Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет6/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

 
13 
қазақ  тілі  3-4  жасар  балаларға  әр  түрлі  практикалық  әдіс-тәсілдермен  ойын 
жағдайында үйретілсе, 5 жастан бастап арнайы сабақ үлгілерімен әрі ойын, әрі 
логикалық жаттығулары бар оқыту жүйесінде үйретіледі. Осы пайымдауларды 
қорыта келе, балабақшада қазақ тілін оқытып, қазақша тіл дамыту жұмыстарын 
ұйымдастаруда  тәрбиеші-мұғалім  төмендегідей  қағидаларды  есте  ұстағаны 
жөн: 
1.    Балабақшадан  бастап  қазақ  тілін  оқытудың  басты  міндеті  – 
балалардың 
жастайынан өздері күнделікті жүрген ортасында мемлекеттік тіл болып бекіген 
жергілікті  тұрғындардың  тілін  түсінетін,  тіпті  сол  тілді  қарапайым  формада 
қолдана білуге үйрету деп түсіну; 
2.  Екінші  тілге  үйретуде  психологиялық  тиімді  жағдай  тудырудың  бір 
жолы–  балалардың  бойында  басқа  тілді  үйренудің  ешқандай  қиындығы  жоқ 
деген түсінік қалыптастыру екендігін ескеру; 
3.  Қазақша  түсініп  сөйлесе  бастайтын  балалар  тобында  қысқаша 
синтагмалар  үш-төрт  жастан  ұсынылады.  Қазақ  тілін  алғаш  рет  үйрету 
жүйесінде,  яғни  таза  орыс  тілді  топтарда,  қарым-қатынасқа  түсіретін  қысқа 
синтагмалар үшінші, төртінші сабақтарда амандасу, танысуға үйрету,  «Не бар, 
не жоқ?» ойынын ойнату кезеңдерінде қысқа сөйлем үлгілері түрінде беріледі. 
Дегенмен,  мұндай  синтагмалар  басқа  сөйлем  байланыстарымен  ілесіп  сөйлеу 
тілінің  негізін  құрай  алмайды.  Лингвистикалық  материалдар  жүйелі  түрде 
балалардың  өзара  және    айналасындағылармен  қазақ  тілінде  тілдік  қатынасқа 
түсу бағытында берілуін қамтамасыз ету; 
4. Бала тілді бөлшектеп үйренбеуі керек, тіл әр уақытта үйретілсе де, бір 
тұтастықта, баю, жетілу тұрғысында қабылдануы тиіс. Мұндай тұтас қабылдау 
«тілді  сезіну»  деп  аталады.  Балалар  қазақ  тілін  меңгеріп  келе  жатқандығын 
өздері  сезіп  отырулары  керек.  Олардың  өзге  тілді  өте  жоғары  дәрежеде 
қабылдануына  педагогпен  немесе  өзара  тілдік  қарым-қатынасқа  түсіретін 
жағдаяттар  (ситуациялар),  сол  сияқты  ерекше  ұйымдастырылған  тілдік 
әрекеттер қатты әсерін тигізетінін әрдайым естен шығармау; 
5.  Балабақшада  қазақ  тілі  сабақтары  аптасына  екі  реттен,  20-25  минут 
ұзақтықта  болуын,  балаға  меңгертілетін  білім-дағдылар  бала  психологиясына 
салмақ  түсірмейтіндей,  ойын-тапсырмалар  баланың  жас  ерекшелігіне  сай 
болуын  ескеру.  Мысалы,  шығармадағы  сөздердің,  тіркестердің  мәнін 
бейнелейтін  тірек  суреттер  мен  тірек-сызбаларды  сөз  тіркесін,  сөйлемшелер 
құрастыру үшін қолданып отыру қажет (1,2,3-қосымшалар). 
6.  Балаларға  сабақ  барысында  берілетін  білімді  сабақтан  тыс  уақытта 
балабақша  қызметкерлерінің  көмегімен  (мекемеде  қазақша  сөйлесуді  дәстүрге 
айналдыру,  «Мемлекеттік  тілде  сөйлейік»  атты  күндер  мен  апталықтар 
ұйымдастыру),  көркем-әдеби  және  көрнекті  жайма  кітаптар  (панорама)  [17], 
арнайы әзірленген құралдар арқылы [18] бекітіп отыруды ескеру. 
Осы 
келтірілген 
педагогикалық, 
психологиялық, 
дидактикалық, 
лингвистикалық заңдылықтар мен талаптар қазақ тілін екінші мемлекеттік тілде 
сөйлеуге  үйрету  үдерісінде,  әр  баланың  ана  тілінде  байланыстырып  сөйлеу 
тілін дамыту кезеңдерінде ескерілгені жөн. 


 
14 
3. Мектепке дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі туралы түсінік 
Балабақша балаларының айналасындағылармен түсінісуіне, білім алуына 
жағдай  жасау  арнайы  түрде  оқыту  үдерісі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Қазақ 
тілін  оқыту  мазмұнын  балаларға  екі  жыл  мерзім  ішінде  берілетін  тілдік 
материалдар  құрайды.  Оқу-тәрбие  жұмыстарын  орыс  тілінде  жүргізетін 
балабақшада баланы қазақша сөйлеуге үйрету 5 жастан бастап аптасына екі рет 
ұйымдастырылатын  оқыту  бағдарламасымен  жүргізіледі.  Осы  мақсатта  алғаш 
рет 1987-89 жылдары арнайы бағдарламалар жасалып, бастапқыда әрбір оқыту 
жылына 32 сағаттан, кейін 64  сағаттан жетілдіріліп бекітілді. Жылма-жыл сол 
бағдарламаларға негізделіп, әдістемелік құралдар, нұсқаулар жазылды. 
Қазақ  тіліне  оқыту  оқу-тәрбие  жұмысын  орыс  тілінде  жүргізетін 
балабақша  топтарында  және  қазақ,  орыс  топтары  аралас  тәрбиеленетін  қазақ 
балабақшаларында  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Осы  жағдайда  қазақ  тілін  тіл 
дамыту  сабақтарымен  тығыз  байланыста  оқыту  тиімді  де  қолайлы  болмақ. 
Орыс  топтарында  ана  тілінде  сөздік  қорды  дамыту  кезінде  «Мұның  қазақша 
аталуы  қалай?»,  «Қазақ  сөзіне  ұқсастығы  бар  ма?»  деп,  қазақ  топтарында  ана 
тілін тиісті деңгейде білмейтін балаларға «Бұл сөздің орысша баламасы былай» 
деп  жаңа  сөзді  жедел  қарқынмен,  салыстыру  жолымен  меңгертуге  назар 
аударған жөн. Әсіресе, қазақ сөздерін, татар, башқұрт, әзірбайжан тілдеріндегі 
баламаларымен салғастыра беру бүлдіршіндердің полиглоттыққа, көптілділікке 
қызығушылықтарын арттырады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тілін  дамыту  әдістемесі–әрі  педагогика
 
[19],  әрі  психолингвистика  негіздеріне  [20]  сүйене  оқытылатын  пән. 
Методологиясы  –  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
туралы мектепке дейінгі педагогика және психология ілімдері [21]
 
және мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  [22]
 
ғылымының  заңдылықтары  мен 
қағидалары  болып  табылады.  Тіл  дамыту  әдістемесі  ғылымының  тілдік 
міндеттеріне  баланың  сөздік  қорын  дамыту,  дыбыстық  мәдениетін  тәрбиелеу, 
грамматикалық  формада  дұрыс  сөйлеуін  қалыптастыру  және  сауатын  ашу, 
көркем  әдеби  шығармалармен  таныстыру  жатады.  Тіл  дамыту  әдістемесі 
мәнерлеп  оқу  әдістемесімен  өзара  байланыста,  тәжірибелік  сабақтарда  және 
сабақтан  тыс  жағдайларда  әдеби  мәтіндермен  ұштастырыла  жүргізіледі.  Жас 
ерекшеліктеріне  орай  топ  балалары  алдында  айтылатын  сөздің  әсерлі  шығуы 
мектеп  жасына  дейінгілерді  оқытып,  тәрбиелейтін  қазақ  тілі  мұғалімінің  сөз, 
сөйлеу өнерін меңгеруіне тікелей қатысы бар.  
Қазақ тілін оқыту әдістемесі  [23] ұсынатын мәнерлеп  оқу  және сөйлеуге 
үйрену  жолдарын  меңгеру  арқылы  әрбір  мектепке  дейінгі  мекеме  қызметкері 
мемлекеттік  тілде  мәнерлі  сөйлеу  техникасына  жаттығып,  әдеби  мәтіндерді 
жанрлық  түрлеріне  қарай  бүлдіршін  балаларға  ауызша  шебер  жеткізе  білу 
дағдыларына төселеді.  
 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау