Құрастырғандар: э.ғ. к доцент, Балабекова Дина Буркитбаевна



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#19767
түріДиплом



 

Құрастырғандар: э.ғ.к. доцент, Балабекова Дина Буркитбаевна 



                                  

                                                              

 «Есеп және аудит»  мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқитын  студенттерге  

арналған дипломдық жұмысты жазу бойынша әдістемелік нұсқау.  

 

                                     



     Әдістемелік нұсқау «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай 

оқитын    студенттерге  жұмыстық  оқу  жоспарына  және    Дипломдық  жұмысты  орындау 

жөніндегі  ГОСО  РК  5.03.016  -2009  стандартының   талаптарына  сәйкес орындалды  және 

дипломдық жұмыстың  барлық түрін орындау бойынша қажетті ақпараттардан тұрады.  

 

 

Әдістемелік нұсқау «Есеп және аудит» мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.  



 

Рецензент:             : Құттыбаева Д.М – ОҚМУ ,  «Экономика» кафедрасының доценті, э.ғ.к. 

 

«Қаржы және есеп» кафедрасының мәжілісінде (№5 хаттама «27»   12. 2016ж.) және  



«Экономика және заң» факультетінің әдістемелік комиссиясында  (№ 5 хаттама «-27»  12 

2016ж.) қаралып, баспаға ұсынылды. 

 

 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің Әдістемелік Кеңесімен  баспаға 



беруге ұсынды  

(№5 хаттама «28»  12   2016ж.).  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 


 



Мазмұны 

 

Кіріспе........................................................................................................................4 



1. Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 5 

2.  Дипломдық   жұмыстың тақырыбын талдау....................................... . . . . . .. 5 

3.  Дипломдық  жұмыс тақырыптарын  бекіту тәртібі.. .. . ........................ . . .. . 5 

4. Дипломдық  жұмысқа ғылыми жетекшілік ету.. . . . . . . . . . . . . . ............ . . . .6  

5. Дипломдық жұмыстың мазмұны........................................................................6 

6. Дипломдық  жұмысты  рәсімдеу ................................ . . . . . . . . . . . . .  . . . . . ..7 

7. Дипломдық жұмысты  рецензенттеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . ................... . . ......9 

8. Дипломдық жұмысты қорғау............................................. . . . . . . . . . . . . . . . .10  

Қосымшалар......................................................................................................11 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



КІРІСПЕ 

 

Әдістемелік    нұсқаудың    студенттер  үшін    мақсаты  -    міндетті  қажеттілікті  



дипломдық  жұмысты    орындау  барысындағы    ережелер  мен  нұсқауларды,  дипломдық 

жұмысты  қорғау тәртібін анықтау. 

Әдістемелік  нұсқау-  дипломдық  жұмыстың    тематикасын  актуалдығын,  ғылыми 

дәрежесі  мен  орындалу  сапасын  үнемі  жоғарылауын,  бухгалтерлік  есептің  стандартына, 

мақсатына,талдау  мен  аудиттің  қағидаларына  сәйкес  есепті  ұйымдастыруды  жақсартуға 

байланысты  құрастылған  нақты  практикалық  нұсқаулары  бар  дипломдық  жұмыстардың 

үлесін өсіруін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әдістемелік нұсқаулар оқу барысындағы 

студенттердің өзіндік жұмыстарын дипломдық жұмысқа иемденуін дамыту керек. 

Курстық  жұмыстар,  тематикалық  және  ғылыми  баяндамалар  жазу  дипломдық 

жұмыстың  уақтылы    дайындалуындағы  және  сапалы  дағдының  қалыптасуы  мен 

дамуындағы,  студенттердің  өз  ойын  нақты  жеткізу  және  дипломдық  жұмыстың 

нұсқауларын,  қорытындысын,  негізгі  ережелерін  айқындап  ашу  дағдысының 

қалыптасуындағы бастапқы кезең болып табылады.  

Дипломдық  жұмыс  өз  бетінше  орындалуы  тиіс;    қарастылып  жатқан  сұрақтар 

бойынша әр түрлі көзқарастарды талдау және өз ойын қалыптастыру қажет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 



1.  Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты 



 

Курстық жұмысты, емтихандар сынақтарды оқу жоспарына сәйкес барлық пәндер 

бойынша    курстық  жұмыстарды,  емтихан  сынақтарды  тапсырып,  болғаннан  кейін  «Есеп 

және аудит»  және «Экономика» мамандықтарының    4,5 - курс студенттері  дипломдық 

жұмысты  жазуға  кіріседі  және  оны  мемлекеттік  аттестациялық  комиссияның  алдында 

қорғайды. 

Бухгалтерлік  есеп, аудит  және экомикалық талдау  бойынша жазылған дипломдық 

жұмыс студенттерді оқытудың  қорытынды кезеңі болып, мынадай мақсаттары бар:  

Мамандық  бойынша  берілген  теориялық  білімді  кезеңдеу,  тереңдету  және 

қорытындылау  және  осы  білімді  шаруашылық  субьектінің  қаржылық  және  басқару 

талдауына, есеп пен аудиттің техникасын, методологиясын ұйымдастыруына байланысты 

қойылған міндеттерді шешуде қолдану. 

Дипломдық жұмыста қарастылған проблемалар мен сұрақтарды шешудің зерттелу 

әдістерін үйрену және өзіндік жұмысты жүргізу дағдысын дамыту. 

Нарықтық  экономика  жағдайында    студенттердің  өзіндік  жұмыстарының 

дайындығын анықтау.  

Дипломдық жұмыстың  мазмұны  жоғарыда айтылған  мақсаттарға  сәйкес болуы 

үшін  нақты  шаруашылық    субъектісінің  қаржылық  және  өндірістік    шаруашылық 

қызметінің  мәліметтері негізінде орындалуға тиіс. Бұл  мәліметтер негізінде, студенттің  

өндірістік  практикасы    өткен    шаруашылық  субъектінің  мәліметтері  болып  табылады. 

Дипломдық жұмыстың  қорытынды ұсынысы  шаруашылық субъектісімен экономикалық 

сұрақтарды    шешуінде  қолданып,  септігін  тигізсе  дипломдық  жұмыс  аса  құндылыққа  ие 

болады. 

Дипломдық жұмысты  орындаған студент  таңдалған тақырып бойынша келесілерді 

міндетті  түрде  қарастыру  керек:  ҚР  Заңы;  ҚР  –ның  Президентінің    Жарлығы;  қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  бағдарламалары,  Бухгалтерлік  есеп  стандарттары; 

Бухгалтерлік  есептің  және  субъектінің  қаржылық  шаруашылық    қызметтің  Бас  шоттар  

жоспарын; Үкіметтің нормативті  – құқықтық актілерін; мерзімді  басылымдардағы  және 

ғылыми    және  оқулықтардағы      сұрақтардың  мазмұнын;  есеп  беру,  аудит,    салық  салу,  

калькуляциялау, есеп, жоспар бойынша құралдарды;  кәсіпорынның  қаржы – шаруашылық 

қызметінің  тексеру  материалдарын  (тексеру актілері,  аудиторлық  қорытындылар, салық 

инспекциясының  тексеру актілері және т.б.) нақты кәсіпорынның  қаржылық есебі. 



 

2.  Дипломдық   жұмыстың тақырыбын талдау. 

 

Дипломдық  жұмыс    тақырыптарының    тізімі  «Экономика,  есеп  және  аудит» 



кафедрасында    өңделеді  және    жүйелік    түрде    жаңарып  отырады.  Дипломдық    жұмыс 

тақырыптарына,    кәсіпорынның  шаруашылық    қаржысын    талдауына,    аудитіне,  

бухгалтерлік  есеп  әдістеріне    қатысты    актуалды  сұрақтар  енгізілуі  тиіс.  Студент 

университетте  алған  білімі  мен    қабілетін  толық    қолдана отырып,  өзін    қызықтыратын, 

ынталандыратын,  ұсынылған   дипломдық жұмыс  тақырыптарының  кез-келгенін таңдауға 

құқықтары  бар.  Сонымен  қатар  ғылыми  жетекшісімен    келісе    отырып  дипломдық 

жұмысын тақырыбын, мақсатын және жоспарын анықтай отырып ұсынуға құқылы.   Егер 

де дипломдық  жұмыс тақырыбы  кафедрада  өңделген тақырыптарға сәйкес келсе, онда ол  

студентпен бекітіледі. 

Дипломдық  жұмысты  бір  кәсіпорынның  берілген    ақпараттары    бойынша  және  

бірдей  тақырыптарда орындау рұқсат етілмейді. 

 

3.  Дипломдық  жұмыс тақырыптарын  бекіту тәртібі

 



 

Студент  дипломдық жұмыс  тақырыбын кафедра  меңгерушісінің атына жеке өтініш 



беру  бойынша    жүргізіледі.  (  №1  қосымшада  үлгісі    көрсетілген).  Кафедра  дипломдық 

жұмыс  тақырыптары  және  жетекшілері  бекітілген  өтініштері  негізінен  бұйрық  жобасын 

дайындап,  бұйрықты  шығару  үшін  оқу  әдістемелік  бөлімге  тапсырады.  Студенттің  

дипломдық жұмыс тақырыбын  бекіту туралы  бұйрық  шыққаннан соң,  студент жұмыстың 

жоспарын 2  данада жетекшісіне тапсырады. Жұмыс  жетекшісі қажет  болса,  жоспарды 

бекіте қарастыра оны кафедра  меңгерушісіне бекітуге тапсырады. Бекітуден кейін 1 данасы 

кафедрада сақталып, ал 2-ші данасы  студентке беріледі. 

 

4. Дипломдық  жұмысқа ғылыми жетекшілік ету. 

 

Дипломдық    жұмысқа  тікелей  жетекшілік  ету,  ғылыми  жетекшімен  жүзеге 



асырылады. Жетекші дипломдық жұмыстан  дайындау және орындауға дейінгі кезеңдерді 

қадағалап    отырады.  Студент    дипломдық    жұмыс  мәліметтері  туралы  жетекшісінің  

алдында күнделікті есеп беріп отырады. 

Жетекші студентке   мазмұны  және жұмысты орындау тәртібі бойынша кезең береді; 

сонымен  қатар  дипломдық  жұмыстың    дайын  бөлімдері  бойынша  дипломдық  жұмысты 

тексереді. Кафедра  мәжілістерінде,  кафедра мүшелеріне  жұмыстың  орындалуы туралы  

жетекші  ақпарат береді. 

 

5. Дипломдық жұмыстың мазмұны. 

 

Дипломдық    жұмыстың    мазмұнының  негізі  болып,    таңдалған  тақырыптың  



сұрақтарын  жетік қарастыру  болып табылады. Мәліметтер,  қысқаша  беріліп,  тәртіппен 

орындалған  және  жеңіл  оқылатын  болуы  тиіс.  Атаулар  мен    сөздерді    қысқарған  түрде 

жазбау  керек.  Кез-келген    дипломдық  жұмыста  үшін  міндетті  болып  табылатын   

диаграммалар,    схемалар,  регистрлер,  құжаттарды  қосымшаға  енгізу  қажет.  Сондықтан 

берілгендер кесте түрінде   көрсетілу қажет.  

Кіріспе бөлімінде  тақырыптың  актуалдылығы  мақсаты мен  дипломдық жұмыстың  

міндеті  көрсетеледі.  Әсіресе  таңдалған    тақырыптың  маңызын  және  ролін  ашу  қажет. 

Сонымен қатар шаруашылық субъектіге қысқаша экономикалық сипаттама беру қажет (4 – 

үлгіні қара). Берілген кестеге, өсу немесе кему қарқыны, ауытқулары туралы талдау жасау. 

Автордың  көзқарасы  бойынша көрсеткіштердің  саны кестедегі көрсетілгеннен  жоғары да 

болуы мүмкін. Жұмыс  барысында  шаруашылық субъект  құрылымын қарастырып, қаржы, 

маркетингте сұрақтарды  ашып, оның нарықтағы  жағдайы мен  даму перспективаларын 

қарастыру қажет. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп формасын,  өндіріске кеткен шығындар 

есебінің кәсіпорын  қолданатын әдісін,  бухгалтерияның ұйымдық құрылымын  қарастыру 

қажет. 

Дипломдық жұмыстың 1-ші бөлімінде берілген  кәсіпорындағы  бухгалтерлік есеп 



бөлімдерінің    ұйымдастырылуын    қарастыру  керек,  мысалы,    кәсіпорынның  негізгі 

құралдары,  материалдық  емес активтері, ТМҚ, еңбекақы жүйесі, өнімнің өзіндік құны мен 

дайын өнім және т.б. 

Бұл өнімде студент  кәсіпорындағы  қызмет етуші бухгалтерлік есептің  тәжірибелік 

жүйесін,    кемшіліктерін    қарастыра  отырып,    бухгалтерлік  есептің    дамыту  жолдарын 

анықтау  қажет. 

Екінші  бөлім    экономикалық    талдау  және  аудит  нәтижелерінен    құрылуы  керек. 

Мұнда    студент  ресурстардың  әр  түрі  бойынша  негізгі    талдау  әдістерін    немесе  қызмет 

нәтижелерін, аудит бағдарламасын және оны жүргізу  тәртібін, ішкі бақылау тестерін және 

т.б.  ашып  көрсету  қажет.    Кем  дегенде  талданатын  мерзім  2  жылдық  мерзімді    қамтуы 

қажет.  Талданған нәтижелер бойынша  қорытынды жасап,  оларға  ұсыныс жасау қажет. 

Студенттің  дипломдық  жұмысының    қорытындысы    келтірілген    мысалдар  мен  

қосымша кестелерімен, диаграммаларымен  байланыстыруы қажет. 



 

Бұл маңызы бойынша кәсіпорын негізінде  қаржылық және  басқармалық талдауға, 



аудитке,  бухгалтерлік  есепті    жақсартуға  бағытталған,  нақты,    байланыстырылған  

мазмұндама  болуы  тиіс.  Қорытындының  маңызды  бөлігі,  «Базалық  кәсіпорынға  

ұсыныстар,  жасау негізінде  көрсетілуі тиіс. 

Пайдаланылған    әдебиеттер  тізімі  «Қорытындыдан»  кейін  көрсетіледі.  Мұнда 

дипломдық    жұмысты  жазу  барысында  қолданылған  бүкіл  әдебиеттер  көрсетілуі  тиіс. 

Әдебиеттер келесідей тізімде жазу ұсынылады: 

1. Үкіметтің  арнайы  құжаттары. 

2. Инструктивтік материалдар. 

3. Ғалымдардың еңбектері: монографиялары, мақалалары, мен оқулықтары және т.б. 

Ең басында  автордың  фамилиясы мен инициалдары, содан соң оқулықтың  немесе 

мақаланың  атауы, содан соң баспа орны, баспаның атауы мен жылы көрсетіледі. Мысалы, 

Арене Э.А., Лоббек Дж.К., Аудит М., Қаржы және статистика, 1995ж. 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімінен  кейін  студенттің  қолы  мен  мерзімі  қойылады 

(күні, айы, жылы) 

Дипломдық жұмысқа   берілген  қосымшалар  жұмыстың міндетті  бөлімдерінің  бірі 

болып табылады.  

Дипломдық жұмыстың  қосымшаларына  келесілер жатады: 

Бастапқы  есеп құжаттары  мен есеп регистрлері оның ішінде  соңғы  көрсеткіштер  

мен  берілгендер  болуы  тиіс;  кәсіпорынның  жылдық  есеп    формалары,  схемалар  және 

диаграммалар,  бұлар өндірістің технологиясын  сипаттауы тиіс.   

Қосымшалар  номерлерін, парақтың  оң жақ,  жоғарғы бөлігінде 1- ден бастап  бет 

сандары қойылады. 



 

6. Дипломдық  жұмысты  рәсімдеу  

 

Дипломдық  жұмыс  біртекті,  таза  болып  рәсімделуі  тиіс.  Жұмыстың  тексті 



компьютермен  терілген  түрде  және  қолмен  жазылған  түрде  ақ  стандартты    қағазға 

ұсынылады. Жұмысты келесі шарттарға негізделе отырып жазу қажет: оң жағы - 10,00 мм, 

сол жағы – 30,00 мм,  жоғарғысы – 20,00 мм, төменгі жағы – 20,00 мм.

 

Тақырып пен текст арасындағы  қашықтық



 

1 интервал түсіп 2-интервалда басталуы 

тиіс.  Егер  де  диплом    компьютермен  терілетін  болса  онда  мәтіндер    арақашықтығы  1 

интервал,  ал  әріптерінің  өлшемі  14  шрифт  болуы  заңды.  Жұмыс  көлемі  60–90  беттен 

құралуы тиіс. 

Дипломдық жұмыс тақырыбы, қазіргі заман ағымына сай, техника  мен ғылымның 

даму  жағдайы мен  перспективаларына  жауап бере алатындай болуы тиіс. 

 Дипломдық жұмыстың  тақырыптары  кәсіптендіру  кафедралары мен  өңделіп және  

диплом  алдындағы    практиканың    бастауына    екі  апта  бұрын  болатын  таңдау  үшін 

студенттерге хабарлайды. 

Студент өзінің  қалаған тақырыбын  дипломдық жұмысқа  ұсынуға құқығы бар.  

Дипломдық    тақырыптар    мен    дипломдық    жұмыстың      жетекшілерін    ұсыну 

кәсіптендіру  кафедраларының    бұйрығымен  диплом  алды    практиканың  басталуына  бір 

аптада бұрын  өткізіліп,  бекітілуі  керек. 

 

Дипломдық  жұмыстың  көрсетілген  көлеміне  қосымшалар  кірмейді.    Дипломдық 



жұмыс түсіндірме жазбадан және графикалық бөлімнен тұрады. 

Дипломдық жұмыстың  құрылымына:  

-  Мұқаба; 

-  Беткі парақ (титульный лист) ; 

-  Беткі парақтың 2- қорғауға жіберілу парағы; 

-  Дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма; 

-  Мазмұны; 



 

-  Аннотация; 



-  Нормативтік сілтемелер; 

-  Анықтамалар; 

-  Қысқартулар мен белгілер; 

-  Кіріспе 

-  Негізгі бөлім; 

-  Бизнес-жоспарлау 

-  Қорытынды; 

-  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар 

 

Мұқабада келесі мәліметтер беріледі:  



-  дипломдық жұмыс, орындалған мекеменің аталуы; 

-  студенттің аты-жөні; 

-  дипломдық жұмыс тақырыбының аталуы; 

-  жұмыс түрі-дипломдық жұмыс; 

-  мамандықтың аталуымен шифр, қаласы, жылы; 

 

Титул парағында төмендегі мәліметтер: 



-  дипломдық жұмыс орындалған ұйымның атауы; 

-  жұмыс түрі;  

-  «тақырыбы» деп көрсетілген дипломдық жұмыстың атауы; 

-  Мамандықтың шифрі мен атауы; 

-  Сол  жақта  –«орындаған»,  оң  жақта  –  қарама-қарсысында  студенттің  тегі,  аты-

жөні жазылады; 

-  Астындағы  қатарға  «ғылыми  жетекшісі»  оның  қарсысында  тегі,  аты-  жөні 

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; қала, жылы; 

Тапсырма 

Дипломдық    жұмыстың    тапсырмасында    материалдардың  көздері,  студенттердің 

жасаған  мәселелер  тізімі,  пайдаланған  әдебиеттер  тізімі,  графикалық  материалдар 

(кестелер, схемалар, диаграммалар) сипаттау, дипломдық жұмысты жазуға арналған толық 

күнтізбелік кестені қамтиды. Дипломдық жұмыс тапсырмасын жұмыстың тіткен мерзімін 

көрсете отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді. Дипломдық  жұмыс тапсырмасы дипломдық 

жұмысқа нөмірленбей тігіледі. 

Дипломдық  жұмыстың  мазмұнына  кіріспе,  нөмір  реті  және  барлық  тараулардың, 

бөлімдердің атаулары қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі, бет нөмірі көрсетілген 

қосымшалар атаулары кіреді. 

Аннотацияда  дипломдық  жұмыстың қысқаша мәліметі  жазылады. Аннотацияның  

мазмұнында  дипломдық жұмыстың кестелері, қосымшалары  енгізілуі керек 

Нормативтік сілтемелер. 

Мәтінде берілген сілтемелер,  нормативтік құжаттардың  тізімі қосылады. 

Құжаттар  негізінен  «Дипломдық  жұмысымда»  деген  сөзден    басталады,  келесі 

құжаттарды келесі сілтемелер  пайдаланылады 

Анықтама. 

Анықтаманың негізгі элементтері  келесілер  деп  тұрады,  дипломда  пайдаланылған  

терминдер мен  анықтамалардың  айқындалуы жазылады. 

Қысқартулар мен белгілер. 

Қысқартулар мен  белгілер нормативтік  құжатта  қолданғаға сәйкес келуі керек. Бұл 

құрылымдық элементтің  мазмұны жобаларда  қолданылған қысқартулар  мен белгілердің  

тізімінен тұрады 

Кіріспе. 

Кіріспе  саласының    сипаттамасын    технологиясы  мен    техникасынан,  жұмыстың 

тақырыбымен  байланысты  өңдеулердің    актуалдығы    және  сұрақтардың    жағдайынан 




 

тұрады. Кіріспеде талаптар қойылмау керек. Кіріспе нөмірленбейді және жеке  парақтардан 



тұрады. 

Бітірушінің  біліктілігін    анықтайтын,    негізгі  бөлімдер  немесе  дипломдық  

жұмыстың  негізгі  талаптары;    зерттеліп    отырған    жұмыстың  әдістері  мен  нәтижелері; 

түсініктері және есептер  сатыларына сәйкес  көрсетілуі керек. 

Қорытынды (ұсыныстар) 

Бұл  бөлімде    жұмыстың  орындалғаны  туралы  қысқаша    ұсыныстар    келтіріледі. 

Қосымшалар, кестелер, схемалар, бағдарламалық  рұқсаттар. 

Түсіндірме  хатты    толықтыратын   материалдар,   қосымшаларға  сыйдырып  қосуға 

рұқсат  етіледі.  Қосымшалар  келесі  түрде  болады;  графикалық  материалдар,    үлкен 

форматтағы кестелер, құралдар мен  аппаратуралардың сипатты, алгоритмдердің сипаты,  

тапсырмаларды    бағдарламалары,  ЭЕМ  –гі  шығарылған  есептер,    статистикалық  

мәліметтер, стандарттар және т.б. 

Қосымшалар  міндетті  және  ақпаратты  болуы  мүмкін.  Түсіндірме    хатта  

қосымшалар, сілтелмелер  тәртібімен сипатталуы керек. Қосымшалар  әрекеттегі бекітілген 

стандарттардың    формалары  және    ережелері  беттерімен    түсіндірме  хаттың    жалғасы 

ретінде  рәсімделеді: 

Пайдаланылған мәліметтер тізімі. 

Пайдаланылған  мәліметтер    барлық  мәліметтер  көздері  мен    түсіндірме  хатта 

сілтемелер тәртібімен  немесе алфавит  бойынша орналасады. Цитаталар  тырнақшалармен 

белгіленіп, беттің соңында  пайдаланылған мәліметтер көрсетіледі.  

Қосымшаларға  сілтемелерді    номерлерімен  көрсетеді.  Дипломдық    жұмыстардың 

беттері  номерленуі керек. Бірақ мұқабасында (титульный лист), бастапқы  бетінде және 

кіріспесінде номер қойылмайды, бірақ ол  санаққа кіреді.  

Дипломдық жұмыстың кіріспесіне төртінші деген номер қойылады. Мұқабаланған 

дипломдық    жұмыс    тексеруден  өткізілген  соң,  ғылыми  жетекші  ең  бірінші  бетіне  қол 

қойып,  жазбаша түрде пікір береді. Жетекші дипломдық жұмысқа объективті баға береді. 

Студент  дипломдық  жұмыста  кездескен  қиындықтарды  көрсетеді.  Пікірде  жұмыстың  

қаншалықты  зерттелгенін,  жұмысқа  берілген    шешімдер  мен    ұсыныстардың  

құрымдылығын    көрсетеді.  Пікірдің  соңында  студенттің  дипломдық  жұмысы    барлық 

талаптарға сай келеді деп шешім жасап,  қорғауға жіберіледі. 

Дипломдық  жетекші  жазбаша  пікірмен  қоса  кафедра  меңгерушісіне    дипломдық 

жұмысты береді, онда ол  жұмыстың  тақырыпқа сай келуін  анықтайды және  рецензия 

жібереді. 

 

7. Дипломдық жұмысты  рецензенттеу. 

 

 

Дипломдық  жұмыс  басқа    ЖОО  мұғалімдерімен,  кәсіпорын  мамандарымен  және 



ғылыми мекемелердің қызметкерлерімен рецензияланады.  

Рецензия дипломдық жұмысты сапасын бағалаудағы  соңғы тексеру нәтижесі болып 

табылады. Сондықтан рецензент төмендегідей мәліметтерді рецензияда  айқындауы қажет: 

1. Тақырыптың актуалдығы, 

2. Жетіспеушіліктер мен жағымды жақтар, келіспейтін жақтары. 

3. Қорытынды мен ұсыныстардың  шынайылығы  және негізделуі. 

4. Кәсіпорын үшін дипломдық жұмыстың құндылығы 

5. Жұмыстың рәсімдеу сапасы 

6.  Студенттің  оқу  барысында  оқыған  білімін    практикалық  сұрақтарды  шешуде 

пайдалана білуі. 

7.  Жұмысты  жалпы  бағалау  («өте  жақсы»,  «жақсы»,  «қанағаттанарлық», 

«қанағаттанарлықсыз»). 

 



 

10 


Рецензия  рецензентпен  қол  қойылады.  Ол  жерде  рецензенттің  жұмыс  орны  мен  

лауазымы,  қол  қойылған  күні  жазылады.  Дипломдық  жұмысты  рецензиямен  бірге 

рецензент  кафедраға    қайтарылып    беріледі    Рецензияның    мазмұнымен    мемлекеттік  

аттестациялық  комиссияның  мәжілісіне  дейін студент пен ғылыми  жетекшісі танысады. 

 

8. Дипломдық жұмысты қорғау

 

Дипломдық  жұмыс  Мемлекеттік  Аттестациялық  комиссияның  мәжілісінде  



қорғалады.  Дипломдық  жұмыстың    қорғалу  күні  мен  уақыты    кафедра  меңгерушісімен  

белгіленеді.  Студент дипломдық жұмысты  қорғау күніне баяндаманың  тезисін, кестелер, 

графиктер, диаграммалар  дайындайды. Жоғарыда  айтылған қосымша  құралдар ғылыми  

жетекшінің  бақылауымен дайындалады. МАК – қа келесі құжаттар беріледі.  

1. Дипломдық  жұмыс  

2. Оқу жоспарымен  сәйкес тапсырылған  пәндер жайында мәлімет. 

3. Ғылыми жетекшінің  дипломдық жұмысқа  берілген пікірі. 

4. Рецензия  

 

Студент дипломдық жұмысына  жазылған  баяндамасында  (ұзақтығы 10-12 минут) 



жұмыстың  ең  маңызды  жақтарын  берілген  ұсыныстарын  айқындайды.  Студент 

рецензенттің сұрақтары мен сын ескертулеріне жауап береді.  МАК  бір мүшесі пікір мен 

рецензияны оқып шығады. Одан кейін МАК  мүшелері  дипломдық жұмысқа байланысты 

сұрақтарын қоя бастайды. 

МАК-  тің  жабық  мәжілісінде  дипломдық  жұмыс  бағаланады.  Комиссияның  әр 

дипломдық жұмыс жөнінде шешімі хаттамамен рәсімделеді. Дипломдық жұмысты қорғау 

нәтижесі МАК-тің төрағасымен хабарландырылады.  

Дипломдық  жұмысты  қорғауға  оқу  жоспарына  сәйкес  мамандық  бойынша  толық 

курсты оқып барлық пәндерді толық тапсырған студент жіберіледі.  

Үздік диплом оқу барысында «өте жақсы  және жақсы» деген бағамен, орташа балы 

4,75 ден кем емес үздік оқыған түлекке беріледі. 

Дипломдық  жұмысты  қорғамаған  студент  университеттен  үлгіге  сәйкес  

академиялық  анықтама  алып,  университеттен  дипломдық  жұмысты  келесі  3  жыл  ішінде 

қорғау құқығын алып,  университеттен шығарылады. 

Дипломдық жұмыстың  тақырыбы мен қайта қорғалатын тапсырмалары жайындағы 

сұрақтары мамандандырылған кафедрамен шешіледі. 

Белгілі бір себептермен МАК мәжілісіне  келе алмай қалған студенттің, ректордың 

шешімімен МАК төрағасының келісімімен, МАК жұмысының белгіленген мерзімі ішінде 

дипломдық жұмысты қорғауға мүмкіндігі бар..  

Берілген мерзім ішінде белгілі бір себептермен дипломдық жұмысты аяқтай алмаған 

студент  ректордың шешімімен келесі жылдың соңына дейін қорғалуы тиіс. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қосымша №1 



 

11 


 

                                                                                       «Қаржы және есеп»  

                                                                               кафедрасының меңгерушісі  

                                                                                   э.ғ.к., доцент Балабекова Д.Б.                       

                                                                                 ханымға ___________тобының  

                                                                             студенті ____________________ 

    ____________________________ 

 

  

ӨТІНІШ 

 

Менің  өтініш  беру  себебім,  менің  дипломдық  жұмысымның  тақырыбы  мен 

ғылыми жетекшімді (жетекшінің ғылыми атағы, аты – жөні) бекітуіңізді сұранамын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні , қолы ___________________ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқаба 

Қосымша №2 


 

12 


 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

Сапарова А.А. 

 

 

 

 

Тақырыбы ___________________________________________________________________ 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

 

5В050800– «Есеп және аудит»  мамандығы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 20___ 

 

Дипломдық жұмыстың титул парағының нысаны 

Қосымша №3 


 

13 


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ГУМАНИТАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

        «Қорғау жіберілді» 

       Каф.меңгерушісі 

   ____________э.ғ.к., доцент Балабекова Д.Б. 

   (ғыл.дәрежесі,атағы Т.А.Ә.) 

    «______»  __________20__ ж. 

 

 

 



 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

 

Тақырыбы:___________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ 

 

 

 

5В050800– «Есеп және аудит»  мамандығы  



 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                         _____________    Сапарова А.А. 



 

 

Ғылыми жетекшісі 



э.ғ.к., доцент                                       _____________     Алматова А.П. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент, 20__ 

 

 

Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма бланкінің нысаны 

Қосымша №4 


 

14 


 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

(ЖОО атауы) 

 

 

Факультеті«ЭКОНОМИКА  ЖӘНЕ ЗАҢ»________________________________ 



Мамандығы _________________________________________________________________ 

Кафедрасы  «ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП»_____________________________ 

 

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға 



 

ТАПСЫРМА 

 

Студентке ___________________________________________________________________ 

(аты-жөні) 



Жобаның (жұмыстың) тақырыбы _____________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________  



 

жоғары оқу орны бойынша __________________ «________» __________ № _________ 

бұйрықпен бекітілген 

 

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі _____________ «_______» __________ 

 

Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері ________________________________________ 



_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

 

Диплом  жобасында  көрсетілген  мәселелердің  тізімі  немесе  диплом  жұмысының 

қысқаша мазмұны: 

а) ___________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________  

ә) ___________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

б) ___________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

 

Графикалық материалдарының тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілуімен) 

 

_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

 

Ұсынылатын негізгі әдебиет 

_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 

Жоба (жұмыс) тараулары көрсетілген жоба (жұмыс) бойынша кеңестер 

 



 

15 


Тарау 

Кеңесші 

Мерзімі 

Қолы 

Кіріспе 

 

 

 

І тарау 

 

 

 

ІІ тарау 

 

 

 

ІІІ тарау 

 

 

 

Қорытынды 

 

 

 

 

 



Диплом жобасын (жұмысын) дайындау кестесі 

 

№ 

Тараулардың аттары, зерттелген 

мәселелердің тізімі 

Ғылыми 

жетекшіге ұсыну 

мерзімі 

Ескерту 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма берілген күні «______» ____________ 20__ ж. 



 

 

Кафедра меңгерушісі _______________       _______________________________________ 

 

(қолы)                                                 (ғылыми атағы,аты-жөні) 

 

Жоба (жұмыс) жетекшісі _____________       ______________________________________ 

                                                

(қолы)                                               (ғылыми атағы,аты-жөні) 

 

Студент тапсырманы 

 орындауға қабылдады _____________        _______________________________________ 

                                                         (қолы)                                                             (аты-жөні) 

 

 

 



 

Қосымша 5 


 

16 


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЗАҢ факультеті 

 

Студенттің дипломдық жұмысына  

 

Сын пікір

 

 

 

Құрметті _______________________________________________ сізге Халықаралық 

гуманитарлық-техникалық университетінің студенті_________________________________ 

мамандық ___________________________________ бойынша жасаған дипломдық жұмысы  

сапасына сын пікір беруге жіберіліп отыр. 

  

Сын пікірге келесі сұрақтарға көңіл бөлуіңізді сұраймыз 



1.  Дипломдық жұмыстың тақырыбы  және мазмұны мамандық бойынша берілетін    

2.  квалификацияға сәйкес келуі; 

3.  Тақырыптың  актуальдығы,  жаңа  мәселелерді  қамтитындығы  және  практикалық 

мәнділігі; 

4.  Жұмыстың  өз  бетімен  орындалғандығы,  қазіргі  заманғы  жағдайда  өзіндік  жұмыс 

істей алу дайындығының дәрежесі; 

5.  Қойылған  мәселелердің  шешілу  дәрежесі,  мақсаттың  орындалуы  және  жұмыстың 

біткендігі, жұмыстың ерекше тереңдік сәті мен шынайылығы, ЭЕМ қолдану; 

6.  Жұмыстың  (жобаның)  сауатты  жазылып,  сапалы  дайындалғандығы.  Келтірілген 

графикалық суреттемелердің, кестелердің сапасы, талаптарға сай болуы. 

7.  отандық және шетелдік әдебиеттерді қолдану деңгейі; 

8.  Табылған  қателердің  ішінен  жпуапты,  түсіндіруді  немесе  қорғауды  талап 

ететіндердің ажыратып көрсету; 

9.  Өз  ойын  қарапайым  және  сауатты  түрде  жеткізе    білу  көзқарасы  бойынша,  өз 

бетінше  қорытынды  жасай  алатын,  экономиканы  басқару  мен  өндірістің  әр  түрлі 

деңгейдегі  экономикалық  және  аралық  қатынастарды  жетілдіру  бойынша 

ұсыныстарды жасау; 

10. Жұмыс  (жоба)  элементтерін  өндірісте  қолдану  мүмкіншілігі  немесе  зерттеу 

нәтижелерін ғылыми басылымда жариялаудың тиімділігі; 

11. Жұмыстың  (жобаның)  жалпы  бағасын  баллдық  –ретингтік  әріптік  жүйе  бойынша 

бағасын  көрсету  және  академиялық  дәрежесімен  квалификация  берілу  мүмкіндігі 

көрсетілген дәлелді қортынды: 

 

  

Жазған рецензияңызды ________________________   кешіктірмей беруіңізді сұраймыз. 



 

(мерзім) 

 

 

 



Факультет деканы э.ғ.к., __________________________  Көкенова А.Т. 

 

 



       

 

 



(Қосымша 5-ға  келесі бетіне шығару керек) 


 

17 


 

Дипломдық жұмыстың тақырыбы _____________________________________________ 

_____________________________________________________________________________    

_____________________________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________ 

 

 



Рецензия мәтіні _______________________________________________________________ 

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ 

 

 



 

 

Сын пікір жазушының аты-жөні   ________________________________________________ 



 

Ғылыми дәрежесі және атағы ____________________________________________________ 

 

Жұмыс орны __________________________________________________________________ 



 

Қызметі   _____________________________________________________________________ 

 

Қолы ________________________________________________________________________ 



 

Сын пікірмен таныстым ________________________________________________________ 

Студенттің қолы, күні 

 

 



 

 

 



Қосымша 6 


 

18 


 

Дипломдық жұмыс жетекшісінің  

 ПІКІРІ 

 

Студент _____________________________________________________________________  

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ 

 

 

 



 

(Студентке және дипломдық жұмысқа жан-жақты сипаттама беріп, қорғауға жіберу 

туралы өз ойын айтады) 

 

Жетекші___________________  _________________________________________________ 



                        

қолы, күні 

                                                                                       аты-жөні 

 

Дипломдық жұмыс бойынша кафедраның қорытындысы 



 

Студент________________________________________________________________ 

дипломдық жұмысы тексеруден өтті. Мемлекеттік квалификациялық комиссияның 

алдында қорғауға жіберілді. 

 

 



 

Кафедра меңгерушісі _________________ ________________________________________ 

 

        

қолы, күні                                                         аты-жөні 

 

 

 

(Қосымша 6-ға  келесі бетіне шығару керек) 


 

19 


 

Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының 

ТӨРАҒАСЫНА 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІ 

 

«Экономика және заң» факультетінің 

 студенті _____________________________________________________________________

 

(аты-жөні) 



_____________________________________________________________________________ 

 

_____________________________________________________________________________ 



 

_____________________________________________________________________________

 

(тақырыбының атауы) 



______________________________________________   атты диплом жұмысы қорғауға 

жіберілді

 

          Сынақ-емтихан  ведомостерінің  көшірмесі,  үлгерімі  туралы  анықтама,  дипломдық 



жұмыс  жетекшісінің  пікірі,  дипломдық  жұмыс  туралы  кафедрасы,  рецензия  және 

студенттінң қоғамыдқ белсенділігі туралы карта қосымшада тіркелген. 

 

 

 



 

Факультет декены: ____________________  э.ғ.к. Көкенова А.Т.

 

                                                                                                                                                       (аты-жөні) 

 

 



ҮЛГЕРІМІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА 

Студент 


___________________________________________________________________________ 

20___  -  20___  ж.ж.  аралығында  мамндық  бойынша  оқу  жоспрын  келесідей  бағалармен 

аяқталды: 

 

 



өте жақсы   _____________ жақсы   _________ қанағаттанарлық ___________________ 

 

Хатшы: 



_______________________________________________________________________ 

(аты-жөні) 

 

 



 

20 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау