Колесникова И. А., Горчакова-Сибирская М. П. Педагогическое проектирование: учебное пособие для высших учебных заведений



жүктеу 482,51 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі482,51 Kb.
#23093
түріБағдарламасы


 

161 


Жобамен  жұмыс  жоспар  құрудан  басталады.  Жоспар  не  ғұрлым  сауатты,  нақты 

болса, жобасо ғұрлым табысты болады.  

Тақырып  таңдау:  жобаның  тақырыбы  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  білім  беру 

мекемесінің  бағдарламасына  сәйкес  мамандар  ұсынады,  мұғалімдер  өз  пәндерінен 

береді,  оқушылардың  қабілетіне  қарай,  кәсіби  қызығушылыққа  байланысты,  сонымен 

қатар оқушылар өздері де ұсына алады. 

Жобаның  нәтижесі:  орындалған  жобаның  нәтижесі  көрнекі  болуы  керек:  яғни, 

талапқа сай безендірілген (видеофильм, альбом, журнал, компьютерлік газет, т.б). 

Жобаны  презентациялаудың  түрлері:  ғылыми  баяндама,  іскерлік  ойын, 

видеофильм көрсету, экскурсия, телебағдарлама, ғылыми конференция, инсценировка, 

жарнама, пресс-конференция.

 

 



 

 

Әдебиет: 

1.  Колесникова  И.А.,  Горчакова-Сибирская  М.П.  Педагогическое  проектирование:  учебное 

пособие для высших учебных заведений. - М.: Издательский центр "Академия", 2005.  

2.  Новиков  А.М.,  Новиков  Д.А.  Образовательный  проект:  методология  образовательной 

деятельности. - М., 2004.  

3.  Пахомова  Н.Ю.  Метод  учебного  проекта  в  образовательном  учреждении:  Пособие  для 

учителей и студентов педагогических вузов. - М.: АРКТИ, 2003.  

 

 

 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ҮШІН 

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 

 

Сулейменова З.Е., Воронова Р.М. 

(Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) 

 

 



 

2005  жылдан  бастап  Қазақстан  ЖОО  оқыту  кредиттік  технология  жүйесінде 

жүруде.  Кредиттік  технология  оқытудың  дербестігін,  студенттердің  өзіндік 

жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың 

негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз 

жүйесіне айналдыруды көздейді.  

Казақстандық  білім  беруді  модернизациялау  тұжырымдамасы  студенттің  оқу 

үдерісінде  өзіндік  жұмысының  рөлін  арттыруға  бағытталған    белгілі  деңгей  мен 

профильдегі  білікті  мамандарды  даярлауды,  еңбек  нарығында    бәсекелес  және 

құзіретті, өз мамандығын еркін меңгерген мамандарды даярлауды қарастырады.  

Оқытушы  әрбір  өтілетін  тақырыпты  жіктеп,  жіліктеп  түсіндіріп,  студенттен  сол 

материалдарды  қалай  меңгергенін  сұрау  арқылы  оның      ерекшелігі  жайлы,  студент 

аталған  тақырыптан  қандай  мәселелерді  меңгеруі  керектігі  жөнінде  бағыт-бағдар 

береді. Ал студент материалдарды өзі ізденіп, алынатын білімді толық меңгеруі қажет.  

Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қиыншылықтары 

болады.  Студенттің  сапалы  білім  алуына,  сол  пәннен  алынатын  міндетті  білім 

дағдыларын  меңгеруіне  дұрыс  бағытта  жол  ашу  үшін,  әр  пән  оқытушысы  сол  пәннің 

өзіне  тән  ерекшеліктеріне,  сол  пәнге  тән  оқытудың  принциптеріне  баса  көңіл  бөлгені 

жөн.  



 

162 


Педагогикалық  әдебиеттерде  өзіндік  оқу  жұмысы  оқытуды  ұйымдастыру 

формасы  және  оқытушының  әдістемелік  жетекшілігімен,  бірақ  оның  тікелей 

қатысуынсыз орындалатын студенттердің жоспарланған жұмысы ретінде қаралады. 

Студенттің өзіндік жұмысы – оқу, зерттеуші және өзіндік білім алу сипатындағы 

әртүрлі тапсырмаларды орындау, кәсбіи білім жүйесін меңгеру құралы, танымдық және 

кәсіби  іс-әрекет  тәсілі,  телекоммуникация  құралдарын  қолдану  арқылы,  кәсбіи 

шеберлік  пен  шығармашылық  іс-әрекет  дағдылары  мен  біліктерін  қалыптастыру 

құралы,  дәріс  және  мәтіндік  материалмен  жұмыс  істеу  дағдыларын  қалыптастыру 

құралы.  

СӨЖ негізгі міндеттері: 

1.  Студенттердің  лекция  барысында  алған  білімдерін  бекіту,  тереңдету  және 

кеңейту. 

2.  Студенттерде  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттермен,  анықтамалықтармен 

өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. 

3.  Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру. 

4.  Студенттердің  шығармашылық  қабілеттері  мен  педагогикалық  бағытта 

ойлауын дамыту. 

5.  Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық 

қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу. 



СӨЖ дайындалғанда  әр студент: 

- ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге; 

- реферат, баяндама дайындауға

- практикалық тапсырманы орындауға

- өз пікірін қорғауға; 

- тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті. 



Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды: 

реферат,  кейс,  кроссворд,  проблемалық  міндеттерді  шешу,  слайд-



презентациялар,  т.б.  үй  тапсырмаларын  орындауды  көздейді  (Үй  тапсырмаларын 

студент кітапханада, т.б. орындарда орындайды).  



оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде 

семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына 

байланысты.  Ең  алдымен,  оқулықтар  мен  оқу  құралдары,  оқытушылар  құрастырған 

әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.   

Әлемдік  деңгейдегі  білім  берудің  қазіргі  парадигмасы  білім  беруде  нәтижеге 

бағдарлау,  оқытуды  білім  алушының  жеке  тұлғасына  бағыттау,  ал  оқыту  әдістерін 

тұлғааралық  қарым-қатынастарға  бейімдеу  болып  отыр.  Демек,  оқушы  (студент) 

білімді дайын күйінде оқытушының түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне 

сүйену  арқылы танымдық  "жаңалық” ашуы,  шығармашылық  тапсырмаларды орындау 

негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, 

өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. 

Бiздiң  ел  дамудың  демократиялық  жолын  таңдауына  байланысты,  бүгiнгi  таңда 

қоғамды  шешiм  қабылдауға  тартудың  маңызы  арта  түстi.  Осы  бағытта  білім 

алушылардың  белсендiлiгiн  арттыруға  мүмкiндiк  беретiн  әдiстемелiк  тәсiлдер 



интерактивтi  әдістер  деп  аталып  жүр.  Бұл  әдiстердi  қолдану  сырттай  өте  жеңiл 

көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. 

Алдымен  интерактивтi  әдістер  терминіне  тоқталайық.«Интерактив»  сөзі  бізге 

ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету 

дегенді білдіреді. 

Интерактивті әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, 

шәкірттердің  “қалай”және“қандай  әдіс-тәсілдер  арқылы  үйренетіндігіне”  аударады. 



 

163 


Яғни, интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде 

кіммен  (адаммен)  не  болмаса  әлде  немен  (мысалы,  компьютермен)  сұхбаттасу 

режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, 

оның  барысында  оқытушы  мен  студенттің  өзара  әрекет  етуі  жүзеге  асырылады.  Осы 

жерде  студенттердің  жауаптарынан  гөрі,  мәселенің  шешімін  табуға  талпынғаны 

маңызды.  Себебі,  интерактивті  әдістерді  қолданып  оқытудың  басты  мақсаты  –

студенттерді өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, 

өз  ойын  толық  жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу  студенттерге  пайдасы  зор.  Ал 

оқытушының  міндеті  –  студенттің  неғұрлым  белсенділік  танытуына  жағдай  жасау, 

қажет  кезде  жол  көрсету  болып  табылады.  Мұнда  оқытушының  шығармашылықпен 

жұмыс  істеуі  үлкен  рөл  атқарады.  Интерактивті  әдістің  ерекшелігі  -  студентке 

жаттанды  білім  беру  емес,  керсінше  әр  студенттің  танымдылық  қабілеттерін  және 

танымдық  үдерістерді, яғни қойылған сұраққа бірнеше нұсқалы жауап беру, ойлауды, 

ынтаны, қабылдау қабілеттерін, сөздік қорын белсенді түрде дамыту болып табылады. 

Өзара  әрекеттестiк  әдетте,  белгiлi  бiр  мәселенi  шешу,  ол  шешiмнiң  тиiмдiлiгi 

туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. 

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн 

түсiну  қажет.  Интерактивтi  әдiстiң  мақсаты  –  тек  ақпаратты  беру  ғана  емес, 

студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгертумен байланысты. 

Психологиялық  тұрғыдан  алғанда,  интерактивті  әдістерді  қолданып  оқытудың 

тиімділігінің  сыртқы  көрсеткіштері  ретінде  студенттердің  бірлескен  әрекет 

ережелерін  мойындай  отырып,  өзара  әрекеттесуге  ұмтылуын,  топтық  рефлексияның 

дамып,  ұжымдық  ынтымақтастықтың  қалыптасуын,  ал  әсерлілігінің 

ішкі 

көрсеткіштері  ретінде  студенттердің  өз  міндеттері  мен  құқықтарын  түсіне  отырып, 

өзара  әрекет  дағдыларын  меңгеріп,  топтық  жұмысқа  дайын  болуын,  оқу  әрекетінің 

субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады. 

Жалпы  алғанда,  интерактивті  оқытудың  басты  шарттары  қауымдастық  пен 

бәсекелестік болып табылады. 

Оқытудың  интерактивті  әдістері  –  оқу  материалын  меңгеру  үдерісіндегі 

студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. 

Оқытудың интерактивті әдістерінің жіктемесі: 

жартылай  кәсіби  іс-әрекетті  модельдейтін  және  іскерлік,  дағдыны 



қалыптастыруға  бағытталған  тәсілдер:  проблемалық  сұрақтар,  іскерлік  ойындар, 

кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг; 

- білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық 

есептер,  жағдаяттар,  «дөңгелек  үстел»,  эвристикалық  әңгіме,  «миға  шабуыл»,  оқу 

пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. 

Енді  оқыту  процесінде  жиі  қолданылатын  оқытудың  интерактивті  әдістерінің 

кейбіріне тоқталып өтейік. 

Пікірталас  әдісі  –  оқу  материалының  дау  тудыратын  тақырыбын  қарастыруға, 

талдауға  бағытталған  және  білім  алушылардың  әр  түрлі  ұстанымдарын  бір  арнаға 

тоғыстыратын оқыту тәсілі. Бұл әдіс проблемалық жағдаятқа негізделген және семинар 

сабақтарында  кеңінен  қолданылады.  Пікірталастың  туындауына  теорияны  қорытулар 

мен  ережелер,  қағидалар,  теорияны  практикамен  алмастыру,  ғылым  мәселелерін 

талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады. 



«Миға шабуыл» әдісі – студенттердің ғылыми және практикалық проблемаларды 

шешудегі  дәстүрлі  емес  жолдарын  іздестіретін  ақыл-ой  іс-әрекетін  ұйымдастыруға 

бағытталған оқыту тәсілі. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады: 

1.  Проблеманы анықтай алу немесе проблемалық жағдаят туғызу. 

2.  Талдаусыз және дәлелсіз әр түрлі ойларды алға шығару. 



 

164 


3.  Ойларды, ұсыныстарды теориялық, эмпирикалық жағынан тексеру, талдау. 

4.  Үздік ойларды таңдау және бағалау. 

Әдістің  құрылымы  екі  бөліктен  тұрады:  біріншісі  –  ойларды  шығару,  екіншісі  – 

ойларды  дамыту  және  қорғау.  Бұл  әдісті  көбінесе  практикалық  сабақтарда  кейде 

дидактикалық мақсатты ескере отырып дәріс сабақтарында да қолдануға болады. 

«Миға шабуыл» әдісін қолдануға даярлық келесі кезеңдерден тұрады: 

І кезең – Сабақтың мақсат пен міндеттерін анықтау. 

ІІ кезең – Сабақтың жалпы өту барысын жоспарлау, сабақтың әр кезеңінің уақыт 

көлемін анықтау. 

ІІІ  кезең  –  Жаттығу  үшін  3-4  сұрақ  құрастыру,  психологиялық  қысымды  азайту 

мақсатында қызықты жағдаяттарды таңдап алу. 

ІV  кезең  –  Ортаға  түскен  ойларды  бағалау  үшін  бағалау  нормаларын  әзірлеу 

(өзектілігі, теориялық негіздеме, практикалық мәні және т.б.). 

«Кейс-стади»  әдісі  отандық  жоғары  оқу  орындарында  АҚШ,  Канада  бизнес-

мектептерінің  тәжірибесінен  алынып,  қолданысқа  еніп  отыр.  Бұл  әдіс  аналитикалық 

іскерліктерді, проблемалық  міндеттерді  шешудегі  практикалық  іс-әрекеттерді,  ауызша 

және жазбаша дағдыларды қалыптастырады. 

«Кейс» сөзі (ағылш. саsе – жағдаят) білім беруде екі мағынада қолданылады: оқу-

әдістемелік  материалдар  жиынтығы  және  кейбір  жағдаяттарды  сипаттау.  Жағдаят  – 

белгілі бір проблемамен біріккен жағдайлар үйлесімділігі. 

«Кейс-стади» әдісі оқытудың нақтылы жағдаяттарды қолдану және зерттеу тәсілі. 

Әдіс  студенттердің  өздігінен  жұмыс  істеуіне,  белсенділігі  мен  бастамашылығын 

арттыруға  және  ақпаратты  үйрену  мен  талдап  қорытуға,  аудитория  алдында  өз 

көзқарасын дәлелдеуге бағытталған. 

Қазіргі кезде оқыту үдерісіне қойылатын дидактикалық талаптардың ең бастысы 

бұл интерактивті оқыту тәсілдерін кеңінен қолдану. Олар студенттерге нақтылы түрде 

оқыту субьектісіне айналуға көмектеседі. 

Қорытындылай  келе  айтарымыз,  интерактивті  әдіс  -  бүгінгі  күні  жоғары  білім 

беру  жүйесінде  студенттердің   шығармашылық   әрекетін  дамытуға,  олардың  оқу 

еңбегіне  деген  жағымды  мотивациясын  қалыптастыру  үшін,  тиімді  инновациялық 

шешімнің бірі. Біз әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз.  



 

 

 

Әдебиет: 

1.  Абдуллина  О.А.  Общепедагогическая  подготовка  учителя  в  системе  профссионального 

образования. – М., 1990. 

2.  Айтбаева А.Е. Білімберу дегі жана технологиялар: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 

2008. 

3.  Мынбаева  А.К.‚  Садвакасова  3.М.  Инновационные  методы  обучения  или  как  интересно 



переподавать. - Алматы, 2009. - 341 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

жүктеу 482,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау