Айына 4 рет шығады 2009 жылғы 25 желтоқсаннан шыға бастады Редакция телефоны 8-72-251-2-39-44



жүктеу 401,32 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі401,32 Kb.
#20258


                    

Айына 4 рет шығады

        2009 



жылғы 25 желтоқсаннан шыға бастады

Редакция телефоны  8-72-251-2-39-44

Нөмірдің

тақырыптары



бет - Эксперименттер

жалғасуда



бет - «Жұмыспен қамту 2020 жол

картасы» бағдарламасы шеңберінде

оқыту

№ 2 (279) 29 қаңтар, 2016 жыл,

Курчатов қаласы

Республика  жаңалықтары

ШҚО  жаңалықтары

Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ

басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мем-

лекет  басшысы  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  "Астана  ЭКСПО-2017"

Ұлттық компаниясы" АҚ басқар-

ма төрағасы Ахметжан Есімовті

қабылдады.

Бұл  туралы Ақорданың  бас-

пасөз  қызметінен  хабарлады.

А.Есімов кездесу барысында

Мемлекет басшысына Астанада

өтетін  халықаралық  көрмеге

дайындық барысы туралы баян-

дады.


Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКС-

ПО-2017" көрмесін өткізу аясын-

да таяу жылдары алда ауқымды

жұмыстар  тұрғанына  тоқталды.

Атап айтқанда, көрмеге қатысу-

шылардың  түпкілікті  құрамын

анықтап,  Қазақстанның  павильоны  мен  өзге  елдердің  нысандарын  мазмұндық  тұрғыдан  толықтыру

қажет. Сондай-ақ, іс-шараны өткізуге және қонақтар қабылдауға елорда инфрақұрылымының әзірлігін

қамтамасыз  ету  керек.  Өзге  де  маңызды  міндеттер  қатарында  сапалы  мәдени  бағдарлама  әзірлеу,

еріктілерді тарту, сонымен бірге көрме аумағын кейіннен халықаралық қаржы орталығы ретінде пайда-

лану мәселелері бар.

А.Есімовтің айтуынша, бүгінге дейін 70 шет мемлекет көрмеге қатысатынын растаған, соның 35-і -

дамыған елдер. Көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да қызығушылық танытуда. Жалпы,тіркеудосъе-

сі бойынша жоспарланған 100 елдің қатысу көрсеткішіне қол жеткізіледі деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ұлттық компания көрмені өткізу шығыста-

рын нысандар функционалын сақтай отырып, тағы 53 миллиард теңгеге қысқартты. Осылайша, бұрын

жасалған  қысқартуларды ескергенде,  шығыстарды  оңтайландыру көлемі  жалпы  131 миллиард  теңге

болады. Бұған дейін топ-менеджерлер саны 15-тен 6-ға қысқарған болса, қазіргі кезеңде штат кестесін

12 

пайызға  оңтайландыру  жоспарланған.



Сонымен қатар, А.Есімов "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу ісін әрі қарай ілгерілету мақсатында Давос

қаласындағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумда ақпараттық науқан жүргізілгенін атап

өтті. Көрме өткеннен кейін бұл аумақта БҰҰ қолдауымен Халықаралық жасыл технологияларды және

инвестициялық  жобаларды  дамыту  орталығын  құру  көзделуде.  Елбасының  былтыр  БҰҰ  Бас

ассамблеясы  отырысында  жариялаған  бұл  ұсынысы  қазірдің  өзінде  өзге  елдер  тарапынан  қолдау

табуда. "Астана ЭКСПО-2017" басқармасының төрағасы көрме нысандарын құрылыс материалдарымен

қамтамасыз  ету  ісіне  230-дан  аса  қазақстандық  кәсіпорын  тартылып,  жалпы  құны  77  миллиард  тең-

генің қызметі мен тауарын жеткізу жөнінде шарттар жасалғанына назар аударды. Соның 30 миллиард

теңгесі Астанада жұмыс істейтін компанияларға тиесілі. Осылайша, ЭКСПО дағдарыс уақытында жаңа

жұмыс орындарын ашып, қазіргі жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік жобалар-

дың бірі болып отыр.

А.Есімов көрме нысандарын салу жұмысы жоспарлы мерзімге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Биыл

құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған, содан кейін көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан то-

лықтыру ісі басталады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

ҚР  Мемлекеттік  хатшысы

Г.Әбдіқалықованың  Ақтөбе  облысына

жұмыс  сапары  жалғасуда

Жұмыс  сапарының  екінші  күнінде  Г.Әбдіқалықова  2013  жылы  мем-

лекет-жекеменшік  әріптестігі  негізінде  салынған  "Дәру  клиникасы"  ме-

дициналық оңалту орталығында болды. "Дәру клиникасы" Франция, Гер-

мания, Швейцария, Жапония және АҚШ сияқты әлемдік жетекші брендтік

компаниялардың  эксперттік  санаттағы  медициналық  құралдарымен

жабдықталған.  Құрылған  күнінен  бастап  клиникада4мыңнан  астам  ем-

делушіге медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы

индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тау-кен және

өнеркәсіп үшін түрлі бекітпе-тіреуіш бұйымдар шығаратын "Каспий плюс"

ЖШС өндірісінің жұмысымен танысты. Импорт алмастыруға және инно-

вациялық  технологияларды  енгізуге  бағытталған  кәсіпорынның  негізгі

әріптестері "Еуразиялық  топ", "Соколов-Сарыбай кен  байыту өндірістік

бірлестігі", "Өзенмұнайгаз" болып саналады. Жұмыс сапарының соңын-

да Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы-

на арналған "Менің жетістігім - Тәуелсіздігімнің жетістігі" атты өңірара-

лық Жастар форумына қатысты. Форумға Атырау, Батыс Қазақстан, Маң-

ғыстау,  Қызылорда  облыстарынан,  сондай-ақ  Ресей  Федерациясының

Орынбор  облысынан  делегациялар  келді.  Мемлекеттік  хатшы  кіріспе

сөзінде  Елбасы  Н.Назарбаевтың  жастарды  тәрбиелеуге  баса  көңіл

бөлетінін  атап  өтті.  Елімізде  өскелең  ұрпақтың  жан-жақты  дамуына

қолайлы  жағдай  жасалғанын,  олармен  дербес  жұмыс  жүргізуді  қамта-

масыз ететін тиімді үлгі қалыптасқанын атап өтті. Инновация, білім, тех-

нология және тәжірибеге бағытталған "Болашақ", "Жасыл ел", "Диплом-

мен  -  ауылға",  "Жастар практикасы",  "Серпін"  жастар  бағдарламалары

мен жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Форумға қатысушылар жастар-

дың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін

талқылады.  Мемлекеттік  хатшы  жұмыс  сапарының  қорытындысы  бой-

ынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: www.24.kz сайты

ҚҰРМЕТТІ  ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың

тұрғындар  алдындағы  есебі  2016  жылғы  26  ақпанда  сағат  11.00-де

Металлургтер  мәдениет  сарайында  мына  мекенжайы  бойынша  өтеді:

Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 68.

Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімі  есебінің  тезистеріне  ұсыныстар  мен

ескертулеріңізді  барлық  деңгейдегі  әкімдіктер  ғимараттарында

орнатылған  ұсыныстар  мен  ескертулер  жинауға  арналған  жәшіктер

арқылы  немесе  облыс  әкімінің  www.akimvko.gov.kz  сайтындағы  "Сұрақ-

жауап" айдары арқылы бере аласыздар.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс  әкімі  "Өскемен  титан-магний  комбинаты"  АҚ

басшылығымен  кездесу  өткізді

Кездесу  барысында  титанның  әлемдік  нарықтағы  жағдайы  мен  "ӨТМК"  АҚ-ның  келешек  дамуы

талқыланды.

"

ӨТМК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер және "ӨТМК" АҚ президенті Әсем Мамұ-



това аймақ басшысын титанды өткізу нарығының жағдайы, кәсіпорынның жұмысы мен даму жоспары

туралы ақпараттандырды. Сильван Гелер "ӨТМК" АҚ әлеуметтік жауапкершілік бойынша барлық шара-

ларды бұдан былай да жалғастыратынын айтып сендірді.

Өз  кезегінде  аймақ  басшысы  аталмыш  кәсіпорынның  дамуы  облыс  үшін  өте  маңызды  екенін  ай-

тып, мұнай-газ секторы үшін өнімдер сату көлемін ұлғайтуды тіледі.

"

ӨТМК" АҚ өнімінің 100 пайызы индустриалды дамыған елдерге экспортталатын, кеуекті титан, ти-



тан құймаларын шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі.

2010-2014 

жылдары "ӨТМК" АҚ кезекті технологиялық қайта бөлісулерді дамыту және өткізу нары-

ғын кеңейтуге бағытталған, бірқатар инновациялық жобаларды енгізген. Негізгі өндірістердің ішінде -

2010 

жылы авиағарыштық, мұнай-газ саласы, атом энергетикасы, қорғаныс және медицина өнеркәсі-



бінде қолданылатын титан құймалары мен қоспаларын өндіретін цехтің ашылуы.

"

ӨТМК" АҚ-ның соңғы ірі инвестициялық жобаларының бірі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шең-



берінде 2009 жылы оңтүстік кореялық "ПОСКО" компаниясымен бірлесіп титан қоспаларын өндіретін

"

ПОСУК  Титаниум"  кәсіпорнының  құрылуы.  Жаңа  зауыттың  өнімі  2014  жылдың  желтоқсан  айында



пайдалануға  берілді  және  Кореяның  кеме  жасайтын  компанияларымен  қолданылатын  болады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі



бет - Субсидиялауға өтінімді

қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы

бере алатын болады

PDF 


создан с пробной версией pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com




2

Редакция телефоны 8-722-51-2-39-44

№ 2 (279) 29 қаңтар, 2016 жыл

"

Нұр Отан" партиясы Курчатов қалалық филиалының

қоғамдық қабылдау бөлімінде құқық қорғау

органдарының халықты қабылдау

кестесі (2016 ж. бірінші жарты жылдығы)

1.  Даембаев О.Б., прокурор  

05.04. 2016 ж. 

20.06. 2016 ж. 

15.00-18.00 

 

2.  Кусаинов М.К. , әділет 



басқармасының аға инспекторы 

06.04. 2016 ж. 

21.06. 2016 ж. 

15.00-18.00 

 

3. 


Кумаргажин К.С.,  

ІІҚБ басшысы 

11.04. 2016 ж. 

24.06. 2016 ж. 

15.00-18.00 

 

4.  Жакаева Б.А., әділет 



басқармасының басшысы 

13.04.2016 ж. 

28.06. 2016 ж. 

15.00-18.00 

 

 

"



Нұр Отан" партиясы Курчатов қалалық филиалының

қоғамдық қабылдау бөлімінде Курчатов қалалық

 

маслихаты депутаттарының 2016 жылға арналған

халықты қабылдау кестесі

 

№ 

Қабылдауды жүргізетін адам,  

қызметі 

 

Қабылдаудың өтетін  

уақыты 

Қабылдау 

уақыты 

1. 


Пронина Вера Валентиновна 

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты  

04.01. 2016 ж. 

26.05. 2016 ж. 

17.08. 2016 ж. 

19.10. 2016 ж. 

 15.00-18.00 

2. 

Султанов Айтбек Дайырович  

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

06.01. 2016 ж. 

31.05. 2016 ж. 

18.08. 2016 ж. 

20.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

3. 

Надеев Петр Евгеньевич  

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

11.01. 2016 ж.  03.06. 2016 ж. 

19.08. 216 ж. 

21.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

4. 


Иманмадиев Ержан Муварякович 

 Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

13.01. 2016 ж. 

07.06. 2016 ж. 

22.08. 216 ж. 

24.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

5. 

Киселева Любовь Валерьевна 

 Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

14.01. 2016 ж. 

09.06. 2016 ж. 

23.08. 216 ж. 

25.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

6. 

Демышев Владимир Алексеевич 

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

18.01. 2016 ж. 

14.06. 2016 ж. 

24.08. 216 ж. 

26.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

7. 

Рыспеков  Серик Мукашевич 

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

19.01. 2016 ж. 

16.06. 2016 ж. 

25.08. 216 ж. 

27.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

8. 

Тусупбаев Хайдар Омарбекович  

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

20.01. 2016 ж. 

20.06. 2016 ж. 

26.08. 216 ж. 

28.10. 2016 ж. 

15.00-18.00 

9. 

Карымбаева Гульмира 

Канагатовна 

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

28.01. 2016ж. 

23.06. 2016 ж. 

31.08. 2016 ж. 

01.11. 2016 ж. 

15.00-18.00 

10. 

Дмитропавленко Владимир 

Николаевич 

Курчатов қалалық маслихатының 

депутаты 

02.02. 2016 ж. 

24.06. 2016 ж. 

05.09. 2016 ж. 

02.11. 2016 ж.

 

15.00-18.00 



 

Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің

25 

жылдығына арналған Курчатов қаласының

ерлер және әйелдер мұғалімдер арасындағы

баскетбол  жарысы

2016 


ж. 22 - 23 қаңтар  күндері  Курчатов қаласы бойынша балалар

және жасөспірімдер спорт мектебінің ойын залында  Қазақстан Респуб-

ликасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Курчатов қаласының

ерлер  және  әйелдер  мұғалімдер  арасындағы  баскетбол    жарысы  өз

жалғасын  тапты.

Алғашқы күні ер  мұғалімдер, екінші күні әйелдер  баскетбол ойынын

ойнады. Аталған жарысқа 40-тан аса ұстаздан құрылған № 1 жалпы білім

беретін  орта  мектебінің,  мектеп  гимназияның,  №  3  орта  мектебінің  ко-

мандалары  қатысты.

Баскетбол  жарысының  қорытындысы:

Ерлер:  І орын  - Курчатов  қаласының №  1 жалпы  білім беретін  орта

мектебі;


ІІ орын - мектеп - гимназия;

ІІІ орын - № 3 орта мектебі.

Әйелдер: І орын -  № 3 орта мектебі;

ІІ орын - Курчатов қаласының № 1 жалпы білім беретін орта мектебі;

ІІІ орын -  гимназия - мектебі.

Жарысқа қатысқан мұғалімдердің арасынан ең үздік көзге түскен және

жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары Курчатов қаласының білім, дене

шынықтыру және спорт бөлімі басшысының мақтау қағазымен  марапат-

талды.

Балалар  және жасөспірімдер спорт мектебі

Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді

ХҚКО арқылы бере алатын болады

Ауылшаруашылығы сала-

сында  субсидиялауды  жеке

және  заңды  тұлғалар  Ха-

лыққа қызмет көрсету орта-

лықтары  арқылы  ресімдей

алады.  Бұрын осы қызмет-

терді  ресімдеу  үшін  белгілі

бір  кесте  бойынша  көрсеті-

летін қызметті берушінің кең-

сесіне  тікелей  жүгіну  талап

етілсе, енді қазір қызметтер

ХҚКО арқылы қолжетімді бо-

лып  отыр,  оның  ішіндегі

үшеуіне электрондық үкімет

порталы  арқылы  қол  жеткі-

зуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойын-

ша мемлекеттік қызметтерге құжаттарды өздерінің қалыпты кестесі бой-

ынша қабылдайды - аптасына 6 күн, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9-дан кешкі

сағат 8-ге дейін.

"

ХҚКО" РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-



лар арқылы субсидиялаудың 8 түрін алуға болады, олардың ішінде - ауыл

шаруашылығы өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын; ауыл

шаруашылығы  өнімдерін  өңдеуге  арналған  гербицидтер  мен  биопрепа-

раттардың  құнын;  асылтұқымды  мал  шаруашылығын  дамытуды;  жеміс-

жидек  дақылдарының  және  жүзімнің  көпжылдық  көшеттерін  отырғызу

және өсіру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; ты-

ңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топы-

рақта  өңдеп  өсіру  шығындарының  құнын,  сондай-ақ  өсімдік  шаруашы-

лығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі әр түрлі - күрделілігіне қарай

жұмыс күнінен бастап 41 жұмыс күніне дейін созылады. Алайда, ХҚКО



арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күні

бұл мерзімге кірмейтіндігін есте сақтаған жөн.

Қажетті  құжаттар  туралы  электрондық  үкімет  порталының  con.gov.kz

ресми сайты  және 1414 тегін  нөмірі бойынша бірыңғай  байланыс орта-

лығына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Субсидиялау жөніндегі қыз-

меттер тегін көрсетіледі.

Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  құрылған  сәтінен  бастап

мұнда ұсынылатын мемлекеттік қызметтер спектрі 212-ге дейін көбейді,

ал бизнес-процесстерді оңтайландыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет-

терді алуға қажетті құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресімдеу мен

кезек  күту  уақытын  қысқартуға  және  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет-

терді алу мерзімдерін азайтуға мүмкіндік берді. Бүгін елімізде 270 ХҚКО

бөлімі  жұмыс  жасайды.

Курчатов  қаласының  полиция  бөлімімен  өткізілген

"

Автобус"  жедел-алдын  алу  шарасының  қорытындысы

бойынша  9  жол  жүру  ережесі  тіркелген

"

Автобус" шарасының мақсаты - жолаушылар көлігі жүргізушілерінің құқықбұзушылықтарының ал-



дын  алу  және  оларды  анықтау,  сонымен  қатар  жол  апаттарының  алдын  алу.  Бұл  шараға  Жол  пат-

рульдік полиция бөлімшесі ғана емес Полиция бөлімінің басқа да бөлімшелері ат салысты. 2016 жы-

лғы 19 қаңтар мен 21 қаңтар аралығында өткен "Автобус" шарасы барысында жолаушылар көлігінің

жүргізушілері жасаған 2 жол жүру ережесінің бұзылғандығы анықталды. Нақты айтқанда бірі автобус

жүргізушісінің ұялы телефонмен сөйлесуі болса, екіншісі такси жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақ-

пауы  болып  табылады.  Қалған  7  бұзушылық  жеке  автокөлік  жүргізушілерімен  жасалған.  Осылайша

жол ережесін бұзушылар ҚР ӘҚБтК 1 бөлімінің 591 және 593 баптары бойынша әкімшілік жауапкерш-

ілікке  тартылды.



Курчатов қаласының ПБ

PDF 


создан с пробной версией pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com




3

№ 2 (279) 29 қаңтар, 2016 жыл

2016 


жылға Курчатов

қаласының  аумағында

тұратын халықтың

нысаналы  топтарын

анықтау туралы

қаулының  жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты

жұмыспен  қамту  туралы"  Заңының  5-бабына,  7-бабының  2)  тармақ-

шасына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 


жылға Курчатов қаласының аумағында тұратын халықтың

келесі нысаналы топтары анықталсын:

1)

табысы аз адамдар;



2)

жиырма тоғыз  жасқа дейінгі  жастар;

3)

балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-



ананың  қамқорлығынсыз  қалған  жиырма  тоғыз  жасқа  дейінгі  бала-

лар;


4)

кәмелетке  толмаған  балаларды  тәрбиелеп  отырған    жалғ-

ызілікті, көп балалы ата-аналар;

5)

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен



асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді

деп танылған адамдар бар азаматтар;

6)

зейнеткерлік  жас  алдындағы  адамдар  (жасына  байланысты



зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7)

мүгедектер;



8)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан боса-

ған  адамдар;

9)

бас  бостандығынан  айыру  және  (немесе)  мәжбүрлеп  емдеу



орындарынан  босатылған  адамдар;

10)


оралмандар;

11)


жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымда-

рын бітірушілер;

12)

жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші



жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер санының немесе

штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13)


қылмыстық-атқару  инспекциясы  пробация  қызметінің  есебін-

де тұрған адамдар;

14)

терроризм  актісінен  жәбірленуші  адамдар  және  оның  жолын



кесуге қатысқан адамдар;

15)


жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасты қоса жастағы жастар;

16)


ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

17)


зейнеткерлік жасқа жетуіне дейінгі елу жастан асқан адамдар;

18)


халықты  жұмыспен  қамту  туралы  заңнамасына  сай  кәсіптер

(

мамандықтар)  бойынша  кәсіптік оқуды  аяқтаған  жұмыссыздар;



19)

жалғыз  тұратын  адамдар;

20)

асырауында  кәмелеттік  жасқа  толмаған  екі  және  одан  да  көп



балалары  бар  адамдар;

21)


техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер;

22)


өнімсіз  еңбекпен  айналысқан өзін-өзі  қамтыған  халық;

23)


бір де жұмыс істеушілері жоқ отбасылардан шыққан азаматтар;

24)


есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын  тұлға-

лар.


2. "

Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-

ламалар  бөлімі"  мемлекеттік  мекемесі  және  Курчатов  қаласы

әкімдігінің  "Жұмыспен  қамту  орталығы"  коммуналдық  мемлекеттік

мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақыт-

ша  жұмыспен  қамтуды  және  олардың  жұмысқа  орналасуына  көмек

көрсетуді қамтамасыз етсін.

3. "2015 

жылға  Курчатов  қаласының  аумағында  тұратын  халық-

тың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2015 жылғы 19 ақпандағы

№ 58 әкімдік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 11 наурыздағы 3723 нөмірімен тіркел-

ген, "7 дней" газетінде 2015 жылдың 19 наурыздағы 12(1022) нөмірімен

жарияланған)  күші  жойылды  деп  танылсын.

4.

Осы қаулының орындалуын бақылау Курчатов қаласы әкімінің



орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.

5.

Осы  қаулы  оның  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін



күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                               Н. Нұрғалиев

"

Жұмыспен  қамту

2020 

жол  картасы"

бағдарламасы  шең-

берінде  оқыту

"

Курчатов  қаласы  әкімдігінің



жұмыспен  қамту  орталығы"  КММ

Сіздерді    "Жұмыспен  қамту  2020

жол  картасы"  бағдарламасы  шең-

берінде  алғашқы  профессионал-

дық  білімі  жоқ,  мамандық  жұмыс-

тары  бойынша  дайындық  курсын

өтуге  29  жасқа  дейінгі  жұмыссыз

жастарды  жинайтынын  хабарлан-

дырады. Оқығысы келетін үміткер-

лер  жұмыспен  қамту  орталығына

2-62-77 

телефоны  бойынша

жүгініңіздер.

Хабарландыру

"

Курчатов қаласы әкімдігінің

жұмыспен қамту орталығы"

КММ  мамандары

Діни  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы  -  еліміздің

рухани  өркендеуіне  жасалған  маңызды  қадам

Таяуда  Қазақстан  мұсыл-

мандарының  діни  басқармасы

2020 


жылға  дейінгі  діни  білім

беруді  дамыту  тұжырымдама-

сын қабылдады.Халықтың  діни

сауаттандыру  үдерісін  бағдар-

лаушы бұл құжат - ҚМДБ құзы-

рындағыдіни білім берудің маз-

мұнын,  жүйесін,  құрылымын

және 


саясатын 

дамыту


жөніндегі  ұзақ  мерзімге  арнал-

ған бағдарламасы болып табы-

лады.

Тұжырымдама  -  егеменді



елдің  тарихында  осы  бағытта

жасалған  алғашқы  қадамы  әрі

үлкен жетістігі.

Аталмыш  құжаттың  қабыл-

дануы қазіргі таңда мүфтияттың

қоғамдық-діни институт ретінде

тағы бір сатыға жоғары деңгей-

дегі діни бірлестік болғандығын-

білдіреді.  Сондай-ақ  ол  Қазақ-

стан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Дін істері комитеті секілді мемлекеттік органдар-

мен  өзара әрекеттестік  жөнінде  меморандум  жасасуға қолжеткізген  жалғыз  діни  бірлестік болып  табы-

лады. Елдің ішінде қоғамдық рөлі артып, жауапкершілік аясы кеңейе түсті.

Үстіміздегі жылы еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен ҚМДБ арасында жасалған келісім-шарт

негізінде  министрліктің  ислам  бағытында  діни  білім  беруге  қатысты  барлық  ісшаралары  мүфтияттың

қадағалауымен  жүзеге  асырылады.Осы орайда,  қазақстандық  діни  оқу орындардың  мәртебесі  көтеріл-

гендігін де ескеру қажет.

Бүгінде ел аумағында қызмет ететін медреселер колледж мәртебесіне ие бола бастауда. Ал Алматы-

дағы "Нұр-Мубарак" Египет ислам мәдениеті университеті діни білім беру жағынан еліміздегі бірден-бір

және жетекші жоғары оқу орны ретінде танымал.

Қазақстандағы діни білім беру жүйесінің даму бағдары мен жетілдірілу жолдарын айқындайтын атал-

мыш құжатта бірқатар стратегиялық маңызды мәселелер көтерілген. Атап айтқанда отандық діни білім

беру мекемелерін кәсіби жетілдіру мақсатында тұжырымдамада көп деңгейлі үздіксіз діни білім берудің

жаңа  моделі  мен тұтастай  ислами  оқу  кешенін  қалыптастыру  мәселесі қарастырылған.  Сондай-ақ  діни

білім  алудың  қолжетімдігін  және  оның  сапасын  арттыруды  қамтамасыз  ету  үшін  жоспарлы  қадамдар

нақты көрініс тапқан.

Халықтың діни сауаттылығын арттыру - қоғамның

тұрақтылығы  мен рухани  ауызбіршілігін  сақтаудың

кепілі. Осыған орай, діни білім жүйесі мен зайырлы

білімді ықпалдастыру шаралары қоғамның діни са-

уаттылық деңгейін жаңа сапада көтеруге жәнедіни

білім  берудің  ұлттық  бірыңғай  жүйесін  құруға  жол

ашары анық.

Көзделген мақсаттарды жүзеге асыру үшін діни

білім берудің мазмұнын, нормативтік-құқықтық және

материалдық-техникалық  базасын  жетілдіру  қажет.

Осы орайда, аталған құжаттаҚазақстанда білікті дін

мамандарын  дайындау  үшін  әлемдік  тәжірибенің

озық әдіс-тәсілдерін саралай келе, олардың ішінен

ең  пәрменділерін  қолданудың  жоспарлы  қадамда-

ры айқын көрсетілген.

Тұжырымдаманың  маңызды  бағдарларының

бірі -діни білім берудің қазақстандық дербес жүйесін

жетілдіру.  Осы  қадаммен  елімізде  біртұтас  мұсылман  үмметін  қалыптастыруға,  радикалды  жалған  діни

идеологияның таралуын тоқтатуға қолжеткізуге болады.

Діни білім берудің отандық жүйесін жүйелі дамыту арқылыҚазақстан жастарының шетелдік діни оқу

орындарында білім алу үдерісін қадағалауға және бірте-бірте осы үдерісті отандық діни оқу орындарына

бұруға жол ашылады.

Ұлтзиялылары мен тарихымызда өткен діни қайраткерлердің ой-толғамдары мен мұрасын жастарға

танытатын отандық діни білім беру жүйесі - ұлттық және діни құндылықтарды, рухани мәдениетті, соның

ішінде қазақтың мұсылмандық мәдениетін жандандыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.



Муслимов М.Ж. Дін істері комитетінің

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының

жетекші ғылыми қызметкері

Тұрғындарды  жұмыспен  қамту

Балалардың  сурет  сайысы

Ағымдағы жылдың қаңтар айының жиырма төртінші жұлдызында,

"

Шығыс" өңірлік  қолбасшылығының   3514 әскери  бөлімінде әйелдер



кеңесінің  төрайымы  кіші  сержант  Анна  Анатольевна  Лобачеваның

2016 


жылға  жасаған  жоспарының  негізінде  және  тәрбие  және  әлеу-

меттік - құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы майор Ы .Әбдіқожа-

евтың  бастамасымен  әскери  қызметшілердің  балаларының  арасын-

да суреттер сайысы өткізілді.

Сайыс тақырыбы - "Менің отбасым" деп аталып, алдын ала беріл-

ген тапсырыс қағаздары бойынша, сайысқа суреттер қабылданып, әділ

қазылар  алқасы  жеңімпаздарды  анықтады.

"

Креативті сурет" номинациясы бойынша 11 жасар Айша Мақыш,



"

Бақытты балалық шақ" - 5 жасар Інжу Қуанышбек және "Бояу сурет"

номинациясы  бойынша  8  жасар  ТолғанайТалғатова  жеңіске  жетіп,

балаларға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табысталды.

Бұл сайыстың мақсаты - бүлдіршіндерді сұлулыққа, әсемдікке, әде-

мілікке  тәрбиелесе,  әскери  қызметшілерді  отбасының  құндылықта-

рын қадірлеп, қастерлеуге, құрметтеуге баулу.

Эстетикалық  тәрбие  алған  балалар  жарқын,  әсем  атаулының

бәріне жай ғана ұмтылып қоймай, сұлулықты жан - тәнімен қабылдай-

тын болады.  Сурет салу өнері баланың ерте айналысатын іс-әрекеті.

Балалардың салған суретінде олардың  дүниеге деген көзқарасы, өз

айналасына деген сүйіспеншілігі өрнектеледі. Сурет салу өнері сұлу-

лықты қабылдаудан бастап, оған эмоциялық жауап қайтару, оны түсіну,

эстетикалық ұғым, сана, пікір беру қасиетін қалыптастыруға жетелейді,

баланың шығармашылық қабілетін арттырады.

3514 

әскери бөлімінің ТжӘҚЖ бөлімшесі

"

Бақытты  отбасы-бақытты  бала"

2016 


жыл-

дың  26  қаңта-

рында  Балалар

мен  жасөспірім-

дердің  шығар-

машылық  үйінің

педагог-психо-

логы А.М. Кенес-

канова  үйірмеге

қатысатын бала-

лармен  "Бақыт-

ты  отбасы-ба-

қытты бала" атты

дөңгелек  үстел

өткізді.

Д ө ң г е л е к

үстелдің  мақса-

ты: бала мен ата ананың арасында сенім мен сүйіспеншілікті қалып-

тастыру, бір-біріне деген махаббат пен құрметті дамыту.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың әрқайсысы өз көзқарастарын

білдірді,  өз  ойларын  ортаға  салды.  Іс-шараның  соңында  педагог  -

психолог "Менің отбасым" атты психологиялық тест өткізді. Қатысу-

шылардың  барлығы  дөңгелек  үстелдің  жұмысына  белсене  қаты-

сып отырды.



Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі

PDF 


создан с пробной версией pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com




Айына 4 рет шығады.  Көлемі 1 баспа табақ. «Газета«Спектр» ЖШС

баспа Орталығында  басылды. Типография мекен-жайы: 071446, ШҚО, Семей қаласы,

Шугаев көшесі, 30 -үй. Редакцияның мекен-жайы: Курчатов қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 4- үй, тел/факс: 2-39-44

Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Қажетті  ақпарат-

тар, суреттер ресми сайттардан алынды. Қолжазбалар мен фотосуреттер  қайтарыл-

майды. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №10516-Г куәлікті 2009 жылғы

30 қарашада Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат  министрлігі берген.

4

Таралым 1000 дана.

Курчатов қаласының аумағында таралады.

Редактор:  Г. Кабдрахманова

Фото: И. Олжаева

№ 2 (279) 29 қаңтар, 2016 жыл

Тұрақты жер пайдалану

"

Республикадағы  ЖРВИ  және  тұмаумен  сырқаттану

бойынша  эпидемиологиялық  жағдай"

Қазақстанда  ЖРВИ  (жіті  респираторлық  ви-

рустық инфекция) және тұмаумен сырқаттанудың

көтерілуі  алдыңғы  эпидемиялық  маусымдарды

талдау бойынша қаңтардың аяғына және ақпан-

ның  басына  келеді,  кейіннен  мамыр  айында

сырқаттану бірлі-жарым жағдайларға дейін аза-

яды.


Қазақстан  Республикасында  тұмау  вирусы-

ның айналымына мониторинг жасау және виру-

стың жаңа штаммдарын анықтау түрінде тұмау-

ды және тұмау тәрізді ауруларды (ЖРВИ) эпиде-

миологиялық қадағалаудың тиімді жүйесі қамта-

масыз  етілген.

Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабыл-

дау мақсатында жыл сайын 1 желтоқсаннан ба-

стап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық

инфекциялармен  және  тұмаумен  сырқаттану

жағдайына  және  Қазақстандағы,  сонымен  бірге

шетелдегі  тұмау  вирусының  айналымына  күн

сайын  мониторинг  жүргізіледі.

Ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау

бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп

сипатталады. Бақылау деңгейлерінен арту анық-

талған  жоқ.  Алдыңғы  аптамен  салыстырғанда

сырқаттанудың  9  %-ға  өскені  байқалды.  Өткен

жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сы-

рқаттанудың 13%-ке төмендегені байқалады.

Ауырған  адамдардың  негізгі  үлесі  14  жасқа

дейінгі  балаларға  келеді  және  ол  жалпы  сырқ-

аттанудың 70%-ін құрайды.

Ағымдағы эпидмаусымда тұмаудан болған бір

өлім  жағдайы  тіркелді.

Республиканың аумағына инфекциялық ауру-

лардың  әкелінуі  мен  олардың  таралуының  ал-

дын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқы-

лы өткізу пункттерінде келетін адамдарға қашық-

тық  термометриясын  қолдана  отырып  монито-

ринг  жүргізіледі.

2015 


жылдың  басынан  бастап  қазірге  дейін

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде

млн. 560 мыңнан астам адам тексерілді, этио-



логиясы инфекциялық және инфекциялық емес

ауруға күдікті, дене қызуы көтерілген 30 науқас

анықталды.

Зерттеу нәтижелері бойынша тұмау штаммда-

рының адамант препаратына тұрақтылығы және

тамифлю мен реленз сияқты вирусқа қарсы пре-

параттарға сезімталдығы сақталғаны анықталды.

Республиканың  барлық  өңірлерінде  тұмау

вирусының  айналымы  анықталды,  тұмаудың

зертханалық расталған 270 жағдайы тіркелді.

Маусымның басында болжанғандай, респуб-

ликаның  аумағында  А(H1N1), A(H3N2)  және  В

тұмау вирустары айналымда.

Алдыңғы жылдардағы сияқты ҚР аумағында

парагрипп, респираторлық-синцитиалды инфек-

ция, риновирустық және аденовирустық инфекция

сияқты  тұмауға  жатпайтын  инфекциялар  айна-

лымда  жүр.

Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі

вакцинация  болып  табылады.

Барлығы республика бойынша тұмауға қарсы

млн  700  мыңнан  астам  адам  егілді  (халықтың



жалпы санының 10,0 %-і), оның ішінде жергілікті

бюджет  қаражатынан  1  089  139  адам  егілді  (со-

зылмалы  өкпе,  жүрек-қан  тамыры  ауруларымен

ауыратын,  иммун  жетіспеушілігі,  әлсіз  және  жиі

ауыратын  балалар,  медицина  қызметкерлері

және жүкті әйелдер), жұмыс берушілер есебінен

500 

мың  адам,  ақылы  клиникаларда  135  мың



адам егілді.

Вакцинациядан  басқа  тұмаудан  қорғанудың

тағы бір тәсілі бар - ол адам организімін иммун-

дық  күресін  күшейтетін  препараттар  (анаферон,

интерферон,  виферон,  интерферон  индукторы),

вирусқа  қарсы  жақпамайлар  (оксалин,  антивир

және басқалары), поливитаминдер қолданылады.

Аурудың  алдын  алу  әдістерінің  бірі  науқас

адамдармен қарым-қатынасты шектеу болып та-

былады, адамдар көп  жиналатын жерлерге бар-

мау, ауа-райына сәйкес киіну қажет.

Халық  көп  жиналатын  жерлерде,  сондай-ақ

науқасқа  күтім  жасаған  кезінде  науқас  адам  да,

дені сау адам да бетперде киюі керек.

Науқас  үйде  болғанда  оны  оқшаулау  керек,

бөлмені жиі желдету және үйдегі заттарды дымқ-

ыл шөберекпен сүрту, науқасқа жеке ыдыс бөліп,

оны тұрақты түрде таза ұстау керек.

Тұмау 

профилактикасының 



маңызды

әдістерінің  бірі  әсіресе  ауырған  кезінде  немесе

науқасқа  күтім  жасағанда  қолды    сабынмен  не-

месе  дезинфекциялық  сулықтарды  пайдаланып

жиі жуу болып табылады.

Иммунитетті көтеретін профилактиканың қол-

жетімді  әдістерін  де  пайдалану  туралы  ұмытпау

керек  (пияз,  сарымсақ  сияқты  табиғи  фитонцид-

тер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп

ішу, құрамында С витамині бар ашытқан қырыққа-

бат,  цитрус  өнімдері  сияқты  өнімдерді  қолдану,

сондай-ақ белокқа бай өнімдерді қолдану).

Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контра-

стылы  себезгі  мен  бассейнді  пайдалануға  дейін

организмді  шынықтыру  қажет.

Тұмау  өзінің  асқынуларымен  қауіпті,  сондық-

тан респираторлық аурулардың бірінші белгілері

пайда  болған  кезде  өзін-өзі  емдеумен  айналыс-

пай,  тез  арада  дәрігерге  бару  керек,  немесе

дәрігерді үйге шақыру керек.



"

Курчатов қалалық тұтынушылардың құқықтарын

қорғау басқармасы" басшысы, С. Смағұлов

2016 

жылғы қаңтарда жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаулар бойынша бастапқы

статистикалық мәліметтерді респонденттердің тапсыру кестесі

1- 


қаңтар: 1-П  (айлық)  -  Кәсіпорынның  өнім  (тауар,  қызмет)  өндіру  және  жөнелту

туралы есебі

2- 

қаңтар: 1-ИС (айлық) - Жеке құрылысшылардың объектілерді пайдалануға беруі



туралы есеп.

1-

ивест (айлық) - Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп.



2-

КС (құрылыс) (айлық) - Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп.

1-

транспорт (айлық) - Көлік жұмысы туралы есеп.



3-

связь (айлық) - Почталық және курьерлік қызмет  және байланыс қызметтері тура-

лы есеп.

24-


сх (айлық) - Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп.

3- 


қаңтар: 1-ТС  (айлық)  -  Кеден  одағына  мүше-мемлекеттерде  тауарлармен  өзара

сауда туралы есеп.

4- 

қаңтар: 1-КС (айлық) - Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп.



10- 

қаңтар: 1-Т (тоқсандық) - Еңбек бойынша есеп.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (тоқсандық) - Денсаулық сақтау мен

?

леуметтік қызмет көрсету саласында көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп.



Білім  беру  қызметтері  (тоқсандық)    -  Білім  беру  ұйымының  көрсеткен  қызметтері

көлемі туралы есеп

1-

клуб (жылдық)- Клуб типтес мәдениет мекемесінің қызметі туралы есеп.



11-

қаңтар: 3- ақпарат (жылдық) - Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық тех-

нологияларды пайдалану туралы есеп.

15- 


қаңтар:  1-тариф  (автомобильный)(айлық)  -  Автомобиль  көлігі  кәсіпорындары-

ның жүк тасымалдау тарифтері туралы есеп.

17- 

қаңтар: 1-ЦП (айлық) - Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдері (тауарлары,



көрсетілетін қызметтері) бағасы және өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған

өнімдердің бағасы туралы есебі.

20- 

қаңтар: 1-Т (вакансия) (жылына бір рет) - Ірі және орта кәсіпорындардағы кадр-



ларға қажеттілік және саны туралы есеп.

1-

ТР (авто, электро) (жылдық)*  - Автомобиль және қалалық электр көлігінің жұмысы



туралы есеп.

24-


сх (жылдық) - Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп.

25 


қаңтар: 1-П (тоқсандық) - Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту

туралы есебі.

2-

МП (тоқсандық)*- Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп.



1-

ПФ (тоқсандық)*- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп.

1-

МКО (тоқсандық)* -Микрокредиттік қызмет туралы есеп.



2-

туризм (тоқсандық)* - Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп.

1-

ғылым  (жылдық)  -  Ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстар



туралы есеп.

28- 


қаңтар: 1-кітапхана (жылдық)*- Кітапхана қызметі туралы есеп.

31- 


қаңтар:  1-Т  (условия  труда)  (жылдық)*-  Зиянды  және  басқа  да  қолайсыз  еңбек

жағдайларында жұмыс  істейтін қызметкерлердің  саны туралы  есеп.

есепті on-line режимінде интернет арқылы тапсыруға болады



Респонденттердің  алғашқы  статистикалық  деректерді  ұсыну  ережесі  17  тармағына

сәйкес,  егер  статистикалық  нысанды  тапсыру  мерзімі  жұмыс  істемейтін  күнге  сәйкес

келсе, статистикалық нысанды  тапсыру мерзімінің соңғы күні болып  келесі жұмыс күні

есептеледі. (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 31

желтоқcандағы  №340  бұйрығымен  бекітілді)

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 497 бабы 2

тармағына сәйкес, мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистика-

лық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау - жеке тұлғаларға - он, лауазымды адам-

дарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жи-

ырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшері-

нде айыппұл салуға әкеп соғады.

Курчатов қаласының Статистика басқармасы

Эксперименттер жалғасуда

Жаңа жылдың басы ҚР Ұлттық ядролық орталығы үшін Toshiba, Marubeni

Utility Services, Nippon Nuclear Fuel Development CO., LTD 

компаниялары-

ның  жапондық  әріптестерінің  сапарымен  айтулы  болды.  ҚР  Ұ~О -мен

бірлескен Fukushima Debris жобасын іске асыру аясында жапондық ұйым-

дардың бір топ қызметкерлері келді.

Бірқатар  техникалық  кездесулерден  соң  2015  жылғы  28  желтоқсанда

Fukushima  Debris 

жобасы  аясында  "Лава-Б"  эксперименттік  құрылғысын-

да FDP-3 эксперименті жүргізілді. Бұл эксперимент барысында қондырғы-

ның электрмен балқыту пешінде өзінің құрамы бойынша авария нәтижес-

інде пайда болған  Fukushima-1 АЭС-і реакторының активті  аймағы мате-

риалдарының балқымасын модельдейтін материалдар алынды.  Алынған

балқыма сумен толтырылған темір тұтқышқа құйылды. Эксперимент нәти-

жесінде пайда болған осы балқыманың қатты бөлшектері олардың физи-

ка-механикалық  қасиеттері  мен  микроқұрылымдарын  анықтау  мақсатын-

да зерттелетін болады.

Қаңтардың  10-15  аралығындағы  жұмыс  кезінде  жапон  делегациясы-

мен бірге әлемдегі ірі телекомпаниялардың бірі болып табылатын Жапо-

нияның  NHK  қоғамдық  телерадиокомпаниясының  журналистер  тобы  да

түсіру  жұмыстарын  жүргізді.  Жүргізілген  бейнетүсірілім  нәтижесінде

Fukushima Debris 

жобасы бойынша жапониялық компаниялар мен ҚР Ұ~О

арасындағы ынтымақтастық туралы фильм дайындалатын болады.

ҚР ҰЯО РМК жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі

PDF 


создан с пробной версией pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



жүктеу 401,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау