5В071300 - «КӨЛІК, КӨЛІК ТЕХНИКАСЫ ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
МАМАНДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 5В071300- «Көлік, көлік техникасы жəне технологиялары» мамандығындағы
бакалаврдың кəсіби қызметінің мазмұны:
Қатысу:
– Көлік кəсіпорындарына өндірістік қызметтерін басқару жəне қызмет көрсету;
– Өндірістік-технологиялық, күту-пайдалану, құрастыру-баптау жəне жобалау
бөлімшелерінің құрылымын жасауға;
– көлік техникасы мен жабдықтарын жасауға жəне жетілдіруге.
2. 5В090100- «Көлік, көлік техникасы жəне технологиялар» мамандығындағы
бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар:
Бакалавр кəсіби міндеттерге компетентті жəне жауапты шешім қабылдау үшін міндетті:
Хабардар болуы керек: техниканың шектес салаларымен өзара байланысты көлік
техникасының даму перспективасы мен негізгі ғылыми техникалық мəселелерін; көлік
техникасын пайдалану шарттарын өзгертудің негізгі бағыттарын; өндірістің экономикалық
негіздерін; көлік нарығы қызметтерінің ахуалы мен сұранысын зерттеу тəсілдерін; салықты;
басқару жəне инженерлік шешімдерді қабылдау жəне техникалық-экономикалық талдау
əдістерін; қаржылық қатынастардың заң негіздерін; маркетинг жəне менеджмент негіздерін;
Білу керек: машина жасау мен жөндеу өндірістерінің ұйымдық құрылымынан; көлік
техникасын салыстыру жəне бағалау негіздерінен; бағдарламамақсатты əдістерін жəне
оларды өндірісті талдау жəне жетілдіру кездерінде қолдану əдістерінен; көлік техникасының
құрылымынан; саланың зандық негізін жəне нормативтік базасынан; нарық экономикасының
негіздерінен; инженерлік есептеулер əдістерін, инженерлік жəне басқару шешімдерін
қабылдаудан; кəсіпорындарды, қызмет көрсетуші персоналды сертификаттау жəне
лицензиялау негіздерінен; көлік техникасының құрылымында қолданылатын материалдарды
жəне олардың қасиеттерінен; жанар - жағар майдың балама түрлерінің қасиеттері мен
қолдану ерекшеліктерінен; жанар - жағар майдың балама түрлерін пайдаланатын көлік
техникасының құрылымдық ерекшеліктерінен; кəсіптік қызметте ғылым жетістіктерін
пайдалану
бағыты
мен
жағдайынан;
кадрларды
орналастыру
мен
таңдауды,
қызметкерлермен қарым қатынас жасау жəне жұмыс əдістерінен;
Қолдана білуі керек: əлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық
жəне техникалық мəселелердің бағдарламалық-мақсаттық əдістерін; шетелдік жəне сала
аралық, салалық алдыңғы қатарлы тəжірибесін; тиеу-түсіру техникалары жұмысының
тəртібін, пайдалану дайындау жəне жобалау шарттарының ерекшеліктерін; контрукция
төзімділігін жоғалту, коррозияға ұшырау, істен шығу механизмдерінің талдау мəліметтерін;
көлік қауіпсіздігімен қоса, ондағы техникалық нормативтер мен заң актілерін; ұжымды
басқарудың əлеуметтік-психологиялық негіздерін;
Дағдысы болу керек ЭЕМ - де жұмыс істеу; көліктік техника мен жабдықтарды
пайдалану бойынша негізгі нормативтік құаттарды қолдану; метрологиялық ережелер мен
нормаларды қолдану; əрекет етуші өндіріс жағдайларында технологиялық бақылау əдістерін
меңгеру; ғылыми -техникалық ақпараттарды пайдалану жəне ізденудің тиімді тəсілдерін
анықтау; апатты жағдайларды жою мен еңбектің қауіпсіз шарттарын ұйымдастыру;
Жетік білуі керек: көлікте жəне басқа да шектес өндірісінің өзара əсер саласын; көлік
техникасы мен жабдықтарын жөндеу, пайдаланудың тиімді режимдерін таңдау мен
жоспарлауды; еңбек заңдарын жетік білуі керек.
«Техникалық сервис»
кафедрасының меңгерушісі
Қ.Қ. Абишев