3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-17
• Параметрді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
Select a date format («Күн пішімін таңдау») бейнебеті пайда болады.
• Күн пішімін таңдау үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткілерді
пайдаланыңыз. Ай/күн/жыл, күн/ай/жыл немесе жыл/ай/күн сияқты
таңдаулар болады.
• Пішімді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Enter date
(«Күнді енгізу») бейнебеті пайда болады.
• Күнді қолмен енгізу үшін (бейнебеттің сол жағындағы) пернетақтаны
пайдаланыңыз. Сандарды енгізген кезде, сəулелендіру құралы келесі
өріске (мысалы, ай немесе жыл) автоматты түрде өткізеді.
• Күн енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
Select a time format («Уақыт пішімін таңдау») бейнебеті пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Month («ай») жəне day («күн») өрістері үшін 2 санды
жəне year («жыл») өрісі үшін 4 санды енгізу қажет.
(Мысалы: 01/01/2002).
• Уақыт пішімін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. 12 – сағаттық
немесе 24 – сағаттық пішімнің біреуін таңдауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдаланып
жүрсеңіз, 24-сағаттық пішімді таңдаңыз.
• Пішімді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Enter time
(«Уақытты енгізу») бейнебеті пайда болады.
• Уақытты қолмен енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
• Уақыт енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Hour («сағат») жəне minute («минут») өрістері үшін 2 санды
енгізу қажет. (Мысалы: 01:30).
• Егер 12 – сағаттық пішімді таңдасаңыз, онда Select 12 hour period («12
сағаттық мерзімді таңдау») бейнебеті пайда болады. Уақытты Morning:
am («таңғы уақыт») немесе Evening: pm («кешкі уақыт») ретінде таңдау
үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткілерді пайдаланыңыз.
• Уақыт аралығын таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
Растау бейнебеті пайда болады.
• Егер 24 – сағаттық пішімді таңдасаңыз, растау бейнебеті пайда болады.
• Егер күні мен уақыты дұрыс болмаса, Select 12 hour period («12 сағаттық
мерзімді таңдау») бейнебетіне оралу үшін Edit («Өңдеу») түймешігін
басыңыз.
• Егер осы бейнебет дұрыс болмаса, қате бейнебетті табу үшін Back
(«Кері өту») түймешігін басыңыз. Мəліметті растау үшін жоғарыдағы
əрекеттерді қайталаңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-18
• Enter («Енгізу») түймешігін əр енгізілімнен кейін басыңыз. Күн жəне
уақытқа қатысты барлық деректерді енгізіп болғаннан кейін, растау
бейнебеті пайда болады.
• Күн мен уақытты растау үшін OK түймешігін басыңыз. Select a setting
(«Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады.
Тіл
Тіл орнатымы бейнебетте көрсетілетін тілді өзгертуге мүмкіндік береді.
Тілді өзгерту үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
• Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетінен, Language («Тіл»)
параметрін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз.
• Параметрді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
Select a language («Тілді таңдау») бейнебеті пайда болады.
• Қажетті тілді таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. Егер
тіл бейнебетте жоқ болса, тілдердің келесі бетін шығару үшін
пернетақтадағы алға өту ( ) түймешігін басыңыз. Содан кейін,
қажетті тілді таңдау үшін көрсеткілерді қайтадан пайдаланыңыз.
• Тілді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті
пайда болады.
• Егер тіл дұрыс болмаса, Select a language («Тілді таңдау») бейнебетіне
оралу үшін Edit («Өңдеу») түймешігін басыңыз.
• Дұрыс тілді таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. Тілді таңдау үшін
Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады.
• Таңдалған тілді растау үшін OK түймешігін басыңыз. Select a setting
(«Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-19
Сəулелендіру
Сəулелендіру құралының идентификациялық орнатымы сериялық нөмір
құралының
сияқты құрылғының идентификациялық нөмірін енгізуге мүмкіндік береді.
идентификациясы
Идентификациялық нөмірді енгізу үшін келесіні орындаңыз:
• Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетінен, Illuminator
Identification («Сəулелендіру құралының идентификациясы»)
параметрін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз.
• Параметрді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Enter
illuminator identification («Сəулелендіру құралының идентификациясын
енгізу») бейнебеті пайда болады.
• Құрылғының 9 саннан құралатын сериялық нөмірін қолмен енгізу үшін
пернетақтаны пайдаланыңыз. Сериялық нөмір сəулелендіру құралының
алдыңғы есігінің ішкі жағында орналасқан.
ЕСКЕРТПЕ: Егер INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдаланып
жүрсеңіз, пернетақтаны мекеме алаңының кодын жəне
құрылғының 9 саннан құралатын сериялық нөмірін енгізу үшін
пайдаланыңыз. Сəулелендіру құралының идентификациясына
арналған пішім алаң коды, сериялық нөмір болуы тиіс.
(Мысалы NORTHBCV02000001).
• Сан енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау
бейнебеті пайда болады.
• Егер сан дұрыс болмаса, Enter illuminator identification («Сəулелендіру
құралының идентификациясын енгізу») бейнебетіне оралу үшін
Edit («Өңдеу») түймешігін басыңыз.
• Сандарды өшіру үшін пернетақтадағы «кері өту» ( ) түймешігін
басыңыз. Содан кейін, пернетақтаның көмегімен дұрыс санды
қайта енгізіңіз.
• Сан енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау
бейнебеті пайда болады.
• Егер сан дұрыс болса, санды растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |