«STARBANKING» ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС
ІСТЕУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУШЫҒА
АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
2
Мазмұны:
Терминдер.....................................................................................................................................3
Жалпы ақпарат............................................................................................................................3
«StarBanking» жүйесінде жұмыс істеудің қауіпсіздік шаралары.......................................4
«StarBanking» жүйесіне қосылу тəсілдері ..............................................................................7
«StarBanking» жүйесінде жұмыс істеуді бастау......................................................................8
«StarBanking» жүйесіне кіру......................................................................................................8
«StarBanking» жүйесінің негізгі мəзірі
«Есепшоттар, карталар» .........................................................................................................11
«Төлемдер» .................................................................................................................................25
«Жақын Банк» ..........................................................................................................................30
«Ақпарат» ..................................................................................................................................31
«Күйге келтіру» ........................................................................................................................32
3
1. Терминдер:
1.1. OTP-карта – картаның реттік нөмірінен, қорғаныс қабатымен қапталған PIN-кодтан
тұратын, сондай-ақ біржолғы кіру кодтарын (парольдерін) құру үшін кездейсоқ
сандардың төрт таңбалы 35 ұяшығынан тұратын қорғаныс қабатымен қапталған
кестеден тұратын пластик карта;
1.2. ОТР-токен – біржолғы растау парольдерін құруға арналған электрондық құрылғы,
батырманы
басқан
кезде
алты
таңбалы
сандық
пароль
құрылып,
ол
құрылғыныңасқан кезде алты тледі;
1.3. OTP-құрылғы (ОТР-карта немесе ОТР-токен) – Клиенттің төлемдерінің/ақша
аударымдарының заңдылығын растауға арналған Клиентті серпінді сəйкестендіретін
құрылғы.
1.4. StarBanking – Клиенттерге қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі. Есепшотты
(есепшоттарды) басқару Web-қосымша арқылы немесе ұялы бағдарламалық
қосымша арқылы Құрылғы көмегімен Online нақты уақыт режимінде жүзеге
асыралады.
1.5. Апплет – «Ak Kamal» ЖШС компаниясы əзірлеген e-Security Client бағдарламалық
қамсыздандыруы;
1.6. Браузер – веб-беттерді; веб-құжаттардың мазмұнын; компьютерлік файлдар мен
олардың топтамаларын қарауға; веб-қосымшаларды басқаруға; сондай-ақ басқа да
тапсырмаларды шешуге арналған бағдарламалық қамсыздандыру;
1.7. Клиенттер – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың төлем картасы/ағымдағы жəне басқа
есепшоттары болатын жеке тұлға клиенттер;
1.8. Кілтті иеленуші – ЭСҚ қоймасы;
1.9. Профиль – сандық қолтаңба үшін қолданылатын негізгі кілттер мен
сертификаттардан тұратын файл.
1.10. Құрылғы – техникалық құрылғы – смартфон/ұялы телефон/планшет/компьютер
жəне т.б.
1.11. Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – электрондық сандық қолтаңба
құралдарымен жасалған жəне электронды құжаттың шынайылығын, оның сол
тұлғаға тиістілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық
белгілердің жиынтығы.
2. Жалпы ақпарат
«StarBanking»
жүйесі
«Банк
ЦентрКредит»
АҚ-тың
төлем
картасы
немесе
ағымдағы/депозиттік есепшоты бар Клиенттерге (жеке тұлғаларға) арналған.
«StarBanking» жүйесіне:
•
https://m.bcc.kz
мекенжайы
бойынша
web-қосымша
немесе
Банктің
www.starbanking.kz
сыртқы сайты;
• iOS жəне Android платформаларына арналған мобильді қосымшалар арқылы қол
жеткізуге болады.
Мобильді қосымшаны жүктеп алу Android-қа арналған Play Market, iOS-қа арналған App
Store қосымшалардың онлайн-дүкені арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың қолайлы болуы үшін жүйеде интерфейс тілін – қазақ, орыс жəне ағылшын
тілін таңдау мүмкіндігі қарастырылған («Күйге келтіру» – «Интерфейс тілі» тарауын
қараңыз).
4
Жүйеге кіру логин жəне парольді немесе ЭСҚ-ны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
ЭСҚ арқылы кіру тек стационарлық компьютерден немесе ноутбуктен/нетбуктен ғана
жүзеге асырала алады.
Логин жəне парольмен кірген кезде келесі қызметтер тізімі қолжетімді болады:
1.
Қызмет төлемін жасау (1600-ден астам компаниялардың атына төлем жасау);
2.
Алматы қаласы бойынша ЖЖЕ бұзу үшін айыппұл төлемін төлеу;
3.
Төлем картасындағы/ағымдағы есепшоттағы балансты қарау;
4.
Өз есепшоттарыңыз арасындағы ақша аударымдары;
5.
Картадан картаға, есепшоттан есепшотқа конвертациялау;
6.
Жоғалған жағдайда картаға тосқауыл қою;
7.
Интернет төлем жасау үшін картаны ашу;
8.
СМС-хабарламалар (қызметті қосу/ажырату);
9.
Email-хабарламалар (қызметті қосу/ажырату);
10.
Жүйеге кіру туралы Email-хабарламалар
11.
Брокерлік есепшоттарды басқару (BCC Invest-пен бірге) – брокерлік есепшоттағы
қалдықты, брокерлік есепшотты толықтыруды қарау;
12.
Несие бойынша берешекті қарау;
13.
Несие бойынша өтеу кестесін қарау;
14.
Несиені өтеу;
15.
Есепшоттар бойынша шағын үзінді көшірмеге сұрау салу;
16.
Есепшоттар бойынша үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жөнелтуге сұрау
салу;
17.
Автотөлем қызметіне қосылу;
18.
Валюта бағамы туралы ақпарат;
19.
Банкоматтардың, Банктің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі, жақын жерде
орналасқан банкоматтарды немесе Банктің құрылымдық бөлімшелерін қарау.
ЭСҚ арқылы кірген кезде жоғарыда тізбектелген 1-тармақтан бастап 19-тармаққа дейінгі
қызметтерге қоса келесі кеңейтілген қызметтер тізімі қолжетімді болады:
20.
Ағымдағы есепшоттан 3-ші тұлғаның атына картаға ақша аудару;
21.
Картадан 3-ші тұлғаның атына ағымдағы/депозиттік есепшотқа ақша аудару;
22.
Картадан 3-ші тұлғаның атына картаға ақша аудару;
23.
Ағымдағы есепшоттан 3-ші тұлғаның атына ағымдағы/депозиттік есепшотқа ақша
аудару.
«StarBanking» жүйесіндегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін талап етумен жүргізілетін
операцияларды қамтитын кеңейтілген қызметтер тізіміне кіру рұқсатын алу үшін
электрондық сандық қолтаңба мен ОТР-құрылғыны алу қажет.
3. «StarBanking» жүйесінде жұмыс істеудің қауіпсіздік шаралары
«StarBanking» жүйесінде жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
• https протокол нысанында қолданылатын SSL протоколын пайдалану арқылы
байланыс арнасын шифрлеу;
• sms, e-mail арқылы операциялар туралы хабарламалар тарату (төлем карталары,
ағымдағы/жинақтау есепшоттары бойынша операциялар жүргізу);
• жүйеге кіру туралы хабарламаларды e-mail-ге жөнелту (жүйеге картадағы
орналасқан жерін көрсетіп жүйеге кіру) қолданылады.
5
«StarBanking» жүйесінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті күшейту үшін Сіз келесі
шараларды ұстануыңыз қажет:
1) Банк осы қызмет туралы ұсынған ақпаратпен толық танысқаннан кейін қызметті
пайдаланыңыз;
2) «StarBanking» қызметі пайдаланылатын Сіздің құрылғыңызда логинді жəне парольді,
ЭСҚ көрсетілген кілтті, кілтке арналған парольді сақтауға кеңес берілмейді;
3) Еш жағдайда кілтті тасымалдауыштарды жұмыс стансасына үнемі қосылған күйінде
қалдырмаңыз;
4) Логинді, парольді, кілтті, кілтке арналған парольді сенімде жерде сақтаңыз.
5) Өзіңіздің логиніңіз бен пароліңізді, кілтіңізді, кілтке арналған пароліңізді ешкімге
бермеңіз;
6) Өзіңіздің құрылғыңызды жөндеуге беру алдында барлық маңызды ақпаратты
жойыңыз;
7) SMS/E-mail-хабарлама қызметін пайдалануға кеңес беріледі;
8) Сіздің құрылғыңыздың қауіпсіздікке жəне вирусқа қарсы базасының жаңартылуына
мерзімді тексеру жүргізіңіз;
9) Құрылғыға тосқауыл қою қызметін пайдалану, тосқауыл қою паролін мерзімді
ауыстыруға кеңес беріледі.
«StarBanking» жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын ұйымдастырған кезде:
Сенімсіз ЖК (интернет-кафе, дүңгіршектер жəне т.б.) арқылы жұмыс істемеуге
тырысыңыз. Сенімсіз ЖК пайдаланған кезде тіркелу мəліметтеріңізді (логин/пароль)
ұрлау қаупі артады. Сізге SMS арқылы сіздің логиніңіз/пароліңіз жөнелтілетін
мобильді (ұялы) телефоныңызды нөмірімен (SIM-картасымен) немесе жеке SIM-
картаны жоғалтқан жағдайда, тіркелу мəліметтеріңізді заңсыз пайдалану қаупі артады.
Бұған жол бермеу үшін қызметке тосқауыл қоюға Банкке дереу жолығыңыз.
«StarBanking» қосымшасы іске қосылған Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Ұзақ
емес уақықтқа кету қажет болса да «StarBanking» жүйесінен шығыңыз. Сіз
«StarBanking» жүйесінде жұмыс істейтін Құрылғыңызға Бөгде тұлғалардың қол
жеткізуіне шектеу қойыңыз.
Құрылғыңыз вирус жұқтырмағанына көз жеткізіңіз. Вирусқа қарсы БҚ орнатыңыз
жəне оны іске қосыңыз. Вирусқа қарсы базаларды тұрақты түрде жаңартыңыз. Заңсыз
операцияларды жүргізу мақсатында вирустардың əрекеті сіздің пароліңіз туралы
ақпаратты жадында сақтауға жəне үшінші тұлғаларға тапсыруға бағытталуы мүмкін
екендігіне назар аударыңыз.
ЖК-ға жеке брандмаузер (firewall) орнатыңыз жəне оны күйге келтіріңіз, бұл сіздің
компьютеріңіздегі ақпаратқа заңсыз қол жеткізуге жол бермейді.
Тексерілген жəне сенімді көздерден алынған бағдарламалық қамсыздандыруларды
пайдаланыңыз.
Операциялық
жүйе
мен
қолданбалы
бағдарламалық
қамсыздандырудың (браузер, құжаттармен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар
жəне т.б.) тұрақты жаңартылуын орындаңыз.
«StarBanking» жүйесінде пароль құрастырғанда келесі ережелерді сақтау
ұсынылады:
• уақытша парольді 24 сағат ішінде ауыстыруыңыз қажет;
• кеңес берілетін пароль ұзындығы ең аз дегенде 8 символ болуға тиісті;
6
• түрлі көрсеткіштерде терілген латын əріптерін (a-z, A-Z, a-Z), доллар/торша/төменгі
сызық таңбасы сияқты арнайы символдар мен сандарды қолдануға кеңес беріледі;
• жүйеге кіру паролін ауыстырған жағдайда, жаңа мəн алдыңғыдан ең аз дегенде 3
символға өзгеше болуы қажет;
• жүйеге кіру парольінің жаңа мəні парольдерді бірнеше рет аустыру аралығында
алдыңғылармен бірдей болмауы қажет;
• пароль басқалар оңай таба алатын немесе біле алатын ақпаратқа (аттар, телефон
нөмірлері,
туылған
күндер,
пайдаланушыларды
сəйкестендіргіштер,
жұмыс
станцияларының атаулары жəне т.б.) негізделмеуге тиісті;
• пароль жеке ақпарат (отбасы мүшелерінің аттары мен туылған күндері, мекенжайлары,
телефондары жəне т.б.) болмауға тиісті;
• пароль сөздіктегі сөз (мысалы, «password» - бұл сенімсіз пароль) болмауға тиісті;
• пайдаланушының жеке мақсатта (əлеуметтік желілерде жəне Интернеттегі пошталық
сайттарда) пайдаланатын басқа парольдерінің көшірмесі болмауға тиісті;
• пароль кезекті бірдей символдардан немесе символдар тобынан (мысалы, бірдей
сандардан немесе бірдей əріптерден тұратын парольдер қолданылмауға тиісті) тұрмауға
тиісті;
• «StarBanking» жүйесіне кіру паролін мерзімді ауыстырыңыз;
• қандай жағдай болса да Өзіңіздің пароліңіз туралы ақпаратты ешкімге, Банк
қызметкерлерін қоса алғанда, туыстарға немесе басқа үшінші тұлғаларға хабарламаңыз;
• «StarBanking» жүйесіне кіруге арналған өзіңіздің пароліңіз туралы ақпаратты кез келген
тасымалдауыштарда, оған қоса Құрылғыларда сақтамаңыз.
«StarBanking» жүйесін пайдаланған кезде:
• «Күйге келтіру» тарауында жүйеге кіру туралы e-mail хабарламаны қосыңыз.
• Төлем картасы болған жағдайда, Банк офисінде/банкомат арқылы/Банктің Center
орталығы/Авторизациялау орталығы немесе «StarBanking» жүйесі арқылы карта бойынша
жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарлама қызметін қосыңыз (Банктің тарифтеріне
сəйкес төлем алынады).
• Ағымдағы/жинақтау есепшоты болған жағдайда, Банк офисінде немесе «StarBanking»
жүйесі арқылы есепшот бойынша жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарлама
қызметін қосыңыз (Банк тарифтеріне сəйкес комиссия алынады).
• Байланыс іс жүзінде SSL қорғау режимінде өтетінін тексеріңіз, осы кезде web-браузер
жабық құлып белгісін көрсетеді.
• Web-қосымшалармен жұмыс істегенде байланыс StarBanking серверімен ғана
https://m.bcc.kz/main.html
мекенжайы бойынша орнатылғандығын тексеріңіз.
• «Starbanking» жүйесіне алдыңғы кіру жүзеге асырылған IP-мекенжай туралы ақпаратты
тексеріңіз. IP-мекенжай туралы ақпаратты «Жүйеге кіру кезінде е-mail хабарлама»
қызметін іске қосқан кезде электрондық поштадағы хабарламадан көре аласыз.
• «StarBanking» жүйесіне кірудің Өзіңізге үйреншікті беттердің өзгергеніне назар
аударыңыз. Кез келген өзгерістер, əсіресе қауіпсіздікке қатысты өзгерістер міндетті түрде
алдын ала жүйе жаңалықтарында хабарланады. Егер Сіз беттің мазмұнын компьютерлік
вирустан емес, іс жүзінде банк серверінен алатыныңызға күдіктенсеңіз, міндетті түрде
Банктің операциялық орталығына хабарласыңыз немесе жүйенің сол бетін басқа желіге
қосылған басқа компьютерден ашып көріңіз.
БАНК ЖҮЙЕДЕ БОЛАТЫН БАРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ƏРДАЙЫМ
ЕСКЕРТІП
ОТЫРАДЫ.
ӨЗГЕРІСІ
БАНК
АРҚЫЛЫ
РАСТАЛМАҒАН
ИНТЕРФЕЙСТІ ЕШҚАШАН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
7
• Банк орналастыратын жəне жүйедегі жұмысқа қатысты ақпаратпен танысу үшін
www.starbanking.kz
сайтының Жүйедегі жаңалықтар тарауына кіріңіз.
• «StarBanking» жүйесіндегі жұмыс аяқтағаннан кейін жүйе терезесін міндетті түрде
«Шығу» батырмасы арқылы жабыңыз.
Күдікті жағдайлар орнаған кезде:
• Алаяқтық əрекеттер туралы күдіктер пайда болған жағдайда:
• Жүйеде Сіз жүзеге асырмаған əрекеттердің болуы;
• «StarBanking» жүйесінде жұмыс жүзеге асырылған компьютердегі күдік тудыратын
белсенділік (жүгірткінің өз еркімен қозғалуы, терезелердің ашылуы/жабылуы, мəтіннің
терілуі жəне т.б.);
• «StarBanking» жүйесімен байланысуға арналған мекенжайдың өзгеруі;
• Жүйеге қосылу іске асырылған IP-мекенжайдың өзгеруі (желінің өзгеруі);
• Жүйеге кіру паролінің сəйкес келмеуі себебінен «StarBanking» жүйесіне кіру рұқсатын
алудың мүмкін болмауы;
• «StarBanking» жүйесі интерфейсінің өзгеруі;
• SIM-карта жұмысының кенеттен тоқтатылуы (SIM-картаға тосқауыл қою);
• Ақпаратты қорғау құралдарын (ЭСҚ көрсетілген кілтті, кілтті пайдалануға рұқсат
беретін парольді, Жүйеге кіруге арналған логинді, парольді, ОТР-құрылғыны)
компрометациялау күдігі;
• «StarBanking» жүйесінде жұмыс жүзеге асырылған ұялы құрылғының (ұялы
телефонның, планшеттік компьютердің) күдікті жұмысы. Зиянды бағдарламалық
қамсыздандыру құрылғыны жұқтыруы мүмкін;
• немесе пароліңізді бөгде тұлғалардың білу қаупі пайда болған жағдайда, келесі
əрекеттерді орындау қажет:
- «StarBanking» жүйесінен шығыңыз;
- «StarBanking» жүйесімен жұмыс істеуде пайдаланылатын техникалық құралдарға
тосқауыл қойыңыз (оған қоса ажыратыңыз);
- парольді ауыстыру жəне/немесе «StarBanking» жүйесінде қызмет көрсетуді тоқтату
үшін Банкке хабарласыңыз. Осы əрекетті Банк офисінде, сонымен қатар Банктің
Call Center орталығына қоңырау соғу арқылы жүзеге асыруға болады;
- жазбаша өтініш ресімдеген кезде парольді компрометациялау немесе заңсыз кіру
құқығы жағдайларын не Сіздің күдігіңізді туғызған басқа фактілер бойынша кез
келген ақпаратты сипаттаңыз;
- «StarBanking» жүйесіне кіру құқығын қайта қалпына келтіру Банк офисіне Сіздің
жеке баруыңыз арқылы мүмкін болады.
4. «StarBanking» жүйесіне қосылу тəсілдері
Қызметке екі тəсіл арқылы қосылуға болады:
1)
ЦентрКредит Банкінің төлем картасы болған кезде функционалы кеңейтілген
банкомат арқылы:
• Төлем картасын ЦКБ-нің функционалы кеңейтілген банкоматына енгізіңіз
;
• ДСН-кодты теріңіз
;
• Осыдан кейін «Қызметке қосылу» операциясын таңдаңыз
;
• Ұялы телефоныңыздың 10 таңбалы нөмірін (оператордың кодымен) енгізіңіз
.
• Терген ұялы телефоныңыздың нөмірін растаңыз
.
8
• Сіздің ұялы телефоныңызға Жүйеге кіруге арналған логин, уақытша пароль жəне
StarBanking сілтемесі көрсетілген СМС келеді.
2)
Сіздің жеке тұлғаңызды куəландыратын құжаттарды алып, Банктің жақын жердегі
бөлімшесіне жұмыс уақытында барыңыз.
«StarBanking» жүйесіне қосылған кезде Сіздің ұялы телефоныңызға жүйеге кіруге
арналған логин жəне уақытша пароль SMS түрінде жөнелтіледі. Қабылдаған мəліметтер
арқылы жүйеге кіруді жүзеге асыру жəне Сіздің ағымдағы пароліңізді тұрақты парольге
өзгерту қажет («Күйге келтіру» тарауын қараңыз).
Жаңа парольдің ұзындығы ең аз дегенде 8 символ болады жəне латын əріптері мен
сандардан тұруға тиісті. Сандар мен символдарды тізбекті пайдалануға (мысалы,
123..,
678, abc
) жол берілмейді. Қосымша кеңестер: жүйеге уақытша парольмен кіру тіркелген
күннен бастап 24 сағат ішінде ашық болады. Егер Сіз жүйеге кіріп, уақытша парольді
тұрақты парольге 24 сағат ішінде ауыстырып үлгермесеңіз, Сіз жаңа парольді банк
бөлімшесіне бару арқылы немесе жүйеге кіруге арналған жаңа парольді банкомат
арқылы, сондай-ақ StarBanking жүйесінің пайдаланушыларын қолдау қызметіне бару
арқылы алуыңыз қажет:
- Алматы қ. телефон: +7(727)2443044
- ұялы телефон нөмірлерінен (K-Cell) +7 701 00 370 44; (Beeline) +7 771 00 370 44
- ҚР аумағында қалааралық қоңырау шалу телефоны (қалалық телефоннан, Kcell, Beeline
ұялы операторларының нөмірлерінен қоңырау шалу тегін): 8 8000 8000 88, ішкі нөм.
5010.
5. «StarBanking» жүйесінде жұмыс істеуді бастау
1. Жүйені іске қосу үшін Интернетке қол жеткізе алатыныңызға көз жеткізіп, web-
браузерді іске қосып,
«StarBanking» жүйесінің
https://m.bcc.kz
бастапқы бетіне кіріңіз.
2. Жүйені StarBanking меншікті (мобильді) қосымшасы арқылы іске қосу үшін Android,
iOS платформаларында қызмет ететін құрылғы болуы, сондай-ақ Интернетке қосылу
қажет.
«StarBanking» жүйесінің бас бетінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жақын жердегі
банкоматтары мен бөлімшелері туралы ақпарат (мобильді қосымшада), ҚР ҰБ ағымдағы
күндегі валюталар бағамы мен «Жүйеге кіру» функционалдық батырмасы көрсетіледі.
6. «StarBanking» жүйесіне кіру
Логин жəне пароль арқылы кіру
«StarBanking» жүйесі іске қосылғаннан кейін «Жүйеге кіру» батырмасына басу қажет.
9
«StarBanking» жүйесінің авторизациялау бетінде «Логин» мен «Парольді» енгізіп, одан
кейін «Жүйеге кіру» ФБ-сына басыңыз.
Назар аударыңыз: жүйеге кіргеннен кейін 24 сағат ішінде уақытша парольді
міндетті түрде тұрақты парольге ауыстырыңыз («Күйге келтіру» → Парольді
ауыстыру тарауын қараңыз)!
Логин жəне пароль арқылы кірген кезде қолжетімді болатын қызметтердің тізімін «Жалпы
ақпарат» атты 2-тараудан қараңыз.
ЭСҚ арқылы кіру
Жүйені іске қосып, «Жүйеге кіру» ФБ-сына басыңыз
10
Назар аударыңыз: ЭСҚ арқылы кіру тек стационарлық компьютерден немесе
ноутбуктен/нетбуктен ғана жүзеге асырала алады.
StarBanking» жүйесінің авторизациялау бетіндегі жүйеге кіру тəсілін, яғни «Пароль»
немесе «ЭСҚ»-ны таңдау мүмкіндігі болатын түсірмелі тізімнен ЭСҚ-ны таңдағаннан
кейін, «Жүйеге кіру» функционалдық батырмасына басыңыз.
«Жүйеге кіру» ФБ-сына басқаннан кейін
Егер апплет бұрын орнатылмаған болса, оны орнату туралы растауға сұрау салатын терезе
ашылады, осы жердегі «Орнату» батырмасына басу қажет.
Орнату жүзеге асырылғаннан кейін, «Ak Kamal e-Security Client» апплеті автоматты түрде
іске қосылады. Осы жерде «Басқа профильді таңдау» тармағын таңдап, Өзіңіздің
профиліңізге (.profile) дейінгі жолды көрсетіңіз.
11
Осыдан кейін пароль ұяшығына Профильге (ЭСҚ-ға) арналған парольді енгізіп, жүйеге
кіру үшін «ОК» ФБ-сына басыңыз.
ЭСҚ арқылы кірген кезде қолжетімді болатын қызметтердің тізімін «Жалпы ақпарат» атты
2-тараудан қараңыз.
7. «StarBanking» жүйесінің негізгі мəзірі
«Есепшоттар, карталар»
Осы тарауда пайдаланушының «Банк ЦентрКредит» АҚ желісінде ашқан қолданыстағы
есепшоттарының барлық тізімі мен жай-күйі көрсетіледі.
12
«Карточкалық есепшоттар» бөлімінде пайдаланушының карточкалық есепшоттары,
ағымдағы қалдық, тосқауыл қойылған қаражат сомасы, несие лимиті туралы
мəліметтер көрсетіледі.
«Ағымдағы
есепшоттар»
бөлімінде
пайдаланушының
ағымдағы/жинақтау
есепшоттары, ағымдағы қалдық, төмендетілмейтін қалдық сомасы көрсетіледі.
«Несиелер» бөлімінде пайдаланушының несие есепшоттарының тізімі, негізгі
борыш сомасы көрсетіледі.
Есепшоттың жай-күйін көрсететін облыс функционалды болып табылады, оған басқан
кезде таңдалған есепшот бойынша жүзеге асыруға мүмкін болатын операциялар тізімі
көрсетіледі.
Карточкалық есепшотты таңдағанда:
13
«Карта бойынша ақпарат» ФБ (мобильді қосымшада жоқ): карта бойынша ақпарат жəне
тосқауыл қойылған сомалардың түбегейлі талдауы көрсетілген нысанға өту жүзеге
асырылады.
«Есепшоттың атауы» ұяшығына басып, Өзіңіздің картаңызға меншікті атау бере аласыз
Тосқауыл қойылған сомалардың түбегейлі талдауы блогында келесі мəліметтер
көрсетіледі:
• Операцияның күні мен уақыты: транзакция жүргізілетін күн мен уақыт;
• Тосқауыл қойылған сома (сома теңгемен көрсетіледі, мысалы, транзакция 50 USD
сомасына өтсе, валюта сомасы теңгедегі баламада көрсетіледі);
• Елі: транзакция жүргізілген елдің атауы;
• Қаласы: транзакция жүргізілген қаланың атауы;
• Транзакцияның түбегейлі талдауы: сауда-саттық орталығы/АТМ атауы,мекенжайы
көрсетіледі;
• Транзакция сомасы: картадағы қаражатты есептен алу жүргізілген валютадағы
транзакция сомасы көрсетіледі (KZT, USD, CHF жəне т.б.).
«Қызметтерге төлем жасау» ФБ. «Төлемдер» нысанына өту жүзеге асырылады, осы
жерде санаттар (коммуналдық, білім беру, байланыс, интернет дүкендер жəне т.б.)
бойынша бөлінген қызметтер тізімі көрсетіледі. Өзіңізге қажет ұйымды таңдап, нысанды
толтырып, Сіз таңдаған компанияның мекенжайына төлем жасай аласыз.
«Картадан картаға ақша аудару», «Картадан есепшотқа ақша аудару» ФБ. Мысалы:
• логин жəне пароль арқылы кірген кезде: егер Сіздің карталарыңыз арасында ақша
аударымын жүргізу үшін «Картадан картаға ақша аудару» ФБ-сын пайдалану қажет.
«Есепшоттан» ұяшығында Сіздің операция жүргізілуге тиісті есепшотыңыз көрсетіледі.
«Есепшотқа» ұяшығында аударылған ақша есептелетін есепшот нөмірін таңдаңыз.
• ЭСҚ арқылы кірген кезде: егер 3-ші тұлғаның картасы ақша аудару қажет болса,
қолжетімді операциялардың тізімінен «Есепшоттан картаға ақша аудару» ФБ-сын
таңдау керек, осыдан кейін «Ақша аударымдары» нысаны ашылады. Осы нысандағы
14
Өзіңіз ақша аудару үшін таңдаған «Есепшоттан» ұяшығында бастапқы күй бойынша
есепшотыңыздың/картаңыздың нөмірі көрсетілген, «Есепшотқа» ұяшығындағы «Басқа
тұлғаға ақша аудару» тармағын таңдап, қалған ұяшықтарды: Алушының ЖСН-ын,
ақша аударылатын есепшот нөмірін немесе карта нөмірін (16 таңбалы нөмір
көрсетіледі), аударым сомасын толтырыңыз, резиденттік белгісі ЖСН-ны толтырғаннан
кейін автоматты түрде анықталады, кейін «Жалғастыру» ФБ-сына басыңыз.
Келесі ашылған нысандағы «Төлем мақсатын таңдаңыз» ұяшығынан «Ақысыз ақша
аудару» тармағын таңдап, ОТР-құрылғының кодын енгізіп, «Жөнелту» батырмасына
басыңыз.
15
ОТР-құрылғы арқылы растау
Ақша аударымын OTP-карта арқылы растаған кезде:
- Банк Клиенттен нөмірі «StarBanking» жүйесінде кездейсоқ сандардың əдісі анықталатын
ұяшықтың төрт таңбалы құрамына сұрау салады;
- клиент ОТР-картада осы ұяшықтардың қорғаныс қабатын өз қолымен алдын ала алып
тастап, ұяшықтардың көрсетілген нөмірлеріндегі мəнді енгізеді;
- енгізілген мəндер Жүйедегі осы Клиент үшін растау кодына сəйкес келуіне автоматты түрде
тексеріледі;
- егер мəн дұрыс енгізілмесе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарып, басқа нөмірлері болатын
ұяшықтардың төрт таңбалы құрамына сұрау салады;
- егер үш рет дұрыс емес мəн енгізілсе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарады;
- растауды талап ететін əрбір оқиғаға Жүйе OTP-картадан кездейсоқ əдіспен таңдалған
ұяшықтардың мəніне сұрау салады;
- əрбір құрылған код шектеулі уақыт мерзімі ішінде жарамды болады.
OTP-токен арқылы ақша аударымын растаған кезде:
- Банк Клиенттен ОТР-токен арқылы құрылуға тиісті алты таңбалы мəнге сұрау салады;
- клиент OTP-токен батырмасына басады, экранға осы уақыт сəтінде құрылған OTP-токен
мəні шығады, Клиент оны өзіне өзі қызмет көрсету жүйесінің экрандық нысанына енгізеді;
- енгізілген мəн Жүйедегі OTP-паролдерді басқару жүйесі арқылы дұрыс болуына тексеріледі.
Əрбір құрылған код батырмаға басқан сəттен бастап 60 секунд ішінде жарамды болады;
- егер мəн дұрыс енгізілмесе, Жүйе қате туралы хабарлама шығарып, біржолғы кодқа қайта
сұрау салады, клиент OTP-токен экранында көрсетілетін мəнді қайта хабарлайды. Егер осы
кезде OTP-токен өшіп қалса, қолданыстағы мəнді көру үшін OTP-токеннің батырмасына
қайта басу қажет;
- егер үш рет дұрыс емес мəн енгізілсе, Жүйе қате жəне ОТР-токенге тосқауыл қою туралы
хабарлама шығарады. Осы кезде ОТР-токенге автоматты түрде тосқауыл қойылады. ОТР-
токенді бұдан əрі қолдану үшін Банктегі менеджер арқылы оны тосқауылдан алу қажет.
16
Шыққан терезеде іс-əрекетті растаңыз, ал деректерге қол қою туралы ұсынысқа «Иə» ФБ-
сына басыңыз.
Осыдан кейін ЭСҚ-ға арналған пароль енгізілетін терезе шығады. Парольді енгізіп, «ОК»
ФБ-сына басыңыз, ақша аударылды.
17
3-тұлғалардың пайдасына аударым жасаған кезде «StarBanking»,жүйесінің қауіпсіздігін
арттыру үшін бастапқы күйі бойынша келесі лимиттердің сомасы бекітілген:
№
Лимит түрі
Сомасы
1
Бір операцияның сомасы
100 000 теңге
2
Бір тəулікті жүргізілген
операциялардың сомасы
200 000 теңге
3
Бір айда жүргізілген операциялардың
сомасы
300 000 теңге
«Картадан картаға ақша айырбастау» ФБ.
Егер Сіздің есепшоттарыңыз бойынша ақша айырбастау немесе конверсиялау жүргізу
қажет болса, «Картадан картаға ақша айырбастау» ФБ-сын пайдалану керек.
«Есепшоттан» ұяшығында Сіздің операция жүргізілуге тиісті есепшотыңыз көрсетіледі.
«Есепшотқа» ұяшығында айырбасталатын ақша есептелетін есепшот нөмірін таңдаңыз.
Осы кезде «Бағам» ұяшығында қолма-қолсыз шетел валютасымен операция жасауға
арналған қолданыстағы бағам көрсетіледі.
Валютаны конверсиялау/айырбастау бойынша ең кіші сома 10 (USD) тең болады.
Соманы шетел валютасымен көрсету қажет.
Карталар бойынша қызмет:
Соңғы операциялар:
- мобильді қосымшада осы нысанда соңғы 10 операция көрсетіледі.
18
- web-қосымшада көрсетілген кезең үшін StarBanking бойынша операциялар тізімі
қалыптастырылады. Ашылған тізімнен Сіз жүзеге асырылған төлем бойынша
түбіртек құрастырып, оны электрондық поштаға жөнелте аласыз.
Операцияларды қарау үшін қажетті кезеңді көрсетіп, «Қалыптастыру» ФБ-сына басыңыз,
ашылған операциялар тізімінде қажетті төлемге басыңыз.
Түбіртек ашылады. Сіз бағыттауышты құжатқа қарай бағыттап, жүгіртпенің оң жақ
батырмасына басып жəне Басып шығаруды таңдап, түбіртекті басып шығара аласыз. «E-
mail-ге жөнелту» ФБ-сына басқан кезде осы түбіртек Сіз көрсеткен электрондық
мекенжайға жөнелтіледі.
19
Карта бойынша үзінді көшірме. Көрсетілген кезең үшін карта бойынша үзінді көшірме
құрастырылады.
Карта бойынша үзінді көшірме құрастыру үшін «есепшоттар, карталар» мəзірінен картаны
таңдап, одан кейін «Карта бойынша үзінді көшірме» жазбасын таңдасаңыз, «Есепшот
бойынша үзінді көшірмелер» нысаны ашылады:
- мобильді қосымшада осы нысанда тек соңғы 5 операция көрсетілетін шағын үзінді
көшірме құрастырылады.
- web-қосымшада осы нысанда қажетті кезеңді көрсетіп, үзінді көшірме түрін
таңдап, «Құрастыру» ФБ-сына басу керек, осыдан кейін Өзіңіз көрсеткен кезеңде
карта бойынша жүргізілген операциялар көрсетілетін нысан ашылады:
E-mail-ге үзінді көшірме жөнелткен кезде Сіз Өзіңіз көрсеткен кезең үшін карта бойынша
кеңейтілген (толық форматтағы) үзінді көшірмені аласыз.
Картаға тосқауыл қою/картаны тосқауылдан алу. Бұл нысан қажет болған жағдайда,
Сізге картаңызға уақытша тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз: Картаға тосқауыл қою жүйеде жүзеге асырылған жағдайда ғана
картаны тосқауылдан алуды жүйеде жүзеге асыруға болады. Басқа жағдайларда картаны
тосқауылдан алу Сіздің жеке өзіңіз ғана банктің бөлімшесіне барғанда жүзеге асырылады.
Интернет-транзакциялар. Бұл опция интернет желісінде транзакцияларды (тауар/қызмет
ақысын төлеу) жүзеге асыру үшін Сіздің картаңыз бойынша шектеуді алып тастау
мүмкіндігін ұсынады.
Шектеу алынатын кезеңді көрсетіп, картадан алуға болатын ең жоғары соманы енгізіңіз
жəне «Ашу» ФБ-сына басыңыз.
Назар аударыңыз: Ең жоғары сома
1000$-дан аспайды, 1000$-дан асатын сомадан
шектеуді алып тастау үшін Авторизациялау орталығына хабарласу қажет.
СМС-хабаралмалар. «Карточка бойынша SMS-хабарлама» қызметіне қосылу. Қызмет
карт-есепшот бойынша баланстың 5 секунд ішінде өзгеруімен əрбір операция туралы
SMS-хабарлама түрінде автоматты ақпараттандырады. Бұл Сіздің карточкаңыз бойынша
жүргізілетін барлық операцияларды толық бақылауды қамтамасыз етуге жол береді.
Жүргізілген операция туралы ақпарат келесі көрсетілгендерден тұрады: сома, валюта,
күні, операция жүргізілген күн, төлем картасының соңғы төрт саны.
Қызметті пайдалану үшін Банк тарифтеріне сəйкес комиссия алынады.
Қызмет ақысы SMS-хабарлама жөнелткеннен кейін бірден карт-есепшоттан есептеп
алынады.
Email-хабарламалар. Өзіңіз көрсеткен электрондық мекенжайға хабарлама жөнелту
арқылы Сізге карта бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарлайтын «Карточка
бойынша Еmail-хабарлама» қызметіне қосылу. Жүргізілген операция туралы ақпарат
келесі көрсетілгендерден тұрады: тегі, аты, ЖСН, сома, валюта, күні, операция
жүргізілген күн, төлем картасының соңғы төрт саны, жүргізілген операция түрі.
E-mail-ге үзінді көшірме. Сіз көрсеткен кезең үшін карта бойынша үзінді көшірмені
электрондық мекенжайға жөнелту.
20
Ағымдағы/жинақтау есепшотын таңдаған кезде:
«Есепшот бойынша ақпарат» ФБ: есепшот атауы (осы ұяшыққа басқан кезде клиент
есепшотқа меншікті атау бере алады), баланс, төмендетілмейтін қалдық көрсетілетін нысанға
өту жүзеге асырылады.
«Қызметтерге төлем жасау» ФБ: Тауар/қызмет жеткізуші компаниялардың атына төлем
жасау нысанына өту жүзеге асырылады.
«Есепшоттан картаға ақша аудару», «Есепшоттан есепшотқа ақша аудару» ФБ: Сіздің
есепшоттарыңыз арасында ақша аударымын жүргізуге арналған нысанға өту жүзеге
асырылады.
«Есепшоттан есепшотқа ақша айырбастау» ФБ: Сіздің есепшоттарыңыз бойынша ақша
айырбастау жүргізуге арналған нысанға өту жүзеге асырылады.
Ағымдағы/жинақтау есепшоттары бойынша қызметтер:
Соңғы операциялар. Көрсетілген кезең үшін StarBanking бойынша қарау жəне түбіртекті
электрондық
мекенжайға
жөнелту
мүмкіндігі
болатын
операциялар
тізімі
қалыптастырылады.
Есепшот бойынша үзінді көшірме. Мобильді қосымшада осы нысанда тек соңғы 5
операция көрсетілетін шағын үзінді көшірме құрастырылады.
21
Web-қосымшадағы үзінді көшірмеде Сіз көрсеткен кезең үшін ағымдағы/жинақтау есепшоты
бойынша жүргізілген операциялар көрсетіледі.
E-mail-ге
үзінді
көшірме
жөнелткен
кезде
Сіз
Өзіңіз
көрсеткен
кезең
үшін
ағымдағы/жинақтау есепшоты бойынша кеңейтілген (толық форматтағы) үзінді көшірмені
аласыз.
SMS-хабарламалар. «SMS-Банкинг» қызметіне қосылу. Қызмет сіздің есепшотыңыз
бойынша əрбір операция туралы SMS-хабарлама түрінде автоматты ақпараттандырады.
Жүргізілген операция туралы ақпарат келесі көрсетілгендерден тұрады: сома, валюта,
есепшот бойынша қалдық, операция жүргізілген күн, төлем картасының соңғы төрт саны.
Қызмет хабарламалардың келесі түрлері бойынша ұсынылады:
Хабарламалар – операциялардың жүргізілуі туралы жəне/немесе есепшоттар/карталар
бойынша қалдықтың өзгеруі туралы хабарламалар;
Ақпараттық – Банктің ақпараттық сипаттағы (жаңа қызмет жəне т.б. туралы)
хабарламалары, Банктің: несие бойынша мерзімінен кешіктірілген төлем, несие бойынша
болашақ
төлем
туралы,
ЭСҚ-ның
жарамдылық
мерзімінің
аяқталғаны
туралы,
депоизттік/картаның жарамдылық мерзімінің аяқталғаны туралы, депозиттің мерзімін ұзарту
туралы, «SMS-хабарлама» қызметіне қосылу туралы, «SMS-хабарлама» қызметіне тосқауыл
қою туралы ескерту сипатындағы хабарламалары.
Несие есепшотын таңдаған кезде:
Негізгі қарыз сомасын, өтеуге арналған есепшоттың 20 дəрежелі нөмірі көрсетіледі.
22
«Өтеу кестесі» ФБ. Жақын арадағы 12 ай бойынша өтеу кестесі құрылады.
«Картадан өтеу» ФБ. Тізімнен өтеу жүргізілуге тиісті карта көрсетілетін нысан, сомасы
өтеу кесетіне сəйкес автоматты түрде көрсетіледі. «Өтеу» ФБ-сына басқан кезде сəтті
жөнелтілу туралы терезе шығады.
23
«Есепшоттан өтеу» ФБ. Тізімнен өтеу жүргізілуге тиісті есепшот көрсетілетін нысан,
сомасы өтеу кесетіне сəйкес автоматты түрде көрсетіледі. «Өтеу» ФБ-сына басқан кезде сəтті
жөнелтілу туралы терезе шығады.
«Несие бойынша үзінді көшірме» ФБ. Күні бойынша сүзгісі жəне email-ге үзінді көшірме
жөнелту қызметі болатын бет («Қалыптастыру» ФБ).
24
Брокерлік есепшотты таңдаған кезде: инвестициялық есепшот, баланс көрсетіледі.
«Картадан толықтыру» ФБ. Тізімнен өтеу жүргізілуге тиісті карта таңдалатын жəне сома
енгізілетін нысан. «Толықтыру» ФБ-сына басқан кезде сəтті жөнелтілу туралы хабарламасы
болатын терезе шығады.
25
«Есепшоттан толықтыру» ФБ. Тізімнен өтеу жүргізілуге тиісті есепшот таңдалатын жəне
сома енгізілетін нысан. «Толықтыру» ФБ-сына басқан кезде сəтті жөнелтілу туралы
хабарламасы болатын терезе шығады.
«Төлемдер»
Аталмыш тарауда атына төлем жасау көзделетін тауар/қызмет жеткізушілерінің тізімі
орналастырылады, сондай-ақ Сіз осы тарау арқылы «Автотөлем» қызметіне қосыла аласыз.
Автотөлем – телефон балансында шекті сома (100 теңге) қалған кезде ұялы телефон
балансын автоматты түрде толтыру.
Қазіргі күні қызметке Kcell, Activ жəне Vegaline ұялы операторлары қол жеткізе алады.
Қызметке тек web-қосымшада ғана қосылуға болады.
Қызметке қосылу үшін «Төлемдер» мəзіріне кіріп, одан кейін «Автотөлем» жолын таңдаңыз.
26
«Автотөлем» нысаны ашылады.
Бұл нысанда келесі мəліметтер толтырылады:
1. «Операторды таңдаңыз» ұяшығынан операторды (Kcell, Vegaline, Activ) таңдаңыз;
2. «Есепшотты таңдаңыз» ұяшығынан Өзіңіз көрсеткен ұялы телефон балансы
толықтырылатын есепшотты (ағымдағы немесе карточкалық) таңдаңыз;
3. «Ұялы телефон нөмірі» ұяшығында телефон нөмірін көрсетіңіз (мысалы:
+7**********);
4. «Біржолғы төлем» ұяшығында бір жолғы төлем сомасын (ең кіші төлем сомасы 200
тг., ең жоғары төлем сомасы 5000 тг.) көрсетіңіз;
5. «Бір айдағы төлемдер саны» ұяшығында жылжыманы оңға қарай жылждытып, бір
айдағы төлемдер санын көрсетіңіз (айына 5000 тг. есебінен);
6. Нысанды толтырғаннан кейін «Қосылу» ФБ-сына басыңыз.
27
Егер Сіз қызметке бұрыннан қосылған болсаңыз, онда «Автотөлем» тарауын таңдаған
кезде келесі мəліметтер көрсетіледі:
1. Төлем
жасау
үшін
есепшот
нөмірін
өзгертуге
арналған
ұяшық
(ағымдағы/карточкалық теңгедегі есепшоттардың түсірмелі тізімі). Есепшотты
өзгерту үшін есепшотты таңдап, осы өзгерістерді растау қажет;
2. «Жазбаны қосу» ФБ, осы ФБ-ны басқан кезде жаңа жазбаны қосу нысаны
ашылады.
3. Қолданыстағы жазбалар – қызметке қосылған нөмірлер тізімі. Телефон нөмірлері
тізіміндегі жазбаға басқан кезде Сіз қызметті өзгертен нөмірл аласыз.
Өзіңізге қажет қызметті таңдауға байланысты төлем жасалады. Мысалы: Интернет
төлемін жасағым келеді. «IP телефония жəне интернет» тарауын таңдаймын.
- Бір есепшот арқылы бірнеше ұялы телефон балансын толықтыруға болады.
- Əр түрлі есепшоттар арқылы əр түрлі ұялы телефон балансын толықтыруға болады.
- Бір ұялы телефон балансын бірнеше есепшоттардан толықтыру мүмкін емес.
- Ұялы телефондардың бірнеше нөмірлеріне арналған бір есепшот арқылы жасалатын
барлық төлемдердің жалпы сомасы бір айда 5000 теңгеден аспауға тиісті.
28
«Beeline Үйдегі Интернет » жолын таңдаймын.
«Логин» ұяшығын толтырамын жəне «Жалғастыру» ФБ-сын басамын.
Соманы теремін, қалауыңыз бойынша «Шаблон ретінде сақтау» жəне «Түбіртекті E-mail-
ге жөнелту» жолдарына белгі қойып, «Жөнелту» ФБ-сын басу қажет.
29
«Шаблондар» нысанында бұрын сақталған шаблондарды қарау жəне таңдау мүмкіндігі
бар.
«Ақша аударымдары» нысаны
Өзіңіздің есепшоттарыңыз арасындағы «Есепшоттан есепшотқа». «Есепшоттан»
ұяшығында ақша аударымы жүргізілетін есепшотты таңдау қажет. «Есепшотқа»
ұяшығында Өзіңіз қаражат жөнелткіңіз келетін есепшотты (есепшоттар валютасы бірдей
болуға тиісті) таңдаңыз. «Сомасы» ұяшығында ақша аударымы сомасын енгізіп, одан
кейін «Жөнелту» ФБ-сына басыңыз.
30
«Жақын Банк»
Осы тарауда «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жақын жердегі банкоматы немесе бөлімшесі
орналасқан орын: мекенжайы, картада орналасуы туралы ақпарат берілген, сонымен қатар
ҚР қалалары бойынша банкоматтар/бөлімшелер деректемелерін (смартфон арқылы) қарау
мүмкіндігі қарастырылған.
Банкоматтар бойынша мəліметтерді қарау үшін «Банкоматтар» ФБ-сына басып, банк
бөлімшелері бойынша «Бөлімшелер» ФБ-сына басу қажет.
31
«Ақпарат»
Осы тарауда Банктің соңғы жаңалықтарымен жəне басылымдарымен танысуға. Банктің
хабарламасын оқуға, банктің жəне ҚР ҰБ валюта бағамдарын, биржалық бағамдарды,
банктің байланыс ақпаратын қарауға, депозит ашу/несие алу туралы өтінім жөнелтуге
болады.
«Валюталар бағамдары» ФБ-сына басқан кезде ЦКБ жəне Ұлттық Банк деген таңдауы
бар терезе көрсетіледі:
32
ЦКБ-ні таңдаған кезде:
Ағымдағы күндегі жай-күйі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ақша айырбастау
орталықтарындағы қолданыстағы бағамдар көрсетіледі.
«Ұлттық Банк» қосымша бетін ашқан кезде ағымдағы күндегі жай-күйі бойынша ҚР ҰБ
бағамдары көрсетіледі:
«Банк байланыстары» бөлімінде кері байланыс орнатуға арналған банктің байланыс
мəліметтері орналастырылған. Сонымен қатар, осы тараудың қызметінде «Қоңырау соғу»
ФБ-сына бір рет басып, банкке қоңырау соғу (смартфондарға арналған) мүмкіндігі бар.
«Күйге келтірулер»
Осы тарауда келесі мүмкіндіктер қарастырылған:
33
• Интерфейс тілін ауыстыру;
• Өңірлердің қол жетімдігін басқару;
• Жүйеге кіру паролін ауыстыру;
• Есепшоттарды басқару құқықтарына əкімгерлік ету;
• Есепшоттар тізімін жаңарту;
• е-mail мекенжайды өзгерту;
• Жүйеге кірген кездегі e-mail хабарламаға қосылу;
• Pin Pad бекітілген паролін ауыстыру.
«Интерфейс тілі» нысанында жүйеде жұмыс істеу үшін үш тілдің біреуін – қазақ, орыс
жəне ағылшын таңдауға болады. Опцияны таңдаған кезде келесі терезе шығады:
Түсірмелі тізімнен қажетті тілді таңдасаңыз, интерфейс тілі өзгереді.
«Өңірлер» нысанында қызмет көрсетілетін белгілі бір өңірді (қаланы) таңдау мүмкіндігі
жүзеге асырылған.
Мысалы, тауар/қызмет жеткізушілер тізімінде тек белгілі бір өңірде қызмет
көрсететіндер немесе тауар жеткізетіндер ғана көрсетілгенін қаласаңыз, онда Сіз
аталмыш өңірлерді тізімнен таңдауыңыз қажет.
34
Түсірмелі тізімнен өңірді таңдап, «Қосу» ФБ-сына басыңыз.
«Парольді ауыстыру» нысанында жүйеге кіру паролін ауыстыруға болады.
«Есепшоттарды басқару» нысанында есепшоттарға қолжеткізу деңгейлері белгіленеді:
• Операцияларлы қарау жəне жүргізу;
• Тек қарау;
• Есепшотты жасыру.
35
«Есепшоттар тізімін жаңарту» опциясы арқылы есепшоттар тізімінің жаңаруы
автоматты жүзеге асырылады.
Мысалы, егер Сіз жаңа есепшоттар ашып, оларды «StarBanking» жүйесінде көргіңіз
келсе, осы қызметті пайдалануыңызға болады, сонда жүйеде қолжетімді есепшоттар
тізімі автоматты түрде жаңартылады:
«E-mail мекенжай» Сіз нысанында электрондық пошта мекенжайын енгізе аласыз немесе
бұрын енгізілген электрондық мекенжайды өзгерте аласыз.
«Жүйеге кірген кездегі Е-mail хабарламалар» нысанында Сіз осы қызметке қосыла
аласыз. «Жүйеге кірген кездегі Е-mail хабарламалар» қызметіне жазылып, Сіз
«StarBanking» жүйесіне кіру туралы мəліметтерден тұратын хабарламаларды Өзіңіз
көрсеткен электрондық мекенжайға аласыз.
36
«Pin Pad бекітілген паролін ауыстыру» нысанында Pin Pad паролін ауыстыру мүмкіндігі
жүзеге асырылған.
PIN PAD – бекітілген парольді қалыптастыруға арналған құрылғы.
Бекітілген пароль – 4 сандық мəннен тұратын жəне шығыс операцияларын (қолма-қол
жəне қолма-қолсыз нысанда) жүргізген кезде, сондай-ақ клиентті қосымша сəйкестендіру
үшін клиенттің сындарлы мəліметтерін (аты-жөні жəне ЖСН) түзеткен кезде PIN PAD
құрылғысына енгізілетін пароль. Клиентке парольді қалыптастыру ЦКБ-нің кез келген
бөлімшесінде (есепшот ашылған орынға тəуелсіз түрде) жүзеге асырылады.
Клиентте бекітілген парольдің болуы барлық есепшоттарына автоматты түрде мобильді
мəртебесін беріп, PIN PAD құрылғысында бекітілген парольді теру арқылы Банктің
барлық филиалдық желісі бойынша белгілі бір операцияларды жүргізуге жол береді.
Мобильділік – PIN PAD құрылғысында бекітілген парольді теру арқылы Банктің кез
келген ФҚБ-сында клиенттің есепшоттары бойынша белгілі бір банктік операцияларды
жүргізу мүмкіндігі.
«StarBanking» жүйесінің қауіпсіздігі үшін 3-ші тұлғалардың пайдасына ақша аударған
кезде бастапқы күй бойынша келесі лимиттер сомасы бекітілген:
Достарыңызбен бөлісу: |