58
Дербес ЭЕМ-де жадыны беттік-сегменттік ұйымдастыру кезінде жұмсалатын
уақытты қысқарту
Жадының беттік-сегменттік ұйымдастыру кезінде логикалық өзгертулер кем
дегенде оперативтік жадыда(дескрипторлар кестесінде,БКК және БК) орналасқан
жүйелік кестелерге үш рет жүгінеді. Бұл компьютерлердің өнімділігінің төмен түсуіне
әкелуі мүмкін.Мұндай
өзгертудегі жұмсалатын уақытты
қысқарту механизмі
сегменттік регистр жағдайының өзгеруі салыстырмалы түрде сирек жүргізілетндігіне
негізделген. Мысалы, ЭЕМ жаңа тапсырмаға ауыстырған кезде,ал жаңа беттік өзгерту
тек қана программаның оперативтік жадыға жүктелген беттердің шегінен шыққанда
қажет етеді.
Оперативтік жадыда(мысалы,сегменттік регистрдің жаңа тапсырмаға ауысқан
кездегі жағдайының өзгерісінен кейін жаңа) орналасқан дескрипторлар кестелерінен
дескрипторларды бірінші рет санаудан кейінгі адрестерді сегменттік өзгерту кезінде
олар микропроцессордағы программалық қол жетімсіз регистрлерде (көлеңкелік)
сақталады.(4-сурет).Берілген сегментке келесі жүгінулерде оперативтік жадыға
жүгінусіз-ақ "көлеңкелік" регистрден дескрипторлар қолданылады.Сондықтан оны
шақыруға аз уақыт кетеді.Сегменттік регистрлердің жағдайы салыстырмалы түрде
сирек өзгереді,сонда адрестің сегменттік өзгертулер кезінде осындай қолданыс тиімді
уақыт үнемдеуге әкеледі.
Сурет4. Микропроцессор сегмент
дескрипторларының сақталуы
Виртуалдық беттің нөмірлерін физикалық беттің нөмірлеріне беттік өзгерту
кезінде тікелей микропроцессорда орналасқан және 32 көп қолданылатын беттің (5-
сурет) адресін сақтайтын ассоциативті трансляцияның
(TLB)
кэш-буфері
қолданылады.
Виртуалды беттің нөмірі өзімен бірге сегменттік өзгертуінен алынған (А31 - А12)
сызықтық адрестің үлкен 20 разрядын көрсетеді.Бұл нөмірдің кіші разрядымен (А14 -
А12) ассоциативнтік трансляциядағы буфер таңдалады.Бұл блоктың әрбір төрт
жолындағы тэгтердің жолақтарының мәндері ассоциативтік түрмен (бір мезгілде)
сызықтық адрестің разрядтарымен(А31 - А15) салыстырылады.Егер таңдалған блоктың
жолдарының бірінің мәні сәйкес келсе, онда бұл виртуалды беттің нөмірі физикалық
беттің нөміріне өзгертілді және бұл өзгертудің мәні TLBтабылған жолында сақтаулы
тұр дегенді білдіреді.Егер салыстыру сәтті болмаса,онда виртуалды беттің
нөмірі
физикалық беттің нөміріне өзгертілуі БКК мен БК-ға жүгіну арқылы қарапайым жүреді,
ал алынған мәндер TLB-ға енгізіледі.Cонымен қатар бұл беттің(A31-A15) сызықтық
адресінің үлкен 17 разряды тегтар жолағында енгізіледі. Егер А14-А12 разрядтарымен
анықталатын еркін жолдар болмаса,онда блоктан ақпараты бәрінен көп қолданылмаған
жол шығады (LRU механизмі).