7
Түсіндірме хат
6М010800 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша қабылдау экзаменінің
бағдарламасы аталған мамандық бойынша магистратураға қабылдау ережелеріне және «Дене
тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиялық негіздері»дисциплиналары бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес
құрастырылып шығарылған..
Қабылдау экзамені магистратураға түсу кезінде міндетті құраушылардың ішінде
маңызды болып табылады.
Қабылдау экзаменін жүргізудің мақсаты «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы
бойынша магистратураға түсушілердің теориялық-әдістемелік және кәсіби дайындықтарын
анықтау болып табылады.
Қабылдау экзамені барысында келесі тапсырмалар шешіледі:
- «Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі мен спорт
түрлерінің физиологиялық негіздері» оқу дисциплиналары бойынша талапкердің білім
деңгейін бағалау, олар оның кәсіби компетенциясын анықтайды;
- талапкерлердің дене тәрбиесі мен спорт, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиялық негіздері саласындағы кәсіби ситуациялық тапсырмаларды шешу кезінде
ориентир жасай алуын, теориялық жағдайларды практикалық мысалдармен иллюстрациялай
білуін бағалау;
- түсінік аппаратын басқару және ғылыми терминологияны қолдану қабілетінің
деңгейін бағалау;
- теорияларда, концепцияларда және дене тәрбиесі, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиясы саласындағы бағыттарда ориентир жасай білу қабілетін,жауап беру кезінде
дисциплина аралық ғылыми білімді қолдана білу қабілетін бағалау;
- магистратураға түсушінің ақпараттық және коммуникативтік мәдениет деңгейін
бағалау;
- магистратураға түсушінің кәсіби жұмыстың негізгі түрлерін жүзеге асыруға
дайындық деңгейін бағалау.
Талапкер міндетті:
Білуге:
- ғылыми білімдер жүйесіндегі дене тәрбиесі мен спорт, дене тәрбиесі мен спорт
түрлерінің физиологиясының құрастырылу тенденцияларын;
- кәсіби жұмыстың пәндік саласын сипаттайтын негізгі түсініктерді;
- дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесіндегі, дене тәрбиесі мен спорт
түрлерінің физиологиясындағы зерттеу әдістерін;
- дене тәрбиесі және спорт, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясының
формалары мен функцияларын;
- дене тәрбиесінің негіздері мен құрылысын;
- дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерін;
- дене тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптерін;
- қозғалыс қимылдарын оқыту теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздерін;
- қозғалыс қабілеттерінің маңызын және олардың бағытты даму әдістемелерінің жалпы
негіздерін;
- дене тәрбиесінің жастық ерекшеліктерін;
- дене тәрбиесіндегі жоспарлау;
- дене тәрбиесіндегі бақылау және өз-өзін бақылау;
- физикалық жаттығулар сабақтарын қауіпсіз өткізудің негіздері;
Жасай білуге:
- кәсіби жұмыстың пәндік саласын және оның даму перспективтерін жүйелі елестету;
- дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиясы саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
8
- дене тәрбиесі, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясының құралдары мен
әдістерін қолдану ;
- практикалық жұмыс процессінде дене тәрбиесі принциптерін реализациялау;
- физикалық жүктемені нормалау және бақылау;
- қозғалыс қабілеттерінің бағытты дамуын жүзеге асырады;
- тұлғаның дене тәрбиесін құрастыру;
- оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау;
- дене тәрбиесінің тиімділігін бақылау;
- ғылыми-әдістемелік әдебиетпен, нормативтік және басқа документациялармен жұмыс
жасау;
- әдістемелік, жоспарлаушы және есептік документацияны форма бойынша құрастыру;
Игере білу:
- дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиясының түсінік аппараттарын;
- дене тәрбиесі, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы саласындағы зерттеу
әдістерін;
- дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің құралдарын,әдістерін және физиологиялық
ерекшеліктерін;
- физикалық жүктемені нормалау әдістемесін;
- қозғалыс қимылдарын оқытудың әдістемесін;
- қозғалыс қимылдарының бағытты даму әдістемелерін,физикалық қасиеттер
дамуының физиологиялық механизмдерін;
- дене тәрбиесіндегі бақылау әдістерін.
6М010800 – Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша қабылдау экзаменінің
бағдарламасы «Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесі», «Дене тәрбиесі мен
спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» көршілес дисциплиналарының оқу
материалының мазмұнын интеграциялай отырып жүйелік және комплекстік сипатқа ие
болып табылады.
I. 6М010800– «Дене тәрбиесі және спорт» бойынша магистерлік бағдарлама бойынша
қабылдау экзаменіне қойылатын талаптар
Қабылдау экзамені бағыт бойынша магистратураға түсуші абитуриенттердің
бакалавриат
дисциплиналарын
(медико-биологиялық,
психолого-педагогикалық,
гуманитарлық, жалпы кәсіби, әлеуметтік-экономикалық және басқа) оқу процессінде алған
білімдерін дене тәрбиесі саласындағы практикалық тапсырмаларды шешу үшін қолдана білу
қабілетін анықтауға міндетті.Дене шынықтыру-спорттық жұмыс теориясы мен
практикасының сұрақтарының жауаптары басқа,дене тәрбиесі мен спорт магистр-оқытушы
квалификациясымен байланысты дисциплиналар позициясынан терең негізге ие болулары
керек.Қабылдау экзаменінің бағдарламасы бағыт бойынша «6М010800 – Дене тәрбиесі және
спорт» бағыты бойынша магистратураға түсушілердің дайындықтарының деңгейіне
қойылатын талаптарды ескере отырып құрастырылды.
Берілгендерге сәйкес, Бағдарлама мазмұны кәсіби білім беру бағдарламасының
талаптарына сай сәйкестілікті қарастырады, құрамында жоғарыда аталғандардың
дисциплиналардың негізгі бөлімдері,сонымен қатар мамандық бойынша тақырыптары толық
ашылмаған түрде,бірақ жауап кезінде қандай дисциплиналардың материалдарын қолдану
керектігі туралы көрсетілген қабылдау экзаменінің сұрақтар тізімі бар. Қабылдау
экзаменінің бағдарламасы билет сұрақтарына жауаптарды логикалық құрастырылған схема
бойынша,жалпы кәсіби : медико-биологиялық, психолого-педагогикалық, әлеуметтік-
экономикалық және басқа болашақ ғылыми-кәсіби жұмыстың ерекшеліктерін сипаттайтын
пәнаралық байланысты ескере отырып ұйымдастыру мүмкіндігін жүзеге асырады.
Қабылдау экзаменіне шығарылатын проблемалар комплекстік сипатқа ие және
олардың
құрамында
маманның
әртүрлі
(теоретикалық,
медико-биологиялық,