Елдің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жағдайындағы студенттік ғылымның рөлі
________________________________________________________________________________________________________________
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Косалиева А.Т., Жубаниязова К.Ж.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Жұмыссыздық шаруашылық жасаудың нарықтық жүйесінің ажырамас белгісі болып
табылады. Статистикалық мәліметтрді талдау нәтижелерінен дағдарыс кезінде
жұмыссыздықтың деңгейінің өсетінін және өсу кезінде қысқаратынын байқауға болады.
Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес жұмыссыздардың қатарына
кәмлетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген
адамдар жатады. Жұмысты белсенді түрде іздеу әрекеттеріне жататындар еңбек
биржасында тіркелу, жұмыс берушілерге өтініш жасау, газет беттерінде хабарландыру
беру немесе сәйкес хабарландыруларға көңіл бөлу т.с.с. Жұмыссыздар мен жұмыспен
қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды.
Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған,алдағы уақытта
да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-экономикалық проблемалар да туындап
қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жұмыссыздар санының
көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынадай факторлары бар екендігі екінің
біріне
белгілі
жайт.
Мысалы,
өндірісті
жаппай
автоматтандырылып,
механикаландырылуы,еңбекті интенсивтендіру деңгейінің артуы, өнеркәсіптің т.б
мекемелердің дағдарысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ
мамандандырылудың біржақты жүргізілуі-осындай себептерден жұмыссыздық асқына
түсері мәлім.
Мұндай көлеңкелі жайттан Ақтөбе облысының қалтарыста қала алмайтыны да
әрине,заңдылық. Оның еңбек рыногына тереңірек бойлап көрсек, жұмыссыздық пен
жұмыспен қамту ыңғайында сарабдал әңгіме қозғауға әбден болатын секілді. Проблема
атаулы іле сөз етіліп,ол асқынбай тұрғанда түйінін шешуге ұмтылыс жасалғанда ғана күн
тәртібінен біртіндеп сырғи беретіні түсінікті шығар.
Желтоқсанда облыс әкімі Елеусін Сағындықов Ақтөбедегі ірі 100 кәсіпорын
басшыларымен кездесіп,жұмыс орындарын қысқартпау жөнінде олардың уәделерін алған
еді. Соған қарамастан қаңтардың алғашқы күндерінен бастап,ірі кәсіпорындарда “үнсіз”
қысқартулар жүріп жатыр.Соның ішінде Қытай капиталының үлесіндегі “СНПС-
Ақтөбемұнайгаз” АҚ мен оған қарасты жекелеген серіктестіктер,”Қазақойл-Ақтөбе”,
”Ланкастер-Петролеум”, ”Вернал Ойл Қазақстан” мұнай компанияларында жұмысшылар
жұмыстан босауда.Қиыршық тас шығарумен маманданған “Көктас-Ақтөбе” АҚ-да
жұмысшылар жарты жылға ақысыз еңбек демалысына кеткен.Сөйтіп,облыстағы 8
кәсіпорында жұмысшылар қысқарды. Темір ауданында мұнай қазумен айналысып жатқан
“Ланкастер-Петролеум” АҚ қарашада 60 мұнайшыны бірден қысқартқан.
Сонымен облысымыздың осынау шетін мәселесін қандай жолмен реттеуге болар
екен? Тұйықтан қалай,уақыт созбай шыға аламыз?
Әр сұрақтың соңында адам тағдыры бейнеленіп тұрғандай. Мысалы 2006 жылдың
үшінші тоқсанының мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе облысында тұратын жасы 15 және
одан жоғары экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 380,7 мың адамға жеткен екен.
Бұл 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,8 мың адамға артық, яғни 2 пайыз көп.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық-тауарлар және қызмет көрсету өндірісі
күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін
белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына
Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар
кіреді.
Өкілетті органдарға жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2008 жылдың қаңтар-
желтоқсанында жұмыс іздеп 13 795 адам келген (жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің мәліметтері бойынша), соның ішіндн 5805-
ауыл тұрғындары.
2008 жылдың желтоқсан айында 1114 адам арызданып келген, оның ішінде 200
адам-ауыл тұрғындары.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар саны 2008
жылдың желтоқсан айының аяғында 2347 адам құрады, бұл өткен айға қарағанда 176
адамға көп (немесе 1,0%) және 2007 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 196 адамға (7,7%)
аз.
Тіркелген жұмыссыздар санының басым бөлігі-әйелдер-1784 адам(76,0%) және ауыл
тұрғындары-870 адам(72,7%). Өткен аймен салыстырғанда олардың саны 60 адамға
азайды,яғни (3,3%). Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі
ү.ж. желтоқсанында 0,6%(2007 жылдың желтоқсанында-0,7%) құрады.
2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында 12389 адам жұмыспен қамтамасыз етілген,бұл
арызданып келгендердің 89,8% құрайды.2008 жылдың желтоқсанында жұмысқа
орналасқандардың саны 1232 адам,яғни 59 адамға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне
қарағанда 4,6% аз. Осы айда 291 ауыл тұрғындары жұмысқа орналастырылды,яғни бұл
өтініш жасаған ауыл тұрғындарының 145,5% құрайды.
2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында 1133 адам кәсіби дайындыққа,қайта даярлауға
және біліктілікті жоғарылатуға бағытталса, 5146 адам қоғамдық жұмыстарға белсене
қатысты,соның ішінде ауыл тұрғындары осыған сәйкес- 488 және 3346 адам.
2008 жылдың желтоқсанында 16 адам кәсіби дайындыққа және біліктілігін көтеруге
бағытталса,125 адам қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты.
2008 жылдың 4 тоқсанында(бағалау бойынша) жасы 15 және одан жоғары
экономикалық белсенді халық саны 394,3 мың адам, экономика саласында жұмыс
жасайтындар саны-370,0 мың адам,жұмыссыздар (табыс жоқ,белсенді жұмыс іздеп жүрген
және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар)-2403 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі 6,2%
құрады.
2008 жылдың 4 тоқсанында облыс экономикасында 370,0 мың адам немесе жасы 15
және одан жоғары жастағы тұлғалар саны 69,6%. Бұл 2007 жылдың сәйкес кезеңінен 6,1
мың адамға немесе 1,7% аз. Жұмысбасты халық санынан қалалық жерлерде 200,3 мың
адам немесе 54,2%,ауылдық жерлерде –осыған сәйкес 169,6 мың адам немесе 45,8%.
Ерлер жұмысбастылардың жалпы санынан 49,1%, әйелдер 50,9% құрап отыр.
Алдыңғы жылдың 4 тоқсанында жалдамалы қызметкерлер саны 242,0 мың адам
құрады немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,7 мың адамға (5,1%) көп.
Дербес қызмет жасайтындар саны-осыған сәйкес 128,0 мың адам немесе 5,6 мың адамға
аз.(4,2%). Жалдамалы қызметкрлердің ең елеулі бөлігі қалалық жерлерде жұмыс жасайды-
олардың жалпы санынан көбі дербес қызмет жасайтындар-59,3%(75,9 мың адам).
2008 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздар саны 24,3 мың адам құрап,өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 мың адамға немесе 10,5% қысқарды. Жұмыссыздық
деңгейі 6,2% құрады (2007 жылдың 4 тоқсанында-0,7%). Жұмыссыздардың жалпы
санынан қалалық жерлерде 13,6 мың адам тіркелген (жұмыссыздық деңгейі-6,4), ауылдық
жерлерде-осыған сәйкес 10,8мың адам немесе (6,0).
Тіркелген жұмыссыздар санының басым бөлігі-әйелдер-16,8 мың адам (68,9%)
немесе ерлерге қарағанда 9,2 мың адамға көп. Жасына қарай құрылымы бойынша
жұмыссыздар ішінде ең үлкен үлесті алып отырғандар жасы 25-39 тұлғалар-72,8%(17,7
мың адам),ал 40-54 жастағылар-18,8%(4,6 мың адам), жасы 15-24 жастағы жастар-
2,6%(0,6 мың адам) құрап отыр.Жұмыссыздық деңгейі 1,2% құралды (2007 жылдың 4
тоқсанында-2,2%).Жұмыссыздар ішінен жалпы санынан жоғары білім барлар-16,8%, орта
кәсіби (арнайы) білімі барлар-32,5%,бастауыш білім барлар-8,2%,жалпы орта-33,3%.
Бір жылдан астам жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар саны азайғаны белгіленуде:
2008 жылдың 4 тоқсанында 2,4 мың адам немесе олардың жалпы санынан 9,9%(2007
жылдың 4 тоқсанында-осыған сәйкес 3,2 мың адам немесе 11,8%).Ұзақ жұмыссыздық
деңгейі 1,5% құралды,бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,2 пайыздық пункке
жоғары.
Өкілетті органдарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 2009 жылдың
қаңтарында (жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің
мәліметтері бойынша) 1313 адам өтініш жасаған,оның ішінде 622 адам-ауыл тұрғындары.
Жұмысбастылық органдарында тіркеуде тұрған және жұмыссыздар ретінде
тіркелген тұлғалар саны 2009 жылдың қаңтарының аяғына 2540 адам құрады,бұл өткен
айға қарағанда 193 адамға (немесе 8,2%) көп және 2008 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда
122 адамға (4,6%) аз.
Тірклген жұмыссыздар санында басымды орында тұрғындар-әйелдер-1866 адам
(73,5%) және ауыл тұрғындары-889 адам (71,1%).Өткен аймен салыстырғанда әйелдер
саны 82 адамға артты (немесе 4,6%). Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген
жұмыссыздар үлесі ү.ж. қаңтарында 0,6% құрады (2008 жылдың қаңтарында-0,7%)
құрады.
2009 жылдың қаңтарында 704 адам жұмыспен қамтамасыз етілген,бұл арызданып
келгендердің 53,6% құрайды.Ағымдағы жылдың қаңтарында жұмысқа орналасқандардың
саны 174 адамға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,8% аз. Осы айда 364
ауыл тұрғындары жұмысқа орналастырылды, яғни бұл өтініш жасаған ауыл
тұрғындарының 58,8% құрайды.
2009 жылдың қаңтарында 151 адам кәсіби дайындыққа, қайта даярлауға және
біліктілікті жоғарылатуға бағытталса, 1346 адам қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты,
соның ішінде ауыл тұрғындары осыған сәйкес-51 және 766 адам.
Әлеуметтік жағынан әлсіз топтардағы тұрғындарға баса көңіл бөлінді. Қоғамдық
жұмыстарға
және
кәсіби
дайындыққа
жіберілген,
жалпы
жұмысқа
орналастырылғандардың әрбір екіншісі-мамандығының болмауынан және жас
ерекшеліктеріне байланысты еңбек рыногындағы ең төменгі сұранысқа ие болып отыр.
Олар 3 жыл бойы облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында 385 әлеуметтік жұмыс
орны құрылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2009 жылдың 1 қаңтарында ресми
тіркелген жұмыссыздар саны 2008 жылдың басындағыға қарағанда 196 адамға қысқарды
және экономикалық жағынан белсенді топ санына шаққанда 0,6% жұмыссыздық
деңгейінде 2347 адамды құрады.
Жалпы тіркелген жұмыссыздар санындағы мақсатты топ құрамындағы азаматтардың
үлесі жыл басына қарағанда 292 адамды құрады немесе 17,3% төмендеді.
Осылайша Ақтөбенің еңбек рыногындағы жұмыссыздық жұмыспен қамту
мәселелері біртіндеп өзінің шешімін тауып жатыр.