1. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды
қамтиды.
2. Егер:
1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін
болмағанда;
2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстардың болмауына байланысты кәсібін
(мамандығын), қызмет түрін
өзгерту қажет болғанда;
3) бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқанда, халықты
жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқыту жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады.
4. Басым тәртіппен кәсіптік оқытудан өтуге:
1) мүгедектердің;
2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың, асырап алушылардың,
қорғаншылардың (қамқоршылардың);
3) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған
жұмыссыздардың;
4) алғаш рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі
жоқ адамдардың;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден
өткен адамдардың құқығы бар.
5. Кәсіптік оқыту бюджет қаражаты шегінде Қазақстан Республикасының білім беру
саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің білім беру
қызметіне құқығы бар оқу орталықтарында жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша еңбек
нарығындағы қажеттіліктер ескеріліп жүргізіледі.
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және
оқитын адам арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқуға ақы төлеу
шартын, мерзімінен бұрын
бұзу шартын, кәсіптік оқыту мерзімі мен қаржыландыру көздерін
қамтуға тиіс.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген адамдар өздігінен,
дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген
күннен бастап үш жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін.
20-бап. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру
1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезінде тұрақты
жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды
және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында:
1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi
балаларға арналған мектеп-интернаттардың;
2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден
өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-
аналар;
7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы
мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;
8) оралмандар;
9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге
қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі бойынша:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) әлеуметтік жұмыс орнын құруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі,
ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны
және нақты жұмыс жағдайы, төленетін еңбекақы
мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі.
4. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге олардың келісімімен ғана жол
беріледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде жұмыссыздардың денсаулық жағдайы,
жас, кәсіптік және басқа да жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс беруші
және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін жұмыссыз арасында әлеуметтік келісімшарт
жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбекақы мөлшерін
және
оны төлеу шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімдері мен
көздерін қамтуға тиіс.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше
тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту
орталығына қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысуы мүмкін.
6. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасы қолданылады.
21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру
1. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы
жұмыссыздарға арнайы белгіленген.
2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін,
білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың
еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін айқындайды.
3. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар
практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындарын құрған
кезде тұрақты
жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды.
Құрылған жұмыс орындары түлектің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуге тиіс.
4. Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына
жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Олардың еңбегіне ақы төлеу бюджет
қаражаты шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
көздерден жүзеге асырылады.
5. Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс беруші
және жастар практикасына жіберілетін түлек арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайын,
еңбекақы мөлшері мен оны төлеу шарттарын, қаржыландыру
мерзімі мен көздерін қамтуға
тиіс.
6. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасы қолданылады.
22-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру