76
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі
ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
4. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз...
А) сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз
ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау
Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
5. компьютерлік технология дегеніміз...
А) компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология
Б) компьютерлік оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулу
Д) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларға кез келген мазмұны
сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
6. Модульдік оқытудың негізгі мақсаты қандай?
А) оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу
материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету
Б) компьютерлік оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулу
Д) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларға кез келген мазмұны
сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
7. Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге
қанша сағат беріледі?
А) 1-2
Б) 2-3
С) 3-4
Д) 4-5
Е) 5-6
8. Модульдік оқытудың өзегі не болады?
А) оқу модулі
Б) оқулықты талдау
С) дәрістерді зерттеу
Д) кітапты жүйелеу
77
Е) дәптерді тексеру
9. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті,
өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық
мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен
әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деген тұжырымдаманың
авторы кім?
А) В. Кларин
Б) А. М. Яглом
С) Б. В. Гнеденко
Д) А. А. Боровков
Е) В. М. Тихомиров
10. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту барысында қандай міндеттер анықталды?
А) мазмұнға байланысты міндеттер
Б) оқу бағдарламаларына байланысты міндеттер
С) жаңа кітап жазуға байланысты міндеттер
Д) дәрістер жинағына байланысты міндеттер
Е) жұмыс жоспарына байланысты міндеттер
78
6. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология
мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде
ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуді салдарынан білім және
технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр
адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім
деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа
мамандықты игеріп отыруды талап етеді.
Орта
мектепте
оқушылар
білімдерінің
негізі
қаланатын
болғандықтан, олар жан-жақты білімді болу, әлемде болып жатқан
өзгерістерден тыс қалмау үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті
ақпаратты іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай
қолдана алуды үйренуі тиіс.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңына сәйкес, біздің
елімізде жоғары білім беру (оқыту) күндізгі, кешкі, сырттай және
экстернат нысандарында жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту - оқытушының білімгермен оқыту құралдары
арқылы итерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық - педагогикалық технология.
Қашықтықтан білім беру жүйесі - білім алушы мен педагог қызметкердің
жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимыл кезінде
ақпараттық және телекоммуникациялық құралдары қолдана отырып
жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан білім беру жүйесінің жұмыстары -ҚР Білім және
ғылым министірінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі No169 бұйрығымен
бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары
бойынша ұйымдастырудың Ережесі» және ҚР Білім және ғылым
министірінің 2009 жылғы 4 маусымдағы No266 бұйрығымен бекітілген
«Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру»
стандартына негізделеді.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болып
табылады:
- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
- оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық
- технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып,
білімгерлер мен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына
мүмкіндік беру;
- білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына және
материалдық жағдайына қарамастан тепе - тең дәрежеде білім алуға
мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда оқу үрдісін қашықтықтан білім беру технологиялары
бойынша ұйымдастыру, мамандықтардың жоғары білімнен кейінгі
Достарыңызбен бөлісу: |