Осы тарауда белгіленген еңбекті реттеу ерекшеліктері қызметкерлерінің орташа жылдық саны
25 адамнан аспайтын
қолданылады.
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
242-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін еңбек
шарттарының мерзімдері
Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлермен еңбек шарттарын осы Кодекстің 29-бабы 1-
тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса алады.
243-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек
тәртіптемесінің ережелері
Шағын кәсіпкерлік субъектілері еңбек тәртіптемесінің ережелерін дербес бекітеді.
244-бап. Жұмыс режимі
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс беруші бекітетін кестеге сәйкес демалыс және
мереке күндері жұмысқа тартуды көздейтін жұмыс режимін белгілеуге, сондай-ақ жұмыс уақытының
ұзақтығы жөніндегі жалпы талаптарды сақтай отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебін немесе жұмыс
күнін бөліктерге бөлуді пайдалануға құқығы бар.
245-бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары
Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарын жұмыс беруші
белгілейді немесе өзгертеді және еңбек шартын жасасу кезінде немесе оларды бекітуге кемінде бір
ай қалғанда қызметкерлер назарына жеткізеді. Жұмысқа ақы төлеу шарттарын бекіту кезінде жұмыс
берушінің еңбек шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ.
246-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік
әріптестікке қатысуы
Шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысатын еңбек қатынастарына, егер жұмыс берушілер мен
қызметкерлер келіссөздер жүргізу және осындай келісімдерге қол қою үшін тиісті ұйымдарға
біріккен болса, келісімдердің күші қолданылады.
247-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыруды
жеке немесе заңды тұлғалар шарт негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
27-тарау. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің және
мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның
уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Ескерту. 27-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
248-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
еңбегін реттеудің құқықтық негіздері
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы Кодекске,
Қазақстан
, құрылтай құжаттары мен еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Республикасының заңдарына
249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шартын жасасу
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі
немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы Қазақстан
Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптар келісімінде белгіленген
мерзімге жасасады.
Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның атқарушы
органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында
рәсімдер
мүмкін.
қосымша
белгіленуі
250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса
атқаратын жұмысы
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкілетті органының не заңды
тұлға мүлкінің меншік иесінің, не ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана
басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды атқара алады.
251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
материалдық жауапкершілігі
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтірген залалы үшін осы
Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен материалдық
жауаптылықта болады.
252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шартын тоқтатудың қосымша негіздері
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не ол уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе
заңды тұлғаның уәкілетті органының еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі
осы Кодексте көзделген негіздермен қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын
тоқтатуға қосымша негіз болып табылады.
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, оның
қолданылу мерзімі өткенге дейін еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін оған еңбек шартында
айқындалатын мөлшерде, жағдайда және тәртіппен өтемақы төлемі төленеді.
Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен
бұрын бұзу
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік иесін не ол
уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органын бұл жөнінде жазбаша
түрде кемінде екі ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы
мүшелерінің және мүліктің меншік иесі немесе ол
уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын
(сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеу
ерекшеліктері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу ерекшеліктері, егер
Қазақстан Республикасының
өзгеше
, заңды тұлғаның алқалы атқарушы
заңдарында
белгіленбесе
органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
Мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы
тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері Қазақстан
Республикасының заңдарымен айқындалады.
Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің,
Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының,
әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның
ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014
Заңымен (алғашқы
N 200-V
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
255-бап. Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және
мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
Республикасы судьяларының еңбегін реттеу
, Парламент және
, Қазақстан
Мемлекеттік қызметшілердің
мәслихаттар депутаттарының
Республикасы
еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары
судьяларының
мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |