Руководство. Астана: Национальная академия образования им. И



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата25.11.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Эстонияның  жалпы  орта  білім  беруінде  қоғамдық  басқару  оқушылар  өкілдігі, 

педагогикалық  және  қамқоршылық  кеңестер  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Эстония  мектептерінің  қамқоршылық  кеңесі  үнемі  қызмет  жасап  отыратын 

орган,  оның  міндеті  мектеп  оқушылары,  педагогтары,  мектептің  иесі, 

оқушылардың  ата-аналары,  мектеп  түлектері  және  оқу-тәрбие  жұмысын 

бағдарлау  және  бақылау  бойынша  мектепті  қолдайтын  ұйымдар,  оқу  және 

тәрбие беру үшін қолайлы жағдай жасау болып саналады.  

Оның  құрылу  және  қызмет  тәртібін  мектептің  иесі  белгілейді.  Мектеп 

директоры қамқоршылық кеңесіне есеп беруге міндетті.  

Ресей Федерациясындағы «Білім туралы» заңның жаңа жобасы мектептегі 

өзін  өзі  басқарудың  жаңа  формасы  –  Басқарушы  кеңестерді  енгізуімен 

ерекшеленеді.  1996  жылы  мектептік  мекемелерге  енгізілген  қамқоршылық 

кеңестерден  Басқарушы  кеңестердің  айырмашылығы  –  олар  стратегияны 

басқаруда  шынайы  басқару  өкілеттігіне  ие,  бюджеттік  қаржылық  қаражатты 

қоса алғандағы ресурстардан және кадрлық ресурстардан тұрады.  

2004-2006 

жылдары білім беруді дамытудың Федералдық бағдарламалары 

шеңберінде мектептердің Басқарушы кеңестері моделін байқаудан өткізу және 

Ресейдің  алты  аймағында  осы  модельді  іс  жүзінде  кең  және  жаппай  енгізуге 

дайындау бойынша эксперимент іске асырылды.  

Эксперимент  мониторингі  назар  аударуға  тұрарлық  нәтижелерді  тіркеді. 

Мысалы,  мектеп  әкімшілігінде  туындаған  бірқатар  қиындықтар  мен 

шиеленістер  басқаруда  қоғамдық  қатысудың  артуымен  байланысты  емес, 

алқалы басқару  мәдениеті  мен дағдылары болмауы  немесе  қабылдамауы.  Сол 

сияқты, мектеп әкімшілігі тарабынан Басқарушы кеңестерін енгізуде туындаған 

қарсылықтар  туралы  болжамдарға  қарамастан,  кейбір  директорлар 

қамқоршылық  кеңестерінен  соңғылардың  құзыретіне  кірмейтін  мәселелер 

бойынша  да  жауапкершілікті  бөлісу  мүмкіндігін  көреді,  сондықтан  оларды 

құруға  және  дамытуға  қолдау  көрсетеді.  Тұтас  алғанда,  білім  беру  процесіне 

қтысушылардың барлығы – федералдық өкіметтер, жергілікті өкіметтер, білім 

беру  мекемелері,  педагогикалық  ұжым,  оқушылар,  ата-аналар  үшін 

қамқоршылық кеңестерін енгізудің маңызы мен пайдасы көрсетіледі.  

Сонымен, қамқоршылық кеңестері қызметін ұйымдастыруың қазақстандық 

және  шетелдік  тәжірибесін  зерттеу  негізінде  Қазақстанда,ы  қамқоршылық 

кеңестері  институтын  дамыту  жөніндегі  ұсынымдар  ретінде  төмендегі 

ұсынылады:  

1) 

Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 



бағдарламасының  мақсатты  көрсеткіштеріне  қол  жеткізу  үшін  білім  беру 

ұйымдары жанында қамқоршылық кеңестерін құруды жалғастыру;  

2) 

Қамқоршылық кеңестерін құру және дамыту процесін ақпараттық, оқу, 



әдістемелік сүйемелдеу;  

3) 


Қамқоршылық  кеңесі  қызметі  мен  оны  сайлау  тәртібінің  жаңа  үлгілік 

ережелерін дайындау және бекітуге кіргізу;  

4) Демеушілік көмек көрсеткен жеке және заңды тұлғаларды ынталандыру 

механизмін дайындау;  

13 

 



5) 

Жаңа  үлгілік  ережелерді  дайындауда  мектепті  дамыту  стратегиясын 

дайындауда, бюджетті бекіту және т.б. қамқоршылық кеңестерінің өкілеттігіне 

қосу.  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 


 




Білім  беру  ұйымдары  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  тиімділігін 

теориялық-әдіснамалық негіздеу  

 

Білім  беру  ұйымдарындағы  қамқоршылық  кеңестерінің  қызметі  –  бұл 



бюджеттен  тыс  қаржыны  тартудың  тиімді,  заңдылықты  сауатты  инструменті 

ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға 

көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі.  

Қазақстандық  білім  беруді  жүйелі  түрде  жетілдіру  жағдайында 

қамқоршылық кеңестері қызметінің сапасын арттыру – объективті қажеттілік. 

Ғылыми-әдіснамалық  әдебиеттерді  зерделеу  және  білім  беру  ұйымдары 

қамқоршылық  кеңестерінің  қызметін  талдау  қамқоршылық  кеңестерінің 

қызметін теориялық-әдіснамалық негіздерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.  

Әлеуметтік ұйымдарды зерттеуде әлеуметтану тәсілдерінің қалыптасуына 

Ф.  Тейлор,  М.  Вебер,  А.  Маслоу,  Р.  Мертон,  Т.  Парсонс,  А.  Файоль,  А. 

Этциони, Э. Гидденс, Н. Смелзер, Дж. Томсон, Л. Бовье және т.б. елеулі үлес 

қосты. Олардың еңбектері әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ұйымдарды 

зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін құрады.  

Социологтар  бұл  проблеманы  зерттеуге  XX  ғасырдың  60-жылдарының 

ортасында назар аударды. Д.М. Гвишиани, А.И. Пригожин, А.А. Радугин, К.А. 

Радугин, В.В. Щербиннің зерттеулері арқасында әлеуметтану ғылымының осы 

саласында бірқатар өзекті проблемалар дайындалды.  

Соңғы онжылдықта В.И. Башмаков, К.А. Кравченко, В.Р. Веснин және т.б. 

ғалымдар  әлеуметтік  институттар  мен  әлеуметтік  ұйымдарды  теориялық-

қолданбалы аспектілер тұрғысынан зерттеуде зор үлес қосты.  

Қамқоршылық кеңесінің негізгі қызметі мемлекет пен азаматтық қоғамның 

өзара  әрекеттесуінен  тұратындықтан,  аталған  институттардың  өзара  қарым-

қатынасы проблемасын зерттеу жөніндегі Т. Голенкова,  

И.Б. Левин, К. Гаджиев, А. Кочетков, К.Г. Габдулина, Н.Ж. Асылов, Ш.Е. 

Джаманбалаева,  З.Ж.  Жаназарова,  Г.С.  Әбдірайымова,  Н.М.  Кудро,  Ж.А. 

Нұрбекова, М.С. Садырова және т.б. жұмыстары қарастырылған.  

Ғылыми дерекнамалардың жеке тобын қамқоршылық кеңестерін құру мен 

қызмет ету проблемасына арналған басылымдар құрайды.  

XIX  және  XX  ғасырлардағы  қоғам  қайраткерлерінің,  сондай-ақ  қазіргі 

ғалымдарыдың  еңбектерінде  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  түрлі 

аспектілері қарастырылған.  

Мысалы,  революцияға  дейінгі  Қазақстанда  қайырымдылық  ұйымдары 

проблемаларына қатысты зерттеулер жүргізілді (Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, 

А.  Байтұрсынов  және  т.б.),  оларда  халықтың  ең  мұқтаж  тобына,  жетімдерге, 

ауылдағы панасыз қарияларға материалдық көмек пен қолдаудың өзге түрлерін 

көрсетуге  бағытталған  мемлекеттік  ұйымдар  мен  жеке  адамдардың  (соның 

ішінде қамқоршылық кеңестер түріндегі де) түрлі қызметі қамтылды.  

Заманауи  шет  елдік  кәсіптік  мектепте  білім  беруді  басқарудың 

демократиялық  органдарының,  оның  ішінде  қамқоршылық  кеңестерінің 

қызметі А.М. Новиков, С.П. Титович, Ю.С. Алферов, С.Т. Керрдің еңбектерінде 

15 

 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау