1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы
Шартта терминдер мен анықтамаларды пайдаланды,
Бағдарламада және Қағидарларда көзделген н ұғымдар мен анықтамаларға
сәйкес келеді.
2. Шарттың мәні
2. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Кепілгер МҚҰ/КС алдында
кредит/микрокредит бойынша негізгі борыш сомасы шегінде субсидиарлық
жауапкершілік талаптарына сәйкес Қарыз алушының міндеттемелерінің
орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Кепілгер қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы міндеттемелерін
орындамау немесе сәйкесінше орындамау барысында пайда болған
микрокредит бойынша есептелген яғни өсімпұл, айыппұл, сыйақы төлемдеріне,
материалдық және моральдық залал келтіруге, комиссия төлемдері немесе
қарыз алушының басқа да міндеттемелеріне, сонымен қоса қарыз қайтару
бойынша заңды ұсталымдар, МКҰ/КС-ң кез келген шығындарына қатысты
қарыз алушының міндеттерінің орындалуы үшін МКҰ/КС алдында жауапты
емес.
3.
Кредит/микрокредит талаптары
4.
Кредит/микрокредит және осы Шарт бойынша Кепілгердің
МҚҰ/КС алдындағы жауапкершілігі ______________ теңге мөлшеріндегі
кепілдік сомасымен шектелген, бұл негізгі кредит/микрокредит бойынша
борыш сомасының ___ % құрайды. Осы Шарт бойынша МҚҰ/КС Кепілгерге
талаптар ұсынған жағдайда, оның ішінде талап қойған жағдайда, Кепілгер
МҚҰ/КС алдында осы Шарт бойынша тек кепілдік сомасы шегінде жауапты
болады және егер МҚҰ/КС тиісті талабы кредит/микрокредит бойынша негізгі
борыш сомасын қайтару талабында тұрады.
5. Кепілгер берілген кепілдіктің бастапқы мөлшерін біржақты
тәртіппен азайтуға құқылы емес.
Бұл ретте негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы
негізгі борышты өтеу сомасының пайызбен көрсеткенде кепілдік сомасы мен
негізгі борыш сомасының қатынасы ретінде қатысу мөлшеріне көбейтілген
сомаға азайтылады.
6. Кепілдік Қарыз алушы кредит/микрокредит шарты бойынша негізгі
борыш сомасын қайтару бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда ғана
орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартпен
белгіленеді.
7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Қарыз
алушыға, кредит/микрокредит беру туралы шартқа мен оның орындалуына
қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен
қорғалатын құпияны сақтайтын ақпараттарды, кредит шарты бойынша өтелген
сомасы туралы, кредит шарты бойынша мерзімі өткен несиелік берешегі,
өтеген сомасы, несиелік берешектің қалдығы туралы мәліметтерді беру
құқығын МҚҰ/КС-ке ұсынады. Қарыз алушы өзі туралы дербес деректерді
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинауға және өңдеуге сөзсіз
және қайтарып алынбайтын келісімін де береді (жеке тұлғалар үшін).
8. Қарыз алушы осы Шартқа қол қою арқылы Кепілгердің Кепілгер
акционеріне және мемлекеттік органдарға келесі мәліметтерді ұсынуға
келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының
Бағдарламаға қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушының
жобасы іске асырылатын өңір және сала, кредиттің/микрокредиттің сомасы
және мерзімі, кепілдік сомасы, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік
бойынша комиссияның мөлшері. Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта
көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде
Кепілгердің интернет-ресурсында да жариялау құқығын береді.
9. Кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Қарыз алушы
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кредит/микрокредит
беру шартында Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету
ретінде көрсетілмеген және (немесе) кредит/микрокредит беру туралы шартына
және (немесе) кепілдік шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз
енгізілген мүлік, құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және басқасы қолданыла
алмайды.
Осы талапты сақтамау кепілдіктің тоқтатылуына алып келеді, ал
Кепілгер кепілдікті толық немесе ішінара орындаған жағдайларда Кепілгердің
жазбаша талаптарын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде МҚҰ/КС-
тің кепілдік бойынша алған барлық сомасын Кепілгерге қайтару міндетінің
орындалуына әкеп соғады.
10. Қамтамасыз етілу ретінде кредит/микрокредит беру туралы шарты
бойынша қабылданған мүлік Кепілдік шартының қолданылу мерзімі ішінде
Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғаның (Кепілгермен жазбаша
келісілген жағдайды қоспағанда) басқа міндеттемелері бойынша қамтамасыз
етілу ретінде қолданылмайды.
11. Кепілгер ұсынылатын кепілдік үшін комиссия қарастырылмаған
және Қарыз алушы төлеміне жатпайды.
12. Кепілдік жарамдылығының міндетті шарты Кепілгердің келесі
талаптарды ұстануы болып табылады:
1) Кредиттік құралдардың Қарыз алушы құжатымен расталған
кредит/микрокредит талаптарына сәйкес нысаналы пайдаланылуы, оның
ішінде Кепілгердің, қажет болған жағдайда, мониторинг жүргізу барысында
жобаны іске асыру орнына шыққан жағдайда;
2) ____________________________________________________________;
3) __________________________________________________________.