Қоршаған орта және мектеп оқушыларының денсаулығы



жүктеу 3,57 Mb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі3,57 Mb.
#19385


School Environment

and Respiratory Health

of Children

Қоршаған орта және мектеп

оқушыларының денсаулығы

«Мектептің қоршаған ортасы және

балалардың тыныс алу органдарының

аурулары – SEARCH-II (2010-2013)» Қазақстан

Республикасы мен Тәжікстан Республикасының

оқу орындарындағы Жобасы



2

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ


ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

3

МАЗМҰНЫ

4

Кіріспе

4

Мектеп оқушыларының денсаулығы туралы әңгімені неге қозғау қажет?



4

SEARCH бастамасының бастауы

4

SEARCH дегеңіміз не?



5

SEARCH-II-ге қош келдіңіздер!

6

SEARCH-II бастамасының серіктес-ұйымдары

7

Итальяндық жобалық командасы



7

The fondazione salvatore maugeri



9

Венгерлік жобалық команда



8

Орта және Шығыс Еуропаның Аймақтық Экологиялық орталығы



11

Орта Азиялық жобалық команда



10

ОААЭО мақсаттары



10

Қосымша серіктестері



10

Қосымша серіктестер



10

SEARCH-II жобасының әдіснамасы

12

Жобаның Қазақстан мен Тәжікстандағы мектептер-қатысушылар туралы ақпарат



12 Мектептердің қоршаған ортасын бақылау

12 Атмосферлік ауадан келетін, сондай-ақ, ғимарат ішінде пайда болатын заттектер

14 Газ және жылытудың басқа түрлерін қолданғаннан пайда болатын заттектер

14 Тұрмыстық химияны қолданғаннан пайда болатын заттектер

15 Құрылыс және өңдеу материалдарынан бөлініп шығатын заттектер

15

Шаң қандай қауіпті жасырады?



16 Оқушылардың дем алу органдарының денсаулығы

17

Мектеп ғимаратының қуат тұтынуын бағалау

17 Мектептердегі температуралық тәртібінің қалыптары

17 Ауа алмастыру

18

Сауалнама жүргізу

18

SEARCH жобасы туралы қосымша ақпаратты қайдан табуға болады?

19

Байланыс ақпараты


4

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Кіріспе

Мектеп оқушыларының денсаулығы

туралы әңгімені неге қозғау қажет?

Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтау – әр

мемлекеттің маңызды стратегиялық мақсаты.

Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық

дамуының, тұрғындардың өмір сүру жоғары деңгейі

мен сапасының, ғылым мен мәдениеттің даму

деңгейінің барлық келешегі бүгінгі балалар

денсаулығының қол жеткізгенінің нәтижесі

болып табылады.

Кейінгі барлық өмірі үшін адам денсаулығының

қалыптасуы мектеп кезеңінде қалыптасатындығы

ешкім үшін жасырын емес. Сол шақта, Орта Азия

елдерінің мектеп оқушыларының денсаулық

статистикасы болашақ ұрпақ қаншалықты дені сау

болатыны туралы ойға шомылтады. Әрине, көп

жағдайлар отбасыдағы өмір сүру деңгейі және ата-

анасына қатысты. Бірақ барлығы емес. Күннің басым

бөлігін (5-8 сағат, ал, кей кезде одан да әрі) балалар

мектепте өткізеді, сондықтан ата-аналардың,

педагогикалық ұжым мен шешімдерді қабылдайтын

тұлғалардың назары балалар денсаулығы үшін

тәуекелдерді барынша азайтатындай оқытудың тиісті

жағдайларын қамтамасыз етуіне қадалғаны қажет.

Орта Азия мемлекеттері оқушылар денсаулығының

сапасын жоғарлату үшін аз емес күш салуда:

мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда,

мектептерде дене шынықтыру сағаттарының саны

арттырылуда, оқушыларды ыстық тамақпен

қамтамасыз ету ұйымдастырылуда және т.б.

Жекелеп айтқанда, Қазақстан Республикасының

денсаулық сақтауды дамыту «Салауатты Қазақстан»

Мемлекеттік Бағдарламасында 2011-2015 жж.

«Оқушылар және жасөспірімдердің денсаулығы»

бөлімінде келесі басыңқы мәселелер анықталған:

G

балалар мен жасөспірімдердің психологиялық



және физикалық денсаулық мәселелеріне кешенді

тәсілдемелерді қамтамасыз ету;

G

білім беру мекемелерінде денсаулық үшін қолайлы



және қауіпсіз ортаны жасау;

G

мектеп оқушыларына спортпен шұғылдану үшін



жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау.

Қазақстан мен Тәжікстан республикаларындағы

«Мектептің қоршаған ортасы мен балалардың тыныс

алу органдарының аурулары– SEARCH-II»

бағдарламасын жүзеге асырылуы балалар

денсаулығы үшін қауіпсіз қоршаған ортаны

қамтамасыз етудегі тағы бір қадам болды.

SEARCH бастамасының бастауы

SEARCH дегеңіміз не?

SEARCH бастамасы халықаралық қоршаған орта мен

денсаулық сақтау бойынша Еуропалық Одақтың

Әрекеттер Жоспары, сондай-ақ, Дүниежүзілік

Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) қоршаған ортаны

сақтау мен денсаулық сақтаудың Еуропалық

Әрекеттер Жоспары жиегіндегі жоспары жиегінде

енгізілген зерттеу жобасы болып табылады. Жоба

Италияның Қоршаған ортаны, жер және теңіз

қорларын қорғау министрлігінің (IMELS) қаржылай

қолдауымен жүзеге асырылуда.

SEARCH жобасының бірінші кезеңі (2006-2009 жж.)

жоба елдеріндегі жағдайды тиісті бағалауды өткізу

жолымен, қоршаған орта мен денсаулық сақтау туралы

ақпараттарды өз ішіне қосатын, мәліметтердің кешенді

базасын құрылуына себептес болды. Жобаның бірінші

кезеңінің жиегінде атқарылған жұмыс нәтижелерін

жоғары бағалап, мүдделі жақтар мен сарапшылар

келесі жоба жиегінде бұл ғылыми-зерттеушілік

әрекеттерді жалғастыруды сұрады. Бастама 2010

жылы Италияның Парма қаласында өткізілген

Қоршаған орта мен денсаулық сақтау бойынша 5-ші

Министрлік конференцияда қолдау алды.

Пармдық Декларацияда баяндалған ұсыныстарға

сәйкес, SEARCH-II жобасы балалар денсаулығы мен

ауаның сапасын бақылауды кеңейтуді ұйғарады.

Сондай–ақ, екінші кезең мектеп ұжымының (бірінші

кезекте мұғалімдер мен әкімшіліктің) әлеуетін

жоғарлату бойынша бағдарламаларды өңдеу, және

білім беру мен денсаулық сақтау мәселелерінде

жергілікті стратегияларды іске асыру мен өңдеу



ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

5

бойынша тренингтерді өткізуді қамтиды.

SEARCH-I жобасының қатысушыларына - Албания,

Босния және Герцеговина, Венгрия, Италия, Сербия

мен Словакияға жаңадан төрт ел қосылды– Беларусь,

Украина, Қазақстан және Тәжікстан.

Бұл жоба мектептердің тұрақтылығы бойынша

Еуропаның құқықтық және саяси құжаттарына үлесін

қосады, себебі балалар денсаулығы мен экологиялық

әлеует мектептердегі қоршаған ортаның сапасына

тікелей қатысты болып келеді. Жобаның 10 елінен

алынған мәліметтерді талдау негізінде мектептің

қоршаған ортасын жақсарту, энергияны пайдалану

мен тұтыну бойынша ұсыныстар дайындалады.



SEARCH-II – ге қош келдіңіздер!

2011 жылы Орта Азия Аймақтық Экологиялық

Орталығы (ОААЭО) Орта және Шығыс Еуропаның АЭО

(REC) 2006 жылдан бастап Итальяндық Сенімгерлік

Қоры (ITF) және Италияның үкіметінің қолдауымен

«Мектептің қоршаған ортасы мен балалар тыныс алу

органдарының аурулары – SEARCH-II (2010-2013

жж.)» жобасының 2-ші сатысына қосылды. Жобаның

екінші сатысы 10 елді қамтиды, олардың ішінде 8-

Еуропа елдері - Албания, Беларусь, Босния және

Герцеговина, Венгрия, Италия, Сербия, Словакия мен

Украина, және Орта Азияның 2 елі –Қазақстан мен

Тәжікстан.

Жобаның мақсатты аудиториясы – 8 және 11 жас

аралығындағы оқушылар, сонымен бірге олардың ата

–аналары мен мұғалімдері.

Жобаның басты мақсаты –қоршаған орта, денсаулық

сақтау және білім беру - үш сектордың мәселелерін

шешуіне белсенді қатысу арқылы Еуропаның мекте-

птеріндегі қоршаған ортаны және балалар денсау-

лығын жақсарту.

Жобаның өзгеше мақсаттары:

G

Еуропа елдерінде SEARCH Бастамасының



ілгерілуіне жәрдемдесі;

G

мектеп ұжымы үшін қоршаған орта мен денсаулық



әлеуетін жоғарлату бойынша бағдарламаларды

өңдеу;


G

бұл жобаларды әрі қарай жергілікті деңгейде жүзеге

асыру мақсатымен мектеп ұжымдарын үйрету.

SEARCH-II жобасының мәселелері келесі:

G

Қоршаған ортаның ахуалы мен балалар



денсаулығы арасындағы қатысты бағалау


6

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

мақсатымен Беларусь, Украина, Қазақстан мен

Тәжікстанда SEARCH Бастамасын георгафиялық

жағынан кеңейту.

G

Жобаның 10 қатысушы елінде мектептердегі



қоршаған ортаның сапасы мен оқушылардың

денсаулығы бойынша мәліметтерін талдау.

G

Мектеп ғимараттарындағы қуатты тұтыну бойынша



мәліметтерін талдау, құрылыс материалдары, және

олардың балалар денсаулығына әсер ету

мүмкіндігі туралы ақпаратты жинау.

G

Мектептердегі қоршаған ортаның сапасын



жақсарту және мектеп ғимараттарындағы

энергияны тұтыну мен қолдану туралы

ұсыныстарды дайындау.

G

SEARCH Бастамасын мектеп ғимараттары мен



энергияны тұтынуға аса назар аударып, тыныс

алатын органдарының ауруларын алдын алу үшін

жұртшылықтың хабардарлығын арттыру

мақсатымен тарату.

SEARCH-II жобасының барлық мақсаттары SEARCH-I

жобасын толықтыру мен кеңейтуге бағытталған.

Сондықтан, жаңа жобаның шаралары аса құндылыққа

ие, және жобаның мақсатты елдерінде балалар

денсаулығын жақсартудың өзіндік ойын күшейтеді.

Жобаның негізгі компоненттері:

G

Мектептердегі қоршаған ортаны бақылау;



G

Оқушылардың тыныс алатын органдарының

денсаулығы;

G

Мектеп ғимаратының қуатты тұтыну мен қолдану;



G

Балалар денсаулығы мен жайлылығын зерттеу;

G

Хабардарлықты жоғарлату мен тренингтер.



SEARCH-II Бастамасының

Серіктес-Ұйымдары

SEARCH-II Бастамасының жүзеге асырылуы ұйым-

серіктестердің және жобаның асырылып жатқан

елдер аумағындағы мемлекеттер үкіметінің

қолдауынсыз мүмкін емес еді.



ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

7

SEARCH-II командасы өз ішіне Еуропа және ШЕКОА

(Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) аймағының 10

елінен 50-ден астам тәуелсіз ұлттық сарапшыларды

қосады. Әртүрлі кәсіби дайындықпен келген

сарапшылар қоршаған орта, денсаулық сақтау мен

қуат тиімділігі мәселелерін қоса, түрлі салаларда

жұмыс жүргізеді. Жобаға қоршаған ортаны қорғау

және білім беру министрліктері, мемлекеттік емес

ұйымдар, қоршаған орта мен денсаулық сақтау

аумағындағы мемлекеттік мекемелер, ұлттық

институттар, техникалық университеттер, қорлар,

компаниялар және жеке кеңесшілер қолдау көрсетеді.

Итальяндық жобалық командасы

Жобаның итальяндық командасы Италияның

Сенімгерлік қоры(ITF), Италияның Қоршаған ортаны,

жер және теңіз қорларын қорғау(IMELS), Қоршаған

ортаны зерттеу және қорғау бойынша ұлттық

институты (ISPRA), сондай-ақ, Әлеуметтік денсаулық

сақтау мен гигиена институты, Ксенобиотикалық

Зертханалар мен Әулие Жүрек Рим- католиктік

университетінің өкілдерінен тұрады. Топ өз ішіне

энергетика саласында тәуелсіз сарапшыны қосады.

SEARCH-II жоба командасының барлық мүшелері

бүкіл Италия бойынша жүргізілетін 14

мектептеріндегі дала зерттеулеріне тартылған. IMELS

сарапшылары итальяндық мектептерді таңдау және

ресми қатысуына, жергілікті үкімет органдарымен

әрекеттесуге, сонымен бірге, кесте мен бюджетке

жауап береді. IMELS, сонымен қатар, халықаралық

деңгейде REC басты кеңсе басшылығымен бірге бүкіл

жобаның әрекетін үйлестіреді.

Жобаның итальяндық командасы ISPRA

төрағалығымен итальяндық команда өткізетін барлық

дала зерттеулерін басқарады, сонымен қатар, REC бас

кеңсе басшылығымен байланысты тоқтатпайды. ISPRA

сонымен қатар SEARCH-II жобасының тәжірибесінен

бастап, оқу бөлімдеріндегі қоршаған орта, қуат пен

денсаулық саласында жұмыс құжаттарын өңдеу үшін

жауап береді. Халықаралық деңгейде ISPRA қуатты

бағалау мен жайлылықпен байланысты мәселелерді

жүзеге асыру бойынша REC бас кеңсе басшылығымен

ынтымақтасады. Жайлылық пен қуат саласындағы

итальяндық сарапшылар венгерлік мамандармен

әрекеттесе отырып, SEARCH-II қуат пен жайлылықты

бағалау рәсімі мен әдіснамасына, сауалнамаларды

жоспарлау мен жетілдіруіне және тиісті ұсыныстарды

өңдеуге үлесін қосты.

Жобаның итальяндық командасының барлық

мүшелері REC және венгерлік сарапшыға SEARCH-II

жобасының, әсіресе қуат пен жайлылылқты бағалау

бойынша қорытынды есепті өңдеуге қолдау көрсетеді.

Итальяндық команда сонымен бірге ISPRA

ынтамақтастығымен оқу бөлмелеріндегі қоршаған

орта, қуат және денсаулық ахуалы жайлы жұмыс

құжатын өңдеуге ниет білдірді.

The Fondazione Salvatore Maugeri

Fondazione Salvatore Maugeri – бұл спирометриялық

өлшемдерді өткізетін техникалық мамандарды тарту

арқылы жобаны қолдайтын, денсаулық жайлы

қамқорлық пен зерттеулердің коммерциялық емес

институты (IRCCS). Институт сарапшылары REC –пен

SEARCH-I жобасы аясында әрекеттесті және SEARCH-

II жобасының жаңа төрт елінде талдау өткізуге,

сонымен бірге, REC жүзеге асыратын қоршаған орта

мен денсаулық бойынша басқа да жобаларға

тартылған болатын.

Венгерлік жобалық команда

SEARCH-II жобасының Венгерлік жобалық командасы

екі басты серіктестен тұрады: денсаулық пен

қоршаған орта бойынша Ұлттық институты (ДҚОҰИ)

және Comfort Consulting Ltd компаниясы.

ДҚОҰИ қатысушы - елдердің пассивті ауа үлгілерін

талдау үшін орталық зертханасын ұсынған SEARCH

жобасының бірінші сатысының ғылыми үйлестірушісі

болды. Ол REC-пен әрекеттестігін 2003 жылдан

бастаған еді. ДҚОҰИ денсаулық пен қоршаған орта

саласындағы сарапшылардың әлеуетін дамыту

үрдісіне қатыстырылған.

Ол REC-пен бірге «Мектептердің ішкі ластануы мен

денсаулық: Еуропадағы байқаулар желісі»




8

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

(SINPHONIE) сияқты жобаларда әрекеттесіп, Албания,

Босния және Герцеговина, Словакия және Сербиядағы

REC кеңселері үшін сарапшылар қызметтерін

ұсынады. Comfort Consulting Ltd. сарапшылары

Қуатты бағалау және Нұсқауды өңдеуге, сонымен

қатар жобаның барлық мектептері үшін қуатты

бағалауды өткізуге қатысады.

Comfort Consulting Ltd. жетекші сарапшысы қуат

бойынша итальяндық халықаралық сарапшымен тығыз

қатынаста әрекеттесіп, барлық қатысушы елдерден

алынған өлшемдер негізінде балалар денсаулығын

қорғау үшін мектеп ғимараттарындағы қуатты тұтыну

мен пайдалану бойынша ұсыныстар өңдейді.



Орта және Шығыс Еуропаның Аймақтық

Экологиялық Орталығы (REC)

экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізуі

борышы болып табылатын халықаралық ұйымы. REC



Білім беру мекемесінің атауы

Мекен-жай

Жобаның мектептегі үйлестірушісі

ҚАЗАҚСТАН

1

Алматы қ. Білім беру басқармасының

Алматы қ., Достық

Сидорова Ольга Федоровна

«№35 Гимназиясы» КММ

даңғ., 59



2

Алматы қ. Білім беру басқармасының

Алматы қ., 1-ші ы.

Лутковская Лариса Николаевна

«№111 Гимназиясы» КММ

а., 37Б үй



3

Астана қ. Білім беру басқармасының

Астана қ, Ұшқыштар

Россохина Татьяна Николаевна

«№45 Орта мектебі» ММ

ы.а., 8/1



4

Астана қ. Білім беру басқармасының

Астана қ., Мәскеу

Атнагулова Марина Александровна

«Мектеп-лицей №62» ММ

к-сі, 41


5

№30 Жалпы білім беретін мектебі

Павлодар қ.,

Кусаинова Раушан Жаксалыковна

Ледовский к-сі, 18/3

6

«Павлодар қ. Инновациялық түрдегі №34

Павлодар қ.,

Григорьева Наталья Валерьевна

жалпы білім беретін орта мектебі» ММ

Лермонтов к-сі, 93/1



7

«Теміртау қ. №16 г. Жалпы білім беретін

Теміртау қ.,

Варганова Елена Петровна

орта мектебі» КММ

Темиртауская к-сі, 1



8

«Шахтинск қ. №2 әкімдіктің негізгі

Қарағанды обл.,

Москвичева Ирина Анатольевна

мектебі» КММ

Шахан ауылы, 11/17

кварталы, 1а

9

«Шахтинск қ. Әкімдігінің жалпы білім

Шахтинск қ.,

Герасимова Ирина Гавриловна

беретін №1 мектебі» КММ

Парковая к-сі, 23/1



10

«Шахтинс қ. Жалпы білім беретін №15

Шахтинск қ.,

мектебі» КММ

Молодежная к-сі, 51Б

Былинская Светлана Александровна




ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

9

бұл өкілдікті үкіметтер, үкіметтік емес ұйымдар және

басқа экология жағынан мүдделі жақтардың

арасындағы

серіктестігіне, сондай- ақ, экологиялық түрғыда

елеулі шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысуы

мен ақпараттың еркін алмасуын қолдау арқылы

септігін тигізеді.

REC 1990 жылы Венгерлік Үкіметпен және Еуропалық

Комиссиясымен құрылған болатын. Бүгінгі күні REC

әрекеті 30 астам қол қойған жақтар үшін жарғылық

болып табылады. REC 17 елде кеңсе желісі бар:

Албания, Босния және Герцеговина, Болгария,

Хорватия, Чех Республикасы, Эстония, Венгрия,

Латвия, Литва, бұрынғы Югослав Республикасы

Македония, Черногория, Польша, Румыния, Сербия,

Словакия, Словения, Түркия. Ұйымның бас кеңсесі

Венгрияның Сентендре қаласында орналасқан.





Білім беру мекемесінің атауы

Мекен-жай

Жобаның мектептегі үйлестірушісі

ТӘЖІКСТАН

1

№8 мектеп-гимназиясы *

Душанбе қ.,

Хисамутдинова Джамила Азизовна

Сомони к-сі, 1

2

Жалпы білім беретін №18 орта мектебі

Душанбе қ.,

Муминова Зебинисо Махмудовна

Кахоров к-сі, 47

3

Жалпы білім беретін №60 орта мектебі

Душанбе қ.,

Розиков Джалол Курбанович

Федин к-сі, 12

4

Жалпы білім беретін №35 орта мектебі

Душанбе қ.,

Давлатшоева Рухшона

Академик Адхамов

Хотамшоевна

к-сі, 62

5

Жалпы білім беретін №50 орта мектебі

Душанбе қ.,

Джуракулова Мисколби

Юсуф Вафо к-сі, 69

Махмадкуловна, Гадоиева Гуландом



6

Жалпы білім беретін №72 орта мектебі

Душанбе қ.,

Мадаминова Мунзима Нумончоновна,

Мушфики к-сі, 109

Гульшоева Гуландом



7

Жалпы білім беретін №86 орта мектебі

Душанбе қ.,

Мудинова Нихолби Баходуровна,

Зарафшон, 1

Каримова Зульфия



8

Дарынды балаларға арналған №55

Душанбе қ.,

Косимов Карим Саидахмадович,

мектеп-лицейі

Айни к-сі, 38

Гайратова Лайло Диловаровна

9

Жалпы білім беретін №1 орта мектебі

Душанбе қ.,

Хусейнзода Шавкат Умедович,

Бухоро к-сі, 72

Вафаева Ирина Владимировна



10

№74 мектеп-гиманазиясы

Душанбе қ.,

Иномова Зульфия Вахобовна,

Дехоти к-сі, 23

Мавлоназарова Манзура

Файзуллаевна

*Ескерту: 2012 ж. мектеп ғимараты бұзылды.



10

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

REC өзекті жаһандық, аймақтық және жергілікті

үрдістеріне белсенді қатысады, және өз бөлімшелердің

елдерінде және одан тыс қоршаған ортаны қорғау

жобаларын жүзеге асыруына үлесін қосады, сонымен

бірге елдер мен аймақтармен өз тәжірибесімен бөліседі.

Ұйым донорлары арасында - Еуропалық Комиссия

және Австрия, Албания, Бельгия, Босния және

Герцеговина, Болгария, Чехия, Финляндия, Франция,

Германия, Венгрия, Италия, Жапон, Македония,

Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Сербия,

Словакия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария,

Біріккен Корольдік пен Американың Құрама Штаттар

үкіметтері, сонымен бірге, үкіметаралық және

жеке мекемелер.

Орта Азиялық жобалық команда

SEARCH-II жобасын Қазақстан және Тәжікстан

аумағында Орта Азия Аймақтық экологиялық

орталығы (ОААЭО) үйлестіреді: бас кеңсе Алматы қ.

(Қазақстан) және елдік филиал Душанбе қ. (Тәжікстан)

орналасқан.

Жоба бойынша Қазақстан мен Тәжікстанда

қуаттиімділік, экологиялық бақылау және денсаулық

саласындағы сарапшылар - ҮАО «ЭкоОбраз» ҚҰ,

«Эргономика» ЖШС, «Адам денсаулығының

институты» ҚҰ, «Табиати тоза» ҚҰ, Денсаулық сақтау

институты, «Маленькая Земля» ҚҰ және ОААЭО

жұмыс жасады.

ОААЭО 1998 ж. Орхусс қ. (Дания) өткен

Жалпыеуропалық конференциясының 4-шешіміне

сәйкес құрылды. ОААЭО Орталық тәуелсіз,

коммерциялық емес және саяси емес халықаралық

деңгейдегі ұйым ретінде жұмыс жасау туралы

Келісімді Қазақстан Республикасы бекіттіргеннен

кейін 2001 ж. бастап жұмыс атқара бастады.

ОААЭО құрылтайшылары Орта Азияның елдері:

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,

Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы,

Түркменстан, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және

Еуропалық Комиссия (ЕК) болып табылады.

ОААЭО бас кеңсесі Қазақстан Республикасының

Алматы қаласында орналасқан. Елдердегі немесе

жобалық кеңселер Орта Азияның мемлекеттерінде

әрекет етуде.

ОААЭА міндеті – қоршаған орта мәселелерін шешу

үшін ұлттық және аймақтық деңгейдегі Орта

Азиядағы көпсекторлы серіктестікке ынтымақтасу.



ОААЭО мақсаттары:

G

Донорлық бірлестік қатысуымен Орта Азиядағы



сектораралық диалогты орнату.

G

Орта Азияға қоршаған ортаны және тұрақты



дамуды басқару саласындағы алдыңғы қатарлы

білімдерді, ең жақсы халықаралық тәжірибелер

мен технологияларды тартуға қолдау көрсету.

G

Қоршаған ортаны қорғау және Орта Азияның



тұрақты дамуы саласында азаматтық қоғам рөлін

көтеруін қолдау.

ОААЭО басқарушы органы Басқарушылар кеңесі (БК)

болып табылады. Кеңес 13 адамнан тұрады, оған тең

құқықты бастамамен Орта Азияның министрліктері,

бизнес-секторы, донорлық және үкіметтік емес

ұйымдардың өкілдері кіреді.

Қосымша серіктестері

SEARCH-II әріптестігі өз ішіне REC елдердегі кеңселер

желісін, шараларды іске асыруыға ынтамақтасатын

Албания, Босния мен Герцеговина, Венгрия, Сербия

және Словакияның REC кеңселерінің сарапшыларын

қосады. REC сонымен бірге Беларусь және Украинада

ұсынылған.

SEARCH-II жобасының

әдіснамасы

SEARCH-II жобасы жиегінде Қазақстан мен

Тәжікстанда келесі шаралар өткізілді:

1-ші кезең

(2011 ж.) – елдерде жоба мектептерін

таңдау.

2-ші кезең

(2011-2012 ж. жылыту маусымы):




ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

11

G

Оқу кабинеттері мен мектепалдыңғы аумақтың



негізгі физикалық параметрлері мен химикалық

ластағыштарды өлшеу;

G

Балалар денсаулығын тексеру;



G

Мектеп ғимаратының қуатты тұтынуды бағалау;

G

Спирометрия көмегімен балалардың өкпе



қызметін зерттеу.

3-ші кезең (2012-2013 жж.) – бақылау мен

сауалнамалар мәліметтерін өңдеу, мектептер үшін

ұсыныстар және мектеп қызметкерлері үшін білім

беретін бағдарламаларын дайындау.

Жобаның Қазақстан мен

Тәжікстандағы мектептер-

қатысушылар туралы ақпарат

(елдер, қалалар, мектептер және ерекшеліктерін

ескере отырып). Орта Азиядағы жобаны іске

асырудың алғашқы қадамы Қазақстан және Тәжікстан

республикаларында жоба үшін мектептерді таңдау

болды:


G

Әр елде Білім беру министрліктерімен істестік

арқасында 10 мектеп таңдап алынды.

G

Әр мектепте жобаға қатысу үшін 8 бен 11 жас



аралығындағы 100 бала таңдап алынды.

Төменірек Сіздер Орта Азияда SEARCH жобасының

екінші сатысына қатысқан мектептермен таныса

аласыздар.

Мектептерді таңдаған кезде команда әр уақытта

салынған (ескі де, жаңа да құрылыстағы) түрлі

үлгілерін (кірпіш, панельді және т.б.) және қоршаған

орта ахуалының әртүрлі қала бөліктеріндегі

ғимараттарды қамтуға тырысты.

Кестеден көріп отырғандай, Қазақстандағы мектептер

6 түрлі елді мекендерде орналасқан: Астана, Алматы,

Павлодар, Теміртау, Шахтинск және Қарағанды

облысының Шахан ауылы. Қазақстан жоба мектептері

бірнеше қалада орналасқан жобаның алғашқы елі




12

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

болды. Жоба географиясының кеңеюі жобаны жүзеге

асырудың одан да көп уақытты, әрі күшті талап

ететіндігін түсіне отырып, ел осыған қарамастан, түрлі

климаттық және табиғи жағдайдағы, және қоршаған

ортаға түрлі салмақ түсіретін мектептерінің ауа

сапасы мен балалар денсаулығы туралы әділ ақпарат

алу үшін бұл қадамды жасады.

Ал жобаға Шахан ауыл мектебінің қатыстырылуы

дербес жылыту- көмірде жұмыс істейтін мектеп

қазандығы бар мектептерде ауа сапасы мен балалар

денсаулығы туралы көріністі алуға мүмкіндік берді.

Бұл Республиканың зор аймағындағы ауыл

мектептеріндегі дәстүрлі жылыту түрі болып келеді.

Тәжікстандағы барлық қатысушы – мектептер

Республиканың астанасы - Душанбе қ. орналасқан.

Ғимараттардың 60% ғана орталықтандырылған

жылыту жүйесімен сақталып, жабдықталған бұл елдің

жалғыз қаласы болып келеді. Қалған 40% кішігірім

қазандықтармен, төментиімді пештер немесе

электрмен жылытылады. Бұл 40% оқу мекемелері де

кіретінін түсіну маңызды.

Міне, қатарынан 18 жыл, ел әр қыс сайын

энергетикалық дағдарыспен қақтығысады. Бұл

уақытта Республикада электр қуатының лимитті

тарату тәртібі орын алады. Екі оқу жылы қатарынан

(2010-2012 жж.) Тәжікстанның кейбір мектептерінде

жылытудың жоқтығынан күзгі және көктемгі

демалыстарын болдырмады.

Қалған уақытта электр қуатымен қамту және

бөлмелерді жылытудың үнемі үзілістерінен мектеп

директорлары оқушылардың ата -аналары кезектесіп,

өз балаларын отын немесе көмірдің тәуліктік

нормасымен қамтамасыз етудің кестесін жасады.



Мектептердің қоршаған ортасын

бақылау

«Қоршаған ортаны бақылау» компоненті бойынша

негізгі жұмыс мектеп бөлмелерінде және мектеп

маңындағы ауа құрамында салмақтанған заттектер

(РМ 10 өлшемді шаңтозаңдық бөлшектер),

көмірқышқыл және тұңшықтырғыш газдар, азот

тотығы, формальдегид, бензол, толуол, этилбензол

және ксилол, сондай - ақ ылғалдылық пен

температура сияқты компоненттерін өлшеу болып

табылады. Бұл өлшемдер жылыту маусымы (2012

ақпан - наурыз) кезінде жобаның барлық

мектептерінде өткізілді. Бұл заттектер мектеп

бөлмелерінде қайдан пайда болуы мүмкін және

олардың оқушылар денесіне қандай әсер тигізуі

мүмкіндігі туралы төменірек оқыңыздар.

Атмосферлі aуадан kелетін, cондай - aқ бөлмелер

ішінде пайда болатын заттектер

Көмірқышқыл газы.

Адамзаттың қазып алынатын

қуаттасымалдаушыларды отын ретінде белсенді

тұтынуы, бұл газдың 60-шы жылдардан бастап өсіп




ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

13

келе жатқандығы ешкім үшін жасырын емес. 2011 ж.

қалпы бойынша Жер атмосферасындағы СО2 392

ppm* немесе 0,0392% құрады (Жер Жүйесі Зерттеуші

зертханасының мәліметтері бойынша -

http://www.esrl.noaa.gov/gmd/ccgg/trends). Оның

арасында, NASA ғалымы - Джеймс Хансен

атмосферадағы көмірқышықыл газының 350 ppm

шоғырлануы – бұл қауіпсіз жоғары шегі екенін

анықтады, одан аса климаттың апатты өзгерістері

(ауа райының төтенше құбылыстары, су тасқындары,

құрғақшылықтар, дауылдар және т.б. сияқты) болмай

қалмайды. Бұл көрсеткіш адам денсаулығы үшін

де өзекті.

Бөлмелердегі көмірқышқыл газы. CO2 шоғырлануы

сынып бөлмесі сияқты бөлмелерде ондағы адамдар

болғандықтан ауа ластанудың тамаша көрсеткіші

болып табылады. Сынып бөлмесіндегі көмірқышқыл

газының шоғырлануы бірнеше есе өсуі мүмкін, және

сабақтың аяғына қарай 4000 ppm асуы мүмкін, ал

бөлме ішіндегі ауада көмірқышқыл газының ең

жоғары шамасының шегі 1000 ppm болып келеді (AS-

HRAE 62-2001 Қалпының ұсынысына сәйкес "Бөлме-

лер ішіндегі ауаның көнерлік сапасын қамтамасыз

ету үшін ауа алмастыру").

Адам денесіне ықпалы. Адам денсаулығына СО2

ықпалы бөлме ішіндегі газдың шоғырлануына байла-

нысты түрленеді: бөлме ішіндегі ауада көміртек

қышқылының 600 ppm шоғырланған кезде, адамдар

кенет өздерін нашар сезіне бастайды. Көмірқышқыл

газының шоғырлануы 1000 ppm асқан жағдайда,

бөлме ішіндегі адамдардың көпшілігі көмірқышқыл

газымен уланудың классикалық белгілерін сезіне ба-

стайды (тыныстың қиындалуы, тамыр соғуының жиіле-

нуі, бастың ауруы, естудің төмендеуі,

гипервентиляция, жүрек айну, терлеу және шаршаған-

дық). Мектептер мен жоғары оқу орындарында

көмірқышқыл газының шоғырлануының жоғарлуынан

оқушылардың сабақты ауру салдарынан босатуы жиі-

лейді, үлгерім нашарлайды. Бұндай мектептерде

тыныс алатын жұқпа аурулары мен демікпе негізгі ау-

рулар болып табылады. Көмірқышқыл газының

жоғары шоғырланған сынып бөлмелеріндегі оқушы-

ларда ауыр тыныс алу, ентікпе, құрғақ жөтел және

ринит жиі байқалады, бұндай балалар ерекше

жұтқыншаққа ие.

Бензол 90% адам әрекетінен болған ластағыш

заттардың әсерінен, және негізінен көмірді

пайдалану мен бензиннің жануынан болады. Қала

аудандарындағы бензолдың негізгі көзі көлік

түрлерінің қозғалуы болып табылады. Жабық

бөлмелердегі бензолдың көзі негізінен шылым түтіні,

тазарту немесе үйдегі жұмыстарда қолданылатын

ерітінділер, және құрылыс материалдары болып

келеді. Қазіргі уақытта өркендеген елдердің

көпшілігінде бензолды, оның денсаулыққа қауіптілігі

үшін ерітінді ретінде қолдануға тиым салынған, бірақ,

ол зертханалық тәжірибелерде әлі де қолданылады.

Бензол жабық бөлмелердің ауасында да,

атмосферада да табылады. Бірақ атмосферлік ауадан

бензол келуінің салдарынан және онымен қатар

бөлме ішіндегі көздерінің көп болуы оның жабық

бөлмелеріндегі атмосфераға қарағанда шоғырлануы

әдетте жоғары болып келеді.

Бензол генотоксинді канцероген болып табылады,

яғни, ықпалының қауіпсіз деңгейінің шегін анықтау

мүмкіндігін жоққа шығарылады. Сондықтан

тәжірибелік жағынан қарағанда бөлме ауасының

құрамындағы бензол деңгейін барынша азайту қажет.

Бұл бензолдың бөлінуіне әрекеттесетін адам

әрекетінің шылым шегу, үй жұмыстары үшін немесе

жинақтау үшін ерітінділерді қолдану, бензолды бөліп

шығаратын құрылыс материалдары сияқты түрлерін

төмендету немесе тоқтатуын талап етеді.

Бензолдың адам ағзасына әсері. Бензолдың ықпалы

негізінен тыныс алу органдары арқылы, сонымен

бірге терімен физикалық байланыс немесе жұту

арқылы болуы мүмкін.

Ингаляцияның өткір әсері - неврологиялық белгілер

(ұйқышылдық, бас айналу, бас ауру мен естен таңу),

бензолдың көп мөлшерде әсер етуі құсуға, бас айналу

мен сіңір тартылуына әкеп соғуы мүмкін. Төмен

шоғырланудағы ұзақ әсер ету кезінде есте сақтаудың

қиыншылықтары және психикалық қалыптың өзге-

руін шақыруы мүмкін.



14

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Созылмалы әсері: адам денесінде бензол май қаба-

тында сақталады, және қан ауруын туғызуы мүмкін

(апластикалық қан аздық, қан ағу және имунды жүйе-

сінің бұзылуы).

Канцерогендігі: бензол 1-топтағы заттек, адам үшін

канцерогенді заттар ретінде сұрыпталады, РЗХА

(Ракты зерттеудің халықаралық агенттігі).



Газды және басқа отын түрлерін қолданғанда

пайда болатын заттектер.

Көміртек қышқылы (тұңшықтырғыш газы) — бұл от-

ынның толық жанбаған жағдайда пайда болатын улы

газ. Көміртек қышқылының жоғары шоғырлану көзі ре-

тінде газбен немесе басқа отын түрлерінде жұмыс жа-

сайтын, дұрыс қойылмаған немесе сауатсыз

пайдалынып жүрген құралдар,жылыту құралдары

болуы мүмкін.

Көміртек қышқылының адам ағзасына әсері. Көптеген

елдерде жыл сайын нашар ауа желдетілетін бөлме-

лерде өліммен аяқталатын көміртек қышқылымен

улану оқиғалары болады. Тұңшықтырғыш газ оттектен

гөрі гемоглобинмен тез арада химиялық қосындылар

арқасында улағыш болып келеді, бұл кейінгі қанға ке-

летін оттектің қалпына келуінің ұзақтығына апарады.

Ерте белгілері шаршағандық, ұйқышылдық, бас ай-

налу, кеуде мен асқазандағы ауруды сезінумен білді-

ріледі. Көміртек қышқылының ұзақ мерзімде әсер

етуің естен тануына, кома және өлімге апаруы мүмкін.

СО төмен деңгейдегі әсері көміртек газбен уланудың

жалпы белгілерінің көрінуіне апарады (бас айналу,

жүрек айну, құсу, шаршағандық пен абыржу, іштің

ауруы, қиындатылған дем алу, ентікпе; басқа белгілер

кейінірек пайда болуы мүмкін: маза кету, ес жоғалту,

координация мәселелері).

Көміртек қышқылының одан жоғары деңгейінің әсері

аса ауыр белгілеріне апарады (психикалық қалпының

бұзылуына және тұлғаның өзгеруіне, бас айналу -

тәлтіріктеу – ентікпе және тахикардия, кеудедегі ауру,

сіңір тартылуы, естен тану), егер CO шоғырлануы аса

жоғары болса, өлім бірнеше минутта болуы мүмкін.

Азот қышқылдары — бұл отын жанғанда пайда бола-

тын газдар, мысалы, автокөліктерде және басқа көлік

түрлерінде, жылыту құралдары мен плиталарда. Со-

нымен қатар олар темекі түтінінде де бар.

Азот қышқылдарының адам ағзасына әсері. Азоттың

тікелей әсер етуі тыныс алу жолдары және өкпенің,

әсіресе балалардың, тітіркенуін тудыруы мүмкін. Азот

диоксид газы көз, мұрын, тамақ және тыныс алу жол-

дарының былжыр қабығының тітіркеніші ретінде әсер

етеді. NOx жоғары мөлшердегі ықпалы өкпе ісінуіне

және өкпенің диффузды зақымдауына апаруы мүмкін.

NOx жоғары деңгейдегі мөлшерінің үнемі ықпалы

өткір немесе созылмалы бронхиттің дамуына апа-

рады. NOx төмен деңгейдегі әсері кейбір демікпесі

бар адамдардың кеңірдек реактивтігінің көбеуін,

өкпенің обструкциялы созылмалы ауруы бар

науқастардың өкпе функциясының төмендеуіне және

тыныс алатын жұқпалы аурулардың, әсіресе бала-

ларда, қауіп қатерін шақыруы мүмкін.



Тұрмыстық химияны қолданғанда пайда

болатын заттектер

Толуол — сырларда, косметикалық өнімде, химиялық

өндірісте ерітінді ретінде қолданылады.

Толуолдың адам ағзасына әсері. Толуол көз

тітіркендіріп, ауыз қуысында орта жүйке жүйесінің

функционалды өзгерістері байқалады.

Жоғары деңгейдегі толуол буларының өткір

ингаляциялық улылығы ұйқышылдық, бас ауру, жүрек

айну, көрудің өзгеруі, бұлшық ет тарылуы, бас айналу

және координация жоғалтуды шақыруы мүмкін.

Толуол буы немес сұйығымен ұзақ ұласу тері мен

көзді тітіркендіреді.

Ксилол май, сырды ертіндісі және пестицидтерге

қоспа ретінде қолданылады.

Ксилолдың адам ағзасына әсері:

Өткір әсері бас ауру, шаршағандық, ашушаңдық, әлсіздік,

жүрек айну, тәбеттің жоғалтуы, іш кебу, көз, мұрын және

тамақ тітіркенуін, сонымен бірге координация мен тепе

теңдіктің бұзылуын шақыруы мүмкін.



ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

15

Ксилолдың созылмалы әсері конъюктивит, мұрын,

тамақ және тері құрғақшылдығы, тері қабынуы,

бүйрек пен бауыр зақымдануын тудыруы мүмкін.



Құрылыс және өңдеу материалдарынан бөлініп

шығатын заттектер

Ұшпа органикалық қоспалар (ҰОҚ) «Ұшпа органика-

лық қоспалар» атауы сұйық және газ тәрізді заттек-

тердің бөлме температурасында жеңіл буға

айналатындарға жатады («ұшпа»).

Олар жинау кезінде, сыр мен онымен байланысты

өнімдерді қолданғанда, пестицидтер, инсектицидтер

және зарарсыздандыратын заттарды, желім,

косметика, жиһаз және құрылыс материалдары,

принтерлер мен көшірме аппараттар және темекі

түтінінен бөлініп шығады. Ұшпа органикалық

қоспалардың ішінде бөлмедегі санитарлы әсерге

жақын болып табылатындар:

Формальдегид — өткір иісті түссіз газ. Бөлмеде оның

көзі ретінде ДСП, еденді өңдеуге, қабырғаларды ішкі

өңдеуге арналған полимерлі материалдар, декора-

тивті пластик, декоративті фанера және т.б. болуы

мүмкін. Формальдегидтің әсері бөлмелерде ластанған

ауаны, темекі түтінін, немесе қаланың қоршаған ауа-

сын демалу кезінде әсер етуі мүмкін.

Формальдегидтің адам ағзасына әсері. Канцерогенді

заттардың тізіміне енгізілген, созылмалы улағыш, ге-

нетикалық материалға, репродуктивті органдарға,

тыныс алу жолдарына, көзге, теріге жағымсыз әсер

етеді. Жоғары шоғырланудың әсері демікпесі бар

адамдардың демікпесі ұстауын тудырады. Орталық

жүйке жүйесіне аса күшті әсер етеді. Формальдегид

шоғырлануының төмен мөлшерде ұзақ әсер етуі дем

алудың қиындатылуы, қышыма және сенсибилиза-

цияны тудырады.

Ұсақталған формальдегидтің әсері көз, мұрын және

тамақ тітіркенуін, қырыл мен жөтелді, шаршағандық,

тері бөртпесі, ауыр аллергиялық реакцияларды

тудырады.

Фенол — тас көмір смоласынан немесе бензолдың

ыдырауынан алынған өнім. Бұл ұшпа қоспа, өзіндік

иіспен қалыпты температурада буланып кетеді.

Фенол бу немесе шаң түрінде ағзаға тыныс алу жол-

дары, шырышты қабық және тері арқылы енеді. Ол

негізінен түрлі өнімдерді, оның ішінде тежеу матери-

алдары, желім, сыр, резина, бояғыштар, жарықтанды-

ратын газдар, иіс су, сабын, ойыншықтарды

өндіргенде қолданылады.

Фенолдың адам ағзасына әсері. Бір жолғы немесе

тұрақсыз үлкен емес әсерден шаршағандық, бас ай-

налу, бас ауру, иммунитетің төмендеуі, аллергиялық

реакциялардың асқынуы байқалады. Фенол ағзаға

қай тәсілмен енсе де, ингаляциялық немесе тер

арқылы, кез келген тканьдермен ұласып коррозиялық

әсерді байқатады. Жасушалар оны тез де, пассивті де

сіңіреді, себебі ол липофильді, және жүйелі уланудың

белгілері жұқтырылғаннан кейін көп ұзамай

байқалады. Фенолмен зақымдалған органдардың не-

гізгісі бауыр мен бүйрек болып табылады. Ол соны-

мен бірге тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелеріне

де әсер етеді.

Фенол және формальдегид көптеген құрылыс-өңдеу

материалдардың құрамына кіреді. Ұшпа заттектердің

полимерлік материалдардан бөлінуі ұзақ уақыт

бойы— 1-2 айдан бірнеше жылға дейін өтуі мүмкін.

Материалға байланысты фенолдың бөліну қарқыны

уақыт өте келе азаюы немесе ұлғаюы мүмкін. Ұшпа

заттектердің бөліну қарқыны сонымен бірге

температура, ылғал, ауа алмасудың ретіне

байланысты. Сондықтан бөлмелерді ұдайы желдетіп

тұру қажет.



Шаң қандай қауіпті жасырады?

Шаң көптеген әсер жасай алады, бірақ олардың бәрі

жағымсыз. Олардың ең қауіптісі 10 микрон (PM10)

және одан аз шаң бөлшектері. Дәл солардың

шоғырлануын SEARCH-II жобасының жиегінде сынып

бөлмелер мен мектеп аумағында өлшенген еді.

PM10 көздері қалалық та, ауылдық аймақтарда да

бар. PM10 құрамында түтін, күйе, шаң, тұздар,

қышқылдар және металл кездесе алатын

материалдар қоспасы болып табылады. Қатты

бөлшектер сонымен бірге атмосферада химиялық



16

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

реакцияларға ұшыраған автокөлік пен өндірістен газ

бөлінуі кезінде пайда болады.

РМ10 бөлшектері неге соншалықты қауіпті? Ұсақ

бөлшектер (10 мкм аз) тыныс жолдарына терең сіңіп,

өкпеге жете алады. Ұсақ бөлшектердің әсері

денсаулыққа көз, мұрын, тамақ және өкпе тітіркенуі,

жөтел, түшкіру, тұмау және ентікпе сияқты қысқамерзімді

жағымсыз салдарын тудыруы мүмкін. PM10 демікпе

ұстаудың саны мен ауыртпалығын, бронхит немесе

өкпенің басқа ауруларын асқындырып не туғызуы, және

ағзаның жұқпалы аурулармен күресу шамасын

төмендетуі мүмкін. Кейбір адамдар, әсіресе PM10-ге

осал, әсіресе балалар, қарт адамдар, жасөспірімдер және

демікпе немесе бронхитпен ауырып жүргендер

денсаулыққа жағымсыз әсерді сезінеді.



Оқушылардың тыныс алу

органдарының денсаулығы

SEARCH-II жобасы бойынша оқушылар денсаулығын

бақылау 2 компонентті өз ішіне қосады:

G

Спирометрияны* өткізу. Бұл зерттеуге жоба



мектептерінің 8-11 жас аралығындағы 100 –ге

жуық балалар қамтылған.

G

Оқушылардың ауруға байланысты сабақты



босатуды талдау.

*Спирометрия дегеңіміз не? Спирометрия (лат. spiro –

дем алу) – арнайы аппарат арқылы өкпе ауасын

жаңартуды бағалау әдісі. Ауаны тарту мен шығарудағы

ауа көлемін сандық жағынан сипаттап, өкпенің

өмірлік сыйымдылығын (ең терең ауа тартқаннан

кейін баяу шығарудағы ауаның максималды көлемі),

тарту мен шығарудың резервтік көлемін (жайбарақат

тарту немесе жайбарақат шығару кезіндегі ауаның

максималды көлемі) және т.б. өлшеуге мүмкіндік

береді. Бронихиалды обструкцияны диагноз қою

кезінде (бронхитті демікпе және обструктивті

бронхит) және емдеудің тиімділігін бақылау, спортпен

шүғылданғанда медициналық қадағалау және т.б.

үшін қолданылады.

Спирометрия тыныс жетімсіздігін алғашқы

клиникалық белгілерінің пайда болғаннан біршама

ерте аңғаруға, оның түрін, сипатын және көріну

сатысын анықтауға мүмкіндік береді. Тартылатын

және шығарылатын ауа көлемі өзгеруінің графикалық

жазылуы спирограмма деп аталады.



ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

17

Мектеп ғимаратының қуатты

тұтынуын бағалау

SEARCH-II жобасының жиегінде «Қуат тұтынуды

бағалау» компоненті бойынша негізгі жұмыс

мектептер орналасқан ғимараттардың

жылутехникалық сипаттамасы туралы ақпаратты

жинауға, сәйкес сауалнамаларды толтыруға, сонымен

бірге дала мен мектеп кабинеттерінде температура

мен ауа ылғалдығы өлшемдерін өткізуде болды.



Мектептер қуатын бағалау сауалнамасы

келесі


мағлұматтарды біріктіруге мүмкіндік береді:

G

бір жылыту маусымы кезіндегі жылудың нақты



тұтынуы (егер мектепте тіркеуші есептеуіш/ құрал

болған жағдайда);

G

ғимарат туралы негізгі ақпарат: еден мен



қабырғалар материалы, терезелер ауданы, ғимарат

көлемі және т.б.;

G

жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтамасыз ету



жүйесінің сипаттамасы (жылу көзі, жылыту

құралдары, ыстық суды өндіру, және т.б.).

Температура мен ылғал бақылауы арнайы тіркеуіш

құралдармен өлшенді, олардың үшеуі бақыланатын

оқу бөлмелерінде, біреуі мектеп ғимараты алдында

орналастырылған. Өлшемдер әр мектепте 2011-2012

жж. жылыту маусымында бір апта бойы өткізілді. Бұл

уақыт бойы мәліметтер құрал есіне сақталып, кейін

компьютермен оқылады.

Сауалнамалар және тіркеуіш мәліметтерін

өңдегеннен кейін жоба сарапшылары әр мектеп үшін

қуаттық төлқұжатты толтырылған болады, бұл ғимарат

жылыжоғалту деңгейін анықтауға және жетілдіру үшін

келешектерді көруге мүмкіндік береді.



Мектептердегі температуралық тәртіп

қалыптары

Ата-аналар мектепте оқушыларды оқыту үшін қандай

температура жайлы екенін, сірә, білмейді. Бұл

параметрлер «Балалар мен жасөспірімдерге білім

беру және тәрбиелеу нысандарына санитарлы-

эпидемиологиялық талаптарында» (Қазақстан

Республикасының Үкіметі 2011 ж. «30» желтоқсанда

бекіткен) белгіленген. Бұл құжаттың 58 бабында

«климаттық жағдайға байланысты ауа температурасы:

G

жататын бөлмелерде, оқу кабинеттерінде,



зерханаларда, кітапханада, актілер залында,

компьютерлік сыныптарда плюс 18-22

о

С;

G



оқу залдарда, спорт залдарда, рекреацияларда,

вестибюльде, гардеробта плюс 15-17

о

С;

G



спорт залының шешінетін бөлмесінде плюс

19-23


о

С;

G



дәрігерлер кабинеттерінде плюс 21-23

о

С.



болуы тиіс екені көрсетілген.

Бұл қалыптардан ауытқу балаға қалай әсер етеді?

Мектеп кабинеттерінде ауаның жоғары

температурасы жылу бөлуді қиындатады, бұл дене

температурасының өсуіне апарады. Онымен бірге

тамыр соғуы мен тыныс алу жиілеп, шаршағандық

өседі, жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Сонымен қатар

адамның салыстырмалы жоғары ылғал жағдайында

болуы жылубөлуді қиындатып, және тербөлуді

күшейтеді.

Төмен температурада ағзаның аса суып кетушілікке

апаратын үлкен жылужоғалту байқалады. Ауаның

жоғары ылғалдылығы және төмен температура

кезінде аса суып кету және тұмау аурулар қаупі

едәуір өседі.

Ауа алмастыру

Бөлмедегі таза ауа – жақсы сезінудің кепілі. Нашар

желдетілетін бөлме ішінде біздердің көбі өздерін

бірден жайсыз сезеді. Бұл көмірқышқыл газының көп

көлемімен, су буының қанығуымен, шығарылатын ауа

және тер арқылы бөлінетін тер булануынан бөлінетін

органикалық және органикалық емес ыдырау

өнімдер осындай ауада болғанымен түсіндіріледі.

Одан басқа, бөлмелер ауасына барлық қоршаған

заттардан (киім, аяқ киім, жиһаз) бөлінетін ұшпа

заттектер түседі. Мұның барлығы нашар желдетілетін



18

ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

бөлмелер ауасында ұшпа улағыш заттардың:

тұңшықтырғыш газ, ацетон, аммиак, күкіртті сутек,

органикалық қышқылдар, метилацетат, фенол және

т.б. зор көлемінің жиналатынына әкеледі.

Жақсы ауа алмастыру қажет екендігі күмәнсіз. Ауа

алмастыруда еш арнайы білімі жоқ адамдардың

өзінде де балалар бөлмелерін, мектеп сыныптарын,

ойын бөлмелері мен жататын бөлмелерді желдету

қажеттілігі ешбір күмән туғызбайды. Бірақ мәселені

тиянақты қарастыра келгенде көрініс алаңдататындай

болып шығады. Табиғи вентиляция талаптары

«Балалар мен жасөспірімдерге білім беру және

тәрбиелеу нысандарына санитарлы-

эпидемиологиялық талаптарында» регламенттелгеніне

қарамастан, жасанды ауа алмастыру жұмысы барлық

оқу бөлмелерде оңалтпаған.

Сауалнама жүргізу

SEARCH-II жобасын жүзеге асырудағы елеулі рөлді

және мектептердегі қоршаған орта мен оқушылар

денсаулығы туралы сенімді мағлұматтарды алуда

мектеп қызметкелерін, оқушыларды және олардың

ата-аналарын сауалнамаға қатыстыру болып

табылады. Бұл мақсатпен жоба төрт түрлі

сауалнама ұсынды:

Мектептің негізгі сипаттамалары бойынша сауалнама

мектеп ғимараты туралы ақпаратты: салынған жылы,

қабырғалар материалы, жылыту жүйесінің түрі, жа-

санды ауа алмастырудың бары, мектептің ластағыш

көздеріне қарағандағы орналасуы және т.б. алуға

мүмкіндік береді.

Сынып бөлмелерінің негізгі сипаттамалары бойынша

сауалнамасы, сынып көлемі, еден мен қабырғалар

төсемі, терезелер саны мен ашылатын терезелер

саны, оқушылар саны, жиһаз бен сынып тақтасының

түрі, бөлмені жинақтау әдісі және т.б. сияқты мәлімет-

терді ашады.

Ата-аналар үшін сауалнама оқушылар денсау-

лығының негізгі сипаттамалары және үйдегі жағдай

бойынша – жасырын ерікті түрдегі сауалнама болып

табылады, баланың бұрын және қазіргі кезде тыныс

алу органдарының денсаулығы туралы ақпаратты

жинау және аллергиялық белгілердің болуын, соны-

мен бірге әр оқушының үйдегі микроклиматы туралы

(ғимарат және жылыту жүйесінің түрі, еден мен

қабырғалар төсемі, жанұяның әлеуметтік және эконо-

микалық жағдайы, темекі тарту және жанұя мүшелері-

нің басқа өмір сұру факторлары)ақпарат алуға

мүмкіндік береді.

Оқушыларға арналған сауалнама мектеп бөлмелерін-

дегі жайлылық туралы және жасырын әрі ерікті

болып келеді, және оқушының оқу бөлмелеріндегі

жарықтың сапасы, температура мен ауа алмастыру-

дың баршылығын, сабақ басында және аяқталғанда

ауа сапасын қалай бағалайтынын көруге болады. Бұл

сауалнама өлшемдер жүргізіліп жатқан кезде өткі-

зілді, сондықтан сарапшылар кейін төменгі сынып

оқушылары өз күшімен ауа сапасы мен температу-

расы сияқты олардың денсаулығы үшін аса маңызды

көрсеткіштерді бағалай алатынын көре алады.

SEARCH жобасы туралы

қосымша ақпаратты қайдан

табуға болады?

SEARCH жобасының екінші сатысы туралы толығырақ

Сіз жобаның ресми сайтынан оқи аласыздар -

http://search.rec.org.

Бұл қорда Сіз жобаның әдіснамасымен танысып,

Еуропаның басқа елдеріндегі зерттеулерге қандай

мектептер қатысатынын біле аласыздар.

Жобаның 1-ші сатысының нәтижелерімен мына

сайтта танысуға болады -

http://search.rec.org/search1/index.html.




ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

19

Байланыс ақпараты

SEARCH-II жобасын жүзеге асыру туралы қосымша

ақпаратты Сіз жобаның үйлестірушілерінен ала

аласыздар:



Жобаның халықаралық үйлестірушісі – Орта және

Шығыс Еуропаның Аймақтық экологиялық орталығы

(REC)

Project director -



Radoje Lausevic

Project manager -



Anita Kocic

E-mail: akocic@rec.org

International environment and health expert, deputy

project manager -



Eva Csobod

E-mail: ecsobod@rec.org

International energy assessment coordinator -

Peter Szuppinger

E-mail: pszuppinger@rec.org

National coordinator for Hungary; environment and health

expert; international health comfort assessment

coordinator -

Reka Prokai

E-mail: rprokai@rec.org



Жобаның Қазақстандағы үйлестірушісі – Татьяна

Шакирова


Орта Азияның Аймақтық экологиялық орталығы

050043 Алматы қ., Орбита-1 ы.а., 40 үй

Қазақстан Республикасы

Тел.: +7 (727) 2785110, 2292619, 2296646, 2785022,

қосымша 120

Факс: + 7 (727) 2705337

E-mail: info@carec.kz; tshakirova@carec.kz

URL: www.carecnet.org



Жобаның Тәжікстандағы үйлестірушісі – Малика

Бабаджанова

Орта Азияның аймақтық экологиялық орталығының

Тәжікстандағы филиалы

Пошталы мекен- жай: Бохтар к- сі, 2, 14 пәтер

Тәжікстан Республикасы

Тел.: +992372215588

Факс: +992372215588

E-mail: info@carec.tj, babadjanmalik@yahoo.com

URL: www.carecnet.org

«OST – XXI век» АҚ Басылып шығарылған

Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Орбита-1

ы.а., 40 үй

Таралымы – 200 дана




ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ.

«Мектептің қоршаған ортасы және балалардың тыныс алу органдарының аурулары - SEARCH II (2010-2013)»

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының оқу орындарындағы Жобасы. – Алматы, ОААЭО – 2013.

Бұл жарияланым жалпы білім беретін мектептердің әкімшілігі мен оқытушыларына, оқушылардың ата-аналарына, білім беру департаменттері мен

бөлімдер мамандарына, әкімдіктер мен балалардың құқықтарын қорғау комитеті, денсаулық сақтау және санитарлық бақылау департаменттерінің

қызметкерлеріне, сондай-ақ, балалар денсаулығы үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз етуге мүдделілердің бәріне арналған.

©CAREC, 2013



жүктеу 3,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау