Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет27/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 55-беті 
 
55 
 
білім  беру  тапсырысы  (тапсырыс  берілген  жағдайда)  бойынша  магистратураға  қабылдау 
туралы бұйрықтың көшірмелерін ұсынады. 
Қосымша  
Бағалаудың 100 балдық шəкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі 
 
Бағалаудың 100 балдық шəкілі бойынша балдар 
Бағалаудың 4 балдық шəкілі бойынша 
балдар 
95-100 
Өте жақсы (5) 
90-94 
85-89 
Жақсы (4) 
80-84 
75-79 
70-74 
Қанағаттанарлық (3) 
65-69 
60-64 
55-59 
50-54 
30-49 
Қанағаттанарлықсыз *(2) 
0-29 
 
*бейінді  магистратурада  «қанағаттанарлықсыз»  бағасына  0-ден  29-ға  дейінгі  балл  сəйкес 
келеді. 
 
 
 
2.3  БІЛІМ  АЛУШЫЛАРДЫ  АУЫСТЫРУ  ЖƏНЕ  ҚАЙТА  ҚАБЫЛДАУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1 Жалпы ережелер 
1.1 Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеттің (бұдан əрі - университет) білім 
алушыларды  ауыстыру  жəне  қайта  қабылдау  ережелері  (бұдан  əрі  -  Ереже)  «Білім  туралы» 
2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының  5-бабының 16)  тармақшасына, 
Қазақстан  Республикасы Білім  жəне  ғылым  министрінің  2015  жылғы  20  қаңтардағы  №19 
бұйрығымен бекітіліп, 2015 жылғы 5 қазандағы №591 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру 
енгізілген«Білім  алушыларды  білім  беру  ұйымдарының  үлгілері  бойынша  ауыстыру  жəне 
қайта қабылдау қағидаларына» сəйкес əзірленген. 
1.2  Ереже  Аймақтық  əлеуметтік-инновациялық  университетке  білім  алушыларды 
жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша ауыстырудың жəне 
қайта қабылдаудың тəртібін айқындайды. 
1.3 Білім алушыларды курстан курсқа, басқа жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру ұйымдарына, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік 
бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру 
гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады. 
Ескерту. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға 
ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен 
бекітілген  Жоғары  білім  алуға  ақы  төлеу  үшін  білім  беру  грантын  беру ережесіне  сəйкес 
білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады. 
1.4  Күндізгі  жəне  кешкі  оқу  нысанында  білім  алушылардың  ауыстыру  жəне  қайта 
қабылдау  туралы  өтініштерін  университет  ректоры  жазғы  жəне  қысқы  демалыс  кезеңінде, 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 56-беті 
 
56 
 
бірақ  кезекті  академиялық  кезең  басталғанға  дейін  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей 
қарастырады. 
1.5 Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру жəне қайта қабылдау туралы 
өтініштерін  университет  ректоры  бір  ай  ішінде,  бірақ  қабылдаушы  білім  беру  ұйымының 
кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарастырады. 
1.6  Білім  алушыларды  ауыстыру  немесе  қайта  қабылдау  кезінде  олардың  өткен 
академиялық  кезеңдерде  оқыған  жұмыс  оқу  жоспарларындағы  пəндердің  академиялық 
айырмашылығы айқындалады. 
1.7  Жұмыс  оқу  жоспарларының  пəндеріндегі  академиялық  айырмашылықты 
университет  транскриптте  немесе  білім  алуды  аяқтамаған  тұлғаларға  берілетін  анықтамада 
(бұдан əрі -  анықтама) көрсетілген оқыған пəндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен 
академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды. 
1.8  Білім  алушы  шетелдік  білім  беру  ұйымынан  ауыстырылған  немесе  қайта 
қабылданған  кезде  меңгерілген  оқу  бағдарламалары  туралы  құжат  (академиялық  анықтама 
немесе транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 
жылғы  10  қаңтардағы  №8 бұйрығымен  бекітілген,  Нормативтік  құқықтық  актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген Білім туралы құжаттарды тану жəне 
нострификациялау 
ережесінде 
белгіленген 
тəртіппен 
Қазақстан 
Республикасында 
нострификациялау  рəсімінен  өтуі  тиіс  білім  берудің  алдыңғы  деңгейін  аяқтағаны  туралы 
құжат ұсынылады. 
1.9  Шетелдік  ЖОО-дан  ауыстыру  немесе  қайта  қабылдау  кезінде  Қазақстан 
Республикасында  жалпы  орта  (орта  жалпы)  немесе  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  алған 
тұлғалар  да  балы  белгіленген  өту  балынан  төмен  емес  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  (бұдан 
əрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан əрі - КТ) сертификатын ұсынады.ҰБТ мен КТ-
ға  қатыспаған  немесе  өту  балын  алмаған  тұлғалар  бұйрық  шыққанға  дейін  КТ  тапсырады. 
КТ-ға  қатысу  үшін  өтініштерді  қабылдауды  жоғары  оқу  орындарының  қабылдау 
комиссиялары  5-12  тамызда  жəне  5-12  қаңтарда  жүргізеді.  Кешенді  тестілеу  20-24  тамызда 
жəне 20-24 қаңтарда өткізіледі. 
1.10 Жұмыс оқу жоспары пəндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім 
алушы осы пəндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне 
қатысады,  ағымдағы  бақылаудың  барлық  түрін  тапсырады,  қорытынды  бақылауға 
жіберілгендігі туралы рұқсат алады. 
1.11  Егер  академиялық  айырмашылық  пəндері  ағымдағы  академиялық  кезеңнің  оқу 
сабақтарының  кестесіне  енгізілмеген  жағдайда,  білім  алушы  оларға  жазғы  семестрге 
жазылады. 
Ескерту.  Мерзімі  6  аптаны  құрайтындықтан,  жазғы  семестрде  2-3  пəннен  артық  
жоспарланбауы  тиіс  жəне  оқу  семестр  бойында  жүктеменің  күндізгі  оқу  нысаны  бойынша 
18-22,  кешкі  оқу  нысаны  бойынша  12-15,  сырттай  оқу  нысаны  бойынша  9-12  кредиттен 
аспауы қатаң бақылануы тиіс. 
1.12  Жазғы  семестрде  жойылмаған  жұмыс  оқу  жоспары  пəндеріндегі  академиялық 
айырмашылық кейіннен академиялық берешек ретінде ескеріледі. 
 
2  Білім алушыларды ауыстыру жəне қайта қабылдау ережелері 
2.1 Егер Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеттің(бұдан əрі  – АƏИУ) білім 
алушылары  жеке  оқу  жоспарына  сəйкес  меңгеріп  жатқан  бағдарламасының  бірінші 
академиялық  кезеңін  толық  аяқтаса,  олар оқудан  шығарылғаннан  кейін  ауыса  алады  немесе 
қайта қабылдана алады. 
Оқу  ақысын  төлемегені  үшін  оқудан  шығарылған  ақылы  негізде  оқитын  білім  алушы 
қарызын  өтеген  жағдайда,  оқудан  шығарылған  күннен  бастап  төрт  аптаның  ішіндеоқуға 
қайта қабылдана алады.Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау