Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет17/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62

 
47 

жобаға дайындықтың ұйымдастырушылық кезеңінің болуы – 
өзіндік  таңдау  мен  шешім  нұсқасын  әзірлеу,  бағдарламалық  және 
техникалық құралдарды таңдау, ақпарат көзін таңдау; 

жоба 
қатысушылары 
арасынан 
лидерді 
таңдау 
(ұйымдастырушы, үйлестіруші), рөлдерді үлестіру; 

өзін-өзі  сараптау  және  өзін-өзі  бағалау  кезеңінің  болуы 
(қызмет  рефлексиясы),  нәтижені  қорғау  және  орындау  деңгейін 
бағалау; 

әрбір  топ  жеке  жобаны  әзірлеумен  айналыса  алады  немесе 
ұжымдық жобаны әзірлеуге қатысу мүмкіндігі бар.  
Экскурсиялар  –  информатиканың  өндірісті  басқаруын  немесе 
ЭЕМ-ді  қолданатын  мамандықтарды  көрсету  үшін  ұйыдастырылады. 
Бұл сабақ не курс басында, не соңында өткізіледі. 
Сабақ
1
.  Педагогика  бойынша  классикалық  оқу  құралдарында  – 
сабақ  (басқа  да  оқу  формаларымен  толығып  отыратын)  оқытудың 
негізгі ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады.  
Мектепте  жиі  қолданылатын  ұйымдастырушылық  форма 
сынып-сабақтық  оқыту  болып  табылады,  себебі  оқушылар  85–95% 
оқу уақытын сабақта өткізеді.  
Сынып-сағаттық оқыту жүйесіне тән белгілері келесідей: 
 
оқушылардан құралған оқу тобының тұрақты құрамы;  
 
әрбір сыныпта оқыту мазмұнын қатаң анықтау; 
 
оқу сабақтарының кестесін анықтау;  
 
оқушылардың  жеке  және  ұжымдық  жұмыс  формаларын 
үйлестіру; 
 
мұғалімнің жетекші рөлі;  
 
оқушыларды жүйелі тексеру және білімдерін бағалау.  

жоғарғы  оқу  орындарындағы  (ЖОО)  сияқты  сабақтар 
(дәріс-сабақ,  семинар-сабақ,  практикалық  сабақ,  коллоквиум  сабағы, 
консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);  

арнайы  бағыттағы  сабақтар  (практикум-сабақ,  өздік 
жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс 
сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);  

ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, 
сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ); 

мазмұнды  құрылымдардан  тұратын  сабақтар  (кітаппен 
жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, 
қарқынды  тірек  сигналдар  негізіндегі  сабақ,  жалпылаушы  кестелер 
негізіндегі  сабақ,  диктант-сабақ,  типтік  бағдарламалық  құрылымнан 
тұратын сабақ).    
                                                 
1
 2.4-бөлімде қарастырылды.  


 
48 
Информатиканы оқыту әдістері 
Әдіс  (грек.–  «methodos»  –  «зерттеу»)  –    бұл  тәсіл,  әдіс  немесе 
әрекет  бейнесі;  мақсатқа  жету  әдісі,  қандайда  бір  айқындалған  түрде 
реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты 
игерудің  практикалық  немесе  теориялық  тәсілдері  мен  амалдардың 
жиынтығы.  
Әдебиетте әдіс ұғымына әртүрлі  анықтамалар келтіріледі:  
1)  мұғалім мен оқушы әрекетінің тәсілі;  
2)  жұмыс тәсілдерінің жиынтығы;  
3)  мұғалім оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол;  
4)  мұғалім мен оқушылар әрекеттерінің жүйесі және т.б.  
Педагогтардың 
көпшілігі, 
әдістерді 
оқыту 
үрдісінің 
тапсырмалар  жинағын  шешуге  бағытталған,  мұғалім  мен  оқушының 
реттеліп  өзара іліктелген әректерінің тәсілдері деп қарастырады. 
Оқыту  әдісі  –  бұл  оқыту,  дамыту  және  тәрбиелеу  кезінде 
белгілі  бір  тапсырмалар  шеңберінде  қолданылатын  педагог  пен 
оқушылардың 
нысаналы 
педагогикалық 
қарым-қатынасын 
ұйымдастыру  ережелері  мен  реттеуші  қағидалар  жүйесі 
(М.И.Махмутов
1
). 
Оқыту әдістерінің жіктеуі 
Оқыту  әдістерінің  саны  мен  сипаттамасы  көп  болғандықтан, 
оларды бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады. 
Мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекет  ету  сипаттамасы 
бойынша – Лернер-Скаткиннің
2
 жалпы дидактикалық оқыту әдістері:  

түсіндірме-суретті (көрнекілік) әдіс;  

репродуктивті әдіс;  

проблемалы  баяндау  әдісі;  бөлшектеп  іздеу  немесе 
эвристикалық әдіс;  

зерттеу әдісі. 
Мұғалім  әрекетінің  негізгі  құрамдас  бөліктері  бойынша  
Ю.К.  Бабанскийдің
3
 оқыту  әдісінің  үш  үлкен  топтамадан  тұратын 
әдістер жүйесі:  
а)  оқыту  әрекетін  жүзеге  асыру  және  ұйымдастыру  әдістері 
(ауызекі,  көрнекі,  практикалық  репродуктивті  және  проблемалы, 
                                                 
1
 М.  И.  Махмутов  (1926  ж.)  п.ғ.д.,  профессор,  академик.  Проблемалы  оқытудың    теориясы  мен 
тәжрибе негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі сабақтың жаңа жүйесін құрған.  
2
 Л.  Я.  Лернер  және  М.  Н.  Скаткин    оқыту  әдістерінің  жіктеуін  құрған  Кеңестік  педагог, 
дидактиктер.  Л.  Я.  Лернер    оқыту  әдістерінің  жүйесін  жасап,  оқытудың  дидактикалық  незідерін 
айқындаған. 
3
 Ю.К.Бабанский (1927 ж.) – Кеңес Одағының педагогика ғылым Академиясының толық мүшесі. 
Педагогикалық институттың студенттері үшін,  педагогика бойынша оқулықтардың авторы. 


 
49 
индуктивті  және  дедуктивті  өздік  жұмыстары  және  мұғалімнің 
басшылығымен өтетін жұмыстар);   
б) 
ынталандыру 
және 
білімді 
дәлелдеу 
әдістері 
(қызығушылықты  қалыптастыру  әдістері:  танымдық  ойындар, 
өмірлік  жағдайды  талдау,  жетістік  жағдайын  жасау;  білім  алу 
парызын  және  жауапкершілігін  қалыптастыру  әдістері:  білімнің 
қоғамдық  және  тұлғалық  мәнін  түсіндіру,  педагогикалық  талаптар 
қою);  
в)  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау  әдістері  (ауызша  және 
жазбаша  бақылау,  зертханалық  және  практикалық  жұмыстар, 
машиналы  және  машинасыз  бағдарламалық  бақылау,  жаппай  және 
сараланған, ағымдағы бақылау және қортынды);  
Жеке дидактикалық оқыту әдістері  
1. Ақпаратты  жеткізу  көзі  мен  қабылдау  сипаты  бойынша  – 
дәстүрлі  әдістер  жүйесі  (Е.Я.  Голант,  И.Т.  Огородников  және  т.б.): 
ауызша әдістер (әңгіме, сұхбат, дәріс және  т.б.); көрнекі (көрсетілім, 
демонстрациялау  және  т.б.);  практикалық  (зертханалық  жұмыстар, 
шығармалар және т.б.).  
2.  Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының деңгейі бойынша – 
айтып беру, баяндау, сұхбат, өздік жұмыс;  
3.  Нақты  дидактикалық  тапсырмаларға  байланысты  (Б.  П. 
Есипов)  –  қабылдауға  дайындық,  түсіндіру,  материалды  бекіту  және
 
т.б.;  
4.  Білімді  бөлу  және  қосу  қағидасы  бойынша  –  талдамалы 
(аналитикалық), 
жинақтамалы 
(синтездік), 
салыстырмалы, 
жалпылаушы, жіктеуші;  
5.  Ақыл-ойдың білімсіздіктен білімге жылжу сипаты бойынша 
–  индукциялық, дедукциялық.  
Оқыту формалары мен әдістерін таңдау  
Оқыту  әдістерін  және  үйлесімділігін  таңдау  кезінде  мына 
критерийлерді басшылыққа алған жөн:  
1)  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту  мақсаттары мен  міндеттеріне 
сәйкестік; 
2)  оқытылатын материалдың мазмұнына сәйкестігі (күрделілігі, 
жаңалығы, сипаты, материалды көрнекі ұсыну мүмкіндігі және т.б);  
3) сынып  оқушыларының  нақты  оқу  мүмкіндіктеріне  сәйкестігі: 
жас  ерекшелігіне  (физикалық,  психикалық),  дайындық  деңгейіне 
(білімділік,  даму,  тәрбиелілік,  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологияларды игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне;  
4)  іс  жүзіндегі  жағдайға  сәйкестік  (кабинеттің  тиісті  оқу 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау