Диссертация аннотация муратов Руслан Муратович



жүктеу 31,26 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.05.2018
өлшемі31,26 Kb.
#18441
түріДиссертация


 

6D060800 – Экология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) 

ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация

 

 



АННОТАЦИЯ 

 

Муратов Руслан Муратович 



 

Ақмола облысының урбандалған территорияларының су экожүйелерін 

экологиялық бағалау  

 

Диссертациялық зерттеудің өзектілігі.Қазақстанның Солтүстік аймағының 

ауыз  суға  арналған  су  қоймаларының  экологиялық  жағдайы,  соның  ішінде 

Ақмола  облысы  бойынша,  су  нысандарының  31  %-ға  жуығы  химиялық 

құрамы  бойынша  стандартқа  сәйкес  емес,  көптеген  ауылдық  елді- 

мекендерде  өткір  ішек  ауруы,  асқорыту  мүшелерінің  ауруы  кездеседі.  Бұл 

мәліметтер  облыстағы  су  экжүйесінің  жағдайы  қанағаттандырарлықсыз 

екендігін  білдіреді.  Урбандалған  территорияладың  су  экожүйелеріне  де  аса 

мән  беру  керек.  Осы  ретте  қарқынды  дамып  келе  жатқан  Республика 

астанасы-  Астана  қаласы  және  демалыс  орны  мен  туризмнің  орталығы 

ретінде дамушы- Шортанды- Бурабай курорттық аумағының ауданы ерекше 

бақылау  нысаны  болып  табылады.  Су  экожүйелерінің  экологиялық 

тұрақтылығы  артушы  антропогендік  фактордың  әсерінен  бұзылуы  мүмкін. 

Қоршаған  ортаның  тұрақты  дамуын  сақтау  мақсатында  экожүйені 

бағалаудың  экологиялық  әдістерін  жетілдіру  қажет.  Өз  кезегінде  бағалау 

экологиялық мониторингтің сауатты жүйесінің негізінде ғана жүзеге асады. 

Диссертациялық 

зерттеудің 

мақсаты- 

гидрохимиялық 

және 

гидробиологиялық    зерттеу  әдістерінің  негізінде  артушы  антропогендік 



фактордың әсері бар Ақмола облысының урбандалған территорияларының су 

қоймалары мен су ағындарын экологиялық бағалау. 

Берілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер дайындалды: 

1)  Су 


экожүйелерінің 

жағдайын 

көрсететін, 

табиғи 


суларды 

ластаушылардың  негізгі  химиялық  компоненттерін  анықтау  үшін 

көпжылдық гидрохимиялық мәліметтердің талдауын жүргізу. 

2)  Су  қоймалары  мен  су  ағындарының  флористикалық  құрамын  зерттеу 

және балдырлар мен макрофиттердің индикаторлық түрлерін анықтау. 

3)  Гидрохимиялық  және  гидробиологиялық    зерттеу  әдістерінің  негізінде 

су  шаруашылық  және  демалыс  орны  ретінде  маңызы  бар  су 

қоймалырының қазіргі заманғы трофикалық дәрежесін анықтау. 

4)  Ақмола  облысының  өзендері  мен  көлдері  үшін  MIR  әдісін  қолдану 

мүмкіндігін зерттеу. 

5)  Зерттелген су қоймалары мен су ағындарын экологиялық бағалау және 

ластанудың картасын құру. 

6)  Макрофиттердің электрондық мәліметтер қорын құру. 



7)  Қазақстан  бойынша  су  қоймалары  мен  су  ағындарының  экологиялық 

жағдайын  бағалау  және  мониторинг  жүргізу  үшін  ұсыныстарды 

дайындау. 

Зерттеу нысаны- Ақмола облысының урбандалған территорияларының 

су қоймалары мен су ағындары. 



Зерттеу-  Ақмола  облысының  урбандалған  территорияларының  су 

экожүйелерінің  экологиялық  жағдайы  және  су  сапасын  бағалау  үшін 

биологиялық әдістерді пайдалану. 

 Теориялық  негіз  және  зерттеу  әдістері.  Диссертациялық  зерттеу 

барлық  табиғи  құбылыстардың  өзара  тығыз  қарым-  қатынасы  мен  өзара 

шарттылық  концепциясының 

негізінде 

жүргізілді, 

Далалық  және 

зертханалық зерттеу әдістері қолданылды: 

-  гидрохимиялық  талдау  үшін  фитопланктон  және  жоғарғы  су 

өсімдіктерін жинау, су сынамаларын алу әдісі 

-  альгологиялық  сынамаларды  өңдеу  әдісі  және  өсімдіктерді 

гербаризациялау 

- гидробиологиялық материалды идентификациялау әдісі 

- экологиялық мәліметті статистикалық өңдеу әдісі 

- ГАЖ жүйесін пайдалау арқылы картографиялау әдісі  

- жобалау әдісі (мәліметтер қорын дайындау) 

Ғылыми  жаңалығы.  Алғаш  урбандалған  территориялардың    су 

ағындарының  индикаторлық  маңызды  макрофиттері  анықталды  және 

Қазақстанның  далалық  аумағының  жағдайында  өзенді  бағалаудың 

макрофиттік  әдісінің  апробацияланды.  Алғаш  рет  гидрохимиялық  және 

гидробиологиялық 

көрсеткіштердің 

мәліметтеріне 

негізделген, 

су 

қоймаларының ластану картасы ұсынылып отыр. 



Зерттеудің  теориялық  және  тәжірибелік  маңыздылығы:  Зерттеу 

нәтижелері  бойынша  экология  және  өсімдіктердің  жүйелілігі  саласындағы 

басты  зерттеулерде  маңызды  болып  табылатын,  макрофиттер  флорасының 

тізімі  құрылды  және  балдырлардың  түрлік  алуантүрлілігі  анықталды. 

Ортаның  абиотикалық  факторларына  байланысты  бірлістікті  алмастыру 

мәселесі 

қарастырылды. 

Алынған 


мәліметтердің 

көмегімен 

су 

экожүйелеріндегі сукцессиялық процестер туралы білімді арттыруға болады. 



Дәлме- дәл нәтижелерді алуға мүмкіндік берген, су қоймалары мен су 

ағындарының  жағдайын  бағалау  үшін  әртүрлі  химико-  биологиялық 

тәсілдерді  пайдалану    жұмыстың  тәжірибелік  маңыздылығы  болып 

табылады.    Алынған  нәтижелер  мен  методологиялық  тәсілдер  су 

экожүйелерінің  мониторингтік  зерттеулерін  ұйымдастыруда  пайдалы  болып 

табылады.  Ластанудың  картасы  мен  мәліметтер  қоры  табиғатты 

пайдаланушылар  мен  құқық  қорғау  мекемелеріне  үсынылады.  Алынған 

нәтижелерді ғылыми зерттеулер мен оқу тәжірибесінде пайдалануға болады. 



Қорғауға  шығаратын  диссертациялық  зерттеулердің  негізгі 

қағидалары: 

1.  Өзендердің  экологиялық  жағдайын  бағалауда  макрофитті  әдісті  

Қазақстаннның дала аймағы жағдайында апробациялау нәтижелері. 



2.  Ақмола  облысының  урбанды  территорияларындағы  су  экожүйелеріне 

гидрохимиялық  және  гидробиологиялық  көрсеткіштері  негізінде 

экологиялық баға беру. 

3.  Гидрохимиялық  және  гидробиологиялық  көрсеткіштері  негізінде 

Ақмола облысының суаттарының ластану карталарын жасау. 

4.  Қазақстан гидромакрофитттерінің мәлімет базасын жасау. 



Зерттеу  нәтижелерінің  апробациясы.  11  жұмыс  жарияланды,  оның 

ішінде  3  жұмыс  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  білім  және  ғылым 

саласындағы  бақылау  және  аттестация  Комитеті  ұсынған  баспаларда 

жарияланды, 

басқалары 

халықаралық 

ғылыми- 

практикалық 

конференцияларда  апробациядан  өтті:  «Жасыл-  экономика-  адамзаттың 

болашағы» (Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдары, 

Өскемен, 2014), «Х студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми- 

тәжірибелік  конференциясы»  (Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті,  Астана,  2015),  «Қазақстан  республикасындағы  тұрақты  даму 

және  жасыл  экономика:  VIII  Астаналық  экономикалық  форумы 

қамқорлығындағы  жағдайы  мен  болашағы»  (Астана,  2015),  «Ғылым  мен 

тәжірибедегі жаңа сөз: зерттеу нәтижелерінің гипотезасы мен апробациясы» 

(XIX  Халықаралық  ғылыми-  тәжірибелік  конференция,  Новосибирск  2015), 

сонымен қатар халықаралық қорда екі мақала орналасқан: Scopus – «Biology 

and  Medicine»,  Vol.  6(4);  (АҚШ,  2014),  Biosciences  Biotechnology  Research 

Asia, 2014. Vol. 11(3), p. 1087-1093 (Үністан, 2014). 



Докторлық  диссертацияның  құрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  3 

бөлімнен,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиттер  тізімінен  және 

қосымшадан  тұрады.  Пайдаланылған  әдебиттер  тізіміне  173  атау  кіреді. 

Зерттеу жұмысы 91 беттен, 49 суреттен, 26 кестеден, 2 қосымшадан тұрады. 



  

жүктеу 31,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау