Даму болжамы



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет4/19
Дата19.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#21694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

дағдарыстық  көріністердің  болуымен  сипатталады.  Бұл  ретте,  неғұрлым  өзекті 

проблема  жұмыссыздықтың  жоғары,  кірістің  төмен  болуы  және  соның 

салдарынан  жиынтық  сұранысты  кеңейтудің  іргелі  факторларының  болмауы 

болып  қалады.  Инвестициялық  кірістер  қысқарады,  олардың  донор  елдерге 

репатриациясы күшейетін болады. 

2018  –  2022  жылдары  мұнайдың  бағасы  бір  барреліне  40  АҚШ  доллары 

деңгейінде және аталған деңгей орта мерзімді перспективада сақталады. 

Жылдың  басынан  бастап  ел  экономикасының  қалыптасқан  даму  үрдістері 

мен  әлемдік  экономикадағы  жағдайды  ескере  отырып,  болжамды  қалыптастыру 

кезінде  параметрлері  ағымдағы  болжалдан  елеусіз  ғана  ауытқумен  неғұрлым 

ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды. 




10 

II 2018 – 2022 жылдарға арналған

 

экономикалық саясаттың 

мақсаттары мен міндеттері 

 

Орта  мерзімді  перспективада  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-



экономикалық  саясаты  мемлекеттік  және  салалық  бағдарламаларды  ескере 

отырып  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан-2050  стратегиясын»,  бес 

институционалдық  реформа  бойынша  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарын, 

«Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты 

2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын 

одан әрі іске асыруға бағытталады. 

Әлемдегі  қалыптасқан  геоэкономикалық  жағдайды,  әлемдік  тауар 

нарықтарында  сақталған  белгісіздік  пен  қазақстандық  экономиканың  жаңа 

сыртқы  және  ішкі  даму  жағдайларына  бірте-бірте  бейімделуін  ескере  отырып, 

негізгі  күш-жігер  қазақстандық  экономиканың  икемді  моделін  құруды 

жалғастыруға жұмсалатын болады. 

2018-2022  жылдардағы  әлеуметтік-экономикалық  саясаттың  негізгі 

мақсаты  –  экономиканың  тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ету  және  ең  дамыған 

30 елдің қатарына ілгерілеуді  жалғастыру. 

Қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  орта  мерзімді  кезеңге  айқындалған 

әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары мыналар: 

1)  ақша-кредит  саясатының  ынталандырушы  рөлін  қалпына  келтіру  мен 

экономиканы  қаржыландыруға  жеке  меншік  капиталды  тарту,  орта  мерзімді 

перспективада инфляция деңгейін 3-4%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендету, банк 

секторын  сауықтыру,  қор  нарығын  дамыту,  салық  саясатының  ынталандырушы 

рөлін  қамтамасыз  ету,  бюджет  шығыстарын  ұтымды  ету,  фискалдық 

орталықсыздандыру арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; 

2)  цифрлық  технологиялар  мен  сервистерді  қолдана  отырып,  жаңа 

индустрияларды  насихаттау,  оның  ішінде  денсаулық  сақтау  және  білім  беруде 

насихаттау,  Интернетке  кеңжолақты  қолжетімділікті  (бұдан  әрі  –  КЖҚ) 

қамтамасыз ету және 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг және басқа да 

перспективалы  салаларды  дамыта  отырып,  «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік 

бағдарламасын іске асыру есебінен технологиялық жаңғырту; 

3)  базалық 

салаларды 

технологиялық 

қайта 


жарақтандыру, 

индустрияландыру,  агроөнеркәсіптік  кешенді,  көліктік  және  логистикалық 

инфрақұрылымды,  сондай-ақ  құрылыс  секторын  дамыту,  экспортты  ілгерілету, 

инвестицияларды  тарту,  тау-кен-металлургия  және  мұнай-газ  кешендерінің 

стратегиялық  маңызын  сақтау,  Индустрия  4.0  элементтерін  енгізу,  сондай-ақ  

экономиканың  базалық  салаларының  еңбек  өнімділігін  арттыру  арқылы 

экономиканың дәстүрлі салаларын дамыту.

 

Еңбек нарығын жаңғырту мақсатында  



қызметкерлердің басқа салаларға басқарылатын көшу үшін жағдайлар жасалатын 

болады; 


4)  Нәтижелі  жұмыспен  қамту  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту 

бағдарламасының  шеңберінде  қамтуды  ұлғайту,  «Бизнестің  жол  картасы  2020» 

бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі – БЖК 2020) 



11 

одан әрі іске асыру, бизнес пен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту үшін 

шығасылардың  барлық  түрлерін  азайту  есебінен  бизнес-ортаны  түбегейлі 

жақсарту  және  кеңейту.  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының 

(бұдан  әрі  –  ЭЫДҰ)  стандарттарына  сәйкес  монополияға  қарсы  реттеу 

құралдарын  тиімді  қолдану  арқылы  экономикаға  мемлекеттің  қатысуын  нақты 

шектей  отырып,  сапалы  институционалдық  ортаны  қалыптастыру  жолымен 

бәсекелестікті және жеке капиталды дамыту жалғасады; 

5)  2020  жылға  дейінгі  мемлекеттік  бағдарламалар  шеңберінде  білім  беру 

жүйесінің  ролін  өзгерту,    үш  тілде  білім  беруге  кезең-кезеңмен  көшу,  «Баршаға 

арналған  тегін  кәсіптік-техникалық  білім  беруді»  іске  қосу,  денсаулық  сақтау 

жүйесін қайта құру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – 

МӘМС)  енгізу,  денсаулық  сақтауды  ақпараттандыру,  ең  төменгі  күнкөріс 

деңгейін  қайта  қарау  және    атаулы  әлеуметтік  көмек  көрсету  (бұдан  әрі  –  АӘК) 

шегін көтеру арқылы адами капитал сапасын жақсарту;   

6)  ЭЫДҰ-ң үздік тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау және 

жеке  меншік  пен  құқық  институттарын  күшейту,  әкімшілік  және  қылмыстық 

заңнамаларды  ізгілендіру,  кәсіпкерлік  саланы  қылмыстық  сипаттан  арылту, 

киберқауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  арқылы

 

институционалдық  қайта  құру  және 



қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету.  Мемлекеттік  басқарудың  тиімді  жүйесін 

қалыптастыру  және  сыбайлас  жемқорлықтың  себептері  мен  алғышарттарын 

анықтау және жою бойынша жұмысты күшейту; 

7)  жаңа 

экономикалық  интеграциялық  бірлестіктер  жағдайларына 

экономиканы  және  бизнесті  бейімдеу.  Қазақстанның  халықаралық  интеграциясы 

Қазақстан  Республикасы  сыртқы  саясатының  2014  –  2020  жылдарға  арналған 

тұжырымдамасында  айқындалған  мақсаттар  мен  міндеттерге  сәйкес  жүзеге 

асырылады; 



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау