Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет12/62
Дата14.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#19974
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62

 
32 
▪  компьютердегі  бұйрықтарды  және  мәліметтердің  берілу 
принциптері. 
2)  Алгоритмдеу және бағдарламалау: 
▪  алгоритмдер,  алгоритмдердің  қасиеттері,  алгоритмдерді 
атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері; 
▪  шама:  атауы  және  мәні,  шамалардың  типі,  мәліметтердің 
негізгі құрылымы; 
▪  алгоритмдердің  негізгі  құрылымы  және  оны  алгоритм  құру 
үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы; 
▪  мектептік алгоритмдік тіл (немесе бағдарламалау тілі). 
▪  компьютерде  есеп  шығару  кезеңдері:  есептің  қойылысы, 
модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау; 
3)   Компьютер және оны бағдарламалық қамтамасыз ету: 
▪  ЭЕМ  жұмысын  басқаруды  ұйымдастыру,  компьютердің 
негізгі  құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі; 
▪  ЭЕМ-де бағдарламаның автоматты түрде атқарылу принципі; 
▪  ЭЕМ- ді бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық 
бағдарламалық қамтамасыз ету, трансляторлар, бағдарламалау тілдері, 
саймандары, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету). 
4)  Формальдау және модельдеу негіздері: 
▪  формальдаудың негізгі принциптері; 
▪  компьютерлік модель құру және оны пайдалану. 
5)  Ақпараттық технологиялар: 
▪  мәтіндік,  графикалық  редакторларды  пайдалану,  мәліметтер 
қоры, электрондық кестелер; 
▪  телекомуникациялар,  әртүрлі  типтегі  телекомуникациялық 
желілер  (жергілікті,  аймақтық,  аумақты),  оның  қызметтері  және 
мүмкіндіктері, электрондық телекоммуникациялар; 
▪  мультимедиа технологиялары. 
6)  Әлеуметтік информатика: 
▪  Ақпараттық  ресурстар  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени дамуының негізі ретінде; 
▪  ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі; 
▪  әлеуметтік  ақпараттық  технологияның  (АТ)  ерекшеліктері 
мен түрлері; 
▪  ақпарараттық қаупсіздіктің өзекті мәселелері. 
Бұл  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  информатика  курсы 
бойынша  берілетін  білім  мазмұны.  Әрбір  мәселені  оқыту  тереңдігі 
мен деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысына қойылатын 
талаптарды  анықтау  осы  пән  бойынша  мемлекеттік  білім  беру 
стандартына  сәйкес  жасалады.  Ал,  материалдың  жүйелі  баяндалуы, 


 
33 
логикасы    мектепте  информатиканы  оқытудың  әдістемесін  жасайтын 
оқулық  авторлары,  мұғалім,  әдіскер,  ғылымдардың  жұмысы  болып 
есептеледі.  
1.8. Информатиканы оқытуда мұғалімнің рөлі  
Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  (АКТ) 
қоғамның барлық саласына белсенді түрде енуі білім беру жүйесін де 
шет қалдырмады. Адамдарды ақпараттық қоғам өміріне даярлау үшін, 
осы жаңа қоғамның технологияларын үйрету қажет.  
Мектепте  компьютер  мен  АКТ-нің  пайда  болуы  білім  берудің 
негізгі  субъектілері  –  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-
қатынастың  өзгеруіне  әкелді.  Оқушы  біршама  еркіндікке  ие  болды, 
яғни  ол  қажетті  ақпараттық  кеңістік  шеңберінде  қала  отырып, 
әзірленген  ережелер  шегінде  ақпаратпен  алмасудың  бастамашысы 
бола бастады.  
Педагогикалық  әрекеттің  көп  бөлігін  өзіне  міндеттеп  алған 
интерактивті педагогикалық құралдарды пайдаланатын  компьютерлік 
оқыту  технологиясының  таралуына  орай,  мамандар  арасында 
мұғалімнің  рөлі  мен  міндеттерінің  ықтимал  өзгерісі  туралы  пікір-
талас  болып  жатады.  Сабақ  барысында  мұғалім,  оқушылар  алдында 
баяндаушы рөлінде емес, кеңесші немесе нұсқаушы кейпіне енеді. 
Компьютерлік  оқыту  бағдарламалары  «әңгімелесу»  диалог 
режімінде  тағы  бір  –  «компьютер-оқушы»  жүйесін  қалыптастырды. 
Оқушының  интерактивті  режімде  ұзақ  уақыт  бойы  мұғалімінің 
қатысуынсыз  компьютермен  тікелей  қарым-қатынас  жасау  арқылы 
оқуы  –  бұл  оқытудың  жаңа  түрі  болып  табылады.  Жақсы  оқытушы 
бағдарламалар  белгілі  бір  шектеулеріне  қарамастан  оқушыға  дербес 
қарым-қатынасты  қамтамасыз  еткенімен,  адами  қарым-қатынасты 
ауыстыра алмайды.   
Оқушыға  білім  алудың  көптеген  бағыттарын  ұсынатын 
гипермәтіндік  технологиялардың  пайда  болуы,  оқытуда  компьютерді 
қолданудың  жаңа  кезеңі  болып  саналады.  Осыған  орай  оқушының 
танымдық  әрекетінің  беталысынан,  білім  алуды  өздігінен  басқаруға 
ауысуы байқалады.  
Қазіргі  информатика  мұғалімі  өз  пәнін  үйретіп  қана  қоймай, 
АКТ-ні  пәндік  сабақтарға  енгізіп,  пән  мұғалімдеріне  сабаққа 
дайындалу  кезінде  компьютерлік  техниканы  пайдалануына  көмек 
беруі  тиіс.  Компьютерлік  сыныпта  өтетін  сабақтар  ашық-жарқын, 
қызықты  және  есте  қаларлықтай  болып  өтеді.  Бірқатар  мамандардың 
айтуынша, ақпараттық технологиялар сабақтың тиімділігін арттырып, 
оқушылардың білімін бақылауға мүмкіндік береді.  


 
34 
Ақпараттық 
технологиялар 
білім 
беруді 
адамзаттан 
алшақтатады  деген  үрейдің  іс  жүзінде  жаны  жоқ,  керісінше, 
компьютерлік  сыныпта  сабақ  өткізген  мұғалімдер  оқушылардың 
компьютермен  жұмыс  істеуге  құмар  екендігіне,  талап  етілген 
нәтижені  алған  кезде  қандай  қуаныш  сезімінде  болатындығына  көз 
жеткізді,  мұндағы  басты  қиындық  сабақты  уақытылы  аяқтау  болып 
табылады.  Техника  мұғалімдердің  орнын  басады  деген  теріс  түсінік 
негізсіз,  қайта  ақпараттық  технологиялар  мұғалімдердей  бола 
алмайды да, олардың талантын, шығармашылық қабілеттерін бағалай 
алмайды.  
Оқушының  компьютерде  жұмыс  істеуі  кезінде  басты  рөлді 
мұғалім  атқарады,  себебі  оның  білімі  де,  тәжірибесі  де  мол,  енді  ол 
оқу  үрдісінің  –  ұйымдастырушысы,  кеңесшісі,  сарапшысы.  Мұғалім 
оқу  және  қарым-қатынас  ортасын  ұйымдастыру  ережелерін  ойлап 
табады.  Әйтсе  де  енді  ақпаратпен  алмасуда  бастамашы  жалғыз 
мұғалім  ғана  емес:  оқу  жағдайына  байланысты,  ол  оқу 
бағдарламасына  әдістемелік  амалдарды,  қарым-қатынас  түрлерін 
өзгерте  алады.  Оның  басты  міндеті,  білім  алудың  жайлы  ортасын 
қалыптастыру болып табылады.  
Компьютерлік  технологиялар  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
диалог  режіміне  сәйкес  қарым-қатынас  пен  ынтымақтастықтың  жаңа 
амалдарын  құрайды.  Компьютер  мен  педагогикалық  бағдарламалық 
құралдар  бұрыннан  қалыптасқан  қызметтерді  (тренаж,  мәтіндік 
бақылау  және  т.б.)  өзіне  міндеттеп,  мұғалімге  неғұрлым 
шығармашылық,  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамытудың  нағыз  адами 
міндеттерін  қалдыра  отырып,  мұғалімге  жұмыс  стилін  жетілдіруге 
көмек  береді.  Пікір-талас  жүргізу,  пайымдауды  мадақтау,  пәнді 
қолдау,  оқушыларға  алуан  түрлі  материалдарды  түсіндіру  кезінде 
қажетті  бөлшектеу  деңгейін  таңдай  білу  сияқты  оқу-тәрбиелік 
үрдістің  маңызды  компоненттерінде  мұғалім  әлі  де  (мүмкін  өмір 
бойы)  компьютерден  әлдеқайда  күштірек  болады.  Компьютер, 
мұғалімнің  оқушымен  және  оның  ата-анасымен  жеке  сұхбаттасуын 
ауыстыра алмайтынын айтпағанда.  
«Барлық  пікірлер  бір  ғана  басты  тезиске  келіп  тіреледі: 
мұғалімнің  рөлі  компьютерлік  оқыту  кезінде  де  сақталады, 
компьютердің  рөлі  қай  кезде  де  мұғалім  мен  оқушының  сенімді  әрі 
жақын  көмекшісі  ретінде  ғана  болып  қалады»  [26],  басқа  да  оқыту 
құралдары сияқты әдістемелік құрал болып есептеледі.  
Қорыта  айтқанда,  компьютерлік  оқыту  үрдісінде  басты  рөлді 
информатика  мұғалімі  атқарады,  сол  себепті  ол  жаңа  жетістіктер 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау