Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 67-беті
67
29. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жоспарлау жəне магистранттардың
аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тəжірибе) жұмысы білім алушылардың 54 сағатқа (күніне
9 сағат, БӨЖ-ді қосқанда жұмыс аптасының 6 күні) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс
уақытына байланысты анықталды.
30. Білім алушылардың 120 (15x8) сағаты магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы
(бұдан əрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы бір кредитіне, яғни 2,2
аптаға сəйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа, яғни 2 аптаға сəйкес келеді.
Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс сағаты жəне БӨЖ-
дің 90 сағаты.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға (кешендік емтиханға) дайындыққа жəне
тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны қорғауға жəне жазуға 2, 3
жəне 4 кредит, тиісінше 4, 6 жəне 8 апта беріледі.
31. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-
стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
32. Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пəнін
оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз етуде жəне оқытушыларды
таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды.
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады:
1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден
18.30-ға дейін;
2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін;
3) сырттай білім алушылар үшін – бос дəрісханаға байланысты бір күн ішінде сағат
8.00-ден 20.00-ге дейін.
33. Академиялық лектер жəне топтар аталған пəнге жəне аталған оқытушысына
жазылған білім алушылардың саны жеткілікті жəне жеткілікті деңгейге жетістіктер оның
табыстылығының болу қағидасы бойынша қалыптасады.
Академиялық лектердің жəне топтардың толығуы университетпен дербес анықталады.
34. Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді:
оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) жəне бірыңғай өзі
орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ).
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін
тапсырмалармен расталады.
35. Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі университеттің өзіндік
білім беруі арқылы анықталады.
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дəрісханадан тыс жұмыс
түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке кесте
бойынша орындалады.
Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық
жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер жəне БӨЖ-дің басқа да
тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.
36. Пəнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Еnrоllmеnt) Офис регистратор
ұйымдастырады.
Сонымен
қатар,
əдістемелік-ұйымдастыру
жəне
консультациялық
жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады.
37. Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын
дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін
арттыру уəждемесіне негізделген.
Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында:
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 68-беті
68
1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен
танысуы;
2) оқу пəндеріне тіркелудің жəне ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін
сақтауы;
3) осы Ережелердің 34-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті
деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің
кем түспейтін санына жазылуы тиіс.
38. Ақылы негізде білім алушы төлем қабілеттілігіне, оқу түріне тəуелді, тиісті
деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз
мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға
болады.
39. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу
пəндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады.
Мұндайда университет ректоры басқа ЖОО-ларда оқу үшін кредиттер санының
жоғарғы шегін айқындайды.
Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында жекелеген пəндерді оқыған жағдайда,
ЖОО-лар арасында екіжақты шарт жасалады.
40. Білім алушы жеке пəндерді басқа ЖОО-да пəн бойынша аралық аттестаттаудан
өткен соң өзінің ЖОО-сына емтихан тізбесін (немесе транскрипт) емтихан бойынша бағалау
нұсқаулығымен қоса, пəн бойынша жəне игерген кредиттер санының қорытынды бағаларын
деканатқа көрсетеді.
41.Шетелдік
жоғары
оқу
орындарымен
əріптестікте
бірлескен
білім
беру
бағдарламаларын іске асырған жағдайда қазақстандық кредиттерге жəне ЕСТS-ке барабар
əріптес жоғары оқу орындарында игерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге
асырады.
42. Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру жəне білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне
жəне қорытынды бақылауға бөлінеді.
43. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті)
осы ережелердің 1-қосымшасына сəйкес 100 балдық шкала бойынша жəне төрт балдық жүйе
бойынша сандық эквивалентке сəйкес əріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға
дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F).
44. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру оқу
жұмысы жөніндегі білім беру ұйымы басшысының орынбасарына бағынатын, Офис
регистраторы жүзеге асырады.
Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы
жүргізеді, ол осы ережелердің 2-қосымшасындағы сай транскрипте айқындалады.
Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.
45. Оқытушы ағымдық жəне аралық бақылау жəне білім алушының ағымдағы бағасына
сəйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы жəне
аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған
тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.
46. Пəн бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім жəне қорытынды бақылау
бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем
құраса қорытынды баға дəрежесі білім алушының оқу пəні бағдарламасын меңгергендігі.
Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пəні бойынша білімді қорытынды бағалаудың
кемінде 30 пайызын құрайды.
47. Оң қорытынды баға тиісті пəн бойынша белгіленген кредит санымен игерілген
кредиттерді толықтыруға негіз болады жəне білім алушының транскриптіне жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |