Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет10/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50

Экономикалық теория 
 
31 
Әкімшілік-әміршілік жүйені нарықтыға трансформациялау 
Өтпелі  кезең  деп  тарихи  қысқа  мерзім  түсіндіріледі  (бір 
онжылдық  шамасы),  ол  уақытта  әкімшілік-басқарушы  экономика 
түбірлі қайта құрылады және  нарықты экономика қалыптасады. 
Нарықты  экономиканың  қалыптасуының  басты  бағыттары 
мыналар болады: 
1.  Либерализациялық  экономика-шаруашылық  экономиканың 
барлық  өрісінде  мемлекеттік  бақылауды,  сондай-ақ  тию  мен 
шектелулерді  қысқартуға  бағытталған  шаралар  жүйесі.  Бұл, 
шаруашылық  операцияларына  мемлекеттік  үстемділікті  жою, 
ресурстарын 
орталықтан 
бөлуді 
қысқарту, 
бағаны 
либерализациялау. 
2.  Экономиканы  демонополизациялау  және  бәсекелес 
ортаны  құру  ол,  іскерлік  белсенділік  үшін  тең  жағдай  құру, 
нарыққа шетелдік бәсекелестердің енуі, орта және кіші бизнесті 
марапаттау, табиғи монополияда баға саясатын реттеу. 
3.  Институционалдық  қайта  құру  қарастырады,  меншік 
қатынастарын 
реформалау, 
нарықтық 
инфрақұрылымды 
(коммерциялық  банктер,  тауарлы  және  қор  биржалары, 
инвестициялық  қорлар)  қалыптастыру,  нарықтық  жағдайларға  
сәйкестелінген заңдылықтар қабылдау. 
4. Халық шаруашылығы құрылымындағы диспропорцияны 
жоюға бағытталған құрылымдық өзгертулер. 
5.  Қаржылық  ортадағы  макроэкономикалық  тұрақтылығы 
үшін  мемлекеттік  бюджеттегі  тапшылықты  төмендету,  ақша 
эмиссиясын шектеу, инфляцияны жою керек. 
6.  Халықтың  өте  мұқтаж  қабатына  адрестік  әлеуметтік 
көмек  көрсетуге    бағытталған  әлеуметтік  қорғау  жүйесін 
қалыптастыру. 
 
Қайталауға арналған  сұрақтар 
 
1. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың мазмұны 
мен құрылымы қандай?  
2.  «Өндіріс  тәсілі»  категориясының  мазмұнын  қалай 
түсіндіңіз? 


Н. А. Маженова 
 
32 
3. 
Өндіріс 
факторлары 
мен 
олардың 
құрылымын 
сипаттаңыз?  Қандай  үш  сұраққа  экономикалық  ғылым  жауап 
беруге тырысады және оның мазмұны қандай? 
4. Экономикалық жүйе және олардың элементтері.  
5. Экономикалық жүйе типтерінің  классификациясы. 
6. Таза капитализм жүйесі (белгілері, дұрыс, теріс жағы). 
7. Командалық (жоспарлы) экономика. 
8. Аралас экономиканың модельдері. 
9. Швед экономикасы. 
10. Экономиканың жапондық моделі. 
11. Экономиканың американдық моделі. 
 
Жаңа терминдер мен ұғымдар 
 
Өндіріс тәсілі 
Базис және қондырма 
Қоғамдық-экономикалық формация 
Өндіргіш күштер 
Өндірістік қатынастар 
Жер, еңбек, капитал  
Өндірістің мүмкіншілік қисығы 
Баламалы шығын 
Таза капитализм 
Командалық (жоспарлы) экономика 
Аралас экономика 
Нарықты экономикаға өтудің эволюциялық жолы (градуализм) 
Нарықты  экономикаға    өтудің    батыл  радикалды  жолы 
(есінен тандыру)  
 
Тест сұрақтары 
 
1) Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне жатады, ол: 
A) жоспарлау; 
B) өндірісті қоғамдастыру қатынастары; 
C) жер, су, қазба байлықтар; 
D) өндіріс құралдары және жұмыс күші; 
Е) инфрақұрылым және оның элементтері. 


Экономикалық теория 
 
33 
2) 
Барлық 
экономикалық 
ресурстарды 
келесі 
категорияларға жатқызуға болады: 
A) табиғи, еңбек, материалдық ресурстар; 
B) шектелмеген, тегін, энергия және білім; 
C) жалақы, рента, пайыз, пайда; 
D) техника, технология және жұмыс күші; 
E) жер, еңбек, капитал. 
 
3) Кез келген қоғамдағы шешілетін үш сұрақ: 
A) қайда, қашан, қалай; 
B) қанша, қандай түсті, қанша көп; 
C) қашан, не, қалай; 
D) не, қалай, кім үшін; 
E) қайда, не үшін, неге. 
 
4) Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен анықталады? 
A) капитал шығынының жұмысшылар санына; 
B) жұмыс уақытының ЖҰӨ-ге; 
C) өнім көлемінің еңбек көлеміне; 
D) капитал шығынының еңбек шығынына; 
E) өнім көлемінің жұмыс уақытына. 
 
5) Әкімшілік-әміршілік экономиканың белгісі: 
A) жекеменшік; 
B) кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі; 
C) жеке экономикалық мүдде; 
D) орталықтан жоспарлау; 
E) ресурстарды тиімді қолдану. 
 
6) Әкімшілік-әміршілік экономикада  тұрақты тапшылықта 
болады: 
A) ақша; 
B) интеллектуалды тауарлар; 
C) әлеуметтік кепілдіктер; 
D) тауарлар мен қызметтер; 
E) ресурстар. 
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары: 1D , 2Е, 3D , 4Е, 5D, 6D. 


Н. А. Маженова 
 
34 
3.  МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ 
 
3.1. Экономикалық  жүйедегі меншік қатынастарының  
        орны 
 
Меншік – күрделі  де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық 
жүйенің  негізі болып табылады.  
Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі  белгілі  орны 
мен рөлі бар: 
  қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі; 
  қоғамның әлеуметтік жағдайын анықтайды; 
  меншік  ауысуының  екі  жолы  бар:  эволюциялық  және 
революциялық; 
  меншіктің  барлық  нысандарының  өзара  байланысы  мен 
қатынасы; 
  тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. 
Меншікті екі жағдайда бөліп  қарастырған жөн: 
Бірінші  жағдайда  меншікті  нақты  экономикалық  категория 
ретінде  қарастырады.  Меншік  дегеніміз  –  өндіріс  нәтижесі  мен 
құралдарын иемденуге қатысты адамдар арасындағы қатынас. 
Екінші жағдайда меншікті барлық қоғамның экономикалық 
жүйесінің талдауы арқылы сипаттайды. 
Меншік барлық қоғамдық құрылымға енетін қатыныс ретінде 
қарауға болады. Меншік қатынастарының жүйесі ретінде, ол: 
- иемдену қатынастары; 
- мүлікті шаруашылық пайдалану қатынастары; 
- меншікті экономикалық жүзеге асырудың қатынастары. 
 
 
 
1.4-сурет.  Меншік қатынастарының жүйесі 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау