Жангазин Саян Бериковичтің 6D060700 – «Биология» мамандығы бойынша
философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін
алу үшін «Р19 вирустық супрессорының РНҚ-интерференциясын
тежеудегі әсерінің молекулалық механизмдері» тақырыбы бойынша ұсынылған
диссертациялық жұмысының
АНДАТПАСЫ
Диссертациялық жұмыстың сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста
қызанақтың бұталы ергежейлігі вирусының (Tomato bushy stunt virus (TBSV))
геномында кодталатын Р19 ақуыз-супрессоры экспрессияланатын генді-
инженериялық құрылымы алынып, Р19 ақуыз-супрессоры Р19 ART ақуыз-
супрессорына түрлендірілді. Р19 және түрлендірілген Р19 ART ақуыз-
супрессорларының N. benthamiana өсімдіктеріндегі экспрессиясы анықталды.
Транзиентті экспрессия кезінде Р19 және түрлендірілген Р19 ART ақуыз-
супрессорларының альдегидоксидаза мен каталаза ферменттерінің белсенділігі
және изоформды құрылымының өзгеруіне тигізетін әсері зерттелді. Сонымен
қатар, түрлендірілген Р19 ART ақуыз-супрессорының көмегімен трансгенді
өсімдіктер алынып, РНҚ-интерференциясының бағытталған тежелуі негізінде
трансгендік өсімдіктер линияларын алудың жаңа биотехнологиясы жасалды.
Диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде РНҚ-
интерференциясы (РНҚи) РНҚ зат алмасуына қатысатын маңызды
механизмдердің бірі болып табылатыны анықталды. РНҚи вирустарға,
транспозондарға қарсы қорғау, геномның экспрессиясын реттеу үдерістерінде
ғана маңызды рөл атқарып қоймай, сонымен қатар, мРНҚ трансляциялау,
гендерді транскрипциялау үдерістерін реттеуде, хроматиннің құрылымын және
геномның тұтастығын сақтауда да маңызды болып табылады. Алғашқы рет
РНҚи механизмі өсімдіктерде гендердің посттранскрипционды үндемеуі (Post-
Transcriptional Gene Silencing, PTGS) деген атаумен белгілі болды. Сонымен
қатар, вирустардың геномында кодталатын көптеген ақуыздар РНҚи
жасушалық үрдісін тежеп, осылайша өсімдік ағзасында вирустардың көбеюіне
қолайлы жағдай жасай алатыны анықталды. Қазіргі уақытта кейбір өсімдіктер
вирустарының түрлеріне РНҚи тежейтін ақуыздар анықталып, молекулалық
механизмдері көрсетілген. Дегенмен, TBSV вирусы геномында кодталатын P19
ақуыз-супрессорының РНҚи әсер етуінің молекулалық механизмдері
толығымен зерттелмеген.
TBSV вирусы жиырмадан астам әртүрлі тұқымдастарға жататын дара
жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің жүзден артық түрін зақымдайды.
Оның ішінде экономикалық маңызды ауылшаруашылық дақылдары бар. Қазіргі
кезде вирустарға қарсы тұрудың негізгі стратегиясы генетикалық
түрлендірілген өсімдіктер және вирустардың арнайы әлсіздендірілген
штамдарын алу болып табылады.
Трансгенді өсімдіктер алу кезінде консервативті эволюциялық РНҚи
қорғаныс механизмі табиғи кедергі болып келеді. Гендік және жасушалық
инженерия әдістерінің көмегімен РНҚ-интерференциясының бағытталған
тежелуі негізінде өсімдіктерде түрлендірілген Р19 ақуыз-супрессорының
экспрессиясы арқылы трансформациялануға сезімтал өсімдіктер алуға болады.
Гендердің реттеу механизмдеріне вирустық ақуыз-супрессорларының
әсер ету молекулалық механизмдерін толыққанды анықтау болашақта
трансгенді өсімдіктер линияларын алудың тиімді стратегиясын жасауға және
РНҚи мен вирустық супрессорлар арасындағы әсерлесудің молекулалық
механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты:
– Р19 вирустық супрессорының РНҚ-интерференциясын тежеудегі
әсерінің молекулалық механизмдерін зерттеу.
Негізгі міндеттері
1. Р19 ақуыз-супрессоры экспрессияланатын генді-инженериялық
құрылымын алу және түрлендіру.
2. Р19 және Р19 ART ақуыз-супрессорларының транзиетті экспрессия
кезінде альдегидоксидаза белсенділігіне және изоформды құрылымына әсерін
зерттеу;
3. Р19 және Р19 ART ақуыз-супрессорларының транзиетті экспрессия
кезінде каталаза белсенділігіне және изоформды құрылымына әсерін зерттеу;
4. Р19 ART ақуыз-супрессорының көмегімен трансгенді өсімдіктер алу;
5. Р19 ART ақуыз-супрессорының көмегімен РНҚ-интерференциясының
бағытталған тежелуі негізіндегі трансгендік өсімдіктер линияларын алудың
жаңа биотехнологиясын әзірлеу.
Зерттеу нысандары: Қызанақтың бұталы ергежейлігі вирусының
(Tomato bushy stunt virus (TBSV)), N. benthamiana өсімдігі, Р19 және Р19 ART
ақуыз-супресорлары, альдегидоксидаза, каталаза.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Берілген диссертациялық
жұмыста Р19 ақуыз-супрессоры экспрессияланатын генді-инженериялық
құрылымы алынып, түрлендірілді. N. benthamiana өсімдігінде транзиентті
экспрессиясы кезінде оттегінің белсенді түрлерінің метоболизміне жауапты
альдегидоксидаза ферментінің және сутегі асқын тотығының шоғырлануын
реттейтін каталаза ферментінің белседілігіне және изоформды құрылымының
өзгеруіне Р19 ақуыз-супрессоры жауап беретіні дәлелденді. Сонымен қатар,
түрлендірілген Р19 ART ақуыз-супрессорының көмегімен трансгенді өсімдіктер
алынып, РНҚ-интерференциясының бағытталған тежелуі негізінде трансгендік
өсімдіктер линияларын алудың жаңа биотехнологиясы жасалды.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік мәнділігі. РНҚи
үрдісі жақында ғана ашылып, осы бағыттағы зерттеулер соңғы жылдары ғана
белсенді жүргізілуде. РНҚ-и ашылуы ХХI ғасырдың бірінші декадасында
ашылған ең маңызды оң ғылыми жетістіктердің қатарына еңді, ал Э. Файер (A.
Fire) және К. Мелло (C. Mello) америкалық ғалымдарына РНҚи молекулалық
механизмін зерттегендері үшін 2006 жылы Нобель сыйлығы берілді.
РНҚи үрдісін өсімдік нысандарда вирустық және вироидтық аурулардан
қорғанудың молекулалық механизмдерін зерттеу маңызды бағыттарының бірі
болып табылады. Біз тандап алған нысан TBSV вирусы үшін осындай
зерттеулер басым болып табылады. Қазіргі кезге дейін TBSV вирусының ақуыз-
супрессорын зерттеуде көп көңіл бөлінбеген және диссертациялық жұмыстағы
зерттеулер бірінші рет жүргізілді.
Алғаш
рет
Р19
ақуыз-супрессоры
экспрессияланатын
генді-
инженериялық құрылымы алынды және Р19 ART ақуыз-супрессорына
түрлендірілді. N. benthamiana өсімдігінде транзиентті экспрессиясы кезінде
оттегінің белсенді түрлерін реттейтін альдегидоксидаза ферментінің және
сутегі асқын тотығының шоғырлануын реттейтін каталаза ферментінің
белседілігіне және изоформды құрылымының өзгеруіне Р19 ақуыз-супрессоры
жауап беретіні дәлелденді. Сонымен қатар, түрлендірілген Р19 ART ақуыз-
супрессорының көмегімен трансгенді өсімдіктер алуға болыны анықталды,
РНҚ-интерференциясының бағытталған тежелуі негізінде трансгендік
өсімдіктер линияларын алудың жаңа биотехнологиясы жасалды.
Қолданылу аймағы. Алынған нәтижелер ақуыздардың экпрессиясының
өсімдікті жүйесі арқылы белгілі бір қасиетке ие ақуыздарды алуда және
трансгенді өсімдіктер алуда қолдалына алады.
Зерттеудің әдістемелік базасы. Зерттеу барысында келесі әдістер
қолданылды: жылу шок және электропорация әдістерімен трансформациялау;
плазмидті ДНҚ алу; Полимеразды тізбектік реакция (ПТР); ДНҚ рестрикциясы;
in vitro транскрипциясы; лигазалық реакция; агарозды көлденең гель-
электрофорез; ДНҚ фрагменттерін агарозды гельден бөліп алу; сайт-
бағытталған мутагенез; секвенирлеу; SDS PAGE; вестерн-блот сараптамасы;
альдегидоксидаза және каталаза ферменттерінің белсенділігін гельде анықтау.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәлімет
- Алғашқы рет Р19 ақуыз-супрессорын экспрессиялайтын генді-
инженериялық құрылымы және түрлендірілген Р19 ART ақуыз-супрессоры
алынды;
- Р19 және Р19 ART ақуыз-супрессорларының N. benthamiana
өсімдіктеріндегі
транзиетті
экспрессия
кезінде
альдегидоксидаза
белсенділігінің және изоформды құрылымының өзгеруіне алып келеді;
- Р19 және Р19 ART ақуыз-супрессорларының N. benthamiana
өсімдіктеріндегі транзиетті экспрессия кезінде каталаза белсенділігінің және
изоформды құрылымының өзгеруіне алып келеді;
- Р19 ART ақуыз-супрессорының көмегімен РНҚ-интерференциясының
бағытталған тежелуі негізіндегі трансгендік өсімдіктер алуға болады.
Жұмыстың ғылыми-зерттеу бағдарламалармен байланысы.
Диссертациялық
жұмыс
217
«Ғылымның
дамуы»
бюджеттік
бағдарламасының 101 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық әрекеттерінің
субъектілерін бағдардарламалық-мақсатты қаржыландыру» ішкі бағдарламасы
бойынша жасалды. 4 «Тіршілік туралы ғылым» бағытында тіркеу №0158/БМҚ
2015-2017
жылдар аралығындағы «Жетілдірілген шаруашылық-құнды
сипаттамаларына ие генетикалық түрлендірілген өсімдіктерді алу және
бақылаудың биотехнологиялық негіздемелерін жасау» ғылыми-техникалық
бағдарламасының тіркеу №О.0677 «РНК-интерференциясының вирустың
супрессорлық ақуызымен бағытталған тежеуін қолдана отырып трансгенді
өсімдіктер линияларын алу биотехнологиясын жасау» жобасы аясында
жасалды,
Зерттеудің негізгі нәтижелері 9 басылымда ұсынылған.
Зерттеу жұмысының нәтижелері 9 ашық басылымдарда жарияланған.
Олардың 1 халықаралық Clarivate Analytics ақпараттар ресурсына кіретін
«Thomson Reuters» ғылыми басылымында және «Scopus» мәліметтер базасына
кіретін журналда; 4 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған
басылымдарда; 3 мақала республикалық және халықаралық ғылыми
конференциялардың материалдарында; 1 мақала Ресей Федерациясының Білім
және ғылым министрлігіндегі Жоғарғы аттестациялық комиссиясымен
ұсынылған басылымда жарияланды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы.
Диссертациялық жұмыстың құрымына негізгі бет; терминдер тізімі,
белгілеулер мен қысқартулар; кіріспе; әдеби шолу, материалдар мен әдістер,
нәтижелер мен оларды талдау кіретін негізгі бөлім; қорынытды және
қолданылған әдебиеттер тізімі кіреді.
Зерттеу жұмысы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінде орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |