Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет65/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113

198
бола алады: білім алушыға шығарылған есептің дұрыстылығын жəне 
дұрыс жауапты көрсету немесе шығару жолдары туралы ақпаратты 
хабарлайды. 
Сыртқы кері байланыстың ақпараты компьютерлік техника жəне 
ақпараттандыру құралдарын пайдалану арқылы оқытып жатқан 
мұғалімге келіп түседі. Жəне білім алушының қызметін немесе 
электрондық білім беру басылымдары  жұмыс істеу режімін түзету 
үшін қолданылады.
Электрондық білім беру басылымдары  қойылатын талаптарды 
қарастыруды жалғастырайық.
Білім алушының интеллектуалдық əлеуетін дамыту талабы 
электрондық білім беру басылымдары жəне ресурстармен жұмыс 
жасаған кезде білім алушының ойлау жүйесін (алгоритімдік, көрнекі-
үлгілік, теориялық), тиімді шешім немесе күрделі жағдайдың 
бірнеше шешімін қабылдау шеберлігін, ақпаратты өңдеу іскерлігін 
(деректерді өңдеу жүйесін, ақпараттық-іздеу жүйелерін, деректер 
қорын жəне басқаларды пайдалану негізінде) қалыптастыра оты-
рып, оқу жүйесінің талаптарына жауап береді.
Бақылау-өлшеу электрондық білім беру басылымдары мен 
ресурстардағы есептердің бірегейлігін жəне қалыптастырылуын 
қамтамасыз ететін талап. Осы талапқа сəйкес білім алушыға 
қойылатын тапсырма өлшеудің немесе бақылаудың басталуына 
дейін толығымен болмауы қажет жəне білім алушы электрондық 
білім беру басылымдары  мен жұмыс жасаған уақытында 
кездейсоқ түрде қалыптастырылуы тиіс. Осылайша əр білім алушы 
шығаратын есеп əртүрлі болуы қажет. Бұл мұғалімдік өлшеулердің 
объективтілігін жəне адекваттылығын қамтамасыз етуде білім 
берудің қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарды пайдала-
на отырып оқудың дидактикалық цикліның толықтығын (түгелдігін) 
жəне үздіксіздігін қамтамасыз ететін талап – электрондық білім беру 
басылымдары  бір сеанс ішінде ақпараттық жəне байланыс техни-
каларымен жұмыс істеу барысында дидактикалық циклдің барлық 
түйіндерін орындауға мүмкіндік туғызуы.
Оқытудың ақпараттық құралдары білім алушының білім 
жүйесіне жəне оның тілдік біліміне қатысты дайындалуы қажет. Оқу 
материалының мазмұны белгілі бір жас мөлшеріндегі оқушылар то-
бына түсінікті болу керек. Бірақ өте қарапайым болмауы тиіс, себебі 
ол көңіл бөлуді төмендетуі мүмкін. 


199
Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты құрылатын 
басты эргономикалық жəне соған қатысты талаптар білім алуға де-
ген ынтаны жоғарылатуды қамтамасыз етеді жəне электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстардың жұмыс режімін жəне 
ақпаратты бейнелеуге қойылатын талаптарды орнатады. 
Оқу үрдісін ақпараттандыру үдерісі кезінде білім алушының 
адамгершілік қарым-қатынасын қамтамасыз ететін талаптар 
негізгі эргономикалық талаптарға жатады, олар:
-  электрондық білім беру басылымдарда немесе ресурстарда 
достық арақатынасты ұйымдастыруды;
-  білім алушыға қажетті анықтамаларды, сілтемелерді жəне 
əдістемелік нұсқауларды пайдалануға мүмкіндік беруді;
-  жұмыстың бірізділігін жəне қарқынын таңдауға мүмкіндік 
беруді білдіреді. 
Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау арқылы қолданылып 
отырған электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың 
білім алушының санасына кері əсер етуден аулақ боламыз. Осылай-
ша, электрондық білім беру басылымдары  қолданылуымен өтетін 
сабақтарда жағымды орта пайда болады. 
Денсаулық сақтау сипатындағы талап электрондық білім 
беру басылымдарын жəне ресурстарды əзірлеуге жəне пайдалануға 
қойылады жəне компьютерлік техникамен жұмыс жасаудағы тазалық 
талаптарына, санитарлық нормалар мен ережелерге сай жасалған. 
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды сараптау 
үшін оқушылардың дербес компьютермен жұмыс жасаған кезінде 
еңбек ету жəне демалу режіміне қатысты талаптар өте маңызды 
мəнге ие болады: қолданылатын оқудың ақпараттандыру құралдары 
мына түрде əзірленуі тиіс, яғни, олардың жұмыс жасау мерзімі 
компьютерлік техникамен жұмыс жасау уақытының санитарлық 
нормаларынан асып кетпеуі тиіс. 
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың білім 
алушылардың жас ерекшелігіне жəне компьютерлік техникамен 
жұмыс істеудің санитарлық нормаларына сай болуы оқу үрдісін 
ақпараттандырудың тиімді жағдай жасаудың бірі екендігін айтқан 
жөн. Бұл талаптарға сəйкес келмеушілік білім алушылардың 
ақпаратты түсіне алмауына немесе олардың денсаулықтарының на-
шарлауына əкеліп соқтырады. 
Эргономикалық талаптармен эстетикалық талаптар тығыз 
байланысты. Олар электрондық білім беру басылымдары мен 


200
ресурстардағы эстетикалық безендірудің сəйкес болуын, оқу 
ортасының графикалық жəне бейнелеу элементтерінің бірізділігін 
жəне айқындығын жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдарына арналған түстер мен бояулардың үйлесімділігін орна-
тады. 
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарға 
қойылатын эстетикалық талаптарды сақтау жəне есепке алу 
əрдайым міндетті емес. Олар білім берудің ақпараттық құралдарын 
əзірлеу бойынша ұсынылымдық сипатқа ие болады. Сонымен қатар, 
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын дайындау 
кезінде бір ғана «эстетикалық» тұғырды сақтаудың маңыздылығын 
атап өткен жөн болар. 
Сапаның басты талаптарын ақпараттық құралдармен ілесетін 
мазмұндық материалдар да қанағаттандыру керек. Мұндай 
материалдардың қатарына, бірінші кезекте, техникалық жəне 
əдістемелік ілеспе құжаттарды жатқызу қажет. 
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстардағы əдістемелік нұсқаулар 
мен қызмет көрсететін персоналға, оқытушыға жəне оқушыларға 
арналған нұсқаулықты сауатты жəне тиянақты ресімдеу керектігіне 
негізделеді. 
1. Білім беретін ақпараттық құралдарды əзірлеу жəне олар-
ды қолдану барысында сəйкесті ілеспе құжаттар түгел бо-
луы қажет. Бұл əзірлеуші, тапсырыс беруші жəне тұтынушы 
арасындағы интерфейсті қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен 
қатар, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары компо-
ненттерінің функцияларын меңгеруге жəне жетілдіруге мүмкіндік 
туғызады.
2. Электрондық білім беру басылымдарынан талап етілетін 
құжаттама толық болу керек жəне шынайы электрондық басылым-
дар мен ресурстарға сəйкес келуі тиіс. 
3. Құжаттама электрондық білім беру басылымдары мен ресурс-
тарды пайдалану барысында мұғалімнің тиімділігін төмендетпеуі 
тиіс.  
Екінші топтағы электрондық білім беру басылымдарына 
қойылатын талаптардың (оқу үрдісінің түрінен жəне деңгейінен 
тəуелді болатын арнайы талаптар) жалпы бірдей əсері болмайды 
жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының кейбір 
түрлеріне қатысты ғана таралады. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау