8 апта
№ 8 дəріс
Тақырып: Қалтаның өңделуі
Мақсаты: Студенттерге костюм ұйымдастырудағы симметрия жəне
асимметрия туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Рамкалы (жиекті) қалтаның өңделуі.
2. Технологиялық тізбектілігі.
Өңдеу тəсілдерімен тізбектілігімен қалтаны жинау класымен танысу.
Қалтаның орнын белгілеу, долевикті қалтаның артынан көктеу. Үстіңгі
əдіпті астыңғы əдіпті 2-ге бөліп, жатқызып үтіктеу. Үстіңгі əдіптің бүтін
қиығын жоғарыға қаратып 0,7 см тігіспен қосып тігу.
Астыңғы əдіптің бүтін қиығын астына қаратып астыңғы сызыққа 0,7 см
тігіспен қосып тігу.
Қалтаны қию, əдіпиерін оң бетіне аудару, үтіктеу. Бұрыштарын бекіту,
қалтаның астарын алдыңғы əдіпке 1 см тігіспен қосу. Подзорды 2-ші
шетін 1 см тігіспен қосып тігу. Ы:Ж:О:
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 300 стр.
9 апта
№ 25 дəріс
Тақырып: Дизайнның стилі жəне оның стильденуі.
Мақсаты: Мата туралы түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Дизайн стилі.
2. Стиль түрлері.
1. Дизайн стилі
Киім жəне оның элементтері жиһаз, ыдыс-аяқ, құрал-жабдық,
автокөлік жəне ұшақтар тəрізді дизайнның обьектері (пəндік орта бөлігі )
болып есептеледі. Костюм адаммен оны қоршаған өмір салтының
өзгеруімен тығыз байланысты пəндік ортаның ажырамас бөлігі.
Киім- қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан ( суық, жауын-
шашын, жел, жəндіктердің шағуы, жабайы жануарлардың тістеуі мен
тырнауы, қылыш немесе садақ соққысы, оқ жəне улы заттар ) қорғайтын
адам денесін қаптап тұратын материал. Ежелгі жəне дəстүрлі костюмдерде
киім адамды тек денелік əсерлерден қорғап қана қоймай, магиялық
қорғанысты қамтамасыз етіп, қара күштердің əсерінен де қорғаған екен.
Демек, киім деп алғашқы халықтардың татуировкасында, ортағасырлық
жауынгер лат да қазіргі бронежилеттер мен противогаздарды да, сəндік
көйлектерді де атауға болады. Қазіргі киім кешек түсінігін көйлек, аяқ
киім, бас киім, шарф, белбеу, сумка, т.б. қамтиды. Киім –кешектің негізгі
қызметі – қорғаныс (денелік жəне моральді қорғаныс) жəне утилитарлы –
практикалық болып келеді. Өйткені киім адамның қандай да бір əрекетіне
байланысты тағайындап алады. Адамның қоршаған əлемге бейімделуіне
көмектеседі. Киімнің кез-келген пəні – бұл бір немесе бірнеше қызмет
атқаратын жəне қолданылатын зат. Сондай –ақ киім эстетикалық қызмет
атқарады. Ол адамды əдемілейді. Онымен əдемілік жəне пайда түсініктері
байланысты. Кез- келген зат тəрізді киімде қажеттілік болып табылады. Киімді
кию – бұл белгілі бір өнімді пайдалану үрдісі. Киім нақты бір адамның
сұранысы бойынша индивидуалды тапсырыс арқылы шығарылуы мүмкін
немесе жаппай өнеркəсіптік өндіріс өнімі болуы мүмкін, яғни 1 үлгі жүздеген
мыңдаған, тіпті миллиондаған экземплярда шығып, өз «иесін» сату
нəтижесінде табуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын ол қандай да 1 адамның
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалады.
Киім дизайны - адамның материалды жəне рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруға сəйкес.Пəндік орта элементінің бірі болып табылатын киімді
жобалау мақсатында жасалатын дизайн - əрекет бағытының бірі.
Киімді киюіне байланысты жеке адамның денесінде қалай болып
тұрғанына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
-драпталған (тігілмеген жəне пішілген)- бұл денені драптайтын немесе
орайтын матаның кескіні;
-накладная- бұл бастан бастап кигізетін киім түрі. Ол тігілмеген (басқа
арналған тесік қиылған мата кескіні), пішілген жəне тігілген болуы мүмкін;
-распашная- бұл пішілген жəне тігілген киім түрі. Оның жоғарыдан
төменге қарай сырма болады.(жемпір, халат);
-европалық түрде пішілген жəне тігілген -бұл адамның денесі
бойынша тігілген киім түрі.
Қазіргі киім əртүрлі салаға байланысты пайдалануы бойынша мына
топтарға бөлінеді:жынысына, жасына байланысты, жасалу тəсіліне
байланысты, мерзімге байланысты, іс-əрекет мазмұнына байланысты.
)күнделікті, спорттық, өндірістік, т.б.).
«Киім» түсінігімен «Костюм» түсінігі өте тығыз байланысты.
Яс «Костюм» (италия сөзі- costume, салт-дəстүр, құлық дегенді білдіреді)
адамның əлеуметтік, ұлттық, аймақтық белгілерін жəне оның жынысын,
жасын, мамандығын көрсететін заттармен элементтер жүйесін анықтайтын
киім. Костюм белгілі бір аймақ дəстүрлерін сипаттайды жəне тұрмыстық
дəстүрмен тығыз байланысты.. Нақты бір адаммен немесе əлеуметтік
топпен байланыса отырып, костюмда киім тəрізді қызмет атқарады:
қорғаныс жəне утилитарлы – практикалық. Костюмеің маңызды қызметі бұл
белгілік)знаковая). Өйткені қоршаған ортаға адам туралы ақпарат береді:
оның əлеуметтік статусы туралы, саяси қызығушылықтары туралы,
эстетикалық талғамы мен мəдениеті туралы. Сондай-ақ, костюм мына
қызметтерді атқарады: