Негіздері оқу құралы Қостанай, 2017 1



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет8/28
Дата25.11.2017
өлшемі0,88 Mb.
#1748
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

17 

 

3. Игіліктерді тұтыну, өзгерту, шеттету және жою құқығы – бұл: 



A) Басқару құқығы 

B) Табысты алу құқығы 

C) Иелік ету құқығы 

D) Пайдалану құқығы 

E) Егемендік құқығы 

4. Мемлекетсiздендiру – бұл: 

A) Материалдық игiлiктердiң белгiлi бiр тұлғаға қатысты екенiн бекітетiн заң 

нормаларының жиынтығы. 

B) Шаруашылық басқару қызметi мен сәйкес өкiлдiктi тiкелей шаруашылық 

субъектiлерiне беру арқылы мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құру. 

C) Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншiк объектiсiн иелену. 

D) Объектiнiң тағдырын анықтауды заңмен қамтамасыз ету. 

E) Басқару қызметiн тек жеке тұлғаларға беру арқылы мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта 

құру.          

5. Муниципалды меншік дегеніміз не:  

A) Жергілікті органдардың иелігіндегі меншік.  

B) Ұжымдық меншік.  

C) Халық меншігі.  

D) Отбасының меншігі.  

E) Қоғамның жеке мүшесінің меншігі. 

6. Маркстік экономикалық теорияда негізгі меншік объектісі: 

A) Кәсіпкерлік қабілет. 

B) Адамның білімі. 

C) Өндіріс құрал-жабдығы. 

D) Ақпарат. 

E) Жұмысшы күші. 

7.  Жекешелендірудің мақсаты – бұл:  

A) Мемлекеттік меншікті құру.  

B) Нарықтық экономиканы құру.  

C) Біреулерді басқалар есебінен байыту.   

D) Жаңа кәсіпорындар құру.  

E) Мемлекеттік меншікті толық жою.  

8.Мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамассыз етілуі: 

А) иелену құқығы 

В) билік ету құқығы 

С) пайдалану құқығы 

D) меншік құқығы 

Е) мемлекет құқығы 

8. Мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алуды, одан пайда табуды заң жүзінде 

қамтамассыз етілуі: 

А) иелену құқығы 

В) билік ету құқығы 

С) пайдалану құқығы 

D) меншік құқығы 

Е) мемлекет құқығы 

9. Меншiк құқығының субъектiлерi-бұл: 

А) жеке тұлға 

В) заңды тұлға 

С) жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет 

D) мемлекет 

Е) ешқандай жауап дұрыс емес 



18 

 

10. Меншiк құқығының объектiлерi-бұл: 



А) ақша 

В) қозғалмайтын мүлiк 

С) интеллектуалды меншiк 

D) қозғалатын мүлiк 

Е) барлығы 

 

 



4 Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық өндірісті тауарлы ұйымдастыру. 

 

              



4.1  Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы.  

4.2  Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары.  

4.3  Тауар және оның  қасиеттері. 

4.4  Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы.  

 

Мақсаты: тауарлы өндірістің маңыздылығын көрсету. 



 

4.1  Қоғамдық шаруашылықтың негізгі формалары: натуралды және тауарлы.  



 

Натуралды  шаруашылық  –адамдар  өнімді  тікелей  өз  қажеттілігін  қанағаттандыру 

үшін  жасайтын  шаруашылық  нысаны.  Бұл  өндірістің  тарихи  алғашқы  нысаны  болып 

табылады.  

 

Натуралды өндіріске келесі белгілер тән: 



-  Натуралды шаруашылық - әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі.  

-  Натуралды  шаруашылық  үщін  жеке  қол  еңбегі  тән.  Еңбек  бөлінісі  дамымаған.  Әрбір 

адам барлық негізгі жұмыстарды өзі орындайды. Бұл шаруашылықта қарапайым техника 

қолданылады. Бұл жағдайда еңбек өнімділігі аз, өнім көлемі ұлғаймайды.  

-  Натуралды  шаруашылықта  өндіріс  пен  тұтыныс  арасында  тікелей  экономикалық 

байланыстар  орнатылады.  Бұл  байланыстар    келесі  формула  түрінде  «өндіріс  –  бөліс  - 



тұтыныс»  дамиды,  яғни  жаңадан  жасалған  өнім  өндіріске  қатысушылар  арасында 

бөлінеді  және  жеке  және  өндірістік  тұтынуға  жұмсалады.  Бұндай  тікелей  байланыстар 

натуралды шаруашылықта тұрақтылықты қамтамасыз етеді.  

Тауарлы  өндіріс  –  пайдалы  өнімдер  нарықта  сату  үшін  жасалатын  шаруашылықты 

ұйымдастыру типі. Тауарлы шаруашылыққа келесі белгілер тән: 

-  Бұл  шаруашылық  ұйымдастыру  –  экономикалық  қатынастарының  ашық  жүйесі. 

Жұмысшылар пайдалы өнімді өз қажеттілігі үшін емес, сату үшін өндіреді. 

-  Тауарлар өндірісі еңбек бөлінісіне негізделген. Еңбек бөлінісінің дамуы жұмысшылардың, 

кәсіпорынның  жекеленген  өнім  түрлерін  және  күрделі  бұйымдар  шығаруға  қаншалықты 

маманданғанына байланысты. Бұндай құбылыс техникалық прогресс деп аталады.  

-  Тауарлы шаруашылықта өндіріс пен тұтыныс арасында жанама байланыстар орнатылады. 

Бұл байланыстар келесі формула түрінде «өндіріс – айырбас - тұтыныс» дамиды. Дайын 

өнім  ең  алдымен  нарыққа  басқа  бұйымдарға  айырбасталу  үшін  түседі  және  содан  соң 

тұтыну сферасына түседі.  

 

  

 



4.2 Тауарлы шаруашылықтың пайда болу жағдайлары.  

 

Тауарлы өндірістің пайда болу шарттары: 



-  Жеке меншіктің пайда болуы; 

-  Қоғамдық  еңбек  бөлінісісінің  дамуы.  Ірі  қоғамдық  еңбек  бөлінісі:  біріншісі  (ауыл 

шаруашылығының  геін  шаруашылығы  мен  мал  шаруашылығына  бөлінуі  )  және  екінші 

(ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлінуі); 




19 

 

-  Адамдардың қандай-да бір өнім өндіруге мамандануы,  шаруашылық оқшаулануы.  Адам 



қандай-да  бір  қызмет  түрін  таңдайды.  Бұл  оның  басқа  тауарөндірушілерге  тәуелділігін 

күшейтеді  және  әртүрлі  өнімдермен  айырбас  жасау,  нарық  арқылы  байланыс  орнату  

қажеттілігін туғызады. Меншік формалары мен ұйымдастыру қатынастарына байланысты 

тауарлы өндіріс екі түрге бөлінеді: жай және дамыған тауарлы өндіріс.  

 

Тауарлы өндіріс жағдайында еңбек өнімі тауар түрінде көрінеді.  



  

 

 

4.3  Тауар және оның  қасиеттері. 

 

Тауар – бұл қандай-да бір адам қажеттілігін қанағаттандыратын және айырбас үшін 



жасалған еңбек өнімі. Кез-келген тауар екі қасиетге ие болады: 

1) тұтыну құны; 

2) айырбас құны немесе құны. 

Тұтыну  құны  дегеніміз  тауардың  адамдардың  қандай-да  бір  қажеттілігн 

қанағаттандыру қасиеті. Тұтыну құны берілген өнім өндірісіне  жұмсалған еңбек көлеміне 

байланысты емес.  

Айырбас  құны  –  бұл  тауардың  белгілі  бір  пропорцияда  басқа  тауарларға 

айырбасталу қасиеті.  

Еңбек құн теориясы  

Еңбек құн теориясының (У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) негізгі мазмұны келесі 

алғышарттарға негізделген: 

1. Айырбасталатын әртекті тауарлардың ортақ ішкі қасиеті – құн.  Сондықтан олар бір-біріне 

белгілі бір айырбас пропорциясына теңестіріледі.  

2.  Барлық  тауарлардың  құны  тауарөндірушілердің  қоғамдық  еңбегімен  жасалады.  Құн  – 

тауарға сіңген қоғамдық еңбек.  

3. Құн жасайтын еңбек күрделілігі мен сапасы бойынша бөлінеді: жай және күрделі.  

4. Еңбекті ішкі өлшемі – жұмыс уақыты. 

5.  Жеке  жұмыс  уақыты  (жұмысшының,  кәсіпорынның)  мен  қоғамдық  қажетті  жұмыс 

уақытын  (нарықтық)  бөліп  көрсетеді.  Тауар  құны  қоғамдық  қажетті  жұмыс  уақытымен 

анықталады.  

6.  Қоғамдық  қажетті  жұмыс  уақыты  –  бұл  қалыпты  өндіріс,  жұмысшылардың  орташа 

біліктілігі мен орташа еңбек интенсивтілігі жағдайында өнім өндіруге жұмсалатын уақыт.   

Құн  заңына  сәйкес  пайдалы  өнімдердің  нарықтық  құны  қоғамдық  қажетті  жұмыс 

уақытымен  анықталады.  Құн  заңы  –  тауарлы  өндірістің  негізгі  заңы.  Құн  заңының 

атқаратын қызметтері төмендегі кестеде көрсетілген 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Шекті  пайдалылық  теориясы.  Бұл  теорияның  өкілдері  (К.  Менгер,  Е.Бем-Баверк) 



тауар  құны  мен  бағаны  пайдалы  өнімді  тұтынушылардың  экономикалық  психологиясы 

тұрғысынан түсіндіреді.  Бұл теорияның негізгі алғышарттары: 

1.  Пайдалылықты  тауар  қасеттерімен  салыстыруға  болмайды.  Пайдалылық  –  бұл  әрбір 

тұтынушының  өзінің  жеке  қажеттіліктерін  қанағаттандырудағы  игіліктің  ролін 

субъективті  бағалауы.  Құндылық  –  бұл  адамның  тұтынатын  заттың  өзінің  өмірі  мен  әл-

ауқаты үшін маңыздылығын түсінуі.  

Құн заңының 

қызметтері 

өндіріс пропорциясын 

реттейді 

Тауарөндірушілерді 

жіктейді 

Еңбек өнімділігінің өсуін ынталандырады 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау