Кафедра меңгерушісі - Алпысова Айгүл Рахманберліқызы
Алпысова Айгүл Рахманберліқызы - медицина ғылымдарының
кандидаты, доцент, «Терапия (Жедел және кідіріссіз медициналық көмек)»
мамандығы бойынша жоғары дәрежелі дәрігер, ҚР ДСӘДМ аккредиттелген
тәуелсіз сарапшы, терапиялық бағыттағы ҚР ДСӘДМ медициналық қызметі
сапасын бағалау саласында «Тәуелсіз медицина сарапшыларының
қауымдастығы» АҚ Қарағанды қауымдастығының мүшесі.
Қарағанды қаласының Облыстық жедел медициналық көмек көрсету
станциясында кеңес беру және санитарлық авиация түрінде; Облыстық
жақ-бет аурухансы ҚМҚК – терапевт-дәрігері ретінде емдеу жұмысын
жүргізеді.
Қарағанды қаласында (Қазақстан) терапияның өзекті мәселелері,
Астана қаласында (Қазақстан) Денсаулық сақтау министрлігі шешім
қабылдау үшін медициналық технологияларды бағалау басымдылығын
белгілеу семинарларынан өтті.
Диагностикалаудың заманауи және жоғары технологиялық әдістерін
және емдеудің заманауи патогенетикалық әдістерін меңгерді; ЖММК
медициналық технологияларды бағалау сараптамасын жүргізуге қатысады.
Бочарова Людмила Ивановна - «Терапия (Жедел және кідіріссіз
медициналық көмек)» мамандығы бойынша жоғары дәрежелі дәрігер.
Қарағанды қаласының Облыстық жедел медициналық көмек көрсету
станциясында кеңес беру және санитарлық авиация түрінде емдеу
жұмысын жүргізеді.
Қарағанды қаласында (Қазақстан) терапияның өзекті мәселелерінен
оқудан өтті. Диагностикалаудың заманауи және жоғары технологиялық
әдістерін және емдеудің заманауи патогенетикалық әдістерін меңгерді.
Матаева Лиза Маратовна - ҚММУ №1 жедел және кідіріссіз
медициналық көмек көрсету кафедрасының ассистенті. «Терапия (Жедел
және кідіріссіз медициналық көмек)» мамандығының екінші дәрежелі
дәрігер.
Қарағанды қаласының Облыстық жедел медициналық көмек көрсету
станциясында кеңес беру және санитарлық авиация түрінде емдеу
жұмысын жүргізеді.
Қарағанды қаласында (Қазақстан) терапияның өзекті мәселелерінен
оқу өтті. Кідіріссіз терапияның заманауи әдістерін меңгерген.
№ 2 жедел және кідіріссіз медициналық көмек көрсету кафедрасы
Кафедра меңгерушісі - Жұмабекова Гаухар Советқызы
Жұмабекова Гаухар Советқызы - медицина ғылымдарының кандидаты.
Жедел және кідіріссіз медициналық көмек көрсетудің жоғары санатты
дәрігер-терапевт. Дәрігерлік өтілі 22 жыл.
Қарағанды облысында ТЖ желісі бойынша су тасқынынан зардап
шеккендерге медициналық көмек көрсетуге қатысты. Санитариялық
авиация желісі бойынша науқастарға және зардап шеккен жандарға
кідіріссіз көмек көрсетеді.
Конференцияларға қатысады, "Облыстық жедел медициналық көмек
станциясында" медициналық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізеді.
Оразбаева Бахытгүл Серікқызы - медицина ғылымдарының кандидаты.
Бірінші санатты дәрігер-кардиолог. " Терапия" мамандығы бойынша
сертификаты бар. Дәрігерлік өтілі 17 жыл.
ҚЖА бар науқастарды анықтау бойынша "Саламатты Қазақстан - 2015"
бағдарламасына белсене атсалысты. Санитариялық авиация желісі бойынша
науқастарға және зардап шеккендерге кідіріссіз көмек көрсетеді.
Конференцияларға қатысады "Облыстық жедел медициналық көмек
станциясында" медициналық көмек көрсету сапасына сараптама жүргізеді.
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
Кафедра меңгерушісі - Бакирова Рысжан Емельқызы
Бакирова Рысжан Емелқызы - медицина ғылымдарының докторы,
қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер-терапевт, дәрігер-
пульмонолог, ҚР ДС ӘДМ аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, Қарағанды
терапевтері
қауымдастығының
мүшесі,
пневмонияны,
бронхылық
демікпені,
өкпенің
созылмалы
обструктивті
ауруын,
өкпенің
интерстициялық
ауруларын
емдеу
саласының
маманы;
ҚММУ
Консультациялык-диагностикалық орталығында кеңес береді, сырқаттары
ауыр науқастарға консилиумдар жүргізеді.
Стокгольмда
(Швеция)
антибактериалды
ем
және
басқару
бағдарламасы бойынша, Зальцбургта (Австрия) – пневмонияны емдеу
бойынша, Қазанда (Ресей) – өкпенің интерстициалды ауруларын
диагностикалау және емдеу бойынша оқыды.
Пикфлоуметрияны, спирометрияны жасай біледі.
№ 2 ішкі аурулар кафедрасы
Кафедра меңгерушісі - Ларюшина Елена Михайловна
Ларюшина
Елена
Михайловна
-
медицина
ғылымдарының
кандидаты, доцент, «Терапия» мамандығы бойынша жоғарғы санатты
дәрігер, «Гастроэнтерология», «Гематология» мамандығы бойынша
дәрігер, Қарағанды терапевтері және терапиялық бейіндегі мамандар
қауымдастығының мүшесі. ҚММУ Консультациялық-диагностикалық
орталығында консультациялық жұмыс атқарады және Қарағанды қ.
Облыстық клиникалық ауруханасының базасында дифференциалды
диагностикалық тұрғыда және емінде қиындық туғызатын коморбидті
науқастардың консилиумдарына қатысады.
ҚММУ базасында ішкі аурулар патологиясының өзекті мәселелері
бойынша кәсіби біліктілігін үнемі жоғарлатады. Алыс және жақын шет
елдерде: Тель-Авивте (Израиль) онкогематологиялық ауруларды емдеу,
Римде (Италия), Дубайда (БАӘ) – асқазан – ішек жолдарының микробиоты,
Мәскеуде (Ресей), Алматыда (Қазақстан) – өңеш, асқазан және
гепатобилиарлы аурулары бойынша оқытудан өтті.
Гастроэнтерологиялық бейіндегі аурулар, ішкі мүшелердің, тракт,
бауыр, қан жасау жүйесінің патологиясын диагностикалау мен емдеу
бойынша заманауи технологияларға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |