Негіздері оқу құралы Қостанай, 2017 1



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет23/28
Дата25.11.2017
өлшемі0,88 Mb.
#1748
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

53 

 

кезегінде  қажетті  өнімге  (V)-(  жұмыс  күшінешығындар)  және  қосымша  өнімге  (M)-



(қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді.  

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:  

W= c+ v +m 

Мұндағы,            

W-жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық  жиынтық       өнім                                            

с –өндіріс-құрал жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.              

v –қажетті өнім.        

м – қосымша өнім.   

 

 

11.2  Макроэкономикалық  тепе-теңдіктің  теориялары 



 

Экономикалық   теорияны   зерттеудің    маңызды   әдісі    ілгеріде    атап  өткендей   бір  

өлшемді  (тепе-теңдік) әдісі  болып  табылады.  

Бұл  принцип    осы    немесе    басқа    тауар    рыногында    сұраныс    пен    ұсыныстың    тепе-

теңдігінің,    сол    сияқты    барлық    өзара    байланысты    тауарлар,    еңбек,  капитал  

рыноктарында    сұраныс    пен    ұсыныстың    тепе-  теңдігінің    постулаты    ретінде    өткен  

тақырыптарда    танылды.  Экономиканың    макро    дәрежесін    зерттеумен    байланысты  

өзімізге    мынадай    сұрақтар    қоялық,    жиынтық    халық    шарушылық    көрсеткіштердің  

категорияларын:  ұлттық  табысты,    инвестицияны,    жинақты,    жұмыспен    қамтуды    т.б.  

талдауда    тепе-теңдікті    осы    қолдана    беруге    бола    ма?    Әрине    болады.    Енді    бүкіл  

экономика  көлемінде  қоғамның  кірістірі  мен  шығыстарының  тепе  – теңдігі  бірінші  

кезекке    шығады.    Бұл    ұсыныс    (өндірілген    ұлттық    табыс)    пен    сұраныстың  

(пайдаланылған  ұлттық  табыс)  арасындағы  тепе – теңдіктің  өзіндік  көрінісі.  Мұндағы  

маңызды  мәселе  мына  жағдайда  кіріс  пен  шығыстың  тепе – теңдігін  рыноктық  тетік  

өздігінен    қамтамасыз    ете    ала    ма?    Егер    бұл    сұраққа    жауап    жағымсыз    болса,  

мемлекет    көмегімен   рыноктық  тетікке  түзету  енгізуге  араласудың  қажеттігі  өзінен  

өзі    туындайды  Жалпы    экономикалық    теория    әдебиеттерінде    нарық    жағдайында  

ұлттық  өндірісті  реттеу  механизімінің  негізгі  екі  бағыты  бөліп  көрсетіледі.  Біріншісі 

–  рынок    жүйесін    автоматты    түрде    өзін  -  өзі    реттейтін    классикалық    бағыт.    Оның  

өкілдері:    А.Смит,  Д.    Рикардо,    Д.    Ст.    Миень,    А.Маршалл    және  А.Тигу.  Екіншісі  – 

рынок    жүйесіне    міндетті    түрде    мемлекеттің    араласуын    қажет  ететін    кейнсиандық  

бағыт,яғни    нарықтық    экономиканы    мемлекеттік    реттеу.  Бірінші    классикалық    бағыт  

үшін негізінен  микроэкономикалық  талдау  тән,  классиктер  сияқты  неоклассиктерде  де  

неғұрлым  кең  ауқымды  мәселелерді  зерттеу  болды.  Бірақ   макроэкономика  терминін  

олар    қолданбады.  Классикалық    бағыт    өкілдері    жалпы    экономикалық    тепе-теңдік  

жөнінде    айтты,    бірақ    оны    тек    қысқа    мерзімдік    кезеңде    жетілген    бәсекелестік  

жағдайында    қарастырды.    Бұл    мәселені    жетілген    бәсекелестік    тұрғыдан    неғұрлым  

толық    қарастырған    француз    экономисі    Жан    Батист    Сэй    (1832)    болды.    Ол   ерікті  

бәсеке  позициясын  басшылыққа  алды.  Ол  да  тауар  ұсыныстары  өзінің  жеке  таласты  

туғызуы    жөніндегі    тезисті    негіздеді.  Экономикалық    теория    мен    тәжірибеге    бұл  

жағдай  Сэй  заңы  деген  атпен  енді.  Оған  сәйкес,ерікті  бәсекелестік  жағдайда  ұлттық  

рынокта    өндірілген    өнім    көлемі    автоматты    түрде    барлық    жасалатын    тауарлардың  

құнына  тең  келетін табысты  қамтамасыз  етеді.Сэй  анықтамасы  бойынша  табыс  иелері  

ақшаға  емес  міндетті  түрде  материалдық  игіліктерге  қызығушылық  танытты.   Сэй  

заңы    бойынша    "өндіріс    өзінің    сұранымын    жасайды".    Басқаша    айтқанда,    адамдар  

өздеріне  қажетті  заттарды  сатып  алу  мақсатымен  тауарлады  өндіреді  және  сатады.  

Егер    сатып    алуға    кейбір    өнім    қажет    болмаса,    онда    өндіруші    оны    шығаруды  

тоқтатып,  басқа  сұранымы  бар  тауар  өндіруге  кіріседі.  Сонымен,  егер  тек  сұранымы  

бар  тауарлар  ғана  өндірілсе,  онда  оларды  сатудан  түскен  табыс  (пайда),  міндетті  

түрде  сол  өндірушіге  қажетті  тауарларды  сатып  алуға  жұмсалады,  яғни  ұсыныс  өз  




54 

 

сұранымын  жасайды.  Басқаша  айтқанда,  тауарлардың  артық  өндірілуі де  және   ұзақ  



жұмыссыздық  болуы да  мүмкін емес.  Олар  тек  қысқа  мерзімді  болуы  мүмкін,  бірақ  

ешқашанда    ұзаққа    созылмайды.  Өткен    ғасырдың    30-шы    жылдардағы    Ұлы  

депрессияның    басталуы,    көптеген    жылдар    бойы    кең    тараған    жұмыссыздық    және  

тауарлардың    артық    өндірілуі,    Сэй    заңы    билігінің    түбіне    жетті,    өмірдің    өзі    Сэй  

заңын  теріске  шығарды. Классикалық  мектеп  өкілдері  үшін  тауардың  табиғи  бағасы,  

яғни    тауардың    құны    өндірістік    шығындарға    тәуелді.      Осымен,  олар  еңбек  құны 

теориясына  бастама  қосады.  Сонымен  қатар,  рыноктық  баға  көптеген  сыртқы  рыноктық 

факторларға байланысты.  Рыноктық тепе  – тендік аумағындағы классикалық теорияның 

негізгі  жағдайындағы  неокласикалық  бағыт  жақтаушылары  өздерінің  теориялық 

тұжырымдарына негізделеді. Соңғылары 19  – шы ғасырдың аяғы мен 20 – шы ғасырдың 

басында қалыптасып 20 – шы жүзжылдықтың 30 – шы жылына дейін еркін бәсекелестікті 

айтып  билік  етті.  Неокласиктер  реттелетін  рыноктық  экономиканың  көп  аспектілі 

талдауымен  айналысты,  осы  мақсатта  сұраныс  және  ұсыныс,  бағалық  механизм, 

экономикалық  ресурстар  сияқты  экономикалық  категориялар  кең  қолданылған  түрлі 

экономикалық  үлгілердің  құрлымын  қолданды.  «Жетілмеген  бәсекелестік  теориясы» 

ұсынылады, оның экономикалық монополиялануға тәуелді екені айтылды. Бұл бағыттың 

өкілдері  А.  Маршалл,  Джон  Робинсон  (1903  –  1983).    Профессор  Джон  Робинсон  өзінің 

күдіксіз  емес  бәсекелестік  термині  сатушылардың  баға  тағайындауында  күдіксіз 

бәсекелестікке қарағанда артық, аса таза бәсекелестік немесе олигополия жағдайында сату 

нәтижесінде  бұл  еркіндікке  ие  болады.  Джон  Робинсон  күдіксіз  емес  бәсекелестікті 

капиталистік жүйенің кемшілігі деп түсіндірді. Оның айтуына қарағанда, компаниялар өз 

тауарларының  бағасын  күдіксіз  бәсәкелестік  жағдайынан  жоғары  тағайындап,  түсіретін 

пайдасын  көбейте  бермек,  тұтынушылар  оның  нәтижесінде  аз  ақшаларын  артық 

шығындауға  мәжбүр  болады.  Ал  осы  уақытта  экономика  мүмкінділігінше  ең  үлкен 

жұмысбастылыкпен  тауар  және  қызмет  қөрсетулерді  қамтамасыз  етпей-ақ  жұмыс  істей 

береді. Осының барлығы, өз кезегінде өндіріс дамуының тоқтауына және жұмысыздыққа, 

яғни соңында саяси тұрақсыздыққа алып келеді.   

Экономист-классиктер  бағаның  икемділігінің,  жалақының,  пайыздық  мөлшерлеменің, 

яғни  сұраныс  пен  ұсыныс  арасындағы  балансты  көрсететін  еңбекақы  мен  бағаның  еркін 

жоғары  немесе  төмен  жылжуын  көрсетеді.  Олардың  пікірінше  жиынтық  ұсыныс,  ІҰӨ 

өндірудің  әлеуеттік  көлемін  көрсететін  тік  сызықты  көрсетеді.  Бағаның  төмендеуі 

жалақының  төмендеуіне  әкеледі,  сондықтан  толық  жұмысбастылық  сақталады.  Нақты 

ЖҰӨ көлемінің қысқаруы болмайды. Мұнда барлық өнім басқа баға бойынша сатылады. 

Басқаша  айтқанда  жиынтық  сұраныстың  төмендеуі  ЖҰӨ  мен  жұмысбастылық 

төмендеуіне  емес,  тек  бағаның  төмендеуіне  әкеледі.  Сонымен  классикалық  теория 

мемлекеттің  экономикалық  саясаты  өндіріс  көлемі  мен  жұмысбастылыққа  емес, тек  баға 

деңгейінде  ғана  әсер  етеді  деп  санайды.  Сондықтан  оның  өндіріс  көлемі  мен 

жұмысбастылықты  реттеуге  араласуы  қажет  емес.  Тұтыну  мен  жинақтаудағы 

кейнсиандық  талдау.Д.М.Кейнстің  “Жұмысбастылық,  пайыз  және  ақшаның    жалпы  

теориясы  ”  атты  еңбегінде  нақты  өмірге  қайшы  келетін  классикалық  теорияның  негізгі 

жағдайлары сынға алынады.  

Біріншіден,  Кейнс  неокласикалық  үлгіде  көрсетілгендей,экономика  оңайлықпен 

дамымайды,жалақы  мен  баға  икемді  емес,деп  дәлелдейді.  Екіншіден,  инвестициялық 

жинақтаудың  және  мөлшерлемелі  пайыздың  негізін  қалаушыларының  өзара  байланысы 

күдік  туғызған.Нәтижесінде  Кейнс  мемлекеттің  араласуынсыз  тепе-теңдікке  автоматты 

түрде қол жеткізудің  мүмкін еместігін негіздеген. Кейнс еңбекақыны төмендету есебінен 

толық жұмысбастылық деңгейіне қол жеткізуді мүмкіндігіне сенбеді. Ол жұмыссыздықты 

есепке алмай еңбекақы төмендейді және еңбек рыногы тепе-теңдік емес күйде қалады деп 

санады.  Кейнсиандықтар  бойынша  үкімет  ЖҰӨ-нің  өсуіне  мүмкіндік  жасай  алады  және 

жұмысбастылық үшін өндірістік шығындарды арттырады,ал баға өндіріс көлемінің артуы 

жағдайында  халық  жұмысбастылығының    артуы  байқалады.  Макроэкономикалық 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау