Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 180-беті
180
3.1 ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ережелер
1.1. Бұл Ереже 2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
заңының 9 тарауындағы 44 тармағына, 2007 жылдың 29 қарашадағы № 583-ші ҚР Білім жəне
Ғылым Министрлігі бұйрығымен бекітілген оқу-əдістемелік жұмысты іске-асырумен
ұйымдастыру Ережесіне, 2007 жылдың 21желтоқсандағы № 644 –ші ҚР Білім жəне Ғылым
министрлігінің бұйрығымен бекітілген əдістемелік кеңес əрекеті(оқу-əдістемелік, ғылыми-
əдістемелік) Типтік ережесіне сəйкес əзірленді.
1.2. Əдістемелік Кеңес Жоғары оқу орнын басқарудың алқалық ұйымы болып
табылады.
1.3. Əдістемелік Кеңес өз іс-əрекетінде Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27
шілдесіндегі «Білім туралы» Заңының білім беруді жəне оқу-əдістемелік жұмыс
бойынша басқада нормативті құжаттарды ұйымдастыру Жарғысын, ҚР Білім жəне ғылым
министрлігінің нормативті құқықтық актісін, ҚР БжҒМ «Кредиттік оқыту технологиясы
бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі» 2011 жылғы 20-сəуірдегі №152 бұйрығын
(ҚР БжҒМ 2014 жылғы 2 маусым №198 бұйрығымен өзгертілген, толықтырылған), ҚР Білім
жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығын, ҚР Білім жəне ғылым
министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығын, университет Жарғысын, Осы
Ережені басшылыққа алады.
1.4. Əдістемелік кеңес - университеттегі оқу үдерісін əдістемелік қамтамасыз етуді
ұйымдастыруды үйлестіру жəне жетілдіру жəне ҚР Мемлекеттік білім беру стандартының
талаптарына сай білім сапасын арттыруға бағытталған мақсатта құрылады.
2 Кеңестің негізгі міндеттері
2.1. Оқу үдерісін əдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру.
2.2. Оқу, оқу-əдістемелік жəне ғылыми-əдістемелік əдебиеттер, оқу құралдары мен
басқа да материалдарды басып шығаруды жоспарлау, сараптаманы ұйымдастыру.
2.3. Оқу-əдістемелік жəне ғылыми-əдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен
жетілдіру жөніндегі озық тəжірибелерді жинақтау жəне тарату.
2.4. Сапа менеджменті жүйесін дамыту жəне оқу үдерісіне əдістемелік əзірлемелер
нəтижелерін енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау.
2.5. Құрылымдардағы Əдістемелік жұмыстарды үйлестіру.
2.6. Жаңа жəне қолданыстағы технологиялар мен əдістер, оқыту құралдарын енгізу
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
2.7. Оқытушылардың оқу-əдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыру.
2.8. Педагогикалық ұжымның ғылыми-əдістемелік əлеуетін жетілдіру жөніндегі
жұмыстарды үйлестіру.
2.9. Білім беруді дамыту жəне басым бағыттарды қалыптастыру, оны іске асыру
мəселелері бойынша ұсыныстар əзірлеу.
2.10. Университет профессорлық-оқытушылық құрамын аттестаттауға қатысу.
3 Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
3.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере
отырып, оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптау жұмыстарын
ұйымдастыру.
3.2. Құрылымдық бөлімшелердің əдістемелік кеңес жұмыстарының жоспарын
қарастыру жəне келісу.
3.3. Жекелеген пəндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау жəне
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 181-беті
181
мақұлдау.
3.4. Оқу үдерісін оқу-əдістемелік қамтамасыз ету мəселелерін қарастыру.
3.5. Əдістемелік қамтамасыз ету мəселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық
құжаттар жобасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жəне талқылау.
3.6. Оқулықтарды, оқу-əдістемелік құралдарын, оның ішінде электрондық түрде жəне
дидактикалық материалдарды əзірлеуді ұйымдастыру.
3.7. Оқу-тəрбие үдерісін жетілдіруге жəне оқытушыларға тəжірибелік көмек көрсетуге
бағытталған əдістемелік жұмыстардың əртүрлі формаларын енгізу мəселелерін қарастыру.
3.8. Білім алушыларды оқу-əдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін білім
беру ұйымдарында Қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалану арқылы іске
асырылатын барлық оқу жоспарларының пəндері бойынша электрондық оқу-əдістемелі
кешендердің жасалынуын ұйымдастыру.
3.9. Кəсіптік
практикалардың
барлық
түрлерінің
бағдарламалары,
сондай-ақ
дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша əдістемелік нұсқаулық əзірлеуді;
3.10. Білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім
технологиялары мен оқыту əдістерін əзірлеуді;
3.11. Ізденіске, талдауға жəне қызмет нəтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін
дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-əдістемелік қамтамасыз ету;
3.12. Оқу-əдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар,
кеңестер ұйымдастыру жəне өткізу.
4 Кеңестің сайлау жəне жұмыс тəртібі
4.1. Кеңес құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, əдіскерлер, факультеттердің
əдістемелік бірлестіктері жетекшілері кіреді. Кеңес құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Əдістемелік Кеңесті оқу жəне əдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор -Төраға
басқарады.
4.3. Кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
4.4. Кеңес жұмысы Ғылыми Кеңес отырысында қабылданған жəне университет ректоры
бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырылады.
4.5. Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
4.6. ОƏК шешімдері факультеттердің жəне кафедралардың əдістемелік органдарына
міндетті болып келеді.
4.7. Егер кеңестің отырысында оның мүшелерінің 3/2 бөлігі қатысып отырса, онда оқу-
əдістемелік кеңес құқықты өкілетті деп табылады.
4.8. Əдістемелік кеңестің отырысында қаралған мəселенің нəтижесі бойынша қатысып
отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен əдістемелік кеңестің ұсынысы
қабылданады жəне хаттамамен рəсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен əдістемелік
кеңестің шешімдеріне кеңес төрағасы мен хатшысы қолтаңбасын қояды.
4.9. Егер кеңес отырысында оның мүшелерінің 70 %-ы қатысса, шешім қабылдауға
құқылы болады.
4.10. Кеңес төрағасы жылына бір рет Кеңес қызметінің нəтижелері туралы
Университеттің Ғылыми Кеңесі алдында есеп береді.
4.11. Кеңестің əр мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына
белсенді атсалысуға, жүктелген тапсырмаларды уақтылы жəне нақты орындауға тиісті.
5 Оқу- əдістемелік кеңестің құқықтары
Оқу - əдістемелік кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сəйкес төмендегілерге құқылы:
- Университет факультеттерін, кафедраларынан, бөлімдерінен білім беру сапасы
бағытында жəне басқа да мəліметтер алуға.
- Жұмысшы жəне сараптау тобының құрамын жасап бекітуге.
Достарыңызбен бөлісу: |