Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 2,03 Mb.
Pdf просмотр
бет10/75
Дата14.11.2018
өлшемі2,03 Mb.
#19910
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75

31 
 
 
сегменттің аудандары 
шығару және қолдану; 
9.1.1.2 - 
сектор мен сегмент 
ауданының формулаларын 
қорытып шығару және 
қолдану; 
9.1.1.3 - 
іштей сызылған 
бұрыш анықтамасын және 
оның қасиеттерін білу; 
9.1.1.4 - 
дөңгелектегі  
кесінділердің 
пропорционалдылығы 
туралы теоремаларды білу 
және қолдану; 
Дұрыс көпбұрыштар, 
олардың қасиеттері және 
симметриялары 
9.1.2.1 - 
шеңберге іштей 
және сырттай сызылған 
төртбұрыштардың 
қасиеттері мен белгілерін 
білу және қолдану; 
9.1.2.2 - 
дұрыс 
көпбұрыштардың 
анықтамасын және 
қасиеттерін білу; 
9.1.2.4 - 
дұрыс көпбұрышқа 
іштей және сырттай 
сызылған шеңберлердің 
радиустары арасындағы 
байланысты білу және 
қолдану; 
9.1.2.5 - 
дұрыс 
көпбұрыштың 
қабырғаларын, периметрін, 
ауданын және оған іштей 
және сырттай сызылған 
шеңберлердің радиустарын 
байланыстыратын 
формулаларды білу және 
қолдану;  
9.1.2.6 - 
үшбұрыш 
медианаларының 


32 
 
қасиеттерін білу және 
қолдану;  
9.1.4.18 - 
дұрыс 
көрбұрыштардың 
симметрияларын білу 
 
1.11-1.
13  кестелерден  көріп  отырғанымыздай,  бір  тоқсанда  бір  немесе 
одан көп бөлім қарастырылады. Мұндай бөлу оқу пәнінің базалық мазмұнына 
байланысты.  
Жаңартылған  мазмұндағы  типтік  оқу  бағдарламаларында  әр  тарауды 
игеруге  арналған  сағат  саны  көрсетілмеген.  Тоқсандағы  бөлімдер  және 
бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне 
қалдырылған. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана 
алады.  Жоспарлау  кезінде  мұғалімдер  бекіту  және  қайталау  сабақтарын 
ескерулері  тиіс.  Ең  бастысы бір  тоқсанда  көрсетілген  материал сол  тоқсанда 
игерілуі керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


33 
 
2  «Математика»  оқу  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен 
әдістері 
 
Білім  беру  стратегиясы  мемлекетпен  анықталады  және  ҚР  «Білім  туралы 
Заңында» және білім саласындағы басқа да нормативтік құжаттарда жазылған. 
Атап  айтқанда,  негізгі  орта  білім  деңгейіндегі  5-6  сыныптарға  арналған 
«Математика»,  7-9 сыныптарға  арналған  «Алгебра»,  7-9  сыныптарға  арналған 
«
Геометрия»    пәндерінен  типтік  оқу  бағдарламаларында  жаңартылған  білім 
мазмұны  бойынша  математикаға  оқытудың  ең  маңызды  міндеттерінің  бірі 
ретінде  білім  алушылардың    логикалық  және  сыни  тұрғыдан  ойлауын, 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға назар аударылған [4, 5, 6, 7].  
Математиканы  оқыту  барысында  мұғалімдер  келесідегідей  оқытудың 
белсенді  технологияларын  қолдану  арқылы  тұлғаның  қасиеттерін  дамытуға 
назар аударғаны маңызды: 
− 
оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың білімдері, біліктері мен 
дағдыларын  одан  әрі  дамыту  мақсатында  алған  білімдерін  қолданудың 
маңыздылығын құптау; 
− 
мұқият  іріктелген  математикалық  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері 
арқылы оқушыларды дамыта оқыту; 
− 
оқушылардың  білім  алуына  «оқыту  үшін  бағалау»  арқылы  қолдау 
көрсету; 
− 
оқушылардың  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуіне  және  зерттеу  әдіс–
тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды қолдау;   
− 
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; 
− 
оқушылардың  жеке,  топтық  және  сыныптың  барлық  оқушыларымен 
жұмыс түрлерін ұйымдастыру. 
Математиканы оқытудағы педагогикалық тәсілдер: 
− 
проблемалық оқыту;  
− 
топпен жұмыс; 
− 
өзара оқыту (сынып ішінде және сыныптар арасында); 
− 
практикалық  және  шығармашылық  жұмыстар  (ермексаз,  шыны,  ағаш, 
түрлі  геометриялық  модельдердің  конструкторы  сияқты  материалдармен 
жұмыс істеу); 
− 
жартылай  ізденіс  әдісі  (іздеуді,  қосымша  материал  қолдануды  қажет 
ететін есептерді шешу); 
− 
зерттеу әдісі (мен не білемін, нені білгім келеді, неге үйрендім); 
− 
белсенді оқыту әдістері; 
− 
саралап оқыту; 
− 
оқушылардың оқу жетістігіне жүйелі мониторинг жасау; 
− 
құндылықтарға бағытталған оқыту; 
− 
жеке тұлғаға бағытталған оқыту. 
 
 


34 
 
Математиканы оқыту процесінде АКТ-ны қолдану келесідегідей: 
− 
жобалау  қызметтері,  зерттеушілік  есептерді  шешу,  тапсырмаларды 
құрастыру,  ақпараттар  мен  пікірлермен  алмасу  (стандартты  емес  есептер, 
жобалар, «апта есебі») үшін сайттарды (блогтарды) құру; 
− 
математикалық  тапсырманы  (геометриялық  фигураларды  құрастыру 
және т.б.) орындау барысы туралы бейнекөрініс жасау; 
− 
арнайы программалардың көмегімен бағалау тапсырмаларын құрастыру; 
− 
графиктерді, геометриялық сызбаларды оқушылардың өздігінен салуы; 
− 
ақпаратты  іздеу,  оны  таңдау,  деректер  мен  құбылыстар  арасындағы 
байланыс  пен  айырмашылықты  салыстыру  және  орнатуға  байланысты 
жұмыстарды өздігінен орындау дағдыларын оқушылардың бойында дамыту; 
− 
математиканың бөлімдерін оқу барысында көрнекілікті қамтамасыз ету 
(мысалы,  геометрияны  оқуда  1C  математикалық  конструктор,  GeoGebra 
программалық қамтамасыз етулерді қолдану);  
− 
әр  түрлі  қосымшалардың  көмегімен  оқушылардың  математикалық 
модельдеу  дағдыларын  жетілдіру  (мысалы,  Excel,  Acces  қолданбалы 
программалар); 
− 
оқушылардың  өзін-өзі  бақылау  дағдыларын  дамытуға  мүмкіндік 
жасайтын электрондық оқулықтар арқылы оқыту; 
− 
Интернет-олимпиадаларға немесе қашықтықтан олимпиадаларға қатысу 
арқылы  оқушылардың  математикалық  қабілеттері  мен  шығармашылық 
белсенділігін дамыту;  
− 
өзекті  тақырыптар  бойынша  мектептен  тыс  диалогты  жалғастыруға 
мүмкіндік  беретін  онлайн  режимінде  немесе  форумға  қатысу  арқылы 
математикалық дағдылар мен математикалық тілді дамыту. 
«Оқыту  әдісі»  ұғымы  дидактикалық  мақсаттарға  сәйкес  оқыту  үдерісінде 
мұғалімнің  оқу  жұмысы  мен  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  жолдарына 
байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекетінің міндеттерін бейнелейді.  
Демек, оқыту әдістері – оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді 
шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің жолдары 
болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен 
қолданылады.  
Тәсіл  –  әдіс  элементі,  оның  кұрамды  бөлігі,  бір  реттік  әрекет.  Оқыту 
үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін. 
Оқыту әдістері – күрделі, көп жақты, көп салалы құбылыс. Оқыту әдістері 
арқылы  объективтік  заңдылықтар,  мақсаттар,  мазмұн,  принциптер,  оқыту 
формалары  бейнеленеді.  Оқыту  әдістері  оқу-тәрбие  үдерісінде  үйретуші, 
дамытушы,  тәрбиелеуші,  ынталандырушы  (мотивациялық)  және  бақылаушы-
түзетуші кызметтерді атқарады.  
Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл – үйретуші 
функцияның  байқалуы,  оқушылардың  даму  деңгейі  мен  қарқыны  қамтамасыз 
етілетін  –  дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы – 
тәрбиелік  функцияның  жүзеге  асырылуы  болып  табылады.  Әдістер  мұғалім 
үшін  оқушыларды  оқуға  ұмтылдырушы  құрал  ретінде  қолданылады,  ал  кейде 


жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау