359
міндеттерді шешу үшін қолданылады. Қазақстанның Республи-
касында мемлекеттік, жергілікті, түсіру арнайы жəне оқу тор-
лары бар. Мемлекеттік торларды мемлекеттік картографиялық-
геодезиялық мекемелер құрады.
Жергілікті торлар мемлекеттік торлар қосындарының жиілігі
жетіспеген жағдайда нақтылы топографиялық-геодезиялық
міндеттерді шешу мақсатында құрылады.
Түсіру торларының қосындары топографиялық түсіру
жұмыстарын жүргізу қызметін атқарады.
Арнайы торлар инжеренлік-техникалық міндеттерді шешу
қызметін атқарады. Оған еліміз аумағындағы тектоникалық
белсенді аймақтардағы геодинамикалық алаңдарды да жатқызуға
болады. Жер бетінің динамикасын анықтау үшін бұл қосындардың
координаттары мен өзара орналасуы белгілі бір кезеңде жоғары
дəлдікпен қайта анықтап отырылады.
Оқу торлары оқу-əдістемелік мақсатта қолданылады.
Қазақстанның геодезиялық торлары нивелирлік, жоспарлы
жəне кеңістіктіктік болып бөлінеді.
Нивелирлік торлар биіктікті есептеу жүйесін тіркеп отыра-
ды. Оларды геометриялық нивелирлеу əдісімен, сонымен қатар,
жерсеріктік позициялаудың көмегімен тұрғызады.
Жоспарлы торлар элипсоидтағы жоспарлы координаттарды
бекітуді қамтамасыз етеді. Оларды:
– əр қосында көршілес қосындар аралығындағы бағыттардың
көл де нең бұрыштары мен арақашықтықтары өлшенетін
триан-
гу ля ция;
– жүріп өткен қосындар аралықтарының арақашықтығы мен
бұрыштары өлшенетін
полигонометрия;
– тек қосындардың арақашықтығы өлшенетін
трилатерация;
– қосындардың жоспарлы координаттарын жер серіктік бақы-
лаулар арқылы анықтайтын жерсеріктік позициялау əдістері нің
көме гімен құрады.
Кеңістіктік тор ғарыштық геодезия əдісімен құрылады.
Жер бетінде жəне ғарыш аппараттарында бекітілуі мүмкін бо-
латын əр қосында геоцентрлік координаттар жүйесіндегі орнын
анықтайтын үш координат сақталады. Ғаламдық позициялау
жүйесіне енетін Жердің жасанды серіктері кеңістіктік геоцентрлі
360
координаттар сақталатын геодезиялық қосын қызметін де
атқарады.
Негізін Ф. Н Красовский салған жоспарлы мемлекеттік
торлардың қарқынды дамуы ХХ ғасырдың жиырмасыншы жыл-
дарында басталып, елу жылдан астам уақытқа созылды. «Жал-
пыдан жекеге» қағидасымен құрылған торлар дəлдігі жағынан 4
класқа бөлінеді. Алдымен бүкіл ел аумағын қамтитын І класты
сирек торлы, содан соң біртіндеп жиіленетін ІІ-ІV класты торлар
қолданылады. І класты жоспарлы геодезиялық торлар негізінен
төрт бұрышты алаң (полигон) тізбектерінен тұрады.
І класты геодезиялық торлар төрт бұрышты алаң (поли-
гон) түзетін торлардан тұрады. Триангуляция қатарын түзетін
геодезиялық торының тізбектері негізінен меридиандар мен парал-
лельдердің немесе полиголометрияның жүріп өту бағыттарына
сəй кес келеді [10.1 кесте].
10.1 кесте.
Мемлекеттік триангуляция торларының сипаты
Негізгі көрсеткіштері
Триангуляцияның кластары
1
2
3
4
Триангуляция
тармақтарының
аралықтарының
ұзындығы
Полигондардың
периметрі
Триангуляцияның
жақтарының ұзындығы
Базистік жақтарының
орташа квадраттық
қателіктері
Бұрыштарды өлшеу
барысында кететін
қателіктер
200
шақырым
артық емес
800-1000
шақырым
20
шақырым
кем емес
1:400 000
± 0''
7
7-20
шақырым
1:300 000
± 1' 0
5-8
шақырым
1:200000
± 1'',
5''
2-5
шақырым
1:200000
±2'', 0
361
Полигон торының бір тармағы 200 шақырым, периметрі 800
ша қырым құрайды. Тор тармақтары түйілісетін алаңдардың
(по ли гондардың) шыңдарында үш бұрыштардың базистік тұс-
тарының өлшенген ұзындықтары мен шеткі нүктелерінің астро-
номиялық ендіктері мен бойлықтары, азимуттары анықта ла ды.
Тармақтардың аралық қосындардың ара-қашықтығы 20 шақы-
рым кем болмайды. ХХ ғасырдың 70 жылдары еліміздегі І класты
торларды құру іс жүзінде аяқталды.
І класты геодезиялық торлардың алаңдары (полигондары)
жер бедерінің ерекшеліктеріне сəйкес көршілес қосындардың
арақашықтығы 7-20 шақырым аспайтын 2 класты трянгуляцияның
немесе полигонометрия торларының желісімен жаппай жабылады.
ІІ сыныпты триангуляция торының желісіндегі І класты əр алаңның
(полигонның) шегінде ұзындығы өлшенген 4-5 базис тік тұстары
болады. Бұл жұмыстар 1980 жылдары іс жүзінде аяқ талды.
І жəне ІІ класты мемлекеттік торлар геодезиялық жəне
астрономиялық өлшеулерге негізделіп
астрономиялық-геоде-
зия лық торлар (АГТ) түзеді.
АГТ-дың жиілететін ІІІ-ІV класты торлары триангуляция
жəне поли гонометрия əдістерімен құрылады [10.2- сурет].
10.2сурет. Мемлекеттік триангуляция торының сызба-нұсқасы
АВ СD, EҒ, КL, шығатын жақтары 1-2, 3-4, 5-6, 7-8 базистері
1 класты қосындар; ○ 2 класты қосындар; 3 класты қосын; 4
класты қосын түрлері; ☼ астрономиялық қосындар.
ІІІ класты т орлардың қосындарының ара-қашықтығы
3-8шақырым, ал ІV кластылардікі 2-5шақырым артпайды.