102
шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың
ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға - жұмысшылар саны
500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда
шағын және орта кәсіпорындарда - 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған.
Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. Әдетте әкімшілік
процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні мәлім.
Сондықтан да Франция Үкіметі формальды мәселелерді қысқартуға кешті.
Францияда шағын және орта бизнесті экономика, каржы, индустрия
министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар
әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында азайды.
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет
бонификациялайды. Бонификация - бұл жеңілдету. Қаржылық механизм
арқылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске
жұмыспен қамтуды да
қаржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша
жеңілдіктер беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін
мемлекет көмегіне сүйене алады.
Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар
сыртқы факторға аз тәуелді. Осыдан бұл кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға
карағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды
қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат
кәсіпорындардың ары қарай дамуын колдайды.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шаранын әлі
көп екенін байғауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» заң
атқарылатын іс-шаралардын бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын
көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын
және орта кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек
қажет.
3.2 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің инновациялық іс-әрекетін
жетілдіру бағыттары
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар
ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы
емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып
табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызға жуығын құрайды.
Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда
іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар.
Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын
салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын
қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші