  логикасын  бұзбай 

ұсынылған пәндерді зерделеуді бір семестрден екіншісіне өздігінен ауыстыру мүмкіндігіне 

сәйкес құралады. Пре және постреквизиттер жүйесі оқыту траекториясын мұқият ойланбай 




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау