Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған
«Сейфуллин оқулары – 9:
жоғарғы білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық
конференция материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции
«Сейфуллинские чтения – 9: новый вектор развития высшего образования и науки» посвященная
дню Первого Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.2, ч.1. – Б.51-52
АСТЫҚ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
ТАЛАПТАРЫ
Киікбаева С.
Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы
тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс
уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.
Қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мынадай мөлшерде
белгіленді:
1. 16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмысшылар мен қызметшілер үшін
аптасына 36 сағат, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына
24 сағат;
2. Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайында зиянды
жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36
сағаттан аспайды.
Түнгі уақытта жұмыс істеуге мыналарға жол берілмейді:
жүкті әйелдерге, егер олардың келісімі болмаса;
18 жасқа толмағандарға және түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым
салатын
медициналық
қорытындысы
болған
жағдайда
өзге
де
адамдарға.Жүкті
әйелдердің
сегіз жасқа дейінгі баласы бар немесе
жанұясының ауру мүшесін күтіп бағып жүрген әйелдердің өтініші бойынша
медициналық қорытындыға сәйкес әкімшілік оған толық емес жұмыс күнін
белгілеуге міндетті.
Уақытынан артық жұмысқа мынадай ерекше реттерде ғана жол беріледі:
1. Отан қорғау үшін қажетті жұмыстарды жасаған кезде, сондай-ақ
қоғамдық немесе табиғи апатты, өндірістік апатты болдырмау және олардың
зардаптарын дереу жою мақсатындағы жұмыстарды жүргізген кезде;
2. Сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жарық беру, канализация,
транспорт, байланыс жөнінде қоғамдық қажетті жұмыстар жүргізген кезде
олардың
дұрыс
қызмет істеуін бұзатын кездейсоқ
немесе күтпеген
жағдайларды жою үшін;
3. Басталған жұмыс, бірақ өндірістегі кездейсоқ кідіріс салдарынан
бітпей қалған жұмысты бітіру қажет болғанда, егер оның өзінде басталған
жұмысты тоқтату мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктің бүлінуіне, яғни
жойылуына әкеліп соқтыратын болса;
4. Механизмдер мен ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру
жөніндегі уақытша жұмыстарды жүргізген реттерде, мұндайда олардың
жұмысының тоқтап қалуына әкеп соқтыратын болса;
5. Егер жұмысты үзіліспен істеуге жол берілмейтін болып, конвейер
ауыстыруға келетін қызметкер келмеген кезде жұмысты жүргізе беру үшін;
мұндай реттерде әкімшілік ауысатын адамды басқа қызметкермен ауыстыруға
дереу шара қолдануға міндетті.
Жұмысшылар мен қызметшілерге және тамақтану үшін ұзақтығы жарты
сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы
12 сағаттан кем болмауы тиіс. Мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеуге
жоғарыда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа кездерде тыйым салынады.
Ал демалыс күні істеген жұмысы келісім бойынша басқа демалыс күнін беру
арқылы өтеледі.
Еңбекшілердің жалпы демалыс күндері мен мейрам күндері демалуына
шек қойылмайды. Мерзімінен тыс жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмыстың
әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерден, ал мереке немесе демалыс
күндеріндегі жұмыстарға ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.