Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет39/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62

 
113 
дұрыс  жауабын  іздеу,  топтағы  оқушылардың  көмегін  сұрау, 
мұғалімнен  тестіні  қайталап  тапсыруды  өтінуі,  нашар  оқушының 
көлеңкеде қалмай тапсырманы дұрыс орындауына мүмкіндік береді. 
Мұғалімге  тиімді  жағы  күнделікті  сабақта  түгел  оқушы 
бағаланады.  Ал  тәжірибешілік  жағынан  әділ  болуға  үйренеді,  өз 
араларында беделге ие болады. 
3.7. Өздік жұмысты  ұйымдастыру 
Қазіргі  қоғамымыздағы  болып  жатқан  түбірлі  өзгерістерге 
байланысты  әрбір  мұғалім  оқытудың  сан  қилы  әдістері  мен 
формаларын  білулері  қажет.  Сондықтан  жоғарғы  оқу  орны 
қабырғасында  бүгінгі  студент,  ертенгі  маманға  қойылатын  талап  аз 
емес.  Оқушылардың    өздік  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыру  сабақ 
сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, 
жүйелі  қалыптасуына  өздік  жұмысқа  берілетін  есептер  мен 
жаттығулардың  дұрыс  таңдап  алынып,  құрастырылуына  байланысты 
болады. 
Өздік  жұмыс  кезінде  оқушылар  оқулықпен  және  дидактикалық 
материалдармен, 
түрлі 
анықтамалық 
кітаптармен, 
газет 
– 
журналдармен,  интернетпен  жұмыс  істеуді  үйрене  бастайды. 
Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының 
пәнге деген қызығушылығы артады. 
3.7.1. Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары  

өздік 
жұмыстың 
мазмұны 
бағдарламаға 
қойылатын 
талаптарға сәйкес келу  қажет; 

оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті; 

өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы 
керек; 

әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 

өздік  жұмыс  тек  қайталау  кезінде  ғана  жүргізбей  сабақтың 
барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек. 
Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, 
топпен жұмыс, барлық оқушымен болады. 
Өздік  жұмыстарының  негізгі  түрлері:  оқулықпен  жұмыс, 
жаттығулар,  практикалық  және  зертханалық  жұмыс,  тексеру
бақылау,  рефераттар  мен  баяндамалар  жасау,  тәжірбие  жасау, 
тест жұмысын орындау болып табылады. 
Оқу 
процесінде 
оқушылардың 
өзіндік 
жұмыстарын 
ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет 
етеді.  Бұл,  біріншіден  оқушылардың  танымдық  қызметтегі  өзіндік, 
яғни  оларды  өз  бетінше  білім  алуға  үйрету  болса,  екіншіден  алған 


 
114 
теориялық  білімдерін,  дағдыларын  практикада  өз  бетінше  қолдана 
білуге үйрету. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  –  бұл  мұғалімнің  тікелей 
қатысуынсыз,  бірақ  оның  тапсыруымен,  оның  басшылығымен  және 
бақылауымен  орындайтын  жұмысы.  Өзіндік  жұмысты  орындау 
кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс - 
әрекет  барысында  ойлау  қабілеттері  дамиды,  ал  ең  бастысы  өзіне 
деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады. 
Бұл  жас  жеткіншектің  мәселе  түйінін  өз  бетімен  шешуге 
талпыныс жасауын, дағдының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Информатика  пәні  бойынша  оқу  процесінде  оқушылардың 
орындайтын  өзіндік  жұмыстарының  түрлері  көп.  Оларды  мынадай  3 
топқа бөлуге болады: 

меңгерілген жаңа білімдер бойынша жұмыстар; 

меңгерілген біліктер мен дағдылар бойынша жұмыстар; 

білімдерді,  біліктерді  және  дағдыларды  қолдану  бойынша 
жұмыстар. 
Бұл  аталған  жұмыс  топтары  бір  –  бірімен  өте  тығыз  байланыс-
ты. 
Мысалы, 
оқулықпен, 
ғылыми-көпшілік 
әдебиеттермен, 
сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс істеудің көмегімен білім қорын 
толықтыруға,  сондай  –  ақ  бұрын  алған  білімдерді  қолдануға  қол 
жеткізуге болады. Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының 
барлығына  мұғалім  жетекшілік  рөл  атқарады.  Өзіндік  жұмыстарды 
ұйымдастыруға  дидактикалық  талаптардың  орындалып  отырылуы 
қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады:  

жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі; 

жаттығулардың біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз 
кезегімен күрделеніліп отырылуы;  

теориялық,  практикалық  даярлықтары  мен  оқушылардың 
жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;  

сабақта  орындалатын  өзіндік  жұмыстар  мен  сабақтан  тыс 
орындалатын өздік жұмыстардың бір – бірімен үйлесімі;  

теорияның практикамен байланысы; 

үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.  
Өздік  жұмыстарға  басшылық  жасауда  бұл  дидактикалық 
талаптарды  пайдаланудың  кейбір  ерекшеліктері  бар.  Әрбір  өзіндік 
жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және 
дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс. 
Оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмыстарды  мақсатына 
қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық 
яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді (3.2-кесте).  


 
115 
3.2-кесте. 
Мақсат 
бойынша 
оқушылардың 
өздігінен 
орындайтын бақылау жұмыстарының сипатаммасы 
Реті 
Түрлері 
Ерекшелігі 

 
 
 
  
Оқыту 
 
 
 
 
Мұндай  мақсаттағы  өзіндік  жұмыс  жаңа  тақырыпты 
түсіндіру  барысында  тапсырмалар  беру  арқылы 
жүргізіледі.  Оның  мақсаты  –  жаңа  материалға 
қызығушылығын  дамыту,  мұғалім  нені  түсіндіріп 
жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару. 

 
 
Бекіту 
 
 
Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың 
логикалық  ойлау  қабілетінің  дамуына  септігін  тигізеді 
және  әр  түрлі  ережелерді  араластыра  отырып 
қолдануды талап етеді. 

 
 
 
Шығармашылық 
 
 
 
Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс өте жоғары деңгейде 
жүргізіледі.Мұндай  тапсырмалар  шығарылған  есептің 
екінші, үшінші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір 
теоремалардың  дәлелдемесінің  басқа  тәсілдерін  табу 
тапсырылады. 

 
 
 
Қайталау 
 
 
 
Мұндай  мақсаттағы  өз  бетімен  жұмысты  мұғалім  жаңа 
сабақты 
түсіндіргенге 
дейін 
жүргізеді, 
яғни 
оқушылардың  дайындығын  тексеру  мақсатында, 
қиындық 
келтірген 
сұрақтар 
болса, 
анықтауға 
көмектеседі.  

Дамыту 
Мұндай  мақсаттағы  өзіндік  жұмыс  белгілі  бір 
тақырыпқа  байланысты  баяндама  дайындауға  үйге 
тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға 
дайындау, ғылыми – конференция, т.с.с. 
Өзіндік  жұмыс  үшін  ұсынылатын  тапсырмалар  оқушылардың 
ғылыми-танымдылық  қызығушылығын  ояту,  ерік-жігерін  тәрбиелеу, 
білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді. 
Оқу  үрдісінде  дәстүрлі  емес  сабақтарды  өткізудің  пайдасы 
зор.  Пікір  сайыс,  дөңгелек  үстел,  диспут,  ойын  элементтерін  сабақта 
пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, өмірге 
көзқарасын қалыптастырып, түсінігін молайтады. Ал бұл өз кезегінде 
оқушының  өзіндік  жұмыстарды  үлкен  ықыласпен  орындауына  қол 
жеткізеді. 
Өзіндік  жұмыстарға  ұсынылатын  тапсырмалар  алдымен 
репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі 
тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық. 
Репродуктивті  деңгейде  оқушы  тақырыппен  танысады, 
берілген тапсырмаларын орындайды. 
Продуктивті  деңгейде  шығармашылық,  іздену  бағытындағы 
тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау