3. Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу талаптары ауыр жұмыстардағы, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге ұсынылады.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға
жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды жүргізбеген жағдайда, ауыр жұмыстарда,
еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне
ақы төлеу Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың,
еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
106-бап. Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу
1. Жұмыс күні толық болмаған немесе жүктемесі толық болмаған кезде нақты орындалған
жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек
шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде еңбекке сағат бойынша ақы
төлеуді белгілеуге болады. Осы Кодексте көзделген жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы кезінде еңбекке сағат бойынша ақы төлеу белгіленеді.
2. Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде еңбекке ақы төлеу ауысымдық кесте (вахталар
кестесі) бойынша нақты жұмыс істеген жұмыс сағаттарының саны бойынша жүргізіледі. Бұл ретте
жалақыны есептеу тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес тарифтік
мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) және жұмыс уақытының айлық нормасы негізге алына
отырып есептелген сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
107-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйесі
1. Жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес
еңбек шартында белгіленеді.
2. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс
берушінің актілерінде айқындалады.
3. Жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын
жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе)
жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті
ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.
4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда,
жұмыскерлер жалақысының кемінде 75 пайызы болатын негізгі жалақы үлесін қамтамасыз етуге
тиіс.
5. Келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған
еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
108-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық
шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған
мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір
жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме
уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық)
мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың бір сағаты үшін тынығуға
кемінде бір сағат беру есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі.
109-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың
және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ
жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен
болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
110-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу
Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе)
жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік
(сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде
ақы төленеді.
111-бап. Лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша
болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) кезінде еңбекке ақы
төлеу
1. Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе
осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің
міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы
төлеу жүргізіледі.
2. Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:
1) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі
жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы - лауазымдарды қоса
атқару;
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
2) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі
жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты
орындауы - қызмет көрсету аймағын кеңейту;
3) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі
жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы - уақытша
болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық
міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны
(алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.
3. Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша
болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының
мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен
келісім бойынша белгілейді.
112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
1. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу
уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық
шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал
жұмыс берушінің кінәсінен болғанда - жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы
мөлшерінде белгіленеді.
2. Жұмыскердің кінәсінен жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс.
113-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді
және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке
күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі
жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы,
оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ
төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай
сайын хабарлауға міндетті.
3. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде
төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта
болады. Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді.
Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына
отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір
күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.
4. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол
тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.