Астана – халықаралық тақырыптар талқыланатын қала



жүктеу 243,38 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі243,38 Kb.
#20719


                                                                                 27.06.2017 

Астана – халықаралық тақырыптар талқыланатын қала 

 Күні кеше Астанада ЭКСПО-2017 аясында ХІV Еуразиялық медиа-форум өткені белгілі. 

Оған әлемнің көптеген елінен танымал саясаткерлер мен сарапшылар және БАҚ өкілдері 

келген  болатын.  Біз  төменде  солардың  бірнешеуінің  медиа-форум,  Астана  және  жалпы 

Қазақ елі туралы айтқандарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.  

 

 Ник Гоуинг, халықаралық тележүргізуші, Ұлыбритания:  



–  Мұндай  медиа-форумдардың  халықаралық  журналистиканың  дамуында,  бір  ел  мен 

ақпарат  құралдарының  өзара  байланыс  орнатуында  маңызы  зор.  Форум  да  әлемдік 

деңгейдегі  халық  ара  лық  қақтығыстар  мен  келіс  пеу  шіліктерді  шешу  кезіндегі  бұқара 

лық ақпарат құралдарының жұмысы сөз болды. Жалпы, мемлекетаралық келіспеушіліктер 

кезінде  дәстүрлі  журналистиканың  маңызы  айтарлықтай.  Тарихқа  қарайтын  болсақ, 

ғасырлар  бойы  шешімін  таппай  келе  жатқан  мәселелер  халықаралық  журналистердің 

араағайындығымен ретке келгенін көреміз.  Ал Астанадағы медиа-форумның осымен 14-

рет өткізіліп отыруы Қазақстанның әлемдік бейбітшілік пен келісімге қосқан үлесін бекіте 

түседі.  Осы  орайда,  қазақ  журналистикасы  халықаралық  және  өңірлік  деңгейдегі 

қақтығыстардың шешілуіне жұмыс істеп жатқанын көзіміз көріп отыр. Мәселен, Астанада 

өткізілген  Сирия  келіссөздерінде  қазақ  журналистикасы  ортақ  ұстаным  танытылуына 

өзіндік үлестерін қосты.  



Тодд Бэйр, Блумберг агенттігінің халықаралық директоры, Ұлыбритания:  


– Астанадағы дәстүрлі медиа-форумда журналисти каның бүгіні мен ертеңі туралы пікір 

алмастық.  Технологияның  дамуымен  дәстүрлі  журналистиканың  түр-тұлғасы  мен 

мазмұны өзгеріп жатқаны ақиқат. Кей сарапшылардың пікірінше, алдағы бірнеше жылда 

дәстүрлі  журналистика  біржола  жойылып,  орнына  әуесқой  тілшілер  жұмыс  істей 

бастамақ.  Дегенмен,  менің  пікірімше,  журналистика  саласы  технологияның  дамуымен 

одан  сайын  дами  түспесе,  жоғалмайтыны  анық.  Мүмкін,  журналистердің  ақпарат  беру 

әдістері  мен  ақпараттың  мазмұны,  оның  жылдамдығы  кісі  танымастай  өзгерер.  Оның 

алғашқы  белгілерін  біз  қазірдің  өзінде  байқап  отырмыз.  Әлеуметтік  желілерді  қолдану 

кеңістігінің кеңеюі, кез келген адамның ақпарат тарату мүмкіндігінің пайда болуы қазіргі 

ақпараттық-технологиялық  заманда  мәліметтерге  күмәнмен  қарауды  үйретеді.  Жоғарыда 

айтылған, журналистер жұмысы технологияның дамуымен түрленеді дегеніміздің себебі, 

алдағы  уақытта  журналистердің  міндеті  ақпарат  табу  мен  оны  тарату  емес,  оның 

ақиқаттығын тексеру болуы мүмкін.  

Гилад  ШЕР,  Израиль  премьер-министрі  әкімшілігінің  бұрынғы  басшысы,  келіссөздер 

бойынша бас маман: 

– Қазақстанның астанасы аз ғана уақыттың ішінде әлемдік деңгейде бітімгерлік құжаттар 

қабылданатын  алаңға  айналды.  Астанада  өткен  Сирия  келіссөздері  Таяу  Шығыстағы 

келіспеушіліктердің  түпкі  себептерін  анықтап,  тараптар  пікірлерінің  тыңдалуына, 

тиісінше  ортақ  шешім  қабылдауға  бір  қадам  жақындауға  мүмкіндік  берді.  Ал 

ұйымдастырылып  отыр  ған  Еуразиялық  медиа-форум  құр  лықтағы  ғана  емес,  сонымен 

қатар, әлемдік деңгейдегі мәселе лер дің ортаға тасталып, әр елден кел ген мамандардың 

пікір  ал  масуы  на  жағдай  жасап  отыр.  Әрине,  ақпарат  құралдарының  ашық  тығы,  сала 

маман дарының сараптамалық пікірлерінің БАҚ-тарда объективті жариялануы азаматтық 

қоғамның  жоғары  деңгейі  мен  демократияның  беріктігін  көрсетсе  керек.  Осы  орайда, 

Астананың әлемдік БАҚ үшін халықара лық деңгейдегі мәселелерді еркін зерттеу мен тал 

қылау  алаңын  ұсынып  отыруы  Қазақстанның  Еуразия  кеңістігіндегі  экономикалық  және 

саяси  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сөз  бостандығы  бойынша  көшбасшы  мемлекет  екенін 

айғақтай түседі.  

Билл  РИЧАРДСОН,  АҚШ-тың  БҰҰ-дағы  бұрынғы  елшісі,  бұрынғы  энергетика 

министрі:  

– Бұл жолғы медиа-форум соңғы жылдары айтылмай, айтылса да бұрмаланып жеткізіліп 

отырған  халықаралық  деңгейдегі  бірқатар  мәселенің  еркін  талқылануына,  әртүрлі 

тараптан  қаралуына  мүмкіндік  берді.   Соның  бірі  –  Сирия  мәселесі  мен  АҚШ-Ресей 

қатынасы.  Қазақстанның  XXI  ғасырдағы  ең  маңызды  бітімгер  мемлекеттердің  бірі  екені 

анық. Медиа- форумның берген мүмкіндігін пайдалана отырып біз – сарапшылардың көп 

теген  маңызды  мәселелер  туралы  ойларымызды  ортаға  салуымызға  жағдай  жасады. 

Жалпы,  Сирия  мәселесінің  де,  Ресей-Батыс  қатынасының  да  тараптар  үшін  тиімді 

шешілуінде  Астананың  берері  мол.  АҚШ  пен  Ресейдің  бірлесе  жұмыс  істеп, 

әріптестіктерін  қалпына  келтіретін  уақыт  жетті.  Аймақтағы  шиеленісті  жағдайларды 

шешу  үшін  барлық  мемлекеттердің  өзара  келісімге  келуі  керек.  Ал  ондай  келісімнің 

орнауы  үшін  Қазақстан  секілді  бітімгер  мемлекеттің  осы  бағыттағы  жұмыстары  өте 

маңызды.  




Кайхан  БАРЗЕГАР,  Таяу  Шығыс  стратегиялық  зерттеулер  институтының  директоры, 

Иран:  


–  Астанада  өткен  Сирия  келіссөздерінде  Иран,  Түр  кия,  Ресей  үштігі  айтарлықтай  келі 

сімге қол жеткіз ді деуге бола ды. Иранның атынан айтар болсам, біз аймақтағы ахуалды 

ретке келтіру үшін кез келген тараппен үнқатысуға дайынбыз. Әу баста Иранның Сирия 

мәселесіндегі  ұстанымы  осы  болған.  Ал  Астанадағы  келіссөздердің  алғашқы  раундында 

Иран  билігінің  АҚШ  тарабының  қатысуына  қарсылық  білдіруін  елдің  АҚШ  саясатына 

деген  жауабы  деп  түсіну  керек.  Өйткені,  АҚШ  ешқашан  да  Сирия  мәселесінде  ешбір 

мемлекеттің мүддесімен санасу керек деп есептемейді. Олар Сириядағы саяси баланстың 

сақталуына,  яғни  қазіргі  билік  пен  оппозицияның  күш-қуатының  тепе-теңдігінің 

сақталуына  мүдделі.  Бұл  дегеніңіз,  ондағы  азамат  соғысының  аяқталуына  АҚШ-тың 

асықпайтынын көрсетеді.  

Ал  Иран  өз  кезегінде қандай  билік  болсын,  Сирияда  тыныштықтың  орнағанын  қалайды. 

 

 



жүктеу 243,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау