Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
196
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін
жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылар сарайлары жанындағы күндізгі
және сырттай оқу мектептеріне қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом
энергиясы
бойынша
«Росатом»
мемлекеттік
корпорацияның
және
«Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастық іс-шараларына қатысу
ұсынылады, олар жыл сайын өткізілетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары
сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар
атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа
планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі
ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса
алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, оларды өндірудің заманауи тәсілдері туралы
ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt сілтемелері бойынша
алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық
қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану
ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
«ЭКСПО-2017» көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар
дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы
алуға
болады:
skachatreferat.ru/poisk/экспо
;
http://www.skachatreferat.
ru/poisk/экспо-2017
.
Сабақтарда «Болашақ Энергиясы» көрмесінің жаңа және ақылды
технологиялары материалдарын қолдануды ұсынамыз.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан
ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала
отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену.
Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру
дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім
алушыларды:
– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге
және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар
қоюға;
– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі
дереккөздерді салыстыруға
және талқылауға;
– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
География, физика, химия, биология сабақтарындағы пәнаралық
байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара
байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша
білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше
рөл атқарады.
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың
ғылыми деңгейін артырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім
қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше