Microsoft Word Путеводитель 2015-16уч г. дневное обучение каз doc



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата19.11.2018
өлшемі1,35 Mb.
#20675
1   2   3   4   5   6   7   8

 

11

2014-2015  оқу  жылы  аяқталған  соң  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-да  



бакалавриатта күндізгі оқу түрінің орта білім негізінде оқитын студенттер үшін 

төмендегі GPA мәндері белгіленген болатын: 

- 2 курсқа көшіру үшін  – 1,5; 

- 3 курсқа көшіру үшін – 1,67; 

- 4 курсқа көшіру үшін – 2,0; 

- 5 курсқа көшіру үшін (5В042000, 5В042100 мамандықтары үшін) – 2,1. 

2012-2013  оқу  жылы  аяқталған  соң  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-да  

бакалавриаттың барлық оқу түрінің орта кәсіптік білім негізінде қысқартылған 

бағдарлама  бойынша  оқитын  студенттер  үшін  төмендегі  GPA  мәндері 

белгіленген болатын: 

- 2 курсқа көшіру үшін  – 1,33; 

- 3 курсқа көшіру үшін – 1,5. 

 

Егер студент GPA санын белгіленген мәннен аз жинаса, ол ақылы негізде 



қайта оқу жылына қалдырылады. Қайта оқу жылында ол меңгермеген пәндерді 

зерделеп,  қажет  болған  жағдайда  бұрын  оқыған  пәндер  бойынша  бағаларын 

көтереді.  Қайта  оқу  жылына  қалдырылған  мемлекеттік  білім  беру  гранты 

бойынша білім алушылар мемлекеттік гранттан айрылып, ақылы негізде оқуды 

жалғастырады.  

 

5 Жазғы семестрді ұйымдастыру 

 

Жазғы  (қосымша)  семестрлер  (Академиялық  күнтізбені  қара)  оқу 



жылының  негізгі  семестрлеріне  қосымша  түрде  ұйымдастырылады.  Жазғы 

семестрде студенттердің мынадай мүмкіндіктері бар: 

- өзінің академиялық бережектерін жою; 

- GPA жоғарылату мақсатында жеке пәндерді қайта тапсыру; 

- өз қалауы бойынша қосымша пәндерді зерделеу.  

Сол  сияқты  жазғы  семестр  білім  алушылардың  академиялық  икемділігі 

шегінде (Анықтамалық-жолсілтеменің тиісті тарауын қара) білім алушылардың 

басқа жоғары оқу орындарда жеке пәндер бойынша оқуы үшін қолданылады.  

Жазғы  семестрде  білім  алу  әрбір  оқу  жылына  белгіленетін  1  кредит 

құнының  есебінен  ақылы  негізінде  ғана  жүзеге  асырылады  (аталған  пәндердің 

кредиттер  санына  байланысты).  Жазғы  семестрде  білім  алу  кезінде  студент 

аталған  пән  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарымен  қарастырылған  оқу 

сабақтарының  барлық  түрлеріне  қайтадан  қатысады,  рұқсат  алады  және 

қорытынды бақылауды (емтиханды) тапсырады. 

  

Жазғы  семестрде  білім  алуға  тіркелуді  студенттің  жеке  өтініші  негізінде 



Тіркеуші  офисі  (Басты  корпустың  бағана  залы,  Г-1-135  дәрісхана)  жүзеге 

асырады. 



 

 

 

 


 

12

6 Білім алушылардың академиялық икемділігі  

 

Қазақстан  Республикасы  Болонья  декларациясына  қосылу  құрметіне  ие  



болған  және  еуропалық  білім  беру  кеңістігінің  толық  құқылы  қатысушысы 

атанған  тұңғыш  Орта  Азиялық  мемлекет  болып  табылады.  Халықаралық  білім 

беру  кеңістігіне  бет  бұрудың  ең  басты  мақсаты  –  қазақстандық  жоғары  білім 

беру  сапасын  әлемдік  стандарттарға  сәйкес  қамтамасыз  ету,  оның 

тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.  

Болонья  декларациясының  негізгі  қағидаларының  бірі  студенттер  мен 

оқытушылардың академиялық икемділігі болып табылады.  

Білім  алушының  (студенттің)  академиялық  икемділігі  –  бұл  білім  алу 

үшін,  өз  жоғары  оқу  орнында  кредиттер  түрінде  зерделенген  білім  беру 

бағдарламаларын белгіленген тәртіпте міндетті түрде қайта сынақтап, олардың 

басқа  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  белгілі  бір  академиялық 

кезеңге (әдетте, семестрге немесе оқу жылына) ауысуы. 

   

Академиялық икемділіктің екі түрі бар: 



  ішкі – Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқу; 

  сыртқы – шетелдік жоғары оқу орындарында оқу. 

Университетте  академиялық  икемділік  бағдарламаларын  үйлестіруді 

Халықаралық  ынтымақтастық  бөлімі  (тел.  26-25-33)  –  сыртқы  икемділік 

мәселелері  бойынша  және  Тіркеуші  офисі  (Г-1-135,  тел.  540-498)  –  ішкі 

икемділік мәселелері бойынша жүзеге асырады.  

 

Басқа  оқу  орында  оқу  үшін  студент  академиялық  икемділік  шегінде  (өз 



бетімен немесе үйлестірушінің көмегімен) жоғары оқу орнын (ел ішінде немесе 

шетелде)  таңдайды,  зерделеу  үшін  пәндер  тізбесін  анықтайды  және 

бағдарламалардың  үйлестірушісіне  өтінім  береді.  Серіктес  жоғары  оқу 

орынның  ресми  шақыруын  алған  соң,  таңдаған  оқу  орнында  оқу  үшін  студент 

жеке  оқу  жоспарын  құрайды  және  аталған  жоспар  жөнінде  шығарушы 

кафедрамен немесе деканатпен келіседі.    

Үйлестіруші  (қажет  болса)  Студенттер  арасында  конкурс  өткізу 

комисиясының  жұмысын  ұйымдастырады.  Конкурстық  іріктеудің  негізгі 

критерийлері: өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау, «А», «А-

»,  «В+»,  «В»,  «В-»  үлгерімі,  шетелдік  жоғары  орнында  оқу  үшін  –  шетел  тілін 

еркін 

меңгеру 


(мүмкіндігінше 

шетел 


тілінен 

тест 


тапсыру 

туралы 


сертификаттың болуы).  

Академиялық икемділік шегінде білім алуды қаржыландыру төмендегілер 

есебінен жүзеге асырылады: 

  республикалық бюджет қаражаттары; 

  жоғары оқу орынның бюджеттен тыс қаражаттары; 

  ұлттық  компаниялар,  әлеуметтік  серіктестер,  халықаралық  қорлар 

гранттары;  

  білім алушылардың өз қаражаттары.  

Ішкі 

академиялық 



икемділік 

шегінде 


студент 

Қазақстан 




 

13

Республикасындағы  таңдаған  оқу  орнында  (немесе  шетелдік  оқу  орнында  –  



серіктес жоғары оқу орынның келісімі  бойынша) жазғы семестр ағымында оқи 

алады.  Еліміздің  алдыңғы  қатарлы  жоғары  оқу  орындары  өз  білім 

порталдарында 

on-line 


режимінде 

жазғы 


семестрде 

оқуға 


тіркелу 

мүмкіндіктерін  қарастыруда.

 

Тіркелу  тәртібі,  мерзімі  және  оқу  шарттары 



туралы  ақпаратты  оқу  орындарының  ресми  сайттарынан  таба  аласыз  немесе 

университеттің  академиялық  икемділік  мәселелері  жөніндегі  үйлестірушіден 

консультация алуға болады.  

Студент қабылдаушы оқу орыннан қайтып келгеннен кейін өз оқу орнына 

транскрипті  және  аванстық  есепті  ұсынады  (республикалық  бюджеттің,  оқу 

орынның  қаражаттары  есебінен  оқыған  жағдайда).  Транскрипт  негізінде  ECTS 

типі  бойынша  кредиттерді  қазақстандық  жүйемен  қайта  сынақтауға  сәйкес 

білім алушының кредиттерін міндетті түрде қайта сынақтау жүзеге асырылады 

(ECTS,  немесе  European  credit  transfer  system  –  кредиттерді  еуропалық  аудару 

жүйесі).   

    

7 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерін қайта қабылдау және 

ауыстыру ерекшеліктері  

 

Университетте  студенттерді  қайта  қабылдау  және  ауыстыру  тәртібі 



«Д.Серікбаев  атындағы  студенттерді  қайта  қабылдау  және  ауыстыру 

Ережелерімен» ШҚМТУ 706  ҚТ құжаттандырылған тәртіппен реттелген. 

Күндізгі  оқу  түрі  бойынша  білім  алушылардың  ауысу  немесе  қайта 

қабылдау  туралы  өтініштері  университет  ректорымен  жазғы  және  қысқы 

каникул  кезеңінде  (оқу  семестрі  басталғанына  дейін  бес  жұмыс  күнін 

кешіктірмей  қарастырылады).  Сырттай  оқу  түріне  ауысу  және  қайта  қабылдау 

туралы  өтініш  бір  айдың  ішінде  кезекті  емтихандық  сессия  басталғанға  дейін 

бес  күннен  кешіктірмей  қабылданады.  Білім  алушылар  бірінші  академиялық 

кезеңдегі  игерілетін  жеке  оқу  жоспардың  толық  аяқталуынан  кейін  ауыса 

немесе оқудан шығарылғаннан кейін қайта қабылдана алады. 

Білім  алушыны  қайта  қабылдау  немесе  ауыстыру  кезінде  бұрын  өткен 

академиялық  кезеңде  зерделенген  оқу  жұмыс  жоспарларындағы  пәндердің 

айырмашылықтары  нақтыланады.  Оқу  жұмыс  жоспарларындағы  пәндердің 

академиялық  айырмашылығын  факультет  деканы  (деканның  оқу-әдістемелік 

жұмыс  жөніндегі  орынбасары)  анықтайды.  Белгіленген  курсқа  ауыстыру  және 

қайта  қабылдау  оқу  жоспарындағы  пәндердің  айырмашылығының  көлемі 

(пререквизиттерді  игеруге  қажетті  есеппен)  30  кредиттен  аспайтын  жағдайда 

сол курсқа жүзеге асады  

Егер пәндердің айырмашылығының және пререквизиттердің көлемі үлкен 

кредиттер  санын  құраса,  ауысу  мен  қайта  қабылдау  тиісті  курсқа  жүзеге 

асырылады.  

Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндер  академиялық  айырмашылығын  жою 

тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен ресімделеді. 

Оқу  жұмыс  жоспарындағы  пәндер  академиялық  айырмашылығын  жою 

үшін  білім  алушы  академиялық  кезең  ағымында  оқу  сабақтарының  барлық 



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау